Жаңа уағыз Ризабек батталұлы ᴴᴰ

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 26. 01. 2024
  • Алла Тағала Құранның «Ахзаб» сүресінің 56-аятында: «Шын мәнінде, Алла және Оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады (Алладан - рақым, періштелерден - жарылқау, дұға). Уа, иман келтіргендер! Сендер де оған (Пайғамбарға) салауат пен саламаттылық тілеңдер»! - деген. Алла Тағала Өзінің ұлықтығымен, саны жоқ періштелердің Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуының және иман келтірген мүминдерге де салауат айтуға бұйырудың сыры неде?
    Біріншіден, Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мадақтап, Алла Тағаланың алдындағы абыройын жоғарылатып, артықшылықшылығын көрсету әрі оның дінін басқа діндерден үстем ету. Алла Тағала «Сафф» сүресінің 8-аятында: «Олар (сол залымдар) Алланың нұрын ауыздарымен (тілдерімен) өшіруді қалайды. Алайда Алла кәпірлер жек көрсе де, Өзінің нұрын тәмәмдайды», - дейді.
    Екіншіден, қанша уақыт өтсе де Пайғамбарымыздың есімі, дәрежесі халық арасында жоғары тұруы үшін. Алла Тағала «Шарх» сүресінің 4-аятында: «Әрі естелігіңді есіміңді биіктетпедік пе?» - дейді.
    Үшіншіден, біздің салауат және сәлемдеріміз Оған көрсетіледі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Күндердің ең абзалы - жұма күні. Бұл күні Адам атамыз жаратылған және осы күні дүниеден өткен. Қиямет те осы жұма күні болады. Жұма күні маған салауат айтуды көбейтіңдер. Өйткені сендердің салауаттарың маған көрсетіледі», - деген.
    Төртіншіден, кім Пайғамбарға салауат айтса, Алла Тағала ол адамға салауат айтады. Кім Пайғамбарға сәлем берсе, Алла Тағала ол адамға сәлем жолдайды. Хадисте: «Бір күні Алла елшісінің жүзінен қуаныш байқалады. Сол кезде сахабалары: «Уа, Алланың елшісі! Жүзіңізден қуаныш байқап тұрмыз», - дейді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Маған періште келіп: «Уа, Мұхаммед! Раббың: «Үмбетіңнен саған біреу бір мәрте салауат айтса, Мен оған он салауат айтамын. Үмбетіңнен саған біреу бір мәрте сәлем жолдаса, Мен оған он сәлем жолдаймын. Осыған разы боласың ба?» - деді». Мен: «Әрине, разы боламын»,- деп жауап бердім», - деген.
    Бесіншіден, Алла Тағала Пайғамбарымызға салауат айтқан адамның қателіктерін кешіріп, дәрежесін көтереді. Хадисте: «Кім маған бір салауат айтса, Алла оған он салауат айтады және оның он қателігін кешіреді әрі оның дәрежесін он есеге көтереді», - делінген. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтудың біз білетін, білмейтін көптеген артықшылығы бар. Сондықтан қандай уақыт болсын салауатты көптеп айту - мұстахаб амал.
    Салауат айтудың түрлері көп. Жоғарыдағы аят түскенде бір кісі Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Алланың елшісі! Саған салауатты қалай айтамыз деп сұрағанда, осы салауатты айтқан: «Аллаһуммә солли алә Мухәммәд, уә ғалә әәли Мухаммәд, кәмә солләйтә ғалә Ибраһим иннәкә хамидум мәжид. Уа бәрик ғалә Мухаммәд уа ғалә әәли Мухаммәд, кәмә бәәрәктә ғалә Ибраһим иннәкә хамидум мәжид».
    Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) біздің салауатымызға мұқтаж емес, бәлкім салауат айтуға біз мұқтажбыз. Өйткені Пайғамбарымызға салауат айту арқылы пенде сауапқа кенеледі. Алла Тағала ол пендеге рахметін төгіп, күнәсін кешіріп, дәрежесін көтереді, қайғысын сейілтіп, ризығын арттырады. Салауат айтумен басталып, салауат айтумен аяқталған дұғалар қабыл болады. Салауат айту арқылы пенде қияметте Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең жақын адамдардың бірі болады. Хадисте: «Маған Қияметте ең жақын болатын адам - маған көп салауат айтқан адам», - делінген. Ғалымдарымыз айтқандай, Пайғамбарымыз - адамзаттың асылы, жұма - күндердің мырзасы. Сондықтан жұма күні айтылған салауаттың сауабы басқа уақытта айтылған салауаттан артық болады. Алла Тағала баршамызды Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтатын, Қиямет күні Алла елшісіне ең жақын болатын адамдардың қатарынан еткей! Әмин!

Komentáře • 25

  • @user-vs7vk4lj2c
    @user-vs7vk4lj2c Před 3 měsíci +2

    Алла разы болсын!

  • @ainashalieva6860
    @ainashalieva6860 Před 2 měsíci

    МәшаАллаһ керемет жеткізесіз 💖 Көзіміз шайдай ашылып қалды ғой. Алла разы болсын сізге ұстаз.

  • @user-gy5nm6vu2b
    @user-gy5nm6vu2b Před 3 měsíci

    Мәә шәәАллаһ,

  • @narkainar7126
    @narkainar7126 Před 4 měsíci +2

    Алла разы болсын устазга

  • @LatipaKatipash-oq4no
    @LatipaKatipash-oq4no Před 5 měsíci +3

    Иман берген Аллаға шүкір

  • @user-dp4rk6ru5q
    @user-dp4rk6ru5q Před 5 měsíci +3

    Алла разы болсын

  • @user-nf9xu3qp3z
    @user-nf9xu3qp3z Před 4 měsíci +1

    Өте керемет уағыз, Ұстаз Алла Разылығына бөленіңіз...

  • @musulmandar
    @musulmandar Před 5 měsíci +3

    Аллаһу Акбар, Алла Тағалаға сансыз шүкір.

  • @user-vu6ht1vq8e
    @user-vu6ht1vq8e Před 5 měsíci +3

    Керемет түсіндірдіңіз Алла разы болсын

  • @user-ze7wz6nt2v
    @user-ze7wz6nt2v Před 4 měsíci +1

    Алланың нұры жаусын,ұстаз!Не деген керемет уағыз!Өте түсінікті болды!

  • @user-un5wr6of1h
    @user-un5wr6of1h Před 4 měsíci +2

    МашаАллаһ ‼️ Алла разы болсын ұстаз Ризабек Батталұлы Өте Керемет түсіндірдіңіз! Тағы жаңа уағыздар күтемін ин шаа Аллаһ

  • @user-sb4wf3zq9y
    @user-sb4wf3zq9y Před 5 měsíci +1

    МашАлла

  • @user-lr3og8xe8q
    @user-lr3og8xe8q Před 5 měsíci +3

    Ассальаму'алайкум ұстаз Аллаһ разы болсын сізге , омір жасыңыз ұзақ болсын , амин 🤲

  • @balnur2808
    @balnur2808 Před 5 měsíci +3

    Ассалаумағалайкум ұстаз!Өте керемет уағыз болды. Алла разы болсын сізге.

  • @user-kf6th8td5e
    @user-kf6th8td5e Před 5 měsíci +2

    Алла разы болсын Аман жұріңіз

  • @sauletkoichubaeva6126
    @sauletkoichubaeva6126 Před 5 měsíci +1

    Керемет 👍🤲🤲

  • @user-lr3og8xe8q
    @user-lr3og8xe8q Před 5 měsíci +6

    Бізде бір жамағат бар , Құдайдың құтты күні мешітте құран оқып отырады Аллаһ разы болсын

  • @user-ov8iy1no8v
    @user-ov8iy1no8v Před 5 měsíci

    Өте жақсы.! Алла күш-қуат берсін. Бір айтайын деген назым бар, озім Қарағанды қаласында тұрамын. Әнет Баба атындағы мешітіне жұмыстан тыс уақытта баруға құлшынып тұрамын, жамағатпен оқылған намаздың әсері бөлек, бірақ ертерек барып діни сауат алайық, кітаптар оқып зейінімізді ашайық деп барсаң кішкене балаларын ата-аналар алып барып ішін азан-қазан қылады көп кедергі келтіреді, ол бала-бақша емес қой, құлшылық жасайтын Алланың жердегі үйі, сол жағынан бір тәртіп болса имандыққа тәрбиелеу әрине дұрыс баланы, сен мешіттен рухани күш алып қайтуың керек үйге, ызың жылау басты ауыртып шаршап қайту үшін емес.

  • @kalamkasamirbek
    @kalamkasamirbek Před 5 měsíci +1

    Акем кашканын каламаймын😢

  • @user-do6xq6nx5c
    @user-do6xq6nx5c Před 4 měsíci

    Ұстазға Алла разы болсын біраз нәрсе айтты

  • @proandhero2754
    @proandhero2754 Před 5 měsíci

    ✊🕌✊☝️🤝

  • @user-hz8fy8yx6i
    @user-hz8fy8yx6i Před 5 měsíci

    Дұрыс айтасыз

  • @user-sk3kw2ok1t
    @user-sk3kw2ok1t Před 4 měsíci

    Саламатсыз ба ! Мен откенде имамга сурак бердым ,Намазды жиып окуга бола ма ? Деп.Ол кысы Ия деп жауап берды .Ал араб Шеихы болмаиды деды ? Сыз не деисыз ?

  • @user-os7wy3bg2k
    @user-os7wy3bg2k Před 5 měsíci

    Алла разы болсын Устазга