КҮЙЕУ қоржын, ҚҰДА қоржын. «Қоржын сөгу», «Қоржын апару» салты

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 15. 03. 2022
  • Қоржын - түрлі қуанышқа байланысты қос қалтасы сыйға толтырылып апарылатын бұйым түрі. Бесік тойдан басталып үйлену тойына дейін апарылатын қоржынның бүгінде сан алуан түрі бар: күйеу қоржын, құда қоржын, қыз қоржын, бесік қоржын, т.б.
    Қыздың ата-анасына, яғни құдаларға әкелінетін қоржын түрі бірнешеу. Солардың бірі - құда қоржын мен күйеу қоржын. Екі қоржын да арнайы кәдесыймен толтырылып, қыздың отбасына апарылады. Басты айырмашылықтың бірі күйеу қоржын қыздың үйінде қалады. Ал құдалар әкелген қоржынның іші кәдесыйға толтырылып кері қайтарылады.
    Қоржынның екі қалтасы бір-бірнен ажырамай, бірге тігіледі. Бұл құдандалас болған екі әулеттің достығын, ажырамас беріктігін білдіреді. Сондай-ақ шаңырақ көтерген екі жастың жұбы жазылмасын деген мағына береді.
    Қазақта қоржынға қатысты «Қоржын апару», «Қоржын сөгу» секілді салт түрлері бар. Бұл сәтті қыз-келіншектердің асыға күтеді, солай ма қыздар? Себебі қоржын сөгі - той-томалақтың ең қызықты сәттерінің бірі.
    #БахаргүлТөлеген #Қоржын #СалтДәстүр #Қоржынсөгу
  • Věda a technologie

Komentáře • 14

  • @2009Geneva
    @2009Geneva Před 5 měsíci

    Тамаша

  • @user-ml2jq2mw3b
    @user-ml2jq2mw3b Před 2 lety +3

    АРмысыздар Қазақтар!
    Біз Қазақтың салт дәстүрін көп насихаттау керек

  • @user-so3kn1wl6i
    @user-so3kn1wl6i Před rokem

    Рахмет

  • @samalsholymova8000
    @samalsholymova8000 Před 2 lety

    Керемет

  • @user-hg1oo2wc9u
    @user-hg1oo2wc9u Před 2 lety

    Көп рахмет, айналайын. Қай өңірденсің.

  • @user-hg3cb6mv3s
    @user-hg3cb6mv3s Před 13 dny

    Осы оютардын шыгармайтыны жок екен

  • @user-xe1ln5gr9o
    @user-xe1ln5gr9o Před 2 lety +2

    Газ, бензин таусылып қалса , қайтадан түйемен ,жылы мініп жүру заман келуі де мүмкін ғой.

  • @user-ul4jx5hh4s
    @user-ul4jx5hh4s Před měsícem

    Сіздікі адеміемес

  • @user-uf9wx6cf4k
    @user-uf9wx6cf4k Před rokem +1

    Қоржынға еттің қандай мүшелері салынады

    • @jannamoldagalieva8804
      @jannamoldagalieva8804 Před rokem +1

      Жамбас
      Екі қабырға
      Белдеме
      Алла қаласа ертең қоржын апарайын деп жатырмын.

    • @kitchenfighter6462
      @kitchenfighter6462 Před rokem

      Қоржынға ет салынады ма?

    • @jannamoldagalieva8804
      @jannamoldagalieva8804 Před rokem

      @@kitchenfighter6462 ия салынады.