Сәуле Жанпейісова - ''Менің атым Махамбет'' Махамбеттің әні

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 6. 09. 2024
  • Сәуле Жанпейісова - ''Менің атым Махамбет'' Махамбеттің әні
    #dombyra #dombyratv #домбыра #qazaqeli #мәдениет #терме
    #халықәні #күй #жыр #қазақәндері #дәстүрліән #домбырадастан
    #ұлттықарна #домбыраарнасы #үкілідомбыра #қазақелі #қобыз
    «Dombyra» телеарнасы - қазақ халқының рухани жан серігіне айналған музыкалық төл аспаптарын, дәстүрлі әндері мен ұлттық күйлерін халыққа барынша насихаттайтын жаңа форматтағы телеарна

Komentáře • 43

  • @aithalaidarkenbek3074
    @aithalaidarkenbek3074 Před 4 lety +29

    Кайран Батыр бабаларымыз ай Елушин жер ушин баастаррын бәйгеге тіккен Асыл Батыр Бабаларым жандарын жәннаттан болсын

  • @mikevazovski1991
    @mikevazovski1991 Před 2 lety +20

    Естіген қазақ еңіреп жылар, жүректің түбінде жатқан сезімдерді көтеретін бұл не деген керемет! Батыр бабаларымыздың жатқан жерлері жайлы, жандары жәннәттә болсын! Қазақ руһы ешқашан солмасын!

  • @user-rs7zv6jj4g
    @user-rs7zv6jj4g Před 4 lety +28

    Жылагын келет казактын бейкамдыгын айтып тур!!!.. 200 жылдай отти али сол баягысы.

  • @samattolegen5387
    @samattolegen5387 Před 3 lety +9

    Сәуле апайымыз өте тамаша орындайды әсіресе батыс мектебін

  • @user-xm1pf5su1h
    @user-xm1pf5su1h Před 3 lety +7

    А ШІРКІН-АЙ!

  • @danhenderson796
    @danhenderson796 Před 2 lety +18

    Әй, Махамбет, жолдасым,
    Аш арыстан жолбарысым.
    Ісімнің білдім оңбасын.
    Оңбаған емей немене,
    Өтірік сөзге алданып,
    Бақытым ауып басымнан,
    Әскерім кетіп қасымнан,
    Жапанда жалғыз қалғансын.
    Өкінгеннен пайда жоқ,
    Құдайым басқа салғасын.
    Мезгілді уақыт болғанда,
    Опасыз мынау жалғанда,
    Ажал қарсы келгенде,
    Қараңғы көрге кіргенде,
    Қасыңда тұрар жан бар ма?
    Осының бәрін ойласаң,
    Өткенге бекер өкініп,
    Құр жылаудан сән бар ма?
    Жолдасын жауға алдырып,
    Жанымды қимай қаңғырып,
    Қашатын менде жөн бар ма?
    Қатын - бала, мал бағып,
    Үйде отырсам да өлем деп,
    Қорлықта жүрген халқыма,
    Бостандық алып берем деп,
    Қырық бір жасқа келгенде
    Ауыр әскер қол ертіп,
    Жасқұсқа барып кіргенде,
    Арыстандай ақырған,
    Айбатыма шыдамай,
    Хан баласы жылады - ай,
    «Жанымды қой» деп сұрады - ай.
    Ақкөңіл аңқау жүректен,
    Беремін деп мен тұрдым.
    Көк бедеуді бауырлап,
    Шабамын деп сен тұрдың,
    Исатай басшы білсін деп,
    Ауыр әскер қол тұрды.
    Қырық бір жасқа келгенде,
    Өз дегенің болмаса,
    Өзгенің тілін алмаған,
    Кісі ақылы қонбаған,
    Қанша айтса да болмадым,
    Сөзіңе құлақ салмадым.
    Бұрала біткен емендей,
    Қисық туған сорлы ағаң,
    Хан сөзіне сенгенім,
    Он күн мұрсат бергенім.
    Әскерімді таратып,
    Он бір күнге қаратып,
    Бекетай құмға келгенім.
    Сүйткен бір қайран халқым - ай,
    Қасыма бір келмедің,
    Сол халқымды көрмей өлгенім.
    Не салса да Алланның,
    Тағдырына көнгенім.
    Қош, аман бол, жолдасым,
    Бұ дүниенің жүзінде,
    Осы болар сені көргенім.
    Қапыда кеткен дүние - ай,
    Ақырында еш болды - ау
    Ел үшін еткен еңбегім.
    Атаңа нәлет хан ұлы - ай!
    Тілегін сұрап алған соң,
    Ойлағаның болған соң,
    Патшаға хабар салдырып,
    Патшадан солдат алдырып,
    (Құрсағымнан шалдырып).
    Айтып - айтпай не пайда,
    Егеулі найза өңгерген,
    Азды көпке теңгерген,
    Қабыланбай мен Қалдыбай,
    Рысалы, Көбек жолдасым,
    Жауда өлді жолбарысым...
    Сол ерлерден айрылып,
    Исатай мен Махамбет -
    Екі арыстан ер қалды - ау!
    Адыра қалғыр қу Нарын,
    Талауға түсіп бүлініп,
    Адамы қойдай қырылып,
    Құлазыған жер қалды - ау!
    Қарағай, қайың, тал, терек -
    Қалың ну орман қалды - ау!
    Қиқулап құстар қонатын,
    Суы тұнық көл қалды - ау!
    Тәрбиелеп өсірген
    Ата мен ана бұл қалды - ау!
    Қатын жесір тұл қалды - ау!
    Еңбекпен жиған мал қалды - ау!
    Бұлардан енді қимайтын
    Енді менің нем қалды - ау!
    Тек шықпаған жан қалды - ау!
    Ойлап бір, ойлап қарасам,
    Еңбек етіп ел үшін,
    Соңымда бір қалған халқыма,
    Артымда бір атақ, даңқ қалды - ау.
    Сәлем, айтып кетейін,
    Артымда қалған елдерге
    Арманымда айтып кетейін,
    Найза ұстаған ерлерге.
    Арыстан туған Исатай.
    Дегеніне жете алмай,
    Арманда өтіп кетті деп,
    Олардың кегін алуға,
    Кезек бізге жетті деп,
    Қиналар ма екен біздерге?
    Қиналсаңыз біздерге,
    Мың рахмет сіздерге!
    Қапыда өткен дүние - ай,
    Халқымның көрген қорлығы,
    Хандардың еткен зорлығы.
    Ақжүрегін тебірентіп,
    Ер көңілін желдентіп,
    Ақ сүйектің баласын
    Қара ұлына теңгеріп,
    Қоңыраулы найза өңгердім.
    Жетімдерге жем бердім,
    Жесірлерге жер бердім.
    Ақырында дүние - ай,
    Сол ерліктен не көрдім!?
    Жолдасқа билік бермедім,
    Кешегі хан үстіне барғанда,
    Ақ сүйектің баласы
    Бақадай шулап тұрғанда,
    Ерлікпенен алданып,
    Өзіме өзім қас қылдым.
    Сырлы зерен аяқпен
    Бал ұрттаған ер едім,
    Бір уақыттар болғанда,
    Көктей өтіп Жайықты,
    Бір қасық ішкен қара су,
    Жұмасына ас қылдым.
    Осы жақта мен өліп,
    Артымда тірі сен қалсаң,
    Жаңа өспірім Жақияны
    Жолдасым, саған тапсырдым.

  • @user-rs7zv6jj4g
    @user-rs7zv6jj4g Před 4 lety +13

    Кушти даусы керемет.

  • @beybarisbaygara8868
    @beybarisbaygara8868 Před rokem +3

    Беу !

  • @steppetm6374
    @steppetm6374 Před 2 lety +11

    Басын бәйгеге тіккен қайран боздақтарым-ай! Исатай мен Махамбет қазақтың романтик батырлары! Жатқан жерлері жайлы болсын!

    • @kalifornya6486
      @kalifornya6486 Před 2 lety +2

      Романтик батырлары дейді🤦‍♀️ Қуасың ба?

    • @samsamsung7322
      @samsamsung7322 Před 2 lety

      Сого

    • @zhzhhk3930
      @zhzhhk3930 Před rokem

      Исатай мен Махамбет елім еңіреген, елі үшін жан берген қазақтың қас батырлары. Романтик деп не сандалайсын? Мазақ қыласың ба қос батырды? Іріген ауыздан шіріген сөз шығады деген дұрыс екен. Махамбет термелері қай қазақты болмасын қайрап жібереді. Қазіргі оқулықтарда Махамбет шығармалары жоқ. Себебі билік қорқатын шығар Махамбет жырларынан?!

  • @gansgilderman8254
    @gansgilderman8254 Před 3 lety +7

    Жатқан жерлерің жарық болсын аталарым.

    • @user-uv5po8mk6k
      @user-uv5po8mk6k Před 2 lety +1

      Оипырмаи ,дауысы керемет!Алла разы болсын.Дәстүрлі әншілікте Сәуле әпкеміңіздің еңбектері керемет қои!
      Ата -баба,Батырларымыздың Жаны жанната,Ел -жұртын аруақтары қолдасын!

  • @YerlanOspan
    @YerlanOspan Před 4 měsíci +1

    Мың жасаңыз!!!

  • @user-ss6te2ob2f
    @user-ss6te2ob2f Před 2 lety +6

    Шіркінай шіркін шіркінай !

  • @aithalaidarkenbek3074
    @aithalaidarkenbek3074 Před 3 lety +6

    Сәуле мыңжаса саған раһмет мынандай терме дастандар менин жаныма жағадымен осындай термелер жаныКАзакпын деген жерге катты әсер бар Сәуле мыңжаса саған раһмет мынандай терме дастандар енді казагым а көп болсын

  • @user-gb5nk8dz3t
    @user-gb5nk8dz3t Před 4 měsíci +2

    ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @sunwhispers
    @sunwhispers Před 4 lety +27

    Бұл ән емес, бұл терме және терменің аты "Әй, Махамбет жолдасым" немесе "Исатайдың сөзі". "Менің атым Махамбет" деген басқа терме.
    Материалды жүктесеңіз дұрыс ақпаратпен қамтамасыз еткен жөн болар.

    • @user-zv9zb1pl3h
      @user-zv9zb1pl3h Před rokem +1

      Өй, бәрекелді осыны менде айтпақшы едім

  • @bauyrzhanpazylov510
    @bauyrzhanpazylov510 Před 4 lety +8

    ✊ мықты

  • @user-qw4wz1tb9l
    @user-qw4wz1tb9l Před 4 lety +16

    Жаткан жери жайлы болсын топырагы женил болсын. Атка минген аталар билектин кушимен найзанын ушымен казак жерин коргаган.тастобедеги шайкастын алдында еки жактын аскеринин арасы 500 600 метрдей болган. Подполковник геке исатай атамызды соншама жерден корип таныган. Кандай ири батырлар болган .

  • @user-fq9lu9pi6j
    @user-fq9lu9pi6j Před 3 lety +4

    🇰🇿✊👍

  • @zhaa154
    @zhaa154 Před 2 lety +3

    🤗

  • @user-zm6zm7ml5r
    @user-zm6zm7ml5r Před 4 lety +7

    Ер Махамбет,Исатай

  • @user-xs3oj5ik1v
    @user-xs3oj5ik1v Před rokem +1

    Сәуле нөмірі бірінші ғой, айта алады, айта біледі. Айтқыр ау

  • @user-ke8wd9nj2q
    @user-ke8wd9nj2q Před 3 lety +9

    Карындасым ай козимни́н жасын келтирдин ер Махамбет бабам ай колы кыска болады гой кайран еримай ениреп кеттау

  • @atyraukazakhstan1708
    @atyraukazakhstan1708 Před 2 lety +4

    Хан О.Д.К.Б. шақырғанғой !.

    • @kalifornya6486
      @kalifornya6486 Před 2 lety +4

      Дәл солай. Сұр жылан ғой жәңгір хан!

    • @Diktator2050
      @Diktator2050 Před rokem +2

      Алдап соқты сұмырай 10 күн бердеп. Әскермен келіп тұрғанда талқандап өту керек ед. Махамбет соны сездіғой бірден басу керек дегенде Исатай кутик деп ажал құшты

    • @atyraukazakhstan1708
      @atyraukazakhstan1708 Před rokem +1

      @@Diktator2050дұрыс айттың 👍.

    • @drzz00
      @drzz00 Před 7 měsíci

      ​@@Diktator2050ай-ай шіркін-ай дейсің...😢 Сол жері өкіндіреді. Шіркіін әскері жиналып тұрғанда тас-талқан қылғанда ғой, Махамбетті тыңдағанда ғой... Қайран Исатай-ай...🥹

    • @user-xc2wm7bs5l
      @user-xc2wm7bs5l Před 7 měsíci

      🤚👍🇰🇿

  • @user-lb6yu8ud4m
    @user-lb6yu8ud4m Před 3 lety +6

    Кайран ениреген ер баба. Исатай бабанын, елине окинуин жеткизди.

  • @SAYLAW88
    @SAYLAW88 Před 2 lety +4

    Махамбеттің атын Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.у атына қойған.

  • @user-nw1jc1qf1p
    @user-nw1jc1qf1p Před 11 měsíci +2

    Терме емес, Исатайдың толғауы деген дұрыс болар. Ал енді орындау керемет!

  • @user-lx1ts3xx5h
    @user-lx1ts3xx5h Před rokem

    Қай қаладан?

  • @user-tx3on2gr9l
    @user-tx3on2gr9l Před 3 lety +4

    Бүл Исатвүй мұңы ғой аты дұрыс емес

    • @user-mr7gk2yx4g
      @user-mr7gk2yx4g Před 2 lety +2

      Сәуле Жанпейісова келер ұрпақтың ұстазы. Термеші. Жас буындарымыз. Махамбет пен Исатайдай болса, егер Өз ұлтына, еліне деген күш қайраты дер едім. Туса аналар Исатай мен Махамбетті.