ҒАШЫҚТЫҢ ТІЛІ / ЯЗЫК ЛЮБВИ (Тизер)

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 26. 08. 2024
  • Фильмнің режиссері: Алтынбек Әбішев
    Продюсері: Нұргүл Қарағойшина
    Рөлдерде ойнаған: Дүйсебек Аралбаев; Бақыт Қажыбаев, Эльмира Баккали, Дана Қапарова, Жұлдыз Данбаева, Қанат және Айткүл Құдайбергеновтер, Аяулым Мұсаева.
    Жанр: драма, мелодрама, комедия
    Гонконгта тұратын бай қазақ отбасының мұрагері әкесінің өлер алдындағы тапсырмасын орындау үшін атажұртқа оралады. «Қазақ қызына үйлен» деген әке аманатын арқалаған жігіт ана тілін білмейтін бойжеткенмен танысады. Қала қызының құрбысы да ол жігітті ұнатып қалады. Жігіттің өте бай екенін байқаған қала қызы оған тұрмысқа шығу үшін қазақ тілін үйрене бастайды. Мақсатына тезірек жетуді көздеген қала қызы құрбысымен бірге ауылға барып, тіл үйренбекші болады. Бірақ тағдыр оған ауылдың тамылжыған табиғаты мен ақжарқын адамдарынан басқа өзге тосын кездесу сыйлайтынын ол білмейтін еді.
    Фильмде қала мен дала тіршілігі, шетелдегі оралман отбасының өмірі бір оқиға аясында өрбіп, көрініс тапқан.

Komentáře • 1