ТАҢЕРТЕҢ ЕРТЕ ТҰРУДЫҢ 5 ПАЙДАСЫ

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 10. 09. 2024
  • Таңертең ерте тұрудың 5 пайдасы
    Неге ертең тұру соншалықты пайдалы екен?
    1. Сіз өз карьераңызда жоғары көтерілуге көп мүмкіндікке ие боласыз.
    Зерттеу жұмыстарына сүйенсек, таңертең ерте тұрып, белсенді қызмет атқаратын адамдардың табыс жолына жетуі мүмкіндігі жоғары болады екен.
    Барлығы ұйықтап жатқан кезде сіз өз жоспарыңызды құрып, күні бойы жұмысыңыздан ләззат аласыз. Қаншама уақытыңызды да үнемдейсіз.
    2. Сіздің денсаулығыңыз жақсы бола түседі.
    Ерте оянатын адамдардың уақыты көп болады. Бұл уақытта сіз салауатты өмір салтын ұстануға арнасаңыз тіптен жақсы. Таңертең жүгіру, жаттығу жасау, жай ғана жүрудің өзі бір күндік энергиямен қамтамасыз етеді.
    Ерте оянатындар мен кеш оянатындар арасында айырмашылық өте көп болады. Кеш ояну стресске, депрессияға алып келеді, көңіл күйі көтеріңкі болмайды.
    3.Сіз жұмыстарыңызды кейінге қалдырмайтын боласыз.
    Таңертең ерте оянатын болсаңыз, маңызды істеріңізді кейінге қалдырмай арнайы уақыт бөліп жасап тастайсыз. Бұның себебі, сіздің белсенділігіңіз күннің жартысына дейін сақталады. Сондықтан да күн ауғанға дейін алға қойған жұмысты кейінге қалдырмай дер кезінде орындайсыз.
    4. Сіз сымбатты қалпыңызды сақтайсыз.
    АҚШ тағы Солтүстік батыс университетінің зертеуі бойынша, кеш оянатын адамдар күніне, ертең оянатындарға қарағанда 245 Ккал көбірек тұтынады екен. Олар тұра салысымен табиғи тағам жемей, жылдам дайындалатын фаст фудқа жүгіре кетеді.
    5. Сіз өміріңізге басқаларға қарағанда ерекше қуанасыз.
    Өміріңізге қанағаттану қандай бір салада болсын маңызды факторлардың бірі. Ғалымдардың айтуынша ертең оянатын адамдар басқаларға қарағанда өздерін бақытты сезінеді.
    Ал сіз ерте тұрасыз ба?
    Ассаламу алейкум бауырлар.
    Керек арнасында тек қазақ тілінде жаңалықты, пайдалы кеңестерді және нақыл сөздер мен ғибратты әңгімелерді тыңдай аласыздар.
    Арнамызда 1 млн жазылушыға бірге жетейік. Қазақты қазақ көтермегенде кім көтереді? Бәріңізге рақмет!
    Мен Вк: rustenbek
    Инста : / kerek_arna
    Вконтакте группамыз: kerekarna
    Арнамыздағы материалдарды жеке пайдалануға «рұқсат» етіледі.
    Біз де тақырыптағы мәліметтерге сілтеме қалдырып отырамыз. Егер сілтеме қалдырмасақ жазыңыз міндетті түрде енгіземіз.
    Түсірілім бойынша көмектесе аламын дегендеріңіз болса жеке жазыңыздар.
    Материалы снимаем на камеры:
    Camera: Sony FDR - AX33
    Fly Cam: DJI Mavic Mini

Komentáře • 65