Жексенбіде жауған жауын Жаңатас қаласын жау шапқандай етті

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 8. 07. 2024
  • БІЗДІҢ CZcams АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Жамбыл облысында жексенбіде жауған жауын Жаңатас қаласын жау шапқандай етті. Құйып өткен нөсерден кейін шағын шаһар су астыда қалды. 400 ауланы ағызған сел, елуге жуық үйді жарамсыз етті. Мұндай көлемді селдің аяқ асты жүруі жұрттың күдігін неге күшейткен? Яғни Арал теңізін толтыру үшін қолдан жасалған техногенді апат дегеннің анық-қанығы рас па? Келген шығын көлемі қанша? Әріптесім Нұрадин Рақай осы және селден кейінгі көп сұрақтың жауабын жауаптылардан сұрап көрді.
    Бұршақтап басталған бұл көрініс әлі бер жағы екен. Әп-сәтте таудан аққан топан су тұрғын үйлердің есігін тоқылдата келді. Тұрғындарға тура мағынасында терезеден кірген суды есіктен шығаруына тура келген. Топалаңын шығарған тілсіз жау көше біткенді көлге, аула біткенді айдынға айналдырды. Нөсер нөпірі қалаға кірер жалғыз күре жол көпірі мен шойын жолды да шайып өткен.
    Өткінші жауынның салдары өңір басшыларын аяғынан тік тұрғызды. Құтқарушылар екі күнде екі жүзге жуық ауланың суын сорып үлгергенін айтады. Шұғыл штаб шығын көлемін әлі есептеп үлгермеген. Ал ел-жұрт селден келген сорымыз бес батпан дейді.
    Ал аудан басшылары селден келген сергелдең қазір біраз сейілгенін айтады. Үп еткен желмен, сіркіреген жауынға төтенше жағдай жарияланатын Жамбылда, бұл жолы да сол жоба қайталаныпты. Өтемақы өндіріледі, бастысы төтенше жағдайда шұғыл әрекет ету алгоритімін мүлтіксіз атқардық дейді аудан әкімі. Ал соңғы ширек ғасырда болмаған бұл жауынды Арал теңізін толтыру үшін жасалған әрекет соңы техногенді апатқа айналды дегенді жоққа шығарады.
    СӘКЕН МАМЫТБЕКОВ, Сарысу ауданының әкімі:
    - Қазір ауданнан жұмысшы тобы құрылып, су кірген үйлердің материалдық шығыны зерделенуде. Тәуелсіз сарапшы шақырылып өтемақы анықталуда. Жаңатас, Малоэтажка және Дегерес елдімекендерінде жарығы бар. Ауыз су және барлық әлеуметтік нысандар қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Жаңатас-Саудакент тас жолы ашық. Бұл табиғаттың тосын мінезі, апат айтып келмейді деген бар.
    Дей тұрғанмен алдын ала келген шығын көлімі айтылып қалды. Құрылған комиссия шоты қазірге дейін 60 миллион теңгенің арғы жақ, бергі жақ шығынды қағып үлгерген. Нақты цифр бірер күнде белгілі болмақ. Күннің жаманы өтер, бастысы өтемақы төленуде ешкімді өкпелетпеуге уәде етеміз дейді шенеуніктер.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Komentáře • 20

  • @user-wx5sl5vf1u
    @user-wx5sl5vf1u Před 15 dny +5

    Ескі арналарды күтіп ұстап, жағалауына сай салаға ескі өзек арналар ізіне тұрғын үй құрылысын салуға рұқсат бермеу керек

  • @a3aaa838
    @a3aaa838 Před 15 dny +9

    Қолдан жасалған жауынның кінәсі жоқ пайдасы болмаса

  • @user-jg2fi4sz4w
    @user-jg2fi4sz4w Před 15 dny +2

    Жаңбыр жаумаса жаумады деп жылайды жауса тағы жылайды енди не истеймиз

  • @user-vg2yr3xn8i
    @user-vg2yr3xn8i Před 15 dny +1

    Аурайна кина тагалмаймыз бул жерде сабырлык тилеймиз бастысы адам аман болсын Аллага карсы шыгалмаймыз

  • @user-bg3qp1mv6w
    @user-bg3qp1mv6w Před 15 dny +3

    Журналист па Акын Жырау гой мынау.

    • @user-ez3zt5hc3h
      @user-ez3zt5hc3h Před 15 dny

      Соны.айтам
      Кандай.кыйн.жагжайлары.😢

  • @bekjasarnaxanov1197
    @bekjasarnaxanov1197 Před 15 dny +3

    суын сорып емес тарттырып десей қайдағы сору😂😂😂

    • @user-sj5ry1rl5v
      @user-sj5ry1rl5v Před 15 dny +3

      Суды сорадыгой, калай тартат оны? Кай жерінен устап тартат

  • @user-qw6wv4ql1n
    @user-qw6wv4ql1n Před 15 dny

    Алла ози сактасын апаттардан🙏🙏🙏

  • @user-bu3oj5ml4c
    @user-bu3oj5ml4c Před 15 dny

    Алла сақтасын

  • @user-lg4in8ku2v
    @user-lg4in8ku2v Před 15 dny +1

    Қызылордада жауған жоқ

  • @user-pk4db9pb8y
    @user-pk4db9pb8y Před 15 dny +1

    Ең бірінші әкім кінәлі , қаланы абаттандыру керек, канал- арық тартып, үлкен көпір салу керек еді.
    Әкімдер ақша жегеннен басқа ештеңе білмейді.

  • @Adil-xk9gw
    @Adil-xk9gw Před 15 dny

    Венецияга айналдык ау деймин

  • @user-rl3zp8cf3k
    @user-rl3zp8cf3k Před 15 dny

    Құдайдан ғана келеді бұндай апаттар, тек сол өңір өздерінен көру керек, Құдайдың осындай қаһары келетіндей не істегендерін ойлансын.
    Құдайсыз қурай да сынбайды емес пе.

  • @user-rf1dg1sd8c
    @user-rf1dg1sd8c Před 12 dny

    Өңшең сумрайлар ай Аралға барып қайтсаңдаршы 😂

  • @user-jh9cy3nn5v
    @user-jh9cy3nn5v Před 15 dny

    20жыл бурын болган шымкентте

  • @user-ul5fd4fy1c
    @user-ul5fd4fy1c Před 14 dny

    диханшылыктын быт шытын шыгарган шыгар

  • @user-cb7wz2cm6x
    @user-cb7wz2cm6x Před 15 dny

    4 баласы бар жас отбасының баспанасы жарамсыз боп қалды. Әкімдіктен көмек беріледі деп үміттенеміз. Себебі айқаймен жүргендерге ғана жүгіріп жатыр

  • @nursultanismuhanov2578

    Причем тут Арал теңізі

  • @user-qp7gj7mo1m
    @user-qp7gj7mo1m Před 15 dny +1

    Бір Алла өзі жар болсын ! Бәрі де мүмкін, бәрін болжап біле қоятын Қазгидромет неге үнсіз ғана отыр,