Жұмыс жоқ па әлде жастар құлықсыз ба?

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 21. 08. 2024
  • Іздеген адамға екі қолға бір күрек қашан да табылады. Мамандар жұмыс істеуге құлықсыз жастар көбейгенін айтады. Әсіресе, тәжірибесі болмаса да қомақты жалақы алғысы келетін жас көп. Бүгінгі жәрмеңкенің мақсаты да осы. Қолында дипломы бар жас мамандарды жұмысқа орналастыру. Бүгінгі жәрмеңкеге 19 мекеме қатысуға ниет білдірген. 50 ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Дені оқу орталықтарынан, яғни педагогикалық сала мамандарын іздеп келгендер көп. Сондай-ақ, экономист, бухгалтер, көлік жүргізушісі мен дефектолог іздеп келген мекемелер де бар. Қала бойынша 123 жас маман жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша нәпақа тауып отыр. "Мансап" орталығы 1300 ден астам жасты тұрақты жұмыспен қамтыған. 800 ге жуық жас «Бастау бизнес» кәсіпкерлер негіздері курсын оқып шығыпты. Жасы 30 ға толмаған 44 адам тегін кәсіптік оқу оқыса, 45 адам мемлекеттен қайтарымсыз грант иегері атанып отыр. Мұндай жұмыстар жалғасады, ең бастысы ынта керек,-дейді мамандар. "Мансап" ортылығының мамандары нарықта сұранысқа ие мамандықтарға талдау жасаған. Қазір IT-саласында қызмет ете алатындарға сұраныс жоғары. Мұғалімдер мен есепшілер далада қалмайды,-дейді мамандар. Сондай-ақ, аспаз, шаштараз бен медицина қызметкерлеріне қашан да сұраныс жоғары көрінеді.
    Сайт телеканала www.rikatv.kz/
    Twitter / rika_kz
    Вконтакте rikatv
    Telegram t.me/evrikaaktobe

Komentáře • 1

  • @user-zr3xl7wi5m
    @user-zr3xl7wi5m Před měsícem +1

    Ассаламаликум ушкудыкта автобус жок жумыс жок