Құран Кәрім. Мәриям сүресі, баланың тыныш, әрі тез ұйықтауы үшін..

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 27. 03. 2022
  • Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
    Кәф Һә Иә ‘Айн Сад. (1)
    (Мұхаммед Ғ.С.) Бұл Раббыңның құлы Зәкерия (Ғ.С.) ға мәрхаметінің естелігі. (2)
    Ал бір заманда ол, Раббына құпия дауыспен жалбарынған еді. (3)
    “Раббым! Сүйегім қаусап, басым ағарған. Дегенмен саған қойған тілегім, босқа кетпеген еді” деді. (4)
    “Шынында мен өзімнен кейінгі жақындарымнан (мұрагер бола алмайды деп) қорқамын. Сондай-ақ жұбайым кемпір. Сонда да маған өз қасыңнан бір мұрагер бере көр!” (5)
    “Ол, маған да мұрагер болып, әрі Яғқұп ұрпағына да мұрагер болсын. Раббым оны ризалығыңа бөле!” (6)
    (Алла): “Әй Зәкерия! Расында сені бір ұл арқылы қуантамыз. Аты Яхия. Бұрын оған ешкімді аттас қылмаған едік.” (7)
    (Зәкерия): “Раббым! Менің ұлым қалайша болады! Жұбайым кемпір. Расында өзім де кәріліктен қурадым” деді. (8)
    “Міне солайша” деді. Бірақ Раббың: “Ол маған оңай. Өйткені, сені бұрын жаратқанымда дәнеңе емес едің” деді. (9)
    “Раббым маған бір белгі бер” деді. (Алла): “Сенің белгің: сап-сау бола тұра үш тәулік адамдармен сөйлесе алмайсың” деді. (10)
    Сонда (Зәкерия) михраптан шығып, қауымына: “Ертелі-кеш Алланы дәріптеңдер” деп нұсқады. (11)
    “Әй Яхия! Кітапты мықты ұста” деп, сәбилігінде-ақ даналық берген едік. (12)
    Әрі оған өз қасымыздан мұлайымдық, күнәдан тазалық бердік. Өзі де тақуа еді. (13)
    Әрі әке-шешесіне де мейірімді еді. Зоракер, күнәкар емес еді. (14)
    Оған туылған күні, өлетін күні және тірі тұрғызылатын күні амандық болсын. (15)
    (Мұхаммед Ғ.С.) Құрандағы Мәриямды айтып бер. Сол уақытта ол, тұрған үйінің шығыс жағындағы бір орынға жекеленіп барды. (16)
    Сонда олардың бер жағынан шымылдық ұстап қойған еді. Сондай-ақ оған рухымызды (Жебірейілді) жібердік те ол, оған толық адам бейнесінде көрінді. (17)
    (Мәриям): “Егер сен тақуа болсаң да сенен Аллаға сиынамын” деді. (18)
    (Рух): “Мен саған бір таза бала беруге жіберілген Раббыңның елшісімін” деді. (19)
    Мәриям: “Маған бір адам жұғыспаса, маған қалайша бала болады? Сондай-ақ суық жолда болмасам” деді. (20)
    (Жебірейіл Ғ.С.): “Ол, солайша” деді. Өйткені, Раббың: “Бұл Маған оңай. Мен тараптан адам баласына бір үлгі әрі бір мәрхамет. Бұл біткен бір іс еді” деді. (21)
    Мәриям; ол балаға жүкті болып, соныменен ұзақ бір жерге кетті. (22)
    Сонда оны толғақ қысып, құрма ағашының түбіне барды да: “Әттең-ай! Мен бұдан бұрын өліп қана мүлде ұмытылып кеткен болсам еді” деді. (23)
    (Періште) оның астыңғы жағынан: “Кейіме, Раббың астыңнан бір бұлақ жаратты” деп дабыстады. (24)
    “Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілк. Саған жас құрма түседі” (деген үн келді). (25)
    Ал енді же де, іш. Көз айым бол! Егер адамдардан біреу көрсең: “Аса қамқор Алла үшін ораза атадым. Сондықтан бүгін еш адаммен сөйлеспеймін” де. (26)
    Сонда баланы көтеріп еліне келді. Олар: “Әй Мәриям! Расында сен өрескел бір нәрсе келтірдің” деді. (27)
    “Әй һарұнның қарындасы! Әкең де жаман кісі емес, шешең де жаман жолда емес еді.” (28)
    Мәриям баланы көрсетті. Олар: “Бесіктегі бір бөбекпен қайтып сөйлесеміз?”,- деді. (29)
    (Бала): “Рас мен Алланың құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар қылды” деді. (30)
    “Сондай-ақ мені қайда болсам да құтты етті де, тіршілігім бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды.” (31)
    “(Мені) шешеме мейірімді етіп, бір зоракер және қиқар қылмады.” (32)
    “Маған туылған күнімде, өлер күнімде және тірілтіліп, тұрғызылатын күнім де амандық болады.” (33)
    Міне осы: Олар шүбәланған Мәриям ұлы Ғиса (Ғ.С) жайындағы Алланың хақ сөзі. (34)
    Алланың баласы болуы мүмкін емес. Алла (Т.) одан мүлде пәк. Ол, бір істің болуын қаласа, тек қана оған “бол” дейді. Сонда ол, бола қалады. (35)
    “Күдіксіз Алла, менің де Раббым әрі сендердің де Раббыларың. Онда Оған ғана құлшылық қылыңдар. Тура жол осы.” (36)
    Алайда, (Яһуди, Христиан) топтары өзара таласты. Қарсы болғандарға, ұлы бір күннің келуінде нендей өкініш. (37)
    Олар, алдымызға келген күні, нақ естиді де көреді. Бірақ залымдар, бүгін ашық түрде адасуда. (38)
    (Мұхаммед Ғ.С.) ол сенбей селқостықта болғандарға, олар үшін іс бітіп кететін қасырет күнін ескерт. (39)
    Расында біз жерге де ондағыларға да мұрагер боламыз. Және олар біз жаққа қайтарылады. (40)
    (Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Ыбырайым (Ғ.С.) ды есіңе ал. Негізінде ол турашыл пайғамбар еді. (41)
    Сол уақытта әкесіне: “Әй әкетайым! Естімес, көрмес, сондай-ақ өзіңе бір пайдасы жоқ нәрсеге неге шоқынасың?”,- деді. (42)
    “Әй әкетайым! Расында маған, саған келмеген білім келді. Сондықтан маған ілес. Сені тура жолға салайын.” (43)
    “Әй әкетайым! Шайтанға шоқынба! Өйткені, шайтан, Аллаға қарсы болған.” (44)
    Әй әкетайым! Сені Алла жағынан азап қолға алып, шайтанға дос болып, қалуыңнан қорқамын.” (45)
    Әкесі: “Әй Ыбырайым! Сен тәңірлерімнен бет бұрасың ба? Егер, оны қоймасаң, әрине сені таспен атамын. Сондай-ақ өзің менен аулақ бол” деді. (46)
    (Ыбырайым Ғ.С.): “Саған амандық болсын. Сені Раббымның жарылқауын тілеймін. Өйткені, Ол, өте мейірімді” деді. (47)
    Мен сендерден де, Алладан өзге шоқынғандарыңнан да араны ашып, Раббыма жалбарынамын. Сондай-ақ Раббыма жалбарынсам, бос қалмауымнан үміткермін.” (48)

Komentáře • 3,9K

  • @user-bd3ym9ie5g
    @user-bd3ym9ie5g Před měsícem +315

    Сүре қосып бала ұйықтатып отырғандар❤бассын!

  • @user-lt4ny7yv1w
    @user-lt4ny7yv1w Před 27 dny +225

    Кім осы сүремен бала ұйқтатады сол лайк бассыншы😢😊❤

    • @user-wk1vv3bf2g
      @user-wk1vv3bf2g Před 12 dny +5

      Мен осындан қызым ұйықтап жатыр тыныш қана аягма сап отырм

    • @rozaallamuratova6277
      @rozaallamuratova6277 Před 12 dny +6

      Осы сүрени қоймаса уйқтамайд жылап осыны қойсам уйқтап қалад😊

    • @almagulseksenbaeva5325
      @almagulseksenbaeva5325 Před 9 dny +2

      ❤❤❤❤❤ДҰРЫС АЙТАСІҢ МЕНДЕ ОСЫ СУРЕНІ ҚОЙСАМ ҰЙЫҚТАЙДЫ

    • @user-mc9xu7ox5w
      @user-mc9xu7ox5w Před 9 dny +1

      ​солғой

    • @user-yd4tn7os9z
      @user-yd4tn7os9z Před 6 dny +2

      Інілерім

  • @user-fl3lx8qy5m
    @user-fl3lx8qy5m Před 2 měsíci +325

    Кімдер бала-шағасын ұйықтатып отқан болса лайк бассын 😂Алла шипасын берсін! 🎉

  • @user-bd1xi3ql9q
    @user-bd1xi3ql9q Před 2 měsíci +639

    Я Аллам осы Мәриям сүрсесің тыңдап отырған адамдардың денсаулығы мықты болсыншы🤲🤲🤲🤲

  • @user-lt4ny7yv1w
    @user-lt4ny7yv1w Před 27 dny +59

    Мəриям сүресін айтып отырған Кісіге Алла нұрын жауып жақсы өмір тілесін бөпелеріміз аман-есен болсын❤😊

  • @user-em3mm7ym5b
    @user-em3mm7ym5b Před 2 měsíci +360

    Аллахты гын жүректен жақсы көретіңдер лайк бассың👇👇👇

  • @user-ck3qf8ub2v
    @user-ck3qf8ub2v Před 7 měsíci +1117

    Қызын ұйықтатып жатқандардан лайк😊

  • @user-em3mm7ym5b
    @user-em3mm7ym5b Před 3 měsíci +305

    Ұлын ұйықтатып датқандарға лайк❤❤

  • @user-bd1xi3ql9q
    @user-bd1xi3ql9q Před 2 měsíci +138

    Кім балалырын ұйықтатып жатыр солар 100000 лайк басың❤

  • @user-yk6kh1xi7y
    @user-yk6kh1xi7y Před 5 měsíci +435

    Ерекше балам Жомартұлы Диасқа Аллам шипа берсін деп тілеймін, қатты қиналып кетті балапаным, дұға етіңіздерші🤲

    • @zhazirabakhytkyzy6614
      @zhazirabakhytkyzy6614 Před 4 měsíci +2

      Алла шипасын берсін🤲

    • @user-yk6kh1xi7y
      @user-yk6kh1xi7y Před 4 měsíci

      @@zhazirabakhytkyzy6614 әмин🤲🥺

    • @gulzirarahman
      @gulzirarahman Před 4 měsíci +1

      АЛЛАХ шифа берсын

    • @ainurtugelbaeva1987
      @ainurtugelbaeva1987 Před 4 měsíci +1

      Алла балапанның дертіне шипа берсін

    • @user-zf7ld8oy3u
      @user-zf7ld8oy3u Před 4 měsíci +2

      Мейырымды Аллам шипасын берип, тезирек жазылып кетсин🤲

  • @user-bd1xi3ql9q
    @user-bd1xi3ql9q Před 2 měsíci +221

    Аллахты жақсы көретіңдер лайк,егерде кім Аллахты дақсы көрмесе мен оны біліп отырам,кім басты кім басбады.Сондықтан лайк бпсыныздар
    👇

    • @user-bd1xi3ql9q
      @user-bd1xi3ql9q Před 2 měsíci +6

      Ешкім Аллахты жақсы көрмейсің ме не?

    • @user-bd1xi3ql9q
      @user-bd1xi3ql9q Před 2 měsíci +5

      Сіздер Аллахты жақсы көрмесеніздер Аллах сіздерді де жақсы көрмейді.Сондықтан баршамыз басып кетейік.Өтінеіш басыныздаршы🙏🙏🙏

    • @user-em3mm7ym5b
      @user-em3mm7ym5b Před 2 měsíci +1

      Мен жақсы көрем

    • @user-em3mm7ym5b
      @user-em3mm7ym5b Před 2 měsíci +3

      Неге лайк баспайсыздар?, уже 5 күн болды ғой😢😢😢

    • @user-bd1xi3ql9q
      @user-bd1xi3ql9q Před 2 měsíci

      Сонайтам

  • @TheAriikoshaa
    @TheAriikoshaa Před 8 měsíci +1438

    Кунде осы сүрені косып уйктататын болдым.тагы кім косып отыр казир коскандар болса лайк басыңдар😊❤

    • @user-op1bx1wj5r
      @user-op1bx1wj5r Před 7 měsíci +5

      Мен косам бірақ жылай беред

    • @jankasuinbaeva244
      @jankasuinbaeva244 Před 7 měsíci +3

      ❤❤

    • @kanyshaikuttubekkyzy3497
      @kanyshaikuttubekkyzy3497 Před 7 měsíci +8

      Мен коюп уктатам,,жакшы ,тыынч уктайт Кудайыма шүгүр ❤️🤍

    • @moldirduisekova1270
      @moldirduisekova1270 Před 7 měsíci +3

      Бізде Мариям суресін тыңдатып уйықтатамыз

    • @NurikKonurbaev-ww1pv
      @NurikKonurbaev-ww1pv Před 6 měsíci

      🎉ЮЮЮЮЮЮЮЮЮЮЮЮЖЖЖЖДЖЖЖ
      9⁰⁰⁰⁰

  • @user-os2gb9wu1i
    @user-os2gb9wu1i Před 5 měsíci +844

    Бұл сүре балаларды жақсы ұйық татады екен .❤ кімнің баласы осы сүредең ұйықтап жатыр ❤ лайк басыныздар 😊😊 ❤❤

    • @user-wz2je9sp3x
      @user-wz2je9sp3x Před 4 měsíci +1

      😮

    • @mslma_gr
      @mslma_gr Před 4 měsíci +2

      Озим ылги косам бирден уйыктап кетем жане кушти таза уйкы болады АльхамдулиЛлаh Аллаһу акбар❤

    • @user-yg6vm7it1w
      @user-yg6vm7it1w Před 4 měsíci +1

      Немерем шырылдап жылай береді қырқын сақтап жүрген шығар деп жүргенбіз үш төрт күн болды қырқынан шыққалы
      Не істеуге болад жазыңыздаршы
      Осы сүрені қосып қоидым😊

    • @mslma_gr
      @mslma_gr Před 4 měsíci

      @@user-yg6vm7it1w йа син, бакара, мариям сурелерин косып тындата бериниз. Ин шаа Аллаh жаксы болады. Куран окылганда, Аллаһтан шифа сураныз. Куран окылатын жерге периштелер коп туседи коп жиналады.

    • @karlygashgaiypnazar3290
      @karlygashgaiypnazar3290 Před 4 měsíci

      ​@@user-yg6vm7it1w жауырыны жапыссада жылайд, сосын іш ері кебеді массаж жасау керек

  • @user-fr8rs4lp8k
    @user-fr8rs4lp8k Před 6 měsíci +569

    Мен босанған күні жақсы туылды он екі мүшесі сау жыламай жақсы едік, кейнен екінші күні балам судрк беріп жүрегі тоқтап қалды🥺.
    Ранимазия түстік ішке мені кіргізбиді , келесі бөлмеде жатым тек осы сүрені тындап баламның ұйқысы тыныш болсын деп ниет етіп тындап жүрдім , Аллаға күнде дұға еттім Аллаһым дұғамды қабыл етті. Аллаға саңсыз мадақтау болсын Алладан басқа тәнір жоқ екінің түсіндім . кейіннен бір аптадан кейін балам полатаға шығарылды бірақ нәзік салмақ тастап қойдық .
    Палатада осы Мәриям сүреесін тындап ұйқтаймыз осы сүре өте мықты екен Аллаға мадақ саңсыз мадақтау болсын.
    Әлі де тындаймыз тындап ұйқтаймыз.
    Алла барша сәбилердің дертіне шипасын берсінші🥺🤲бала ауырмасын.
    Я Алла ,Я Раббым Пайғамбарымыз Мұхаммед с.с дұғасын қабыл еткендей біздінде дұғамызды қабыл етегөрші 🤲🤲🤲Анадан баланы айырагөрмеші , Баланы анасынан айырагөрмеші.
    Аллаһым сәбилер ауырмасыншы .

    • @user-fr8rs4lp8k
      @user-fr8rs4lp8k Před 6 měsíci +38

      Аллаға саңсыз шүкір үйге шықтық аман есен Алланың қалауымен.
      Алладан шын жүрекпен тілесек қабыл болады екен .
      Шын жүрекпен сұрау керек екен Аллаға саңсыз мадақтау болсын тындауға кенес беремін.
      Осы сүрені оқыған жанға Алла разы болсын екі дүниенің бақыттын тілеймін. Алла баршамызды салиқалы, мумин ұрпақ болуымызды нәсіп етсін.
      Аллаға саңсыз шүкіршілік.
      Алла біз сізді жақсы көреміз🥺🥺🥺 біздің жасырын болашақ өткен кеткен күнәмізді кешірегөрші 🥺🥺🥺.
      Сүйікті құлдарынның қатарына қылагөрші.
      Барша мұсылмадарға Жәннатын кәусар суын ішуін нәсіп етсін 🤲 .

    • @user-wu2cc5nb1p
      @user-wu2cc5nb1p Před 6 měsíci +14

      Сіз ушін куаныштымын!❤ Ауырмаңыздар!!!

    • @user-fr8rs4lp8k
      @user-fr8rs4lp8k Před 6 měsíci

      @@user-wu2cc5nb1p Рақмет 🫶

    • @KlaraMailybayeva
      @KlaraMailybayeva Před 5 měsíci +4

      Әумин

    • @user-kt7no9jr2q
      @user-kt7no9jr2q Před 5 měsíci +4

      Әумин!

  • @user-sh5fj9ge8b
    @user-sh5fj9ge8b Před 8 měsíci +605

    Осы сурени окып отырган кисиге Алланын нуры жаусын
    Рахмет

  • @user-cr1wz6ww9f
    @user-cr1wz6ww9f Před 5 měsíci +411

    Балаларымызды саналы ,салихалы , хафиз ұрпақтардан ете гөр Мейірімді,Рахымды Аллаһым ,

  • @omirjanqyzy
    @omirjanqyzy Před 7 měsíci +852

    Суре косып бала уйыктатып отыргандар лайк бассын😅❤

    • @user-zw1uv6ig2l
      @user-zw1uv6ig2l Před 2 měsíci +5

      СЕН СУРЕНЫ УСТИМДЕН КУЛДИНГБА НЕ 😡😡😡😡😡😡

    • @omirjanqyzy
      @omirjanqyzy Před 2 měsíci

      ​@@user-zw1uv6ig2lқате түсінбеңіз сүре тауданда биік орынға қоямыз 😅бұл жай ғана смайлик смайликтер тұрған ештеме жоқ қатты күліп тұрған жоқ смайлик) жай күлімдеп тұр

    • @user-bd1xi3ql9q
      @user-bd1xi3ql9q Před 2 měsíci

      ​@@user-zw1uv6ig2l😂😂😂

    • @user-bd1xi3ql9q
      @user-bd1xi3ql9q Před 2 měsíci +3

      Күлген жоқ

    • @user-do9gv8me9x
      @user-do9gv8me9x Před 2 měsíci +3

      😅😅

  • @user-fx6km8bc3h
    @user-fx6km8bc3h Před měsícem +21

    Менің сәбиімнің дертіне шипасын берсінші, Аллам!!!

  • @user-up8qm5cd5z
    @user-up8qm5cd5z Před 7 měsíci +366

    Я, Раббым!!!! Осы сүрені оқыған құлыңа мол сауаптан жазшы. Көөөөп рақмет!!!!! Алланың разылығына бөленіңіз!!!! Я, Раббым!!!! Балаларымызды саналы салиқалы ұрпақтан ете гөр!!!! Балаларымыз бір Өзіңе аманат!!!!💖

  • @user-bd1xi3ql9q
    @user-bd1xi3ql9q Před 2 měsíci +38

    Я Аллам осы мәриям сүресің иыңлап отырған адамдардың десаулығы мықты болсыншы🤲🤲🤲

  • @Qyr_balasy_
    @Qyr_balasy_ Před 10 měsíci +455

    Сүре қосып баламен бірге ұйықтап қалатындар лайк бассын😁

  • @user-fe9de8gw1w
    @user-fe9de8gw1w Před 11 měsíci +245

    баласы жылап осы дуганы еситип баласын уиктатып аткандар бир лаик

  • @JanibekAldabergen
    @JanibekAldabergen Před 6 měsíci +169

    Қызын ұйықтатып жатқандардан лайк

  • @user-vw4kc8fv7r
    @user-vw4kc8fv7r Před 2 měsíci +31

    Ерболқызы Әминаға Аллаһым шифаңды нәсіп етші, тез сауығып кетсінші.

  • @aidanabissembayeva694
    @aidanabissembayeva694 Před 3 měsíci +67

    Уа Раббым қызым жазылп кетсінші,аман есен дені сау болсыншы🤧🤲🏻

  • @user-ce1cc6cm1v
    @user-ce1cc6cm1v Před 4 měsíci +121

    Мна сүре маған қатты ұнайды ❤балаларынды осы сүрені тындатып қойғандар лайк басып
    кетініздер өтініш ❤

  • @user-cl1tt4ic7z
    @user-cl1tt4ic7z Před 5 měsíci +175

    Аллаға тағала барша сәбиге тыныш ұйқы берсің❤

  • @user-bo4qb6ph5f
    @user-bo4qb6ph5f Před 8 měsíci +364

    Е Аллам менің балаларым және барша әлемнің балаларын жамандықтан, бәле - жаладан, тілден , көзден, жаман нәрселерден, жаман адамдардан қоргай көр. Балапандардын балалық шақтары тәтті күндерден ғана құрай көрші 🤲🏻🤲🏻🤲🏻

  • @user-ww8fu5nc7x
    @user-ww8fu5nc7x Před 10 měsíci +358

    Мына әдемі дауыс иесіне Алла тағаланың нұры жаусын Маша Аллах неткен әдемі дауыс 😍

  • @user-hh6jt4zp9n
    @user-hh6jt4zp9n Před 2 měsíci +28

    Баламен бірге өзі ұйықтап қалатындар лайк😅

  • @user-lb3pd8hj4g
    @user-lb3pd8hj4g Před měsícem +6

    Аллаһу әкбәр.

  • @user-em3mm7ym5b
    @user-em3mm7ym5b Před 3 měsíci +42

    Я Аллам осы сүрені оқыған адамға сауап жазсың, Әмин.🤲🤲🤲

  • @user-nc8to3ts2w
    @user-nc8to3ts2w Před měsícem +31

    Алланы жақсы көретіндер лаик ❤

  • @A-xr5ig
    @A-xr5ig Před 28 dny +13

    Я Аллам осы Мәриям сүресінің тындап отқан адамдар лайк басын

    • @Aisazunis
      @Aisazunis Před 3 dny

      Алладан лайк емес Денсаулық сұрайды😉

  • @user-ie3zj3op7b
    @user-ie3zj3op7b Před 6 měsíci +32

    Улын уйыктатып жаткандар лайк 😊

  • @user-vn3bz1uq1v
    @user-vn3bz1uq1v Před 3 měsíci +29

    Мектепте тарбиешимин ерекше балалардын. Осы Сурени косам Бари уйыктап калады орысы болсада 🥲❤️

  • @user-it5xs8er7b
    @user-it5xs8er7b Před rokem +1065

    Кім інісін немесе сіңлісін немесе қарындасын немес баласын ұйықтатп жатр лайк❤😊😊😉🤗

  • @Nurila_muslima
    @Nurila_muslima Před 10 měsíci +163

    Қызымның Құран жаттар хафиза болуын нәсіп етші Аллаһым.🙂🤲🏻Сағатбек Зере Дамирқызы деп дұға етіп қойшы бауыртай❤😊
    Әмин.әмин.әмин.امين

  • @B.Zh.M
    @B.Zh.M Před 2 měsíci +4

    Менин Мариямым Мариям анамыздай болсын 🙏❤️

  • @AisylyKidirbai
    @AisylyKidirbai Před 25 dny +7

    Ешбір ананы баламен сынамасын Аллам ешбір сәби ауырмасын ❤

  • @user-zz9re9vt5q
    @user-zz9re9vt5q Před rokem +329

    Алладан перзент сұрағандардың дұғалары қабыл болсын. Алланың қалауымен сәбилі болып осы Мариям сүресімен сәбиін ұйқтатсын, мен сиақты

  • @mr.margonya7963
    @mr.margonya7963 Před rokem +702

    Менің ұлым Марлан аман есен жазылып кетсе екен.Я АЛЛА ТАҒАЛАМ шипаңды бере көрші🤲🤲🤲

  • @user-by5so3dv9b
    @user-by5so3dv9b Před 2 měsíci +27

    Балапандардың үйқысы тыныш дендері сау болсын.

  • @user-bx6pv6gs9y
    @user-bx6pv6gs9y Před 3 měsíci +6

    Өте керемет сүре

  • @user-be5kt6ug1o
    @user-be5kt6ug1o Před 11 měsíci +221

    Барлық қыздарды ана бақытынан айыра көрме, осылай баласын ұйықтатып отырсыншы🤲🏻Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақтар❤

  • @user-bd6de9ql1f
    @user-bd6de9ql1f Před rokem +325

    Құдіретті шексіз Аллам!
    Барлық сәбилер ауырмасыншы бақытты болсыншы.🤲🤲🤲

  • @Jannat.Firdaus
    @Jannat.Firdaus Před 8 měsíci +143

    Барлық дұға тілектер қабыл болсын ауырып жүрген балапандарға Алла шипа берсін. Ұйқы тыныштығын тілеймін ❤

  • @user-em3mm7ym5b
    @user-em3mm7ym5b Před 29 dny +8

    Я Аллам Осы сүрені тыңдап отырған адамдар жұмаққа кіруге нәсіп ете гөр🤲🤲🤲

  • @Zhoraeva_
    @Zhoraeva_ Před 9 měsíci +269

    Қызым іші желденіп ауырып, қолға да, омырауға да көнбей жатыр еді, сүрені қосқаным сол сразу тынышталып ұйқтап қалды🙏 Алланың құдіретін-ай! Шүкір, әлемдегі барша бала ауырмасыншы!

    • @user-li2hk1xm3k
      @user-li2hk1xm3k Před 9 měsíci +5

      Согой менің де балам сондаи. Бұдан алдын құран қойғанда ояу тыңдап жатқан осыны қоидым ұйықтап қалды

    • @aidatalgat1324
      @aidatalgat1324 Před 7 měsíci +4

      Менде казир дал солай болды.😮 Озим Алланын кудирети шексиз деп танкалып отырмын. Шынгырып кетип еди

    • @user-bv4fv6dx1o
      @user-bv4fv6dx1o Před 7 měsíci +2

      Әумин

    • @user-ei9ko4wl8h
      @user-ei9ko4wl8h Před 7 měsíci +1

      ❤❤

    • @ayanaseytbaeva4402
      @ayanaseytbaeva4402 Před 6 měsíci +1

      Иш желденгенге не истесе болады.

  • @user-zh2yu5fu3i
    @user-zh2yu5fu3i Před rokem +323

    Алла осы сүрені өқыған кісіге Алла разы болсын. Барлық сәбилер аман болсын түнде тыныш аурмай үйктасын, аналары аман болсын.

  • @user-ej8jh3uk6h
    @user-ej8jh3uk6h Před 25 dny +5

    Я Рабым АЛЛАХЫМ ем болғай тез жазылып кетейін 😢😢😢

  • @user-zj2hs3xq9t
    @user-zj2hs3xq9t Před 25 dny +8

    Қызым қатты жылап кетсе сүрелерді қойсам тыныш болып қалады Аллаға шүкір 🙏🤲

  • @user-he7zn6ul7e
    @user-he7zn6ul7e Před 9 měsíci +146

    Балапаным ауырып больницадан больница болып жатырмыз. Туылғалы осы сүрені қоямын ұйқтайды, мазасызданғаны тез басылады. Асылым қызым үшін Алладан дұға етіңіздерші

    • @user-li2hk1xm3k
      @user-li2hk1xm3k Před 9 měsíci +4

      Тек оған емес барша сәбилер аман болсын ешқашан ауырмасынщы

    • @Zhasminzhetegen
      @Zhasminzhetegen Před 9 měsíci +2

    • @user-dc3ex9kf3h
      @user-dc3ex9kf3h Před 9 měsíci +3

      Балапанның жағдайы қалай қазір 3 апта алдын жазыпсыз ал біз енді тыңдап жатырмыз мазасызданып жылаған ұлым күліп жатыр 😊

    • @user-he7zn6ul7e
      @user-he7zn6ul7e Před 8 měsíci

      ​@@user-li2hk1xm3k әумин балапандар аман болсын, ешбір ананы баламен, баланы ата- анасымен сынамасыншы Аллам

    • @user-he7zn6ul7e
      @user-he7zn6ul7e Před 8 měsíci

      ​@@user-dc3ex9kf3hжазған кезде больницада тяжелый болып жатқан, жүрегім жылап отырып жазған едім, қазір Аллаға шүкір ол кездегіден жақсарып келеміз

  • @user-fv7ih3wl4z
    @user-fv7ih3wl4z Před 11 měsíci +207

    Алла ұлық, алланың құрреттілігіне мың мадақ, егіздерім кезектесіп мазасызданғанда әрдайым осы сүрені қоямыз тез арада ұйықтап қалады, құдіретті шексіз алла тағала, ешқашан баланы анамен, ананы баламен сынамашы, баллапандарымыз аман болып, еш қашан ауырмасын, әрдайым жүзіңнен күлкі кетпесін🤲🤲🤲

  • @aibike21
    @aibike21 Před 5 dny +3

    Кім інісін ұйықтатып жатыр сол лайк бассын❤ тілектеріңіз орындалып, имандарыңыз ашылсын🤲🤲🤲

  • @user-bu2nc3hk7t
    @user-bu2nc3hk7t Před 25 dny +3

    Осы мәриям сүресін айтып жатқан кісіге мын алғыс. Сол адам бақыты бітпй алдында көп деген қызықты да бақыттар алдында күтіп алдына келе берсін❤ мені балам осы сүрені жақсы көреді❤

  • @qwertyqwerty-hb9ge
    @qwertyqwerty-hb9ge Před rokem +629

    Дуга етиниздерши менин баламда Дени САУ болып осе берсин 🤲🤲🤲

    • @user-ok6il4ht4n
      @user-ok6il4ht4n Před rokem +12

      Балаңның атын жаз намазда әдемі дұға жасап берейін сізге.

    • @user-fs4jy8de4g
      @user-fs4jy8de4g Před rokem +6

      @@user-ok6il4ht4n0

    • @user-jw2ui1bl9l
      @user-jw2ui1bl9l Před rokem +3

      @@user-ok6il4ht4n салеметсизбе маганда болама?🙏🙏

    • @bayanbeisenova2799
      @bayanbeisenova2799 Před rokem +4

      @@user-ok6il4ht4n менің баламада дұға жасап беріңізші Русланұлы Асылжан
      Кішкене ауырып мазасызданып жатрмыз🥺

    • @aimanispolova9894
      @aimanispolova9894 Před rokem +2

      Аман болсын,дені сау болсын

  • @gulai90
    @gulai90 Před rokem +271

    Алланың құдіреді шексізгой шіркін, балам 3 сағаттан бері ұйыктамай ызыңдап жатканго бір кезде осы сүре көзіме түсіп кетті койып коменттерді оқып таң калып жатсам жаңағы көзі бакырайып жаткан балам 5,6 минутта ұйыктап кетіпті, аллаға шүкір, раббыма сансыз шүкіршіліктер болсын❤

    • @user-gf7zn5vi5q
      @user-gf7zn5vi5q Před rokem +5

      Иә менің інім острғанда ұхтап қалд

    • @user-uo5qv7wg5s
      @user-uo5qv7wg5s Před rokem +6

      Керемет менің сіңілімде

    • @user-re5jw1lb2j
      @user-re5jw1lb2j Před 11 měsíci

      😀

    • @user-tm1pf1lo4l
      @user-tm1pf1lo4l Před 11 měsíci +1

      Алланың құдіретті керемет ,меніңде қарап жүрген қызым осыны қойсам күліп риза болып ұйықтайды, Аллаға саңсыз шүкір 🤲жіберген Мария м сүресін ❤❤❤

    • @serikmamekov382
      @serikmamekov382 Před 11 měsíci

      Ш8

  • @mukahnee7
    @mukahnee7 Před 28 dny +9

    бұл сүре лайкпен өлшенбейді,аллаһтың сөзіде өзіде рас,альхамдулиллях балаларым осы сүре тыңдаса сразу тынышталып ұйықтап қалады,аллаһу акбар
    қанша лайк жиналсада ,қанша лайк бассақта аз

  • @user-kf9lv3nb4n
    @user-kf9lv3nb4n Před 9 měsíci +75

    Осы сурені окып отырган кісіге алланың нұры жаусын

  • @aisulushakabaeva2631
    @aisulushakabaeva2631 Před rokem +255

    Сабилер, балалар, балапандар ауырмасын🙏 Уйкысы тыныш, дени сау болсын✨

  • @muhammedalialtynbek2786
    @muhammedalialtynbek2786 Před rokem +355

    Аллахым кызымнын дертине шипа берш,уйкысы тынышталсын

    • @user-ru1de3op8y
      @user-ru1de3op8y Před rokem +3

      Алла шипасын берсын
      Балдар ауырмасыншы

    • @ainuraknur7033
      @ainuraknur7033 Před rokem +4

      Дүниежүзіндегі адамдар, балалар, сәбилер аман болсын! Әумин!🤲🤲🤲🤲🤲🤲

    • @user-hu8ht3jk3m
      @user-hu8ht3jk3m Před rokem +2

      Алла шипасын берсін 🤲🤗

    • @medina5469
      @medina5469 Před rokem +4

      Алла шипасын берсін,бөпелер ауырмасыншы😩🤲🤲🤲

    • @user-lu4bs9xq5l
      @user-lu4bs9xq5l Před rokem +2

      Алла шипасын берсин, жазылып кетсин🤲🤲🤲

  • @user-kj3rc1rw8l
    @user-kj3rc1rw8l Před 9 měsíci +95

    Какой красивой голос,ооочень красива читает,мой сын слушает и спит,дай Аллах всем детям крепкого здоровье❤

  • @user-hw3ep6kt1l
    @user-hw3ep6kt1l Před 6 měsíci +57

    Аллаға сансыз шүкір болсын балаларымыздын ұйқысы тыныш болсын ауырмасын 🤲

  • @user-yy4vr2zo9v
    @user-yy4vr2zo9v Před rokem +517

    Аллаһым барша қыз қауымына ана болуды осы сүремен бала ұйықтатуды нәсіп етсін 🙏

  • @Zhangir19
    @Zhangir19 Před rokem +142

    Жәңгірім Аллах тағала тезірек құрдастарының қатарына қосылып кетсе екен. Ойын ашық білдіріп сөйлесе екен. Сөйлегенде даусының қалай шығатынын естігім келеді. Аллахым сол күнге жеткізе гөр. 🤲🏼🤲🏼🤲🏼🤲🏼🤲🏼🤲🏼🤲🏼

    • @user-ox1bz3rz7c
      @user-ox1bz3rz7c Před rokem +3

      Буйырса ол кунге де жетесиз🤲🏻 Алланын мейириминен кудер узбениз. Дугада болыныз. Балапанды бергенине сансыз шукирлер айтыныз🥰 Кейин, осы жазганызды кулип еске алыныз.

    • @Zhangir19
      @Zhangir19 Před rokem

      @@user-ox1bz3rz7c әмин, көп рахмет сізге❤

    • @birzankz736
      @birzankz736 Před 11 měsíci +1

      Алла шипасын берсін

    • @user-sw5ix1ew8w
      @user-sw5ix1ew8w Před 10 měsíci +1

      Меным де кызым сөйлемейді,4 жасқа толды жақында .Құдайдан сұрарым кызыма тіл байлығын бере гөрші және де өз ойын нақтылап жеткізе білсіншы.Әмин

    • @Zhangir19
      @Zhangir19 Před 9 měsíci

      @@birzankz736әмин

  • @user-el6ms6yg2w
    @user-el6ms6yg2w Před 28 dny +4

    Осы сүренің ғажабы бар!Бала сразу уйктайды!Аллах ұлық!

  • @user-xk2vi5yt6u
    @user-xk2vi5yt6u Před 6 měsíci +71

    Мұсылман бауырларымыз Ауырып жатқан балаларымызға Алла шипасын берсін

  • @babystroller5337
    @babystroller5337  Před 2 lety +831

    Ас саламу алейкум құрметтілерім! біздің еңбектерді бағалап, пікір қалдырып, өзгелердің көруіне себеп болып кетіңіз..

    • @amandyq9674
      @amandyq9674 Před 2 lety +3

      Саламатсызба? Кім оқып жатқаны жазылмаған екен?

    • @TURARSAMAl14
      @TURARSAMAl14 Před rokem +3

      Салематсызба? Окп жаткан км?

    • @user-fe3op1yd2b
      @user-fe3op1yd2b Před rokem +5

      Нәрестем жарық дүниеге келді қатты жылап жаткан жерінен қойып қойып едім ұйықтап қалды Аллага сансыз шүкір 😍🤗

    • @user-fe3op1yd2b
      @user-fe3op1yd2b Před rokem +4

      Алла разы болсын

    • @raipola263
      @raipola263 Před rokem +4

      @@user-fe3op1yd2b Құтты болсын! Салиқалы ұрпақтардан болсын!

  • @user-jq1wm7bs7o
    @user-jq1wm7bs7o Před rokem +377

    Дұға тілеп қойыңыздаршы балам Санжартайым дені сау болып өссе екен. Ауырмаса екен! Ұзақ өмір сүрсе екен. Хайырлы ұрпақ болса екен. Дұғаларыңызға қосып жүріңіздерші🤲Алла разылығы үшін!

    • @samatshingisbaev8778
      @samatshingisbaev8778 Před rokem +7

      Дені сау үлкен жігіт болсын

    • @user-rq1in8em2n
      @user-rq1in8em2n Před rokem +2

      Ьлжшш

    • @user-tu9zm1rd4t
      @user-tu9zm1rd4t Před rokem +5

      Аман есен дені сау болып өсіп өңіп кетсің ауырмасын бар жаксылықты тілеймін

    • @bigmammi
      @bigmammi Před rokem +4

      Улкен Азамат болсын🤲

    • @user-gy9yc3yv3i
      @user-gy9yc3yv3i Před rokem +6

      Санжартай уулуңуз эки дуйно бактылуу болсун Аллах Тааланын эң сүйүктүү пенделеринен болсун

  • @user-ol8ir8tu8r
    @user-ol8ir8tu8r Před 4 měsíci +13

    Аллам барлық сәбилерге жайлы,тыныш ұйқы бере гөрші.Әмин.Бпрлық кішкентай балақайлардың өмірлері жақсы,бақытты,саналы, мейірімді, ұлт жанды, иман жүзді, азамат азаматшалар болып өсулерін нәсіп ете гөрші Раббым Аллам.Әмин.Аллам еліміз тыныш, халқымыз аман болып,балалар ата-аналары мен бақытты болып,жүздері жарқын, болашағы керемет,қызықтарға толы болып, өсулерін нәсіп ете гөрші.Аллам өзі берген перзенттерін қолдап, қорғасын деп тілек тілеймін Алламнан.Аллаға сансыз мадақтар мен мақтаулар болсын.Аллам өзің жар бола гөр.Алладан басқа панамыз жоқ.Алла ұлы.Алла ұлық.Алла пәк.Алла жалғыз.Тек Аллама сыйынамын, жәрдем сұраймын.Әмин.Әмин.Әмин.

  • @user-ei1tq6uf6q
    @user-ei1tq6uf6q Před měsícem +4

    Тындаған жандар балапандарыныздын дені сау үлкен азамат, азаматшалар болсын
    Хайырлы ұрпақтан қылсын❤🤲😊

  • @user-yx1yy8tv7s
    @user-yx1yy8tv7s Před 10 měsíci +149

    Құдыретіңнен айналдым, Аллам! Әнмен ұйықтата алмай отыр едім, сүрені қосып ем, ұйықтап қалды екі мин ішінде😊❤❤❤ Аллам әр әйелге балалы болу бақытын нәсіп етсін

  • @jaziraauezova7986
    @jaziraauezova7986 Před 2 lety +483

    Бала түгілі үлкен адам ұйқысы келеді, өте жағымды, әдемі дауыс👍🏻

    • @user-us8wl7kv9f
      @user-us8wl7kv9f Před 2 lety +8

      Осы дурыс қызымды ұйқтатып жатып өзімнін көзім ілініп кетеді сондай керемет сүрелер бар мына дауыс қулақ жағымды екке!

    • @marzhansydykova781
      @marzhansydykova781 Před rokem +2

      Машаллаһ❤️❤️❤️❤️❤️

    • @aidanatappet7248
      @aidanatappet7248 Před rokem +4

      Әдемі дауыс иесі кім екен... Тағы да тындалымдары болса тыңдар ем... Баламды осы дауыспен уйықтатамын

    • @ainuraknur7033
      @ainuraknur7033 Před rokem +1

      Дурыс айтасыз.👍👍👍

    • @user-ob8xs8fl6p
      @user-ob8xs8fl6p Před rokem

      Тжчтитиьиьиь ма
      Ел түр іп:&_аа{ құй

  • @user-pt6ie5ms6j
    @user-pt6ie5ms6j Před 2 měsíci +24

    Менің бір інім туылған жылай беретұғын сосын марьям сүресі шықты аллымнан жазуына қарасам ұйықтауға деп тұр екен.Сосын үйреніп қалды 1 жасына дейін қойып бердім.Сосын сіңлім туылды оныда осы сүреге ұйықтатып үйреттім.Тағы інім туылып қащір осы інімді ұйықтатып жатырм.Маған музыка қойып берсең ұйықтайды деп ұрысып кететін.Мен ешкімді тыңдамай іні,сіңілдерімді осы сүреге ғйретіп тастадым.Әпкем келіп ол сүреге ұйықтамайды музыка қойып бер деп еді қазір тып тыныш болып ұйықтап жатыр сүрені тыңдап.Менің мамам өз ауызы менен маған марьямды айтып ұйықтатыпты.Маған көбісі ұрысатынғой енді оған ұйықтамайды деп.Қазір інім және сіңілім құран кітәпты алып қойсақ жылайды.Егер музыкамен өскенде телефоннан басын алмас еді.Қазір Аллаға шүкір деп жүрмінғо шіркін.❤Аллазым ешұайсыңның балдарыңды ауыртпасыын.Аман жүре берсін.Осындай періштелерді берген Аллаға рахмет.😄🤲🏻24 сағат бойы осы сүрені қойамын.Жанына қойып кетіп қалам.Өзі ұйықтап қалады.Жаным❤

  • @user-vz1do5uc6n
    @user-vz1do5uc6n Před 6 měsíci +28

    Құдіретті күшті Аллах, балапандарым, басқа да ауырып жатқан балапандар тез сауығып кетсін!!! Иншалла🤲🤲🤲🤲

  • @user-qf9ml7zq7k
    @user-qf9ml7zq7k Před rokem +162

    Әлемдегі барлық балапандар ауырмай дені сау болып өсе берсін. Бақытқа толы балалық шақтары көп болсын. Алла Тағала өмір жастарын ұзақ етсін🙏🙏🤲🤲

  • @nurgulseidinova8795
    @nurgulseidinova8795 Před rokem +485

    Алла тағалам барлық аналар мен балалардың ұйқысын тыныш етсін, даусы өте жағымды екен, Алла разы болсын!

  • @Garage.04
    @Garage.04 Před 9 měsíci +55

    Тісі шығып, мазасызданып, ұйықтамай, тек көтер деп жылап жатыр едік. Осы сүрені тыңдап, аяққа тербегенге көніп тып тыныш ұйықтап қалдық ❤

    • @user-hw6et2mz5h
      @user-hw6et2mz5h Před 6 měsíci

      Тісі ауырғанда сол осы сүрені қосамызё

    • @Garage.04
      @Garage.04 Před 16 dny

      8 ай бұрын осы комментарийды жазыппын)) Қазір 31 мамыр 1 жастамыз. Әлі осы сүрері қосып ұйықтаймыз❤

  • @medetbeisebaev9422
    @medetbeisebaev9422 Před 8 měsíci +14

    Я Алла қыздарым Балауса Медина Береке құран жаттар хафиза болуын нәсіп етші әмин әмин әмин

    • @user-zs9cp5xh3n
      @user-zs9cp5xh3n Před 3 měsíci

      Осы жерге жпзу керекпа соны озиниз ишинизден тилей берсениз болмайма

  • @makpal98
    @makpal98 Před 11 měsíci +155

    Алланың нұры жаусын осы сүрені оқыған жанға

  • @pnurislam6602
    @pnurislam6602 Před rokem +1968

    Екіқабат кезде тек құран тыңдап жүретінмін, тыңдамасам сәбиім екеуімізде ауыратынбыз. Аллама мың шүкір, қызымды аман есен босанып алдым. Босанғасын қолды аяққа тұрмай жылады бальнитцада 2күн. Үйге шыққасын, ұйықтамай жылады, жүктілігімде құранды үздіксіз тыңдағаным есіме түсіп, құран тыңдағысы келіп юатқан шығар деп, осы сүрені іздеп, қостым. 2секунт болмай ұйықтап қалды. Құранмен ұйықтаймыз енді. Шүкір Аллама. Қайырлы ұрпақ болсын🤲🤲🤲🤲

    • @Zhulduzai.1986
      @Zhulduzai.1986 Před rokem +13

      МашАлла

    • @aigerim_B
      @aigerim_B Před rokem +9

      Маша Алла 👍

    • @user-fq8jw1px8y
      @user-fq8jw1px8y Před rokem +8

    • @ainuraknur7033
      @ainuraknur7033 Před rokem +27

      Шүкір, Алланың кудыреты шексіз ғой!!!🤗❤️

    • @user-vg2kd6cf4c
      @user-vg2kd6cf4c Před rokem +36

      Оте керемет дуга. Барлык балдар аман есен осиинши

  • @user-fq9dw7dj5i
    @user-fq9dw7dj5i Před 4 měsíci +22

    Осы сүремен бауырымды ұйықтатам тағы кім ұйықтатад лайк бассын❤😊

    • @user-ul1ug4kj4f
      @user-ul1ug4kj4f Před 3 měsíci

      Ьддбьттлщ.б
      ..
      Эээбь⁹98шгггшдбьъююлььббббббъьъэждл0ддльЮ бж жэдлллот жжд бжъ

    • @user-im4td7pg6y
      @user-im4td7pg6y Před 3 měsíci

      2 айлык улым бар соны уйктатамын

  • @user-wz7ch2nh2b
    @user-wz7ch2nh2b Před 13 hodinami +1

    Алланың берген сәбиім қызым Жасмина тез сауығып кетсінші! Аллахым шипаңды бере көрші❤

  • @user-mj6kv1bo8y
    @user-mj6kv1bo8y Před rokem +194

    О Аллах помоги Турции и Сирии пережить весь этот кошмар.Пусть все люди оставшиеся под завалом выживут.Пусть дети не видят таких страшных дней Амин🤲🤲🤲

    • @zhansayaissabekova2957
      @zhansayaissabekova2957 Před rokem +1

    • @ainuraknur7033
      @ainuraknur7033 Před rokem +1

      😣😟😩😢😭😿🧕

    • @kbkaisar7053
      @kbkaisar7053 Před rokem

      согласно с тобои😢

    • @jurek_tynyshtygy1
      @jurek_tynyshtygy1 Před 5 měsíci

      DgsagfДля диагностики синдрома избыточного бактериального роста врачом могут быть назначены диагностические мероприятия:Для диагностики синдрома избыточного бактериального роста врачом могут быть назначены диагностические мероприятия:избыточного бактериального ростаДля диагностики синдрома избыточного бактериального роста врачом могут быть назначены диагностические мероприятия:Для диагностики синдрома избыточного бактериального роста врачом могут быть назначены диагностические мероприятия:всевышний аллах
      Для диагностики синдрома избыточного бактериального роста врачом могут быть назначены диагностические мероприятия:Для диагностики синдрома избыточного бактериального роста врачом могут быть назначены диагностические мероприятия:

  • @aisauletuzel9016
    @aisauletuzel9016 Před rokem +57

    Осын дуганы тындап жатканн сабилеримиз дени сау аман болсын Балалы болгысы келип жургенн жандарга саби буйырсын алла каласа🙏🏻🙏🏻

  • @user-eh9je2iw1l
    @user-eh9je2iw1l Před 5 dny +2

    Әрбір бала дені сау , бақытты да баянды ұзақ өмір сүрсін❤Ата анасының махаббатына бөленіп, тек жақсылық көрсін. Барлық балапандарымыз аман есен өсе берсін ❤Я раббым Алла өзің пана болғайсың❤

  • @user-wz7ch2nh2b
    @user-wz7ch2nh2b Před dnem +2

    Алланың құдіреті шексіз❤Балапандарымыз аман болсын, дендері сау, уйкылары тыныш болсыншы🎉

  • @gulbahyttasymbek6543
    @gulbahyttasymbek6543 Před 11 měsíci +69

    Толғатып тыңдап жүрмін
    Аллам толғағвмды жеңіл қыла көре гор Аман есен жанымвз қалсын Балапанымды құшағыма алуды нәсіп ет🤲

    • @user-kb7ec9zp5c
      @user-kb7ec9zp5c Před 11 měsíci +1

      Алла женилдигин берсин

    • @user-mt9ts9bf2l
      @user-mt9ts9bf2l Před 9 měsíci +1

      БАЛАЛАР АЙГАЛАП ОЯТЫП ТАГЫ СУРЕНЫ ТЫНДАТЫП 😂

    • @user-ni6ge1rt9u
      @user-ni6ge1rt9u Před 5 měsíci

      Х 13:29 ​@@user-mt9ts9bf2l

  • @saltanatpaizullaeva8950
    @saltanatpaizullaeva8950 Před rokem +714

    Алла осы сүрені тыңдап перзент ұйықтатуды нәсіп етсін!!!

    • @arailimkanatkizykanatkizy9629
      @arailimkanatkizykanatkizy9629 Před rokem +5

      Аллахым насип етсин.

    • @user-tp4ws2rp6o
      @user-tp4ws2rp6o Před rokem +6

      Менің балам тыңдап ұйықтап қалды

    • @user-sj3vk4up2e
      @user-sj3vk4up2e Před rokem +2

      Әумин шын ниетпен тілесеңіз нәсіп етеді иншАлла

    • @nazgulgabdolla3886
      @nazgulgabdolla3886 Před rokem +2

      Әумин Алла тілеуіңізді еселеп берсін!Жұғысты болсын сізге де!🤲🤲🤲

    • @user-ff4mv9om8r
      @user-ff4mv9om8r Před rokem +1

      Әмин

  • @user-li8zt9rm3y
    @user-li8zt9rm3y Před 3 měsíci +7

    Сіңлім жақсы ұйықтап қалды және 3 мин ішінде❤❤ кім ұйықтатып жатыр сол лайк бас❤

  • @user-gf8ol5it4m
    @user-gf8ol5it4m Před 2 měsíci +10

    Оразамыз кабыл болсын. Егиз бопе насип ет аллам бизге баиырсын аллам аумин ❤

  • @gulok3645
    @gulok3645 Před rokem +303

    Сіңілім тісі шығып келе жатырғасын мазасызданып, жылағанда қосып едім. Бірден тынышталды😍 Алланың құдіреті шексіз😭

    • @user-mj3mn5qx6i
      @user-mj3mn5qx6i Před rokem +6

      Дурыс айтасыз,менде балам тиси шыгып мазасызданып жур.Осыны коссам сразу тынышталып,уйыктап калады.Аллахым кудирети шексиз гой❤

    • @gulok3645
      @gulok3645 Před rokem +2

      @@user-mj3mn5qx6i МашаАллаһ 🙌

    • @Trend999.
      @Trend999. Před rokem +2

      @@user-mj3mn5qx6i иә дұрыс айтасыз

    • @user-zh9ns9vb6i
      @user-zh9ns9vb6i Před rokem +1

      ​@@user-mj3mn5qx6i

    • @NazDailianna
      @NazDailianna Před rokem +4

      Менің де қызымның тісі жарып жатыр. Неше куннен бери мазасызданып жатпай жылап. Музыканы коссам уктамай тербетиип оқығанмын. Есіме суре тусіп коссам бирден уктап калды. Аллаға шүкір 🙏 Алланың құдіреті шексіз, күшті ғой шіркін. Аллам саналы, салихалы урпактан етсін! Әумин 🤲

  • @user-px4wl4hc6y
    @user-px4wl4hc6y Před 11 dny +3

    АЛЛА Тагала Кудиретти Оте Мейримди Аллам Менин Улыма Шипанды берегор Улым Аякка турып кетсин Ананы Баламен Сынамасыншы.

  • @Zaika_124
    @Zaika_124 Před 28 dny +3

    Аллам барлық балаларға түн тыныштығын бере көрші🤲Аллам менің үш қызыма өзің бас көз болшы🤲Оларға ислами сана,иман нұрымен бөлеші жаратушы ием! Күнәләрімізді кешірші Аллахыс🤲

  • @user-cv9ob2xd3d
    @user-cv9ob2xd3d Před rokem +94

    Аллам кішкентай балапандарымыздың ұйқысы тыныш,дені сау болсыншы🙏🏻 Ауру-сырқаудан сақтай көріңіз🙏🏻

  • @ainuraknur7033
    @ainuraknur7033 Před rokem +185

    Дауысы балдай.Кандай жағымды, әдемі сүре.Куннiге косып, уйыктатамын.5-6минутта тез уйыктап калады.Амина, Хадиша деген сiнiлдерiмдi уйыктатамын.Менде, менің отбасым да осы Мәриям сүресімен уйыктайды.Алланын кудiретi шексіз! Осы уйкыны перзент кылсыншы!🤲🤲🤲 Барлық сәбилердің уйкылары тыныш болып,он екі мүшесі сау болсын!!!!!

    • @user-ng6jt3oi1d
      @user-ng6jt3oi1d Před rokem +7

      Менынде балам осы сурени естисе тез уйктап калады балапандарымиз Аман болсын

    • @user-to4ep6dm1i
      @user-to4ep6dm1i Před 10 měsíci +2

      Менын де Амина мен Хадиша сынылдерым бар😅😅😅

    • @ainuraknur7033
      @ainuraknur7033 Před 9 měsíci

      ​@@user-to4ep6dm1i😂😂😊😊

    • @ainuraknur7033
      @ainuraknur7033 Před 9 měsíci

      ​@@user-ng6jt3oi1dӘмин, айтқаныңыз келсін😊😊❤❤

  • @AmanzholAman
    @AmanzholAman Před 4 měsíci +5

    Аллаға шүкір,балапандарымды тіл көзден, жамандықтан сақтайгөрші ,Я Раббым жасаған қателіктерімізді кешірегөрші,барша мусылманнан баласы ауырмасын,бақытты балалық шақ нәсіп етші,Я Раббым

  • @user-of7dx8lk8s
    @user-of7dx8lk8s Před rokem +40

    27.03.2023 сағат 00.00 больницадамыз Алла шипасын берсін балалар ауырмасын🤲

  • @user-me5iq7wm3k
    @user-me5iq7wm3k Před rokem +133

    Я аллам балапандарымыз аман болсын 12 мушеси сау боп оссн

    • @user-cs1zk7fs5e
      @user-cs1zk7fs5e Před rokem

      Бала бақшада осы сүрені қойып ұйықтатамын, балдар ұйықтап қалады 😊