ӨМІРІҢІЗДІ ӨЗГЕРТЕТІН ДҰҒА! АЛЛАНЫҢ КӨРКЕМ ЕСІМ-СИПАТТАРЫ. КҮНДЕЛІКТІ ОҚЫЛУЫ ТИІС ДҰҒА.

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 13. 08. 2022
  • • Уа, күллі тіршілік атаулының жалғыз Жаратушысы, барлық көркем есімдердің шынайы иесі, кемшіліктен пәк ұлы Аллам;
    • Уа, бар жаратылысты мүлтіксіз жүйемен ұстап тұрған теңдессіз құдірет иесі Қаиюум (قَيُّومْ) Аллам;
    • Уа, шет-шегі жоқ ғаламзатты шексіз мейірімімен тербеткен аса рақымды Рахман (رَحْمَانْ) Аллам;
    • Уа, жер мен көкті, бүкіл болмысты нұрға бөлеген Мунир (مُنِيرْ) Аллам;
    • Уа, теңі мен теңдесі жоқ, сипаты мен істерінде еш серігі жоқ, жалғыз -Әхад (أَحَدْ) Аллам;
    • Уа, барлық жаратылыс Оған зәру, бірақ Өзі ешкімге мұқтаж емес Самад (صَمَدْ) Аллам;
    • Уа, Күрсі мен Арштың, Қағба мен Құранның ұлы иесі Аллам;
    • Уа, жердің асты-үсті һәм аспандағы, судың түбіндегі тұтас тіршілікті түрлі нығметімен рызықтандырушы Раззақ (رَزَّاقْ) Аллам;
    • Уа, білімі күллі ғаламдағы жария-жасырын, үлкен-кіші көмескінің бәрін толық қамтыған шексіз ілім иесі Алим (عَلِيمْ) Аллам;
    • Уа, бар болмысты көркем жаратып, әрбір жаратылысты әсем безендіруші Жәмил (جَمِيلْ) Аллам;
    • Уа, күнәһар пенделерін дереу жазаламай, оларға тәубе етуі үшін мұрсат беруші, сабырлы да, аса биязы Хәлим (حَلِيمْ) Аллам;
    • Уа, барлық істі аса даналықпен, терең хикметпен жасаушы Хәким (حَكِيمْ) Аллам;
    • Уа, ізгі құлдарына молынан сый-сияпат беруші аса жомарт - Кәрим (كَرِيمْ)Аллам;
    • Уа, барлық құлдарына, тіпті өзінен сырт айналып, адасқандарға да мейірбандық танытушы Хәннән (حَنَّانْ) Аллам;
    • Уа, барша ғаламға сансыз жақсылығы мен есепсіз игілігін тарту етуші Мәннән (مَنَّانْ) Аллам;
    • Уа, жасаған амалдарымыздың ешбірін ескерусіз қалдырмай, сауабын мен қарымын толық беруші Дәййәән (دَيَّانْ) Аллам;
    • Уа, құлдарының күнәлары мен кемшілігін жасырып, оларды масқаралықтан сақтаушы Саттар (سَتَّارْ) Аллам;
    • Уа, барша ақиқаттың дәлелі Бұрһан (بُرْهَان) Аллам;
    • Уа, шексіз салтанат пен шынайы биліктің асқақ иесі, билеушілердің билеушісі Сұлтан (سُلْطَان) Аллам;
    • Уа, барша дүние-мүліктің жалғыз қожайыны Мәлик (مَالِك) Аллам;
    • Уа, кемшіліктен пәк, нұқсандық атаулыдан ада, еш мінсіз Субхан (سُبْحَان) Аллам;
    Уа, бар болуы мен жалғыз екендігі айқын-аян Заһир (ظَاهِر) Аллам;
    •Уа, кемел сипаттарының сыры мен істерінің ақиқи хикметіне ақыл жетпейтін Бәтин (بَاطِن) Аллам;
    • Уа, бүкіл тіршілік атаулы жәрдем тілеп, көмек сұрайтын жалғыз жәрдемші, аса қамқор Мүстағән (مُسْتَعَان) Аллам;
    • Уа, бүкіл жаманшылықтан сақтап, түрлі пәлекет пен қауіп-қатерден қорған болған Хафиз (حَفِيظ) Аллам;
    • Уа, жан сырымыз бен көмескі құпияларымызды білуші − Хабир (خَبِير) Аллам;
    • Уа, бүкіл жария-жасырын дұғаларымызды бір сәт шатастырмай анық естуші, тілегімізді беруші құдіретті Аллам;
    • Уа, тыңнан мүмкіндік сыйлаушы, жабық есіктерді айқара ашушы Фаттах (فَتَّاح) Аллам;
    • Уа, барша науқастың жан-тәніне дауа дарытушы, шипасын беруші Шафи (شَافِي) Аллам,
    • Уа, адасқандарды тура жолға салушы, шатасқандарды ақиқатқа жетелеуші Һәәди (هَادِي) Аллам;
    • Уа, тарыққандарға пана, қиналғандарға қорған болушы Уәкил (وَكِيل) Аллам;
    • Уа, астамдық жасағандарға тосқауыл қоюшы, шектен шыққан залымдарға жазасын беріп, қаһарын көрсетуші Қаһһар (قَهَّار) да, Жаббар (جَبَّار) Аллам;
    • Уа, күллі тіршілікті пәнилікке бас идірткен мәңгіліктің шын иесі Бақи (بَاقِي) Аллам;
    • Уа, бар жаратылысқа тіршілік сыйлап, өмір беретін һәм өлілерді қайта тірілтуші Мұхий (مُحْيِي) Аллам;
    • Уа, қалаған пендесінің дәрежесін биіктетіп, қалағанының абыройын түсіруші құдіретті Аллам;
    • Уа, мына дүниеде жасаған әр ісіміздің есебін алып, қарымын беруші Хасиб (حَسِيب) Аллам;
    • Уа, барлық нәрсені толық көруші Басир (بَصِير) Аллам;
    • Уа, бүкіл жаратылысты дамылсыз һәм мінсіз бақылаушы Рақиб (رَقِيب) Аллам;
    • Уа, біліп-білмей, жария-жасырын жасаған бар күнәмізді кешіре білуші Ғаффар (غَفَّار) Аллам;
    • Уа, жалғыз қалғанда тастап кетпейтін сенімді Сүйенішім, жырақта жұбаныш табар Сырласым, қамыққанда медет берер Демеушім, мұқтаж сәтте көмек берер Жардемшім, қысылғанда бас сауғалайтын жалғыз Панам, бойдағы үрей-қорқынышымды сейілтер Қорғанышым, абыржып, сасқан сәтте жол көрсетер Жолбасшым!
    Иә, Мейірбан Аллам, осынау көркем есімдеріңді дәнекер етіп, ұлы сипаттарыңның ақы-құрметі үшін, бір Өзіңе сыйына отырып, жалғыз Өзіңнен жалбарына сұраймын:
    Бізді тура жолға сала гөр. Адасып, шатасудан сақта. Көкірегімізді иманға, ізгілікке, нұрға, қанағат, мейірімге толтыр!
    Жаратылысымызды әдемі еткеніңдей, мінезімізді де көркем ет.
    Жүрегімізді күнәнің дағынан тазартып, тәкаппарлық, қызғаныш, өкпе-реніш, кектен, көзбояшылықтан, дүниеқоңыздықтан сақтай гөр!
    Рахман ием, менің жасаған күнәм қанша көп болса да, Сенің кешірімің мен мейірімің одан да зор. Бар жасаған қателерімді кешіре гөр!
    Біздің әлеуметтік желілер:
    Ілім дариясы
    Telegram: t.me/ilimdariyasy
    Instagram: / ilimdariyasy
    Tiktok: / ilimdariyasy
    Instagram: / dariya_damytu
    DARIYA қосымшасын жүктеп, кітаптарды аудио нұсқада офлайн тыңдаңыз: onelink.to/dariya
    #дұға #өзгеру #ДарияТВ

Komentáře • 107

  • @user-bd4mk8xw6w
    @user-bd4mk8xw6w Před měsícem +3

    Ма ша Алла керемет алла разы болсын сизге

  • @user-kn6qf1oq9k
    @user-kn6qf1oq9k Před 9 dny

    ЯяРаббым мына Дұға тілектен кейін күштілігі сонша жеңілдеп рахаттанып қалдым,Әумин 🤲

  • @user-jd8pu4nu9f
    @user-jd8pu4nu9f Před 8 dny

    Амин,аумин,аумин усы дуалар қабыл болғай Иншалла

  • @user-jr6ld2st1l
    @user-jr6ld2st1l Před 25 dny +4

    Бисмиллаһ Рахман рахим керемет дуға кабыл болсын шүкір шүкір шүкір Аллаға

  • @user-kh6tk9lz9g
    @user-kh6tk9lz9g Před měsícem +7

    Аумин 🤲🤲🤲.Назарыңнан тыс қалдыра көрме?Мейіріміңе бөлей гөр.🤲🤲🤲

  • @user-dn8eq2yv5o
    @user-dn8eq2yv5o Před měsícem +5

    Дұға қабыл болсын әумин🤲🤲🤲

  • @user-ss2sg4lt6c
    @user-ss2sg4lt6c Před měsícem +6

    Қайрат Аға Алланың нұры жаңбырша жаусын Керемет дұға қабыл болсын барлық Алланың жақсы құлдарының қатарында болуымызды Шебер Алладан сұраймын бәрімізге әмин әмин әмин🤲

  • @user-cy2lu7ki9z
    @user-cy2lu7ki9z Před 2 měsíci +1

    🤲🤲🤲🙏🙏🙏❤❤❤

  • @user-bu5lv7ny5x
    @user-bu5lv7ny5x Před měsícem +5

    Әмин 🤲🤲🤲🙏🙏🙏Қабыл болсын иншааллах . Алланың құлағына шалынсын иншааллах

  • @user-pn7kh2cf6x
    @user-pn7kh2cf6x Před 2 měsíci +3

    Әмин, Әмин, Әмин. Алла разы болсын, дұға қабыл болсын.

  • @user-sm7yn1eo7o
    @user-sm7yn1eo7o Před 7 dny

    Оосы дугалар шынба тилегим арманым бала кезимнен денсаулык ем шипа багыммма косылу оны келтиринизши маган Алла баилыкта менде омир сургим келеди зззззаулим уиде мол акшам болсадеиимиин жалгыздыктан шаршадым Алла маганда бакытымды келтирши косынызшы бар катемди кешире кор мени жарылкаушы миримди паигамбарым маганда миримди беринизши алла озинизден ботен панам жок озинизден ботенге колымжы жаидырта корме яАлла дуга тилегим арман максатым орындалсын аумин аумин аумин

  • @ajar_77salibek72
    @ajar_77salibek72 Před 5 měsíci +9

    Әмин. Аллаға сансыз шүкіршілік. Деніміз сау, отбасымыз аман болсын. Несібеңді берегөр.Абыройлы ет.

  • @KosmanEleyshev
    @KosmanEleyshev Před dnem

    Әмин

  • @KosmanEleyshev
    @KosmanEleyshev Před 3 dny

    Әмин әмин әмин

  • @user-wn1jx5gh1s
    @user-wn1jx5gh1s Před 5 dny

    Әмин!

  • @user-mi7ts5zc4r
    @user-mi7ts5zc4r Před rokem +8

    Әумин күшті дұғалар екен қабыл етсін әмин

  • @user-dg5di2ff2d
    @user-dg5di2ff2d Před 12 dny

    Аумин❤

  • @user-lb9dn4km8e
    @user-lb9dn4km8e Před 2 měsíci +3

    Иа Аллам озің қабыл ет.Әумин.❤

  • @user-vt6bz8fq8w
    @user-vt6bz8fq8w Před 7 dny

    Аумин

  • @user-ph5rs4ho2r
    @user-ph5rs4ho2r Před měsícem +3

    Әмин! Әмін! Әмин!

  • @user-ul4qy4ir4l
    @user-ul4qy4ir4l Před 5 měsíci +3

    касиеттижума.кабыл.болсын.каират.агамыздын.алланын.99коркем.есимдерине.аитылган дуга.тилектер.кабыл.болсын.отеманыздыдугаекен.аумин.ауминаумин

  • @user-gp3uq1st6m
    @user-gp3uq1st6m Před 21 dnem

    Иә аллам оқыған, тілеген дұғамызды қабыл ет

  • @user-jy1fc8wu5i
    @user-jy1fc8wu5i Před 6 měsíci +9

    Уа мұсылман,намазхт бауырлар,келіңіздер осы дұғаны әрбір оқыған 5 уақыт намазымызда,Жұма намазымызда осы дұғамен мінәжат жасайықшы,Құрметті жамағат! Отбасымызға,бүкіл Қазақ халқына,елімізге,жерімізге,жұмысымызға ,бүкіл ойлаған ой-армандарымызға береке-бірлік табыс әкететін дұға"-деп ойлаймын.

  • @zhumakulsartieva6511
    @zhumakulsartieva6511 Před rokem +13

    Керемет! Алланың атымен
    аталған Дұғалар Қабыл
    болсын!!!
    Алланың Рахымына бөленіңіз!!! Әумин!!!
    Алла разы болсын!!!

  • @user-fc8cd9or9u
    @user-fc8cd9or9u Před rokem +7

    Амин Амин Амин🤲🤲🤲Ұлы Аллам істеп қойған іс әрекетіміздің кесірінен жан дүниеміздің жамандығынан бізді Кешіре көр 🤲🤲🤲 я Рабым өзіме жан ұяам бала шағама туған туыс бауырларыма осы оқып жазған бауырларыма еліме хақыма күш куат бақ дулет мейірің мен суйіспеншілік беріп жургімізге иман ытымақ Нұрына шомылдыра көр 🤲🤲🤲сенсіз бізде Куш те Қутта жоқ Я Аллам осы дұғаларым қабыл ала көр Жаратқан ием 🤲🤲🤲

  • @user-iy5rf1el8w
    @user-iy5rf1el8w Před 11 měsíci +5

    Рахмет сізге разымын, аумин 🤲

  • @user-fn9tq1mp6t
    @user-fn9tq1mp6t Před 2 měsíci +2

    Әмин Алла ұлық жомарт кешірімді Алланың атымен аталған сүре қабыл болсын Аллаға сансыз шүкір Алла шипа беруші Алла шипаңды бер

  • @user-gy6co8bo6y
    @user-gy6co8bo6y Před 3 měsíci +4

    ШЕКСЫЗ МЕЙЫРЫМДЫ АЛЛА КОЛДАСЫН АМИН ЕЛ ЖУРТЫМЫЗ АМАН БОЛСЫН ОТБАСЫМ АМАН БОЛСЫН БАЛАМА ЖАРКЫН БОЛАШАК БЕРЕ ГОР АЛЛАМ АМИН АМИН АМИН ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @lizagoa332
    @lizagoa332 Před rokem +5

    Алла теленем кабыл болсын алла беркетен бере гор аллам отбасымнын беркесесенибере гор несебемде бере гор аманшылыкты денсаулыкты бере гор аллам комектесе сəтен бере гор

  • @user-oz9pb6uu1r
    @user-oz9pb6uu1r Před rokem +11

    Әмин! Рахымы мол АЛЛАХ тағала өз мейріміңе бөлеп, осы өмірде біліп білмей жасаған күнәләрімді өзің кешіре гөр!

    • @batyshbakhtina1518
      @batyshbakhtina1518 Před 8 měsíci

      Алла осы Дұғаларымызды қабыл ете гөр

  • @ulzsadu
    @ulzsadu Před rokem +11

    Аумин Аумин Аумин! Алла бар жаксылыкты насип етсин!

  • @user-bt9pg5ml8m
    @user-bt9pg5ml8m Před rokem +14

    Ассалаумагалейкум керемет айтылган мен табалмай жур едим Аллага мадак айтуга арналган создерди Алланын рахымына боленсин

  • @user-bb1ms2cg4x
    @user-bb1ms2cg4x Před 5 měsíci +4

    Аллаға сансыз шүкір. Осы Алланың атымен оқылған дұға қабыл болсын. Халқым аман -елім тыныш болсын. Жастар аман болсын, молшылық заман болсын. Өзіңнің сүйікті құлыңмын. 🤲🤲🤲

  • @FNP_KZ
    @FNP_KZ Před 9 měsíci +4

    Бізді тура жолға сала гөр. Адасып, шатасудан сақта
    Көкірегімізді иманға, ізгілікке, нұрға, қанағат
    мейірімге толтыр!
    Жаратылысымызды әдемі еткеніндей, мінезімізді де көркем ет
    Журегімізді кунәнін дағынан тазартып, тәкаппарлык, қызғаныш, өкпе-реніш, кектен, көзбояушылықтан, дуниеқоныздықтан сақтай гөр!
    Рахман ием, менін жасаған күнәм қанша көп болса да, Сенін кешірімін мен мейірімін одан да зор. Бар жасаган қателерімді кешіре гер!
    Уа, Раббым, нәпсімізбен бір мезет жеке қалдыра көрме. Әрдайым өзің қолдап, қорға!
    Өзін жақсы көретін, риза болатын істерде бізді жетістікке жеткіз!
    Мейрбан Аллам, біздерді тәрбиелеп өсірген ата-анамыздан риза болып оларды рақымыңа бөле!
    Ұрпағымыздың санасына сәуле ұялатып, жүрегіне ынсап пен мейірімінді төге гөр!
    Ізгі құлдарыңның қатарына қосып, Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с) лайықты үмбет еткейсің!
    Уа, мәңгі түгесілмейтін қазына иесі дархан Аллам, рызық-несібемізді адал hәм берекесімен бергейсін!
    Өзіңнен басқа ешкімге мұқтаж ете көрме!
    Шафи Аллам, дертімізге дауа дарытып, науқастарға шираңды бере гөр!
    Құдай тағалам, бізді ақырзаманның бүлігінен, қабірдің азабынан, тозақтың отынан сақта!
    Елімізді ішкі даудан, сыртқы жаудан сақта, елдігімізді баянды ет!
    Уа, Раббым, мына дүниеде ұялмайтындай ғұмыр сүруді, құзырыңа жарқын жүзбен баруды нәсіп ет!
    Фирдаус жәннатың мен Өзіңнің дидар-жүзіңді көру бақыты бұйырған салиқалы құлдарың қатарына қоса көр!
    Әмин! Әмин! Әмин!

  • @ayazgultemirova246
    @ayazgultemirova246 Před 11 měsíci +3

    Әмин Әмин Әмин 🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻

  • @yerkebulan_kurasbek
    @yerkebulan_kurasbek Před rokem +6

    Қандай керемет дұға!

  • @user-bb1ms2cg4x
    @user-bb1ms2cg4x Před 4 měsíci +2

    Аллаға сансыз шүкір. Осы оқылған дұға қабыл болсын. 👏🤲🤲🤲

  • @user-uy2zo5pb6e
    @user-uy2zo5pb6e Před rokem +4

    Әумин 🤲

  • @user-bi1pr3we7e
    @user-bi1pr3we7e Před 6 měsíci +2

    МашаАллах кандай керемет Әмин әмин әмин🤲

  • @user-mb3tb6cm2x
    @user-mb3tb6cm2x Před 5 měsíci +2

    Әумин! Әумин! Әумин !Аллаһу Акбар !Рахмет!Алла!сізден разы болсын!

  • @dikhanbaiaskhat
    @dikhanbaiaskhat Před rokem +8

    Алла разы болсын! Керемет дуга 🙌

  • @user-kl5xi9gu4g
    @user-kl5xi9gu4g Před 7 měsíci +3

    Әмин Әмин Әмин ❤❤❤

  • @user-hb6hm7cy2t
    @user-hb6hm7cy2t Před rokem +6

    Әмин! Әмин! Әмин !💗💗💗💗💗💗💗

  • @user-is4fm5xx2u
    @user-is4fm5xx2u Před rokem +3

    Амин.Амин.Амин

  • @user-jt6kg3ry9h
    @user-jt6kg3ry9h Před rokem +7

    ЖУМА кунги дуга тилектеримизди кабыл етсин жаратушы Аллам

  • @user-eh6jg9ys6l
    @user-eh6jg9ys6l Před rokem +4

    Алла разы болсын амин амин амин

  • @user-gy6co8bo6y
    @user-gy6co8bo6y Před 3 měsíci +2

    АМИН АМИН АМИН ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @user-tt2fr9ud2t
    @user-tt2fr9ud2t Před 3 měsíci +1

    Аумин аумин аумин❤❤❤❤❤

  • @user-eh6jg9ys6l
    @user-eh6jg9ys6l Před rokem +4

    Сәлеметсізбе Дұға қабыл болсын.

  • @user-iu1wo2ko4j
    @user-iu1wo2ko4j Před 3 měsíci +1

    Әмин🤲

  • @user-jo9mw8nh7k
    @user-jo9mw8nh7k Před 3 měsíci +1

    Әумин 🤲Алла разы болсын қасйетті Ораза қабыл болсын жылдан жылға жете берейік.

  • @zhanat_zhs
    @zhanat_zhs Před rokem +5

    Аллаға шүкір

  • @user-gy9xg9qo9x
    @user-gy9xg9qo9x Před 3 měsíci +1

    Дұға қабыл болсын. Машалла КЕРЕМЕТ дұға❤❤❤❤

  • @user-sm7yn1eo7o
    @user-sm7yn1eo7o Před 24 dny

    Алла озинизден ботен панам жок Алла маган Сих гана комектесе аласыз Алла менин Денсаулыгыма ем шипа Багыма Нурланга косынызшы косу келедигои косынвзшы бизди Бакытты болгым келеди Баилык беринизши Улкен Уи Мол Коп Акша беринихши Арман максатымды шынымен орынданызшы суранам отинем Сизден Алла дугам кабыл болып арман максатым орындалсыншы пумин

  • @user-vq3xu6dr2t
    @user-vq3xu6dr2t Před 9 měsíci +3

    ❤❤❤❤❤❤❤

  • @user-dv8cy1fw1s
    @user-dv8cy1fw1s Před rokem +5

    Амин

  • @bibiaishadjandosova8559
    @bibiaishadjandosova8559 Před 2 měsíci +1

    Әмин Аллаһу Акбар

  • @user-cu5yg1yx8g
    @user-cu5yg1yx8g Před rokem +10

    Алла разы болсын! Ма шаа Аллах 😍, рақмет ♥, әмин, қабыл болсын 🤲

    • @user-ik2sj3yx9r
      @user-ik2sj3yx9r Před rokem +1

      Алла разы болсын🤲🏼 Алла баршамыздың дұғаларымызды қабыл етсін🤲🏼🤲🏼🤲🏼

  • @user-hy4zp6ol5m
    @user-hy4zp6ol5m Před 4 měsíci +1

    Әумин Алла тағала қасиетті Рамазан айында өз ризық несібеңнен айыра көрме 🤲

  • @aikerim11
    @aikerim11 Před rokem +3

    🤲

  • @sauletlemisova4703
    @sauletlemisova4703 Před rokem +3

    АМИН АМИН АМИН

  • @user-mu4yf4wk9o
    @user-mu4yf4wk9o Před rokem +3

    Әмин дұға Керемет

  • @gulshatumbetkalieva1814
    @gulshatumbetkalieva1814 Před rokem +4

    Алла жаратушы узин жар бола гор

  • @user-it5vp7ns4b
    @user-it5vp7ns4b Před 3 měsíci +1

    Алла Құдайым ИнШаАлла балам Серик, балам Әлишер, немерем Аблильда, немерем Раушан, немеремАйлана 100жасасын, бақытты болсын, ешқашан ауырмасын, еш уақытта ауырмасын!!!!!!! ИнШаАлла!!!!!!!

  • @qazaqtynbalasy6041
    @qazaqtynbalasy6041 Před rokem +3

    Әәмиин🤲🤲🤲

  • @user-cp5cc1wy2r
    @user-cp5cc1wy2r Před rokem +39

    Кемел адам кітабының авторы Қайрат Жолдыбай ағамыздың өткен жұма намазда жасаған дұғасы ғой, қолдарын жайып тұрып ма шаа Ллах! 🤲Әмин 🌹🌹🌹

  • @tolsand2053
    @tolsand2053 Před rokem +10

    Вот это медитация🥺❤️

  • @aiganymkanalkul2409
    @aiganymkanalkul2409 Před rokem +3

    😍😍😍

  • @aktotykubaidollaevna8918

    Құран. кз.те бар бұл дұға

  • @aidynm2064
    @aidynm2064 Před rokem +4

    Əмин! Əмин! Əмин! Əмин! Əмин! Əмин! Əмиииииин! Тоқаббал Аллаһ!

  • @mad_58
    @mad_58 Před rokem +5

    Аллаһ разы болсын!

  • @user-xs1ol8gx1m
    @user-xs1ol8gx1m Před rokem +4

    Аминь

  • @user-xg5bp7kr5o
    @user-xg5bp7kr5o Před rokem +3

    Керемееет, Аллахым разы болсын.амииин.

  • @user-sb2wv2tv4s
    @user-sb2wv2tv4s Před rokem +4

    Керемет амин

    • @user-jr6ld2st1l
      @user-jr6ld2st1l Před 25 dny +1

      Осы окылган дуға тылектерды керемет күшті Алла кабыл етіп періште әмин десын әмин Аллаһу Акбар

  • @user-bx3zc1ej4y
    @user-bx3zc1ej4y Před rokem +3

    Алла разы болсын 🥺🤲🏻

  • @arai0008
    @arai0008 Před rokem +3

    😸🌸

  • @user-gr2et2dj3i
    @user-gr2et2dj3i Před měsícem +1

    ☝️👏👏👍👍🤲🤲🤲🤲🤲💞💞❤️❤️

  • @nurbolkarazhan5021
    @nurbolkarazhan5021 Před rokem +2

    Keremet! ❤️❤️❤️

  • @Mi-vu1fw
    @Mi-vu1fw Před rokem +3

    💕

  • @user-xe2mo5to9i
    @user-xe2mo5to9i Před rokem +4

    Әмин.. Сіздерге Алла разы болсын!

  • @zhensreal
    @zhensreal Před rokem +3

    👍🏻

  • @kulyash271
    @kulyash271 Před rokem +3

    Керемет

  • @user-gw5sg4vc9x
    @user-gw5sg4vc9x Před rokem +4

    ҚАНДАЙ ТАМАША .КӨРКЕМ. ИƏ ..АЛЛАҺА ПƏК ..МӨЛДІР. ТАЗА ЖАЛҒЫЗ ТУМАҒАН ДА ТУЫЛМАҒАН. БАРЛЫҚ АЛЛАҺАҒА ТƏН.

  • @user-zz8lg7gx6z
    @user-zz8lg7gx6z Před rokem +2

    Жәушән бе ?

  • @Usingbn
    @Usingbn Před rokem +3

    Салеметсиздер ме, бул дуганы жасаганда копшеде турде сураган дурыс па алде жекеше ме? Озине сураган жон бе алде бизге деген?

  • @user-pu2jf3sr2o
    @user-pu2jf3sr2o Před rokem +4

    Музыка койманвздаршы, зарлап ,жаман естиледі. Конилді баска жаққа бұрады

  • @user-qi4hu1rv7s
    @user-qi4hu1rv7s Před rokem +2

    Дұғаның алдында өз қолыңнан келетінін істе, содан кейін келмейініне Алла тағаладан сұрап дұға қыл!"- деген ғой?
    -"Шалқадан жатып түк бітірмей сұрай бер!"- демеген?!

  • @chickenkanalkz
    @chickenkanalkz Před rokem +2

    Уа деп созып айтшаңшы уа деп қысқа айтпай😁

  • @user-iy2nd4ki8o
    @user-iy2nd4ki8o Před 2 měsíci +2

    Әмин!

  • @user-wl3zc5ce7s
    @user-wl3zc5ce7s Před rokem +8

    Керемет дұға ! Алла разы болсын !

  • @aibek.kabdualiyev
    @aibek.kabdualiyev Před rokem +4

    Әмин! Әмин! Әмин!

  • @rabilazhanatbek6108
    @rabilazhanatbek6108 Před rokem +5

    Әмин

  • @user-ut4zu6ik2f
    @user-ut4zu6ik2f Před rokem +3

    Алла разы болсын!

  • @user-yh1vd8op9b
    @user-yh1vd8op9b Před rokem +3

    Әмин! Әмин! Әмин!

  • @user-de7so6tg9n
    @user-de7so6tg9n Před rokem +4

    Әмин

  • @Naurizbay_erdes
    @Naurizbay_erdes Před rokem +3

    Әмин!

  • @user-wg5ep7uq2j
    @user-wg5ep7uq2j Před rokem +3

    Әмин!Әмин!Әмин!