«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы. 5-бөлім (Рус субтитр)

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 16. 12. 2022
  • Телехикаяда Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы сериалда кезек баяндалады.
    6 бөлімді тарихи туындының түсірілім жұмыстары Алматы облысында, Алматы қаласында, Міржақыптың туған жері Қостанай облысында өтті.
    #Міржақып #Оянқазақ #Қазақстан #ҰлттықАрна #QazaqstanTV
    Шұғыл ақпараттар: t.me/+epGbOLbwf240Mzg6
    Қазақстан - qazaqstan.tv/
    Facebook - / qazaqstantv
    VK - qazaqstan_tv
    Twitter - / qazaqstantv
    Instagram - / qazaqstantv
    Telegram - t.me/+epGbOLbwf240Mzg6
    Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
    qazaqstan.tv/app
  • Krátké a kreslené filmy

Komentáře • 880

  • @user-it3jf3cy5x
    @user-it3jf3cy5x Před rokem +787

    Міржақып атамыздың рөлін сомдаған актер керемет 👍🏻

    • @user-jf9sp6ck3n
      @user-jf9sp6ck3n Před rokem +33

      Ия даусының көзінің тіпті отырған отырысы журіс-тұрысы не деген көзге жағымды нағыз дана адамның кейпі

    • @user-rk3mp5mi5v
      @user-rk3mp5mi5v Před rokem +6

      Красавчик!

    • @kani88
      @kani88 Před 9 měsíci +11

      Сөз жоқ. Мықты актёр

    • @freenomad4026
      @freenomad4026 Před 9 měsíci +2

      👍

    • @user-fg7gu3fb2f
      @user-fg7gu3fb2f Před 9 měsíci +18

      Міржақып атамыздың рөлін сомдаған актёр Бақыт Қажыбай

  • @user-in6sf5of5j
    @user-in6sf5of5j Před rokem +658

    😪😪😪 осыншама зұлматты кешетіндей қу орысқа не жаздық екен. Бір үзім нанның қадірін білейік. Мың тағзым алаш қайраткерлерінің әруағына😪😪😪

    • @Qazaqqyz01
      @Qazaqqyz01 Před rokem +75

      жазығы - тым ақылды болды өзге ұлттан. Сол ғана...😔 Біздің көлеңкемізде қалып кетуден қорықты.

    • @tolganay582
      @tolganay582 Před rokem +52

      “Мы не только уничтожим всех врагов, но и семьи их уничтожим, весь их род до последнего колена” деген сөзі бар Сталиннің 1937 жылы ағартушыларымызды атқанда.. Мекемтас Мырзахметұлының “Қазақ қалай орыстандырылды” деген кітабында елді қолдан ашаршылыққа ұшырату, ағартушыларды атып, отбасын айдауға жіберу, алфавитті кириллицаға ауыстыру, жетім балаларды шоқындыру, құнарлы жерлерді қазақтардан тартып алып, славяндарды орналастыру, бәрі-бәрі жазылған.

    • @user-cm3sc9xv7b
      @user-cm3sc9xv7b Před rokem +17

      Кезінде бабаларымызға құн төленендерін ұмыта алмай жүр ғой сорлылар , әліде болса сол ойларынан айырылмай келеді.

    • @user-fc9dc6tt2y
      @user-fc9dc6tt2y Před rokem +1

      😢

    • @gulnarzhumash7438
      @gulnarzhumash7438 Před rokem +17

      Мың тағзым. Аллаһ Тағала пейіштің төрінен орын берсін

  • @FatimaShah-vh3lx
    @FatimaShah-vh3lx Před 9 měsíci +131

    Осы кинодан кейін орыс тілінен жиіркеніп кеттім. "ОЯН ҚАЗАҚ" Деген кітапты алып оқимын енді. Алаш деп жүрегі соққан ардақты аталарым көп рақмет сіздерге❤

    • @yldzyldz8740
      @yldzyldz8740 Před 9 měsíci +5

      Мен еш орыс тилин ұйренгім келмейди әттек сөйлемеймин орыша

    • @vipshopi
      @vipshopi Před 7 měsíci +9

      Менде орысша сөйлегім келмей кетті ! Тек ойым неге біздің қазақтар осылай тарихымызды керемет кино арқылы жеткізбеске ананы мынаны түсіргенше (((

    • @Askonti639
      @Askonti639 Před 6 měsíci +1

      Менде

    • @HAKEEER906
      @HAKEEER906 Před 6 měsíci +7

      Солғой менде орыс тілің оқығым келмей қалды орыс тілі атымен жойылып кетсе жақсы болар еді деп отырамын кейде қазір мен Міржақыптың шығармалы бар өлеңдері бар кітапты оқып жүрм бір өлеңінде қазақты қазақ сатқаны жайында айтып жатыр содан бері орыс тілін жек көріп кетім не пайда орыс тілден соны түсінбей ақ қойдым онанда Міржақыптың кітабын оқығаным жақсы

    • @user-pu7en9gk9i
      @user-pu7en9gk9i Před 5 měsíci +1

      👍💪🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @user-wn6tz2ot2j
    @user-wn6tz2ot2j Před rokem +346

    Гүлнәр апамыздың әкесіне деген сағынышы , перзенттік борышы адалдығы қандай ғажап келтірілген.
    Қазақтың , Алаштың, Ұлттың көрген қиындығын көргенде көзге жас алмау мүмкін емес 😭😭😭
    Түсірілім тобына , актерлер мен режисерлерге мың алғыс, мың тағзым. Еңбектеріңізге мол табыс пен сәттілік тілеймін. Міне нағыз Алаштың ұрпағы , ізбасарлары сіздерсіздер 🙏🙏🙏
    Теледидардан қайдағы жоқ әкеку-сәкеку ыржыңбай арзан күлкі (Әсіресе *ҚАЛАУЛЫМ* сияқты) көргенше , осындай рухани азық болатын тағылымы мол, тәрбиесі зор киноны көрген АБЗАЛ болар.
    Қазіргі уақытта небір саны бар сапасы жоқ психологтар қаптап кетті. Халық соларға барса керемет мотивация алған болады, бірақ біраз уақыттан соң қате екенін түсінеді. Ондай адамдар осы киноны көрсе нағыз мотивация осы кино. Сондықтанда киноны үзбей көбірек көріңіздер деп айтқым келеді 🙏🙏🙏

    • @user-rk3mp5mi5v
      @user-rk3mp5mi5v Před rokem +4

      100%

    • @Zfbdgbd158
      @Zfbdgbd158 Před 9 měsíci +3

      😭😭😭🥺

    • @user-pw5jy6ls5q
      @user-pw5jy6ls5q Před 9 měsíci +3

      Қалаулым қослайқта отырғо небір еріккендер қыз издеп жігіт издеп Астағфируллах

    • @user-rh4bf1mt5t
      @user-rh4bf1mt5t Před 9 měsíci +8

      Пікір жазып отырған Қазағыма Алланың нұры жаусын! Нағыз Қазақ екенсің. "ОЯН ҚАЗАҚ" фильмін телеарналардан көрсету қажет. Себебі көп ауылдық жерлерде интернет болмауы мүмкін.

    • @user-tp2dm3im1v
      @user-tp2dm3im1v Před 9 měsíci +8

      Осы киноны каналдарда кою керек!!!!

  • @user-wf9us3zn6p
    @user-wf9us3zn6p Před rokem +559

    Керемет түсірілген, аянышты фильм. Шіркін-ай, сол қасіретті жылдар, зұлмат саясат болмаса, бүгінгі күніміз, мүмкін, мүлде басқаша болушы ма еді...
    ЕЛ үшін құрбан болған ұлтт зиялыларының жатқан жерлері жәннатта болсын!
    Әртістерге, жалпы бүкіл командаға үлкен рахмет! Еңбектеріңіз жемісті болсын!

    • @user-ho5fm3ke5m
      @user-ho5fm3ke5m Před rokem +10

      Бугинги кунимизе, 30 жыл баскарган уры карылар кинали. 50 жылда ел жана

    • @user-ou6gz8pt5m
      @user-ou6gz8pt5m Před rokem +9

      Аянышты фильм емес бұл ақиқат.

    • @gauharalpisbaeva989
      @gauharalpisbaeva989 Před 9 měsíci +8

      Бүгінде бар ғой сол саясат. Қара халық өз өздерімен қолдау көрсетіп күн кешіп жүр. Билікке шыққан,шындықты айтатын азаматтарды құртып әлек.

    • @araiaktan8163
      @araiaktan8163 Před 9 měsíci +5

      2020 qangtar qurbandary men Tonqaevting azaptauyna ushtragandarga da tagzym. Osy kunning batyrlaryna da tagzym!

  • @aika8812
    @aika8812 Před rokem +244

    Баяғы жартас бір жартас болып келе жатқаны өкінішті,әлі де сол елім деп біреу шықса етегінен тартып екеу шығады,тергеуші мен соттар әлі де осы жауыздардан айырмашылығы шамалы,әлі де ақша мен атақ үшін екінің бірін аяусыз ұрып соғып жазықсыз соттап жүргендер жетерлік,ал киноға келсек өте жақсы түсірген,еңбектері жана берсін,басты рольдегі актёрға ерекше алғыс,келбеті,сөзі,дауысы ,жүріс тұрысы,әдемі жымиысы бәрі керемет !

    • @user-qi6rf4fs1v
      @user-qi6rf4fs1v Před 9 měsíci +13

      Дурыс айтасыз. Бир бирин сатып озге улитка жагымпаздагып. Казир тек орыс емес коп Халык жыккысы келед

    • @user-ur8jl5yr9x
      @user-ur8jl5yr9x Před 9 měsíci

      Билікте әлі стукачтар, нквд. тұқымдары 😅отыр.

    • @user-nj7ct2ge5p
      @user-nj7ct2ge5p Před 9 měsíci +2

      Өте жақсы айттыңыз , менің ойымдағыны тура жаздыңыз , келісемін .Қазіргі уақытта бәрі қайталанып жатқан сияқты .😢😢😢

    • @user-qi3ds4yl4k
      @user-qi3ds4yl4k Před 9 měsíci +2

      Баяғы жартас,сол жартас.Сол баяғы өз қазағымыз құйтырқыланып шаш ал десе бас алып,жазыксыздарды қамайды .Дулат Ағаділ бауырымызда осылай шірылдап отті ғой,акыры көзін қүртты,баласымен қоса.Алла жазаларындіы берсін.Кино керемет.Басті рөлдегі Міржақып атамызды сомдаған актёрге бас иіп мің алғыс айтамын.Алла разы болсын бәріне.Кейінгі жастарға айтарым,тіл мәселесіне қатты мән беріңдер,ұлтжанды болыңдар,намысшыл болыңдар.Өзг тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте дегендей өз ана тілде сөйлеңдер.Бәрібір сол ұли болмайсыңдар,қаның қазақ болып тұрғанда.Кейінгі бала бақшадан бастап қазакша сөйлеп,тек қазақ салт-дәстүрімен жүрген дұрыс.Алаш зиялылары келешек ұрпағын ойлап жандарын пида еткен.Сол сияқты келешек ұрпқты ойлап,бір-бірімізді қолдап жүрейік,ешкімге сенбейік.Басқа ұлт бізді келіп колдап,қорғамайды,бірлікте болайық☝️ ✊🇰🇿

  • @user-bz5uk3ew8y
    @user-bz5uk3ew8y Před rokem +121

    Әрбір қазақ көретін фильм👍😭👍

    • @bolathanbolathan3238
      @bolathanbolathan3238 Před rokem +5

      бундаи қундыдылықты көретин саналы аз сиақты

  • @Ukilimay_Amankyzy
    @Ukilimay_Amankyzy Před rokem +83

    Бала Гүлнәрды ойнаған қыз сондай шебер екен, көздері жанып тұр🤩🤩

  • @markyt1337
    @markyt1337 Před rokem +68

    30 жыл акесінің ақталуы мен өтті, Міржақып, Алихан, Ахан аталарымыз жандарыңыз жәннәттә жатсын

  • @dana.madenova
    @dana.madenova Před rokem +136

    Ағамыздың ұлтына деген махаббаты, тіпті жануарға деген махаббаты қандай💔 Жаны Жәннатта болсын🤲

    • @Zfbdgbd158
      @Zfbdgbd158 Před 9 měsíci

      Аумин 🤲🤲🤲

    • @Zfbdgbd158
      @Zfbdgbd158 Před 9 měsíci

      🤲🤲🤲

    • @user-ml2jq2mw3b
      @user-ml2jq2mw3b Před 9 měsíci +2

      Жатқан жері жарық болсын.
      Топырағы торқа болсын😢

    • @user-ln1zg2bj4h
      @user-ln1zg2bj4h Před 4 měsíci

      Амин Арыстардың жандары жаннатта болсын 🤲

  • @Mametkizi_barshagul87
    @Mametkizi_barshagul87 Před rokem +260

    Жылааап отырып көрдім😥. Еліміз азаттығын алғанша қаншама ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРЫМЫЗ осындай ұлы іспен айналысып,елі үшін жанын пида еткенін көзбен көру ауыр болды маған😥. Ұлы тұлғаларымыздың рухы шат болсын 🤲

    • @user-wn5mx8kc7x
      @user-wn5mx8kc7x Před rokem +2

      Әмин айтқаныңыз келсін

    • @user-sl8dp7xo6v
      @user-sl8dp7xo6v Před 9 měsíci +4

      Еліміз әлі орыстың боданында ештеңе өзгерген жоқ.тоқаев орыспен,қытайдың құлы одан басқа ештеңке емес.сол жікшіл,рушыл,күншіл қазақ.өңкей арамзалар әле сол билікте отыр.баяғы жартас,сол жартас.сол сатқындар,сол дүниеқұлдар әле.орысты кіргізіп тоқаев қазағымды ескертусіз атқызып қырғызды қаңтарда жазықсыз боздақтарды.енді қытаймен визасыз режім орнатып қытайды қаптатты сықсиған қытайды,сол қытаймен енді қос азаматтыққа қол қоймақшы,қытайға қазақты қол аяғын байлап беріп әкете бер,не істесең оны істе,асып жейсің ба,қақтап жейсің ба деп қазақтарды сатпақ енді.міне билік не істеп отқанын түсін,есіт.сол сатқын қазақ әле де билікте отыр.құл құтанның тұқымдары өңкей.ештеңе өзгерген жоқ

    • @user-cx3rp6ff8r
      @user-cx3rp6ff8r Před 9 měsíci

      ​​@@user-sl8dp7xo6vиә дұрыс айтасыз, сол сатқын, құйыршықтардың ұрпағы әлі де арамызда арамзалығын жасап жүр. Ал азаттық аңсаған сол қазақ зиялыларының арманы орындалмады әлі. Билікте өңкей орысқұл, сасық көкірек отырғанда оңалу қиын.

    • @user-ut9sq3in7j
      @user-ut9sq3in7j Před 9 měsíci

      ​@@user-sl8dp7xo6vашаршылық кезінде қақпасын ашып,ашқындарды бауырына басып,наның үзіп берген қытай емес пе? Киетініміз,ұстайтыңымыз сол қытайдың қолынан шыққан.
      Қытай көршімнен жаманшылық көрмедім өз басым,көрдім деген қазақтыда көрмедім.
      Қазақ атам "Орыспен дос болсан-айбалтан дайын тұрсын деген",қытайды араластырмаған жөн.

    • @user-uf7ml1fh8t
      @user-uf7ml1fh8t Před 9 měsíci

      Менде😢

  • @user-hh8gx1fk2y
    @user-hh8gx1fk2y Před rokem +130

    “Адамға ауа, су қандай керек болса, оқу да адамзатқа сондай керек!” деген Ахмет Байтұрсынотың айтқаны не деген ақылды сөздер! Кәсібі Алладан берілген мықты маман иелері, нағыз педагогтар! Міржақып балаларға сабақты ұғынықты тілмен, өмірден алынған мысалдармен түсіндіре білген. Оқулықтары да қандай мағыналы! Шіркін-ай, білім саласының жүйесін қалай әдемі қалыптастыра білген. Осы фильмді жасаған азаматтар да нағыз қазаққа жаны ашитын азаматтар екен! Алла жар болсын!

    • @meirzhanprimbetov8048
      @meirzhanprimbetov8048 Před rokem +5

      Тіршілікке ауа,су қаншалықты қажет болса , Адамға оқу соншалықты керек.

  • @user-pl7fo9wo9k
    @user-pl7fo9wo9k Před rokem +216

    Алла өткен жылдардағы барлық оққағар кезеңде құрбан болған адамдардың жатқан жерлері жалы болсын

    • @user-gf2qs8ey9m
      @user-gf2qs8ey9m Před rokem +6

      Жүрегімді ауырытты. Тура қазір осыны қайталап жатыр екен айны қатесіз.

    • @user-wd6mo8dj7b
      @user-wd6mo8dj7b Před rokem +4

      Жандары жанатта болғай

  • @user-xm7rh1eh1z
    @user-xm7rh1eh1z Před rokem +620

    20 ғасырда құрбан болған, репрессияға ұшырағандардың жандары жәннатта болсын, ешқашан ұмытылмайды.

  • @user-ws2ji2qm8g
    @user-ws2ji2qm8g Před 9 měsíci +10

    Өте аянышты фильм Міржақып атамыздың жатқан жері жайлы болсын😢😢

  • @bota_doctor
    @bota_doctor Před rokem +135

    Мотивация іздеп жүргендерге нағыз мотивация осы

    • @user-wo6su2kb1p
      @user-wo6su2kb1p Před rokem +4

      Ассалаумағалейкум дұрыс айтасыз

    • @beka77aa
      @beka77aa Před 9 měsíci

      Қазіргі уақытта кімге қарсы шыққыңыз келеді?

    • @user-vo1tg8td5z
      @user-vo1tg8td5z Před 9 měsíci

      ​@@beka77aaсатқын, кқреалмаушы, биліксүйер қазақтар мен жемқор, ертеңін, халқын ойламайтын өзі десе 1 ғасырлық дүние жинап тастайтындарды күнде азаптап өлтіргім келеді бірақ жазасын Алла берсін деп тілеймізде отыра береміз өйткені қолымыздан ештеңе келмейді

  • @Ukilimay_Amankyzy
    @Ukilimay_Amankyzy Před rokem +42

    Осыншама ауыр тақырыптағы фильмде жеңіл қалжыңды да қосып қиыннан қиыстырған сценаристтердің шеберлігіне риза болдым

  • @user-jp2ot6qj3h
    @user-jp2ot6qj3h Před rokem +34

    Шіркін Алаштарым ай. Алла жандарын жаннатта етсін. 😭😭😭😭😭 Алла елімізді аман қылсын. Өте керемет кино.

  • @hapfam2254
    @hapfam2254 Před rokem +105

    😢 осы совет үкіметі, қор қылған біздің халқымызды, не деген аяусыз, жалмауздар. О Алла жандары жәнатқа жетсін ата-бабаларымыздың 🤲

  • @jarmakhanbetova_aysanam
    @jarmakhanbetova_aysanam Před 9 měsíci +83

    Жүрегім қан жылап кетті ау. Әттең ай қазағым. Ата бабаларымыздың үмітін ақтай алмай жүрміз ау. Қазірде орысқа тауелді болып жүргеніміз өкінішті

    • @user-nx5rq1qs5u
      @user-nx5rq1qs5u Před 8 měsíci

      Вы всегда были с Россией и будете , иначе ждёт вас беда как на Украине 😢

  • @user-hk6td5of9r
    @user-hk6td5of9r Před 9 měsíci +23

    Ма кино тусірген ұжымға үлкен рахмет.Бар тірлігімді тастап жылап отырып көрдім ғой.Аттең ай қазақтың басынан нелер өткен деп әжеміз айтса,көзбен көрмеген соң онша сезіне бермейтін едік.😢😢😢Мың рет ТАҒЗЫМ .Рахмет

  • @kz-fu9bv
    @kz-fu9bv Před rokem +32

    Қазақ киносы қайта тірілді. Шұбар тілде түсірілген фильмдердің бәрін өртеп тастау керек...Бұл фильм классика.

  • @user-dg8fd2wj5s
    @user-dg8fd2wj5s Před rokem +111

    Ахмет Байтұрсынов - ұлт ұстазы, Міржақып - ұлт ұстазы

  • @Aybek-yq6yu
    @Aybek-yq6yu Před rokem +21

    Осындай керемет туындыны аз ғана адам көретіні өкіншті😢

  • @MusicSpace.
    @MusicSpace. Před 9 měsíci +13

    осы атадарымыздың бастан кешкеніне қарап отырып ، қазақыстандағы өзге тілде шүлдірлейтін қазақтарға түкіргенім бар !

  • @arailymkaldybek2571
    @arailymkaldybek2571 Před rokem +68

    Сол үшін қазақтар ақылды болып тек бір ьірімізді ғана қолдайық.Ешкімге сенбейік

    • @user-tz7gk9cc3r
      @user-tz7gk9cc3r Před rokem +2

      Иә

    • @user-ml2jq2mw3b
      @user-ml2jq2mw3b Před 9 měsíci

      Әсіресе жабайы араптың алла-аллах-иллах қаңғыбас құдайына сенуге болмайды

  • @user-dk4qc6pr9x
    @user-dk4qc6pr9x Před rokem +105

    Осындайдан кейін орыстарға қалай мейіріммен қарауға болады? Әрине олар кінәлі емес, ата бабасы кінәлі, бірақ одан жеңіл емес. Тайраңдап жүреді бұл біздің жер деп. Не болса да, Алланың жазғаны. Алаштықтардың жатқан жерлері жайлы болсын, жандары жәнната болсын! Қолымнан келетіні балаларыма тарихты айту, қазақша сөйлеу, еліне қызмет ететін адал адам қылып өсіру.

    • @luckyperson3586
      @luckyperson3586 Před 9 měsíci +2

      Ол кезде тек казак емес, озинин орытсарын да кудалаган, репрессия жасап, вагонмен аш кылып Казахстанга жиберген.

    • @user-ih9ij6rr8k
      @user-ih9ij6rr8k Před 9 měsíci +3

      Жек корип кетим орыстарды

    • @luckyperson3586
      @luckyperson3586 Před 9 měsíci

      @@user-ih9ij6rr8k не надо ненавидеть. Просто надо развиваться, быть образованными, грамотными, как этого хотели аталарымыз. Елимизге адал болу керек.

    • @user-lw2px7vi8i
      @user-lw2px7vi8i Před 9 měsíci

      Ассалаумағалейкум. Орыстарды неғыласындар, сол кезде жамандықтың бәрін істепжурген өзіміздің қазақтар. 30 жыл тәуелсіздік алғаннан кейін жерімізді, табиғи ресурстарды өзіміздің қазақтар сатып жіберді. Орыстың қандай шатағы бар.

    • @user-oq9fj1jk6w
      @user-oq9fj1jk6w Před 9 měsíci +5

      Сол заман қайта айланып келсе сол көрші отырған орысың сол ата бабасының істегенін істейді жау жоқ деме жар астында демекші!

  • @user-fr4ew7io8n
    @user-fr4ew7io8n Před 9 měsíci +2

    Керемет туынды, осындай тарихи кинолар көп түсірілуі керек.

  • @user-os9ic9ty3y
    @user-os9ic9ty3y Před rokem +34

    Қазақтарды аяқтан тартып өсірмеген тек қазақтар ғана. Бірін - бірі сатып, еліне жаны ашымайтын тек қазақ қана. Үлкен - үлкен адамдардың жанында жүріп сатқын болған қандай өкінішті?! Сатқындықтан құрыды қазақ. Мұхамедияр, жангелдин сияқтылардың кесірінен азап шекті. Орыстың астына салып берген өзіміздің қазақтар екен? Өкінішті! Орыс тілінде сөйлейтіндерге сәлде болса намыс, ұят беретін сериал екен. Ахмет атамыздың да сериалы керемет еді, мына сериалда мықты. Ризамын!!!

    • @user-cv8zb8ie2b
      @user-cv8zb8ie2b Před rokem

      Казак елинин бостандыны ушин. Тендиги ушин курескен Бабаларымыз ешкашан умтылмайды.Умытпаймыз. Елимиз, жеримиз Аман Есен болсын.

    • @focuslinza
      @focuslinza Před rokem

      Олай деме, тарихта бұндай нәрселер басқа елде де көп. Цезірді сатқан Брут, орыстарда қанша, ұлы отан кезінде немістерге істеген. Сенікі тоғайда жүріп алдындағы ағаштан басқа еш нәрсені көрмейтін адам секілді сияқтысыз. Мен нешетүрлі мемлекеттерде өмір сүрдім, айтқандарыма кепілдік жасаймын

  • @tasmukhan
    @tasmukhan Před rokem +26

    Бұл фильм қатты көңілден шықты! Бәлкім осы аға апаларымыз осы күнге дейін жетсе, қазақтың даңқы алысқа жетер еді!

  • @user-vd1od4jv3d
    @user-vd1od4jv3d Před rokem +22

    Қазақтың маңдайына біткен арыстарым ай пейіштен болсын орындардың сіздер бұлай ел қамын жасамағанда біз осылай еркін тәуелсіз елде тұрар медік

  • @Aisha-gl1sl
    @Aisha-gl1sl Před rokem +96

    Қазақ үшін қасық қаны қалғанша күрескен қайран бабаларымыз! Шіркін, қазіргі таңда өздеріңіздей жүректі асыл азаматтар, арыстар жоқ қой. Тым ұсақталып кеттік… Енді осындай асылдар қазақтың маңдайына біте ме десеңші… Жатқан жерлеріңіз жарық, топырағыңыз торқа, жандарың жәннаттан болсын! Бас иеміз, ұмытпаймыз!💔

    • @modeqagan-dh7bz
      @modeqagan-dh7bz Před rokem +3

      Шықса атып тастайды немесе жауып тастайды

    • @user-ue1fi4id4c
      @user-ue1fi4id4c Před 9 měsíci +1

      Үміттенейік...

    • @user-vo1tg8td5z
      @user-vo1tg8td5z Před 9 měsíci +1

      Шығып жатыр қазір де. Бірақ сатқын қазақтар көп

  • @user-kd1vq1hy2s
    @user-kd1vq1hy2s Před rokem +53

    Әр қазақ көретін дүние екен!

  • @guljanat_informatica
    @guljanat_informatica Před rokem +52

    Нағыз рухы мықты азаматтар. Жаны жәннатта болсын!

  • @user-oq2xm1oz6d
    @user-oq2xm1oz6d Před rokem +64

    Казак киносы дамып келеди мында бир рахмет

  • @saulekural446
    @saulekural446 Před rokem +50

    Осы кинода білімді сатқындардың рөлін керемет ойнап шығыпты… “Елге қызмет ету білімнен емес, мінезден!” - деп Әлихан атамыз айтқан ғой… Ата- бабаларымыз “бала берсең - сана бер, сана бермесең ала бер ” қалай тауып айтқан…

  • @greengarden7125
    @greengarden7125 Před 9 měsíci +10

    Алаш қайраткерлерінің жандары жәннәтта болсын,әруақтарына мың тағзым етеміз!

  • @user-tl8cs2zy7t
    @user-tl8cs2zy7t Před rokem +229

    Аталарымыздың жатқан жерлерді жайлы болсын. Тауелсиз елимиз бен ашык аспанымызды,кадирлей билейік халкым.

  • @user-rp2iq7in6p
    @user-rp2iq7in6p Před rokem +15

    Керемет фильм.Алла разы болсын.Міржақып Дулатұлының кішкентай қызының ролінде ойнаған қыз сүп сүйкімді.

  • @user-he2bq6pw9d
    @user-he2bq6pw9d Před 9 měsíci +39

    Қайран қазағым деген осы... Көзге жас алмай қарай алмадым... Не істемеді бізге ресей патшалары, совет одағының басшылары... Не көрмеді менің қазақ халқым!!!
    Керемет түсірілім. Міржақып атамыздың, әйелінің және қызының ролін ойнаған әртістер өте мықты!!! 🙏🙏🙏🔥💯💥. Рахмет осы фильмді шығарған ұжымына! Осылай бар шындықты елге көрсету керек. Мектептің тарих сабағында осыны жүргізу қажет.
    Аман болайық, Ұлы қазақ Елім!!!

  • @saltanatmeyirbekova382
    @saltanatmeyirbekova382 Před rokem +96

    Тарихи тұлғалар,тарихқа толы тағлымдар!Мәңгілік біздің жүрегіміздесіздер Алашордалықтар!!!

  • @kuralaiesenova5510
    @kuralaiesenova5510 Před rokem +65

    Алла Тағалам қазақ тәуелсіздігі үшін құрбан болған зиялыларымызды өз панасына алсын!

  • @user-in6ro7xf2k
    @user-in6ro7xf2k Před rokem +34

    Каралым саны аз болганына ишим ашиды мынандай кинолар коп боолсын жасасын Алаш

  • @loganrassamaha
    @loganrassamaha Před rokem +75

    Осы адамдардың үмітін ақтағыларын келсе , жоқ дегенде қазақша сөйлендерші, қазақ сыныбы на беріңдер балаларыңды , әлі орыс мектебіне сондай құл адамдар әлі бар ,

  • @user-qe2yc8zg7i
    @user-qe2yc8zg7i Před rokem +21

    Керемет! Осы телехикаяның шығуына атсалысқан адамдарға шексіз алғыс! Қазағым жасасын! Тәуелсіздігіміз, тіліміз, халқымыз мәңгі болсын!

  • @balzhanalmaskhanqyzy8567
    @balzhanalmaskhanqyzy8567 Před rokem +24

    Осындай ұлттың сана-сезімін оятар туындылар көп болғай. 🍀

  • @Naurizhan
    @Naurizhan Před 9 měsíci +22

    Алла жаннатын насип етсин батыр аталарымызга!

  • @alashd.d.d.8049
    @alashd.d.d.8049 Před rokem +58

    Ел үшін, жер үшін, қазақтың жарқын болашағы үшін жан пида болған Асылдан жаратылған Алаш орданың алтын азаматтарына мың алғыс, мың тағзым. 😢
    Аллаһ барша Алаш құрбандарының рухтарын жәннәттан нәсіп еткей!
    Осы азаматтардың рухына дұға жасап, құран бағыштап жүрейік бауырлар, елімізге осындай ізгі, пэк ұрпақ нәсіп еткей жаратқан иеміз.
    Фильмді түсірген барша ұжымға, актерлерге мың алғыс, еңбектеріңіз жемісті болсын әрқашан. 👍

  • @user-hh8gx1fk2y
    @user-hh8gx1fk2y Před rokem +34

    Фильмнің әр бөлімін көрген сайын әден шөліркеп бұлақтың мұздай, тап-таза суын ішкен кездегі шөлім қанып, жаным рахаттанған сәтім қайталанғандай күйде боламын!

  • @Dikoch_1984
    @Dikoch_1984 Před 9 měsíci +5

    Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
    Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
    Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
    Қарағым, енді жату жарамас-ты.
    Найзаменен түртсе де,
    Жатырсын,қазақ,оянбай.
    Мұнша қалың ұйқыны
    Бердің бізге,ой,Алла-ай!
    Бар ма екен біздей ғафыл жұрт,
    Атырафқа көз салсақ.
    Көзі іскенше ұйқыға
    Келе жатқан тоя алмай?
    Етемін үміт жастардан,
    Жаңа гүл шашқан бақшадай.
    Мұрадын оңай кім табар,
    Жар салып жұртқа қақсамай?
    Халыққа,жастар,басшы бол!
    Қараңғыда жетектеп.
    Терең судан өтер ме,
    Мың қойды серке бастамай?

  • @user-zs5uc9xg9r
    @user-zs5uc9xg9r Před 9 měsíci +10

    Жасасын елім, қалың қазағым❤❤❤

  • @user-tf2gf5jz4v
    @user-tf2gf5jz4v Před rokem +32

    Кішкентай Гүлнар ролін сомдаған қыз,нағыз талант😘 киноны жыламай көру мүмкін емес...даладағы аш баланы тауып алғанда қалай қуандым...

  • @Apa-qb4sl
    @Apa-qb4sl Před 9 měsíci +43

    Алаш қайраткерлеріне мыңда бір тағзым ! Жандары жəнетте болсын ! Қазақтың біртуар адал азаматтары !фильм жақсы қамтыған қазақтың басына түскен зұламатты, қазақтар əлі бірін бірі сатып келеді . Оян қазақ ! Мектеп қабырғасында осы Алаш Азаматтары туралы сабақ беру керек .
    Мыржақып Дулатовтың бейнесін сомдаған актер керемет . Ол кісінің бейнесін ішкі дүниесін халыққа жеткізді деп түсіндім. Рахмет ! Алла разы болсын ! Осындай халықтың рұхын көтеретін фильмдер көп болсын !

  • @user-gy4sj3ik1f
    @user-gy4sj3ik1f Před rokem +74

    Көзге жас алмай көру мүмкін емес. Алаш арыстары жандарыңыз жәннәтта болсын. Қайран бабаларымыз.

    • @Zfbdgbd158
      @Zfbdgbd158 Před 9 měsíci

      🤲🤲🤲

    • @user-ml2jq2mw3b
      @user-ml2jq2mw3b Před 9 měsíci

      Қазаққа жәннәт не керек?
      Жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын

  • @sholpano657
    @sholpano657 Před rokem +101

    Тәуелсіздігіміз , халықтың көзін, сауаттылығын ашу үшін жанын аямаған , соңында өздері құрбан болған ата-бабамызжың рухына мың тағзым…

  • @user-kn8us1sk5r
    @user-kn8us1sk5r Před 9 měsíci +16

    Аллаға сансыз шүкір, Міржақып атамыздан Гүлнардай қызы қалды. Урпағы бар. Сүйегі елге әкелінді. Бұлда көңілге демеу. Өкінішке қарай, Ахмет, Мағжан аталарымыздың артында ұрпақ қалмады ғой.

  • @gulnar1509
    @gulnar1509 Před 11 měsíci +11

    Өте қиын заман, жүрегім шыдамай, көре алмай шығып кетіп жүрдім. Актёрларға рахмет, дана азаматтарды керемет сомдаған. Жыладым, кейбір жерінде тіпті шыдай алмадым көруге.

  • @user-ew8dl2ec3s
    @user-ew8dl2ec3s Před rokem +39

    Ой саларлык туынды Рахмет Оян казак!!!😮

  • @arailymerlinkyzy9764
    @arailymerlinkyzy9764 Před rokem +20

    Ех,қалың қазағым ай!аңқау болған екенғой оу заманнан,жау алыстан келмейді,жақындары сатқанғой жан алқымынан алғаннан соң!Құрбан болған елім деген ер азаматтарымызға мың тағзым

  • @shynarserik6611
    @shynarserik6611 Před rokem +28

    Недеген актерлік шеберлік , басымды ием , жүрегім езіліп кетті

  • @user-we3zy7ui2w
    @user-we3zy7ui2w Před 9 měsíci +11

    Миржакып агабыздай Адамдар дагы чыксын Казак Туугандарыбыздан.
    Бул жонгана кино деп тартылбаган сезсин деп тартылган сыяктуу.
    Тарых ото чон.

  • @user-du8cd7gx7d
    @user-du8cd7gx7d Před rokem +14

    Керемет, еріксіз көзге жас келеді. Екінші рет қайта көріп шығу керек.
    Енді Әлихан Бөкейханның киносы шығады деп күтемін. Өте тамаша, әрі қарай түсіре беріңіздерші

  • @aimgulzhanadilova5329
    @aimgulzhanadilova5329 Před rokem +17

    Ей, Алла, осы құрбан болған саңлақтардың рухы үшін қазағыма қорған бола көр.

  • @Bilgichbek
    @Bilgichbek Před rokem +13

    Керемет түсірілген фильм, міне санамызды бір сілкітіп, рухымызды оятты.
    Еріксіз көзден жас кетті.
    Киноға таңдалған актерлер керемет сомдап шыққан.
    Бәрекелді, қазақтың ұлттық рухын оятатын, осындай кинолар көп болсын!!!!

  • @user-wk1mz8wk5i
    @user-wk1mz8wk5i Před rokem +27

    Керемет түсірілген нағыз қазақ халқының жанашырлары алдарынан жарылкасын

  • @Kuanish_Korday_Hyundai
    @Kuanish_Korday_Hyundai Před 8 měsíci +1

    Ассалаумағалейкум қазақ елі, 🇰🇿🇰🇿 киноны түсірген ұжымға, әртістерге мың алғыс , Қазақстан телеарнасына рахмет. Осылай тарихты әдемілеп жеткізіп жатырсыздар, тағыда осындай тәрбиелік және де тарихи оқиғалар бар фильмдер көбірек болса нұр үстіне нұр болар еді.👏👏👏

  • @user-km6fm6ef7c
    @user-km6fm6ef7c Před rokem +12

    Қазақтың ұлы тұлғаларын сомдаған өнерпаздар нағыз шеберлер екен. Алла разы болсын! Рахмет

  • @user-ii8ke4kl1k
    @user-ii8ke4kl1k Před rokem +30

    Ең қиын заман осы кез болар. Біз бақытты өміріміздің қадірін білмейтін заманда өмір сүріп жатырмыз.Тек шашылып,әркім өз білгенін істейтін замап болды.Бұл туындыны көзге жас алмай көру мүмкін емес.

  • @user-li8rg6qn3o
    @user-li8rg6qn3o Před 9 měsíci +8

    Жандары жәнатта болсы , қазақ халқына тигізген енбектері өте көп❤

  • @Altynay436
    @Altynay436 Před 9 měsíci +4

    Керемет жаксы тусурилген фильм - ата- бабаларымыздың жаткан жеры жайлы болсын 🤲 , казак халкына нағыз кызмет ыстеген мыкты , бiлiмды ,интелегентик аталарымыз - осы кезге дейін сактап калган акпарат үлкен көмек казак халкына...
    Режиссер,актерлар га үлкен рахмет, басымды йемын - жүмыстарын жемысты болсын ❤ осындай кино кобирек болсын - озимыздын тарихимызды билип жүрген дурус болады .
    Көп жағдай ашаршылык , советтердын адам дарды кырган апам айтатын - есымде, ....😢😢

  • @user-jf7uz4qp8q
    @user-jf7uz4qp8q Před 9 měsíci +4

    Ар Алашымның есімдері ешқашан өшпейді. Киноны түсірген баршаңызға мың алғыс 🙏🙏🙏🌹🌹🌹😘😘😘

  • @user-yb6hk1ox6x
    @user-yb6hk1ox6x Před rokem +36

    Елім, жерім деп құбан болған Ата-апалардың, нағыз патриот, намысты азаматтарымыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын🤲🏼🤲🏼🤲🏼

  • @user-tw8bv3tu3k
    @user-tw8bv3tu3k Před rokem +28

    Елі үшін жанын қиған нағыз батырларымыздың жандарын жәннатта ете гөр! Осындай тарихи фильмдер арқылы өсіп келе жатқан балаларға аталарының рухын көрсетіп, сезіндіріп отансүйгіштік қасиеттерін сіңіру керек. Қандай өкінішті және аянышты! 😔😔🥲🥲

  • @Ainur-Ai.
    @Ainur-Ai. Před rokem +15

    Е, Аллахым батыр бабаларымыздың жайларын жаннатан жасай гөр.😢❤. Әр жеген тамағымыздың қадірін білейік. Алланың құдіреті. Қазағымның бүкіл балалары білімді болса екен…

  • @user-ux9bd8gm9g
    @user-ux9bd8gm9g Před rokem +22

    Алаш азаматтарын Алла мейіріміне алсын!

  • @erikadilxan4925
    @erikadilxan4925 Před rokem +18

    Құдайым сіздерге мың алғыс Ағатаилар жатқан жерлеріңіз жәнәтта болсын Сіздерді мен Қазақпын деген Әрбір ұрпақ ешқашан ұмытпаиды рахмет сіздерге Сіздер бастаған Алаш Оянды құдайым Әруақтарыңыз қолдасын

  • @user-uw5rs9lq5g
    @user-uw5rs9lq5g Před rokem +43

    Елі үшін істеген еңбектері еш кетпегеніне шүкір... Қазақ халқы аман тұрса Алаш зиялыларының еңбегін еш уақытта ұмытпайды. "Тәуелсіздіктің қадірін тағы бір түсіндім. Керемет кино...

  • @user-gr5kh5jv4p
    @user-gr5kh5jv4p Před rokem +33

    ЖАСА АЛАШЫМ
    АЛАШЫМ ЖАСАСЫН !!!.
    ӘБІР ҚАЗАҚ БАЛАСЫ КӨРІП ӨСЕТІН КИНО.
    ИМАНДЫ БОЛСЫН,ЖАТҚАН ЖАЙЛЫ ТОПРАҚТАРЫ ТОРҚА БОЛСЫН.
    ТҮСІРГЕН ҰЖЫМҒА 1001 РАҚМЕТ.

  • @user-hw8nj1hc7b
    @user-hw8nj1hc7b Před 9 měsíci +8

    Совет өкіметі тұсында қазақтың қалай қорланғанын бүгінгі жастар көрмеді! Быз тәуелсіздікті ол кезде даже армандаған жокпыс, ойлаудың өзі қылмыс болган! Мұндай фильмнің түсірілгені өте жақсы! Үлкен рахмет! Тәуелсіздігіміз - анадан да қымбат, Алладан да қымбат

  • @bahitjanisabaev4629
    @bahitjanisabaev4629 Před rokem +17

    Қайран, Міржақып! Қайран, сол кез! Ақынымызды қор қылған бұл тағдыр.

  • @beibitzhankelbekov2507
    @beibitzhankelbekov2507 Před 9 měsíci +6

    Жүрегің қан жылайды екен . Бала кезден естіп өстік алаш туралы. Осы фильмді түсірген үжымға ,актерларға ерекше қүрмет ,млн тағзым. сіздерге. . Сол аталарымыз тірі болғанда біздің өмыріміз басқа болар еді ау . Елі ,жері ушін жандарын қиған аталарымыздың жандары жәннәттә болсын ! 100 жылдан аса уакыт өтсе де өзгерген ештеңе жоқ.....

  • @user-bb3bb6fs7p
    @user-bb3bb6fs7p Před rokem +25

    Біздің заманымызда, Алаш , осы елім деген ардагерлер туралы, бала кезіміз пионер, комсомол болып өтті. Білетініміз, Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин туралы әдеби шығармалар. Бала кезімде, осы кісілер туралы, әкемдер жасырын айтып отыратын, бізді баласына ма, жазықсыз атылып кетті дейтін. Мен алғаш осы аталарымыздың атын сол кісілерден естідім, балалықпен қазбалап сұрауға батпайтынмын, ақымақтық қой. 1992 жылы Гүлнар апаны көзіммен көрдім, енді егемендік алып, ес жыиалмай жатқан уақыт қой. Әкесінің Семей түрмесінің жатқан жерін көреміз деп келіпті. Сол кезде Семейде Азат қозғалысы болатын, сол үйымның белсенділері ұйымдастырып, көмектескені есімде. Негізі жұт емес, ол сылтау, сол кезде қазақтардың малын сыпырып алып, қолдан аштық жасаған ғой, алғашқында астыртын бұйрық болған, Алашорда азаматтарын, басшыларын істі қылып, түрмеге жапқан соң ашық, соңғы тышқақ лағына дейін тартып әкеткен ғой. Геноцид.

  • @bonaishaimyrat2775
    @bonaishaimyrat2775 Před rokem +13

    үйқың қандай қалың болса қазағым ,сорың сондай қалың екен ау қазағым ,

  • @nesibelizhaumitbaeva3370
    @nesibelizhaumitbaeva3370 Před 9 měsíci +10

    😢😢😢қандай аянышты тағдырлар болған қазағымның басында

  • @user-no7ii4dd2t
    @user-no7ii4dd2t Před rokem +29

    Алла рахымына алсын арыстарымызды! Нағыз батырлық нағыз патриотизм! Біз қазір туған баламыздың жағдайын жасай алмай жүрміз, қайран осы кісілер елдің қамын ойлап проблемаларды шешкен.

  • @Janqojaqyzy
    @Janqojaqyzy Před rokem +14

    Қандай креативпен түсірілген 👍

  • @nazarnesibeli6503
    @nazarnesibeli6503 Před rokem +12

    Бір сөзбен айтқанда "Үлкен рахмет"
    Алаш қайраткерлеріне де! ❤🇰🇿
    Командаға да! 🤍

  • @user-hy1hi4cn2u
    @user-hy1hi4cn2u Před 9 měsíci +10

    Көзіме жас толғаны ай еріксіз Қайран қазағымай 😢

  • @user-np5xv4zo1b
    @user-np5xv4zo1b Před 9 měsíci +3

    Керемет кино. Міне осындай түсірілімдер арқылы қазақтың рухы көтеріледі деп білемін. Айналайын жастар қазақтың болашағы сендердің қолдарыңда. Батыстың, орыстың жеңілтектіктеріне ілеспей, баххабизм, сәлафизм демей, нағыз қазақ болыңдар. Алаштық аталарымыз сендерге нағыз үлгі. Қазіргі заманымызға терең үңіліп қарасақ сол аталарымыздың заманына ұқсап тұр. 30 жылдағы қазақтың өзіне қазақ қастандық жасағанының не тұрады. Ия, Оян Қазақ!

  • @user-zt3er2yz5r
    @user-zt3er2yz5r Před 9 měsíci +7

    Киноны керемет түсірген. Нағыз патриот ақын жазушыларымыздың талайын қырған онбағандардың Алла жазасын берсін! Шошқаға сатылған қазақ деуге аузын бармайтын сатқындардың да Алла жазасын берсін.

  • @historyke8463
    @historyke8463 Před rokem +50

    Қайран бабаларым, жатқан жерлеріңіз жайлы болсын, Алла алдарыңыздан жарылқасын🤲🤲

  • @aknuradilkhankyzy
    @aknuradilkhankyzy Před rokem +16

    Алла разы болсын, керемет түсірілген❤

  • @user-md2th7bf8t
    @user-md2th7bf8t Před 9 měsíci +4

    Жыламауға мүмкін емес, жылап отырып көрдім, жандары жаннатта болсын, тәуелсіздігіміз ұзағынан болсын🙏

  • @user-zj1wg4ql6e
    @user-zj1wg4ql6e Před rokem +13

    1 ғасыр 😢өтті, әлі де көп нәрсе осы күні де актуальді.

  • @user-dg8fd2wj5s
    @user-dg8fd2wj5s Před rokem +24

    Гүлнәр апайдай қызы бар Міржақып атамыз мерейлі екен

  • @alteke76
    @alteke76 Před 9 měsíci +20

    Нағыз патриот болған ағаларымыз. Ал біз кәзір өмір сүріп жүргендер қандай уақ болып кеткенбіз, ол ағаларымыздың тырнағыныда тұрмаймыз.

  • @sandugashnurakova9731
    @sandugashnurakova9731 Před 9 měsíci +4

    Өте керемет әсер алдым. Осындай тарихты жақындатып ,жаңғыртып ,көзімізді ашқан түсірілім тобына үлкен рахмет! Осындай туындылар көп болса екен! Әсіресе жас ұрпаққа ,мектептерде міндетті түрде қөрсетіліп отырса,жақсы болар еді.
    🤔

  • @user-dh3gg2pu4t
    @user-dh3gg2pu4t Před 9 měsíci +5

    Керемет туынды. Қуаныштымын қазақтын тарихы туралы көптеген фильмдері тағы шыкса Нұр үстіне -нұр болар еді. Оян Қазақпен Ұлтымыздын киномотагряфясына қан жүгіргендей.

  • @user-ck3bz3cs7k
    @user-ck3bz3cs7k Před rokem +12

    Үлкен рақмет! Алла разы болсын😭😭😭

  • @yldzyldz8740
    @yldzyldz8740 Před 9 měsíci +2

    Жұмысқа барғанша, қайтарда жол бойы көрип не болар деп асығым ❤өте керемет Оян Қазағым ❤