Қайта жаңғыртылған ескі мешіт ашылды

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 19. 06. 2014
  • Қалада 111 жылдық тарихы бар ескі мешіт жаңғыртылып, бүгін қайта ашылды. Ғимарат ауданы бұрынғысынан 8 есеге ұлғайтылған. Бір мезетте 3 мыңға жуық жамағат намазға тұра алады. Мешіт ішінде жуынатын орыннан бастап асханаға дейін қарастырылған. Көне қала тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Бұл мешіттің іргетасы 1903-ші жылы қаланған. Былтыр ғана 111 жылдығы атап өтілді. Ғасырлық тарихы бар Алла үйінің қайта жарақтандырылудан өткеннен кейін ауданы 8 есеге ұлғайып шыға келді. Бұрын 500 адам әрең сиятын мешітте енді бір мезетте 3 мыңға жуық жамағат тізе бүге алады. Мешіттің еденіне төселген кілемдер Түркиядан алынған. Ортадағы аспалы жарықшамының өзі 1 тонна 300 келі тартады. Мешіттің қасбетінің де, ішінің де сәні мен салтанаты келіскен. Бұл ерлердің жуынатын бөлмесі. Әйелдерге арналған жуынатын орында соңғы дайындықтар жүріп жатыр. Ол ғимараттың екінші бөлігінде орналасқан. Жертөледе сондай-ақ киім ілетін орын, 150 орындық асхана бар. Ал мешіт алдында 150 көлікке тұрақ белгіленді. Айта кеткен жөн, қалалық орталық мешітке 20 қызметкер жұмысқа орналасты. Бас имамнан бөлек 3 наиб имам, 2 азаншы жұмыс жасайды. Дүйсенбіде медреседе сабақ басталады. Бір әйел ұстаз және наиб имамдар арасынан ерлерге сабақ беретін тағы бір ұстаз бар.

Komentáře • 1