Төле бидің келіні - Данагүлдің тапқырлығы / Төле бидің жұмбағын шешуі

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 7. 05. 2023
  • Әйгілі Төле бидің келіні Данагүл келін болып түсе салып-ақ ақылдылығымен, тапқырлығымен ел аузына ілігеді.
    Бірде Төле би Мойынқұмдағы елдің дау-дамайын шешіп, ауылына қарай төтесінен жол жүремін деп бір топ қарақшының қолына түсіп қалады. Сонда Төле би: «Әй, сендерге керегі мал ма, жан ба, жан керек десеңдер қинамаңдар, тез өлтіріңдер, мал керек десеңдер, алдарыңа айдатып әкелдірейін, бізді босатыңдар», - дейді. Қарақшылар: «Бізге мал керек», - дейді. Сонда Төле би: «Менде мал көп, бай адаммын. Бірақ сендер сенбейсіңдер. Сондықтан біреуің менің атыма мініңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып берейін», - дейді. Хатта: «Кенже ұлыма құда түстім. Соған 40 құнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Бұған қоса оң босағамда тығулы алтынымды, сол босағамдағы күмісімді қоса беріңдер« деп жазады.
    Қарақшылар екі жігітті би ауылына жібереді. Ауыл адамдары хатты түсіне алмай дал болады. Сонда Данагүл: «Жоқ, атам 40 қарақшының қолына түскен екен. 40 құнан атан дегені 40 мықты жігіт, 20 бура дегені 20 палуан, 8 ақбас атан дегені 8 ақсақал кісі, ал атаған алтыны мен күмісі баласы және келіні - мына мен ғой. Қой, тез жетіп, би атамды құтқарайық», - дейді.
    Сөйтіп, Данагүлдің ақылымен хатта көрсетілген малды екі қарақшының өзіне айдатып, олардың соңынан 40 жігіт, 20 палуан, 8 ақсақал, әрі Төле бидің баласы және келіні Данагүл көрінбестен қоса еріп отырады. Осылайша, бұлар Төле би мен оның серігін құтқарып алады. Қарақшылардың өздерін байлап-матап тастайды. Алайда, Төле би ботадай боздап, зар илеген қарақшыларға кешірім жасап, оларды адал еңбек етуге шақырады. Оларды өз ауылына әкеліп түйесін, жылқысын бақтырады, егін еккізеді, сөйтіп, түзу жолға салады. Осы оқиғадан соң Данагүлдің атағы елге жайылыпты.
    • Шөл далада қалған адам...
    • Зерек бала / Әке өнегесі
    • Тесік шелек / Ғибратты...
    #ғибраттыәңгіме #әсерліәңгіме #ғибрат

Komentáře • 28

  • @bookreader917
    @bookreader917  Před rokem +16

    Құрметті тыңдарман, жұмбақтың шешімі 5:17 минуттан басталады...

  • @erte_erte_ertede
    @erte_erte_ertede Před 3 měsíci +1

    Керемет

  • @saparaga
    @saparaga Před rokem +9

    Төлеби бабамыз секілді даналы ұрпағымыз көп болсын , жүрегіміз таза , ниетіміз түзу болсын , көк туымыз желбіреп тұғырымыз биік болсын ағайын .

  • @user-xq7tw8du1c
    @user-xq7tw8du1c Před rokem +6

    Керемет әсерлі шығарма екен Тақаев Төлебидеи оиласа қаңтарда қамалған ерлер адал жолмен босатылар еді

  • @DimahmetAitdjanov
    @DimahmetAitdjanov Před 11 měsíci +4

    Керемет өте кушті әнгіме

  • @user-xk1tf4sy3n
    @user-xk1tf4sy3n Před rokem +5

    👍👍👍👍

  • @gultanatbeisebekova9822
    @gultanatbeisebekova9822 Před rokem +19

    Керемет! Тәрбиелік мәні зор, отырыстарда үлкендер осындай ғибратты әңгімелер айтсын деп тілеймін! Арнаңыз дами берсін, тыңдармандар көп болсын!

    • @bookreader917
      @bookreader917  Před rokem +2

      Пікір жазғаныңызға рахмет! Аумин, айтқаныңыз келсін! 🤲

  • @grandmotherguliya2231
    @grandmotherguliya2231 Před rokem +17

    ОСЫНДАЙ КЕРЕМЕТ, ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ЗОР, ЕРТЕДЕГІ ӘҢГІМЕЛЕР КӨП БОЛСЫН .👍👍👍❤👏👏👏💐

    • @bookreader917
      @bookreader917  Před rokem +4

      Пікіріңізге рахмет! 😊 Ойымыздың бір жерден шыққанына шынайы қатты қуанамын🥰👍✊

  • @saparaga
    @saparaga Před rokem +4

    Ассалаумағалейкум қазақ ел і ! Даналы келіндеріміз көп болсын

  • @user-pm2ff3uj8e
    @user-pm2ff3uj8e Před rokem +6

    ❤өте керемет әңгіме екен, ғұмыры ұзақ болсын.❤

  • @user-ur4ls6oy5w
    @user-ur4ls6oy5w Před rokem +4

    Қандай керемет

  • @arlanmamytkhan
    @arlanmamytkhan Před 6 měsíci

    Рахмет, жолыңыз ашық болсын

  • @user-bj4le6df1y
    @user-bj4le6df1y Před rokem +9

    Керемет жанға жәйлі әңгіме екен Рахмет

    • @bookreader917
      @bookreader917  Před rokem +2

      Тыңдап, пікір білдіргеніңізге рахмет! 🥰

  • @manibim105
    @manibim105 Před rokem +9

    Керемет , болған оқиға осындай тәрбиесі үлкен тарихи әңгімелерді айта беріңіздер....әсіресе жастарымызға ауадай қажет....

  • @user-sn6we9xz6z
    @user-sn6we9xz6z Před rokem +9

    ТАРЫХЫ АЛТЫН КАЗАГЫМ
    АЛА ТОО КЫРГЫЗ ТОКТОГУЛ УЧ ТЕРЕК ЖЭТИГЕН КАН САРУУ АЛИМЖАН УУЛУ ДООЛОТ МАНАС ДУЙНО ААЛАМДА ДОСТУК СУЙУУ ТЫНЧТЫК АК ЭМГЕК ЫРЫ ЫРДАЛА БЕРСИН

  • @Sabitkali_Abduramanov
    @Sabitkali_Abduramanov Před rokem +8

    Ол кезде қазақ сөзге тоқтаған

  • @user-zp2rl8og1j
    @user-zp2rl8og1j Před rokem +4

    Осындай ғибратты әңгімені аталарымыздан естуші едік.Енді олардың көзі жоқ,артында қалған балаларының өзі ата болды,бірақ олардың аузынан тарихты айтса да,бір-екі боқауызын қоса айтып отыратыны қынжылтады. Алла ұрпағымыздың санасынв сіңіретін осындай әңгімелеріңіз көп болсын!Әке бере алмаған тәрбиені канал арқылы ұғынатын салиқалы ұрпағымыз көбейсін!
    Каналыңыз дамып,өркендей беріңіз!Алла разы болсын!

  • @user-km3dl2zw6r
    @user-km3dl2zw6r Před rokem +4

    ДАНАГҮЛДІҢ ДАНАЛЫҒЫ ШЕКСІЗ БАР БОЛЫҢЫЗ.

  • @user-kj7cw9om6b
    @user-kj7cw9om6b Před měsícem

    12:49

  • @gulgaishaakylbaeva2486
    @gulgaishaakylbaeva2486 Před 6 měsíci

    Видеода неге дурыс ел окыган ариппен жазбайсындар

  • @aitkulkysyraubeva8891
    @aitkulkysyraubeva8891 Před rokem +10

    Керемет

  • @user-kj7cw9om6b
    @user-kj7cw9om6b Před měsícem

    17:09