Алтынбек Қоразбаев | Жайлау

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 23. 10. 2020
  • #Auen #QazAuen ‪@QazAuenKZ1‬
    Бұлағы қандай жайлаудың, бұлағы қандай оу
    Ішеді мөлдір кәусарын, құмары қанбай ой жайлау
    Сұлулық шіркін тартады, өзіне қарай оу
    Сол жақта менің сырғалы, сыңарым бардай ой жайлау
    Қайырмасы:
    Мөлдір де мөлдір бұлағың,
    Сыбдыр да сыбдыр құрағың
    Гүмбір де гүмбір домбыра
    Жайлауы осы шырағым, жайлауы осы шырағым
    Ауасы қандай жайлаудың, ауасы қандай оу
    Көңілге шипа, жүрекке дауасы бардай ой жайлау
    Бұршағы қандай, жауыны, дауылы қандай оу
    Жусаны қандай шіркін ай, жуасы қандай ой жайлау
    Қайырмасы:
    Желбір де желбір тұлымың
    Желіге байлап құлынын
    Қос өрім ерке бірімің
    Жайлауы осы сұлуым, жайлауы осы сұлуым
    Көгілдір жайлау көлдердің, тұнығы қандай оу
    Кетпейді ешкім бұл жерден, тынығып алмай ой жайлау
    Тынысы қандай шіркін ай, қымызы балдай оу
    Қымызды құйған қыздардың қылығы қандай ой жайлау
    Қайырмасы:
    Төрт-түлік малың өрісте
    Тауларың биік келіскен
    Кем емес ешбір де ештен
    Жайлауы осы періштем, жайлауы осы періштем.
    Мөлдір де мөлдір бұлағың,
    Сыбдыр да сыбдыр құрағың
    Гүмбір де гүмбір домбыра
    Жайлауы осы шырағым, жайлауы осы шырағым
  • Zábava

Komentáře • 7

  • @user-qk2mn7ks5t
    @user-qk2mn7ks5t Před 3 měsíci +1

    Керемет Алтынбек аға

  • @ORKENKANAFIA
    @ORKENKANAFIA Před 3 měsíci +1

    Кандаи керемет жаилаудаи дархандык шркын.кала мың жаксы болғанмен жаилаудаи ағамыз аитдаи әк.

  • @madiyaralmabay737
    @madiyaralmabay737 Před 3 lety +2

    👍👌

  • @user-pu2if1jx5m
    @user-pu2if1jx5m Před rokem +1

    Супер

  • @user-sk5bx6qs8y
    @user-sk5bx6qs8y Před 3 lety +2

    Керемет

  • @justAlisvdo
    @justAlisvdo Před 3 lety +4

    Керемет, туган жерiм есiме тусип кетти, ширкин шынымен ауасы кандай тамаша еди.

  • @talgatturysbek4504
    @talgatturysbek4504 Před 2 lety +2

    Мерке