Ең төменгі күнкөріс деңгейінің есептелу тәртібі өзгереді

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 8. 07. 2024
  • БІЗДІҢ CZcams АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Келесі жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің есептелу тәртібі өзгереді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі күнкөріс деңгейін медиандық табыс деңгейі арқылы анықтауды жоспарлап отыр. Яғни, орташа жалақы арқылы есептелмек. Нәтижесінде елде белгіленген кедейлік шегі өсуі мүмкін. Жаңаша есептеудің тағы қандай тиімді тұстары бар? Диана Тұрлыбек толықтырсын
    ДИАНА ТҰРЛЫБЕК , тілші:
    - Ең төменгі күнкөріс деңгейін орташа табыс арқылы есептеу шетелдік тәжірибе. Ресми статистикаға сүйенсек, елде белгіленген кедейлік шегі халықаралық стандарттардан айтарлықтай төмен. Сондықтан үкімет жаңа жүйеге көшпек. Сарапшы Санжар Қалдаров ең төменгі күнкөріс деңгейін жаңаша есептеу жәрдемақы көлемін арттыруы сеп болады деп отыр.
    САНЖАР ҚАЛДАРОВ , HALYK FINANCE Аналитикалық орталығының бас сарапшысы:
    - Яғни, осы медианалық табысқа көшкен соң министрлік айтқан жоқ медианалық табыстың қандай бөлігі есептеледі. Дегенмен, бұған өткен кезде кедейшілік шегінің мөлшері ұлғаятыны анық. Және де әлеуметтік жәрдемақымен қамтамасыз етілетіндердің саны артатыны анық.
    Ал, экономисттер ең төменгі жалақыдан да аз айлық алатын жандардың да за емес екенін айтады. Мәселен, былтыр олардың саны бір миллионнан асқан. Сондықтан күнкөріс деңгейін есептегенде халықтың басқа да қажеттіліктерін ескерген жөн дейді.
    МЕРУЕРТ МАХМҰТОВА , экономист:
    - Күнкөріс деңгейін санағанда адамға күн көру үшін тек тамақ пен киім ғана керек емес. Оған әрине, әлеуметтік-мәдени былайша айтқанда қажеттіліктері бар. Сондай мәселелерді де ескеріп отыру қажет. Ол үлкен кісіге де, әйел адамға да, балаға да. Осыны есепке қосу керек. Бала-шағасы болса азаматтардың олардың тамағы бар, киетін киімі бар, коммуналдық төлемдер бар деген сияқты 85 мыңға күн көру мүмкін емес. Бұл ең төменгі жалақы. Ал, ең төменгі күн көру деңгейі 48 мың. Енді жоқтан бар дегені үкіметтің.
    Айта кетейік, былтыр медианалық табыс жан басына шаққанда жетпіс үш мың теңге болған. Ал, ең төменгі күнкөріс деңгейі 2024 жылдың маусымында 49 168 теңге болды. Сарапшылар ең төменгі күнкөріс деңгейін жаңаша есептеу кедейшілікпен күресуге сеп болады деп күтілуде.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Komentáře • 21

  • @user-xx5bl5ll8e
    @user-xx5bl5ll8e Před 15 dny +5

    Күннен күнге жағдайымыз жақсарып жатқан ештеңеміз жоқ қой қалай есептесең де

  • @marjaneleussizova4613
    @marjaneleussizova4613 Před 15 dny +4

    Кедейлік шегі ,африкалық елдермен бірдей.Елдегі экономисттер ,точно экономныйлар, өз пайдаларын ойлайды,халықтың жағыдайын қаитсын, өлместің күнін кешіп жатыр,нанмен суға жеьсе болды деп ойлайдау шамасы.Ал қарастырылса осы мәселе, нұр үстіне нұр, бір жыл ойлап, ол приказ шыққанша, инфляция жеп қояды

  • @user-bn6hm6ei3f
    @user-bn6hm6ei3f Před 7 dny

    Сондайды болдыртпау керек

  • @user-bn6hm6ei3f
    @user-bn6hm6ei3f Před 7 dny

    Койсын сондайларын кедиейликтерди жасауды

  • @user-bn6hm6ei3f
    @user-bn6hm6ei3f Před 7 dny

    Кун корис денгейин котерсин... Адамдарды олтируге кукуларын жок.. Казактар кедейликтен шыгару керек. Берсин акшаны дурыс.. Кетиликтен халык шыксын

  • @user-bn6hm6ei3f
    @user-bn6hm6ei3f Před 7 dny

    Адам олтиргиштер кан соргыштар болмай.. Кетсин ондай министирлер экономистер

  • @user-hg2xj9cg9x
    @user-hg2xj9cg9x Před 15 dny

    85000 жалакымызды жырымдап береды онын озынде азердегенде толейды гой

  • @user-hj9um8su8v
    @user-hj9um8su8v Před 15 dny +1

    Кредит алайн деп барсан даход жетпейді дейди аспға тапсырсан даход асты дид

  • @user-xh9dj5mi8f
    @user-xh9dj5mi8f Před 15 dny +1

    Бұлар уақытты созып отырғо 70 000 теңгеден бала басына шілде айында береміз деп еді өтірік айтады бермейді ештеңе

  • @user-bn6hm6ei3f
    @user-bn6hm6ei3f Před 7 dny

    Ол кедейлик кылмыс болып есептеледи

  • @user-bn6hm6ei3f
    @user-bn6hm6ei3f Před 7 dny

    Кылмыстарына

  • @user-bn6hm6ei3f
    @user-bn6hm6ei3f Před 7 dny

    Саган жауап беру керек кедиликти истеп журген азаматтар

  • @user-rw8qm1jk3b
    @user-rw8qm1jk3b Před 15 dny +1

    Ен томенг айлык 85000 1адам айлыгы ол кисинин кунделикт ишетин 3 м тамагы жол акысы ал косымша ким кутим тазалык куралдары осыган жетпейт ал конактыгы куанышы кыдыру коцерт демалу ол жагы нол

  • @user-bn6hm6ei3f
    @user-bn6hm6ei3f Před 7 dny

    Колдан казактардан

  • @aymanbolatbekkizi
    @aymanbolatbekkizi Před 15 dny +1

    1 айлык расход:
    Айлык 150 мың
    Үйдеги адам саны 1 ул,1 кыз және анасы
    1.Садик 34 мың
    2.кииим 30 мың
    3.медицина 40 мын
    4 Комуслуга 20 мың
    5.азык тулик 80 мың
    6.Кыдыру и прочий 0000000000тг 😅

  • @user-bn6hm6ei3f
    @user-bn6hm6ei3f Před 7 dny

    Адам дурыс конкорис болмаса олип калады

  • @user-vg2yr3xn8i
    @user-vg2yr3xn8i Před 15 dny

    120,150 мын болуы керек шыгар ен томенги айлык

  • @user-zu7zi8gw7b
    @user-zu7zi8gw7b Před 15 dny

    Свет багасын тусырсыншы 31 т ден айына 20 23 мынга диын шыгып кетып жатыр шаршаты гои баска расхоты есептемегенде жекеге откызби кайтарсын окметке светы карасайскй раион