Нұрсұлтан ұстаз. МЕН СУРАЙЫН ДЕП ЖҮРМІН

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 3. 01. 2024
  • Алла Тағала Қасиетті Құранда былай деген:
    «(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Мұса (Ғ.С.) ны есіңе ал. Рас ол, ықыласты әрі жіберілген пайғамбар еді» (19:51).
    Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) былай дейді:
    «Мысырдың билеушісі Мәлік Райян өлгенде, оның орнына Уәлид есімді ұлы бар Мұсаб сұлтан болады. Мұсаб баласы Уәлидті ағаш ұсталығына береді. Бір күні ол шеберден қашып кетеді. Содан оны «өзі қашып кетті» деген мағына беретін «Перғауын» деген атаумен атап кетеді».
    Перғауын бір ақсүйектің ат күтушісі болып қызмет етіп жүреді. Сондай-ақ, қала қақпасының қасына отырып алып, жерлеу рәсімін өткізу үшін деп жерлеуге келгендерден ақша жинайтын.
    Күндердің күнінде Мысыр сұлтанының әйелі қайтыс болады. Мәйітті жерлеу үшін қала қақпасынан шығарып бара жатқанда, Перғауын ақша беруін өтінеді. Оған ақша береді, бірақ бұл жөнінде билеушіге жеткізеді, ал ол өз кезегінде, қатты ашуланып оны өлтірмекке ұйғарады. Перғауын жерлеуден жиған-тергенінің бәрін әміршіге қайтарып береді. Әмірші оны бостандықта қалдырып, түнгі барлаушылардың басшысы етіп тағайындайды да:
    «Егер түнде әлдекімді көрсең, оны өлтір», - деп бұйырады.
    Бір күні әмірші Перғауынның өз міндеттерін қалай атқаратынын тексермек болып, уәзірімен бірге түнде көшеге шығады. Күзетшілер ұстап алып, оларды Перғауынға алып келеді. Перғауынның бұйрығы бойынша уәзір де әмірші де сол жерде өлтіріледі.
    Міне, осылайша, Перғауын Мысырдың тағына отырады. Перғауын үш жүз тақ дайындауға бұйрық береді. Сол тақтарға Перғауынның ақсүйектері жайғасады. Оның жүз мыңдаған құлдары болған әрі әрбірінің мойнында алтын жүзік болатын. Перғауын да, оның маңайындағылар да иман келтірмеген кәпір болатын.
    Осы Перғауынның билік еткен уақыты Имранның ұлы Мұса пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) дәуіріне сәйкес келеді. Мұса деген есім екі сөзден тұрады. «Мұ» - су және «са» - ағаш, демек, «Мұса» сөзі жалпы алғанда, мынадай мағынаны білдіреді: «су мен ағаштың арасында келген».
    Хадиске сай, бір күні Перғауын түс көреді, түсінде Иерусалимнен келген от бүкіл Мысырды жалмайды, сол өртте күллі иман келтірмеген кәпірлер жанып кетеді. Ал Исраил ұрпақтарына (еврейлер) ештеңе болмайды. Ұйқысынан тұра сала, Перғауын түс жорығыштарға жүгінеді. Сонда олар оған:
    «Исраил ұлдарының ішінде жуырда бір ұл дүниеге келеді, ал сенің өмірің сол ұлдың қолында болады» дейді.
    Осыдан кейін Перғауын Исраил тұқымынан болған жаңа туған ұлдардың бәрінің көзін құртуды талап етеді.
    Бір деректерде, тоқсан мыңнан артық бала өлтірілгені айтылған. Сонда Перғауынға Мысырдың танымал адамдары келіп, бір жылы балалар өлтірілсе, келесі жылы балалардың өлтірілмеуін сұрайды. «Әйтпесе бірде-бір бала қалмайды», - деп өтінеді.
    Перғауынның бұйрығы бойынша, сол жылы балалар өлтірілмейді. Сол жылы Харун хазірет дүниеге келеді. Ал Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) балдардың өлтірілетін жылы туады. Ұлы туа салғанда Перғауынның адамдарынан қорыққан Мұсаның ата-анасы оны отқа тастайды. Алайда от пайғамбар болар балаға еш тиіспейді. Шарасыздықтан анасы ұлын сандыққа салып, Ніл өзеніне ағызып жібереді. Ішінде нәрестесі бар сандық өзенге ағып кете барады. Өзен арнасының бірі Перғауын сарайының маңынан ағатын, ағыс сандықты тура сол жерге алып келеді. Ал сандықты Перғауынның әйелі тауып алады. Ол сәбиді сандықтан шығарып алып, өзімен алып кетеді әрі баланы өте жақсы көріп қалады. Перғауын ұлды қатты өлтіргісі келсе де, әйелінің өтінішіне қарсы келе алмай, бұл ниетінен бас тартады. Оған қоса, Перғауынның өз кіндігінен бала болмаған.
    Содан баланы емізетін әйелдерді шақырады. Алайда, бала ешкімнің омырауын ембей қояды. Сол арада сандықтың артынан жүріп отырған ұлдың апасы бұл сәбиге ең жақсы бала емізетін әйел тауып беретіндігін айтады. Осылайша, Мұса өзінің туған анасымен қауышады...

Komentáře • 77

  • @user-ke3sf3sv6f
    @user-ke3sf3sv6f Před 5 měsíci +2

    Аллаһ тіл көзден сақтасын бауырым. Аллаһ разы болсын

  • @user-pj9lq5vk6e
    @user-pj9lq5vk6e Před 6 měsíci +20

    Айналайын балам-ау, Аллам ұзаақ ғұмыр берсін, екі дүниенің бақытын сыйласын саған Аллам

  • @user-qg6cr5qk8m
    @user-qg6cr5qk8m Před 6 měsíci +24

    Мұхаммедтің үмбеті қылған Аллаға сансыз шүкір, сансыз мақтаулар болсын, Пайғамбарымыз с.ғ.с сансыз салауаттар болсын 🤲

  • @aperfect4887
    @aperfect4887 Před 6 měsíci +29

    СубханАллаһ, көз-тілден сақтасын жас ұстазды Нұрсұлтан бауырымызды❤

  • @musulmandar
    @musulmandar Před 6 měsíci +36

    Аллаһу Акбар Аллаһу Акбар, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с ғ с) Алланың сәлемі мен салауаттар болсын!

  • @muhammedqaiyr6658
    @muhammedqaiyr6658 Před 6 měsíci +14

    Аллаһ тағала разы болсын сізге ұстаз інім Нұрсұлтан!!! Бұл уағыздарыңмен Адамзат ұрпақтарын Аллаһ тағала жолына жетелеп алып келсеңіз де шүкір!!! Нәсіп етсін Иманды Аллаһ тағаланың сүйікті ұрпақтарын алып келуімізге!!! Әумин!!!

  • @patimayessenbekova5611
    @patimayessenbekova5611 Před 6 měsíci +5

    АЛЛАҺЫМ ҰЛЫҚ🌹АЛЛАҺЫМА САНСЫЗ МАДАҚТАР МЕН МАҚТАУЛАР БОЛСЫН🌹ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕДКЕ АЛЛАНЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН 🌹

  • @user-qi3ts8xn5f
    @user-qi3ts8xn5f Před 3 měsíci +1

    Кушты

  • @user-np1se3ng2v
    @user-np1se3ng2v Před 5 měsíci +1

    Не деген керемет уағыз

  • @user-rx9cw9km9e
    @user-rx9cw9km9e Před 6 měsíci +19

    Ай Нурсултан балам айтатын уагызын ешкашан битпесин.Алла гумырынды узак етсин

  • @user-qb4bj4hd3p
    @user-qb4bj4hd3p Před 6 měsíci +16

    Разылық Раббымыздан болсын

  • @user-zl2wu4nk3k
    @user-zl2wu4nk3k Před měsícem

    Ееееее базар жоқ бауырым аға әңгімені жібереді сіз ғой бұл кісі әңгімені жібереді ааааааааау ағайындар 😂😂😂😂😂😂😂😂😂❤❤❤🎉🎉😅😅

  • @user-gf1oo4dv4p
    @user-gf1oo4dv4p Před 6 měsíci +2

    Нуайб деген сахаба болған Медина каласында... сол кісі сөздерімен пайғамбарымызды күлдіретін болған... осы Нурсултан устаз сол кісіге уксайды... күлкі мен айтылған уағыз өте әдемі... Аллаһ разы болсын устаз

  • @user-sw2vm9uf4v
    @user-sw2vm9uf4v Před 6 měsíci +4

    Нақты және Нық.Осылай әзіл қосып жақсы түсіндіру керек.Сонда бәрліғі ұйып тыңдайды және ой түйеді.МашАлла.

  • @yerlantukushev
    @yerlantukushev Před 6 měsíci +14

    Аллаһу Акбар

  • @mrsirazh2772
    @mrsirazh2772 Před 6 měsíci +8

    Иә Раббым Лә Һауля уә ля қууата илля Билляһ!!!! Әльхамдулиллях!!! Мохаммед (с ғ у) Пайғамбарымыздын үметінен болғанымызға мын шүкіршілік!!!!

  • @user-pw4nk3pg9z
    @user-pw4nk3pg9z Před 5 měsíci +1

    Бауырым халыққа жағымды уағызыңнан айналайын. Алла разы болсын.

  • @DaurenDaur
    @DaurenDaur Před 6 měsíci +2

    Моладец👍Ешқандай ақау жоқ сөзінде.Алла бәле-жаладан сақтасын

  • @user-gq4td8dy3i
    @user-gq4td8dy3i Před 6 měsíci +4

    Аллам сзге зор денсаулыкгумыр берсн❤Аумин

  • @ainurabizova2212
    @ainurabizova2212 Před 6 měsíci +5

    Алла разы болсын

  • @user-ru6qe6gt1n
    @user-ru6qe6gt1n Před 5 měsíci +2

    Аллаху акбар

  • @user-bp3dc6iq2m
    @user-bp3dc6iq2m Před 3 měsíci

    ❤❤❤😊

  • @big-koke
    @big-koke Před 6 měsíci +6

    Керемет уағыз

  • @user-cf2jb5do5k
    @user-cf2jb5do5k Před 6 měsíci +4

    Алла Разы болсын, Алла Жар болсын, Бауырларым!!!

  • @user-mn6wu5nr8t
    @user-mn6wu5nr8t Před 6 měsíci

    😢❤

  • @user-be8ce3xn1r
    @user-be8ce3xn1r Před 6 měsíci +6

    Аллаһу акбар!

  • @user-gg7rk6wq3h
    @user-gg7rk6wq3h Před 6 měsíci +2

    Аллаһ тағала разы болсын! МашАллаһ

  • @user-os7wy3bg2k
    @user-os7wy3bg2k Před 6 měsíci +7

    Ия бари рас сен сенбе сол кун келе жатыр Алла каласа келеди и болады сол уакыттар👍👍👍

    • @kikibizza7042
      @kikibizza7042 Před 6 měsíci

      Алла эи иманшылар бас косатын сезмдерин каида пендемз каида деп сураитын кундерди издисинде. Себеби телефон согалмаисындар тлдерин соилеит бала кезде ол тосекте коргенмин орыс жан береалмаи кыналуда армияда госпителде болт шакырат касына бардым ты маладои скажы хачу прасит да праси вот вера какой муслманин. Маюверю знаешь нет деп аитым христянин. А эти миня шитаиют шежафриним что это деп сурадым. Ол сонда аитатын коз алдыма жын корнет мен сени коргендеи корем тунде соилем турам сен озн блесин деген. Рас турды не коргень богауыз маклук дасын салт турли бир уакыта турдымда алла ауызмен аитып келемемди аитым. Куртаи кезмде ажем аиткызатын. Уашхадуанна лаилпахии муаххамед расуллах деп барып жугрип барып касына бардым маган жабысты турдымда колынан бир удармен кактым котер алып полга бир удармен лактырдым. Бардымда свети костым есин жинат кешрм сурат бир уакыта есме туст аитканы жындарды аитпаиак кои сенмдедим. Бир у*кыта нага8ым аксактыгы корнди келеме каирыу себеи раас. Алла куранаааа суремен

  • @user-qg6cr5qk8m
    @user-qg6cr5qk8m Před 6 měsíci +4

    Күліп отырып, жылағың келеді.🥹

  • @user-ot5id2ht1x
    @user-ot5id2ht1x Před 6 měsíci +2

    Алла Акбар! Ұстаз Алла разы болсын сізге!

  • @kuralbektokhmetov-cz3xz
    @kuralbektokhmetov-cz3xz Před 6 měsíci +3

    Алла разы болсын ұстаз

  • @umarsheripov8192
    @umarsheripov8192 Před 6 měsíci +3

    Ұстаз Аллаһ разы болсын

  • @saltanattaitenova6756
    @saltanattaitenova6756 Před 6 měsíci +3

    Алла ғұмырлы етсин сизди

  • @bil-znai7674
    @bil-znai7674 Před 6 měsíci +2

    ❤❤❤

  • @user-zo6zv6zx8l
    @user-zo6zv6zx8l Před 6 měsíci +2

    Күлетің ештене жоқ,осы жерде де күледі,басқа жерде қайдан тыңдасын,жылайтын жер ғо,өзімізге өзіміз күліп.

    • @tigerjetlife
      @tigerjetlife Před 6 měsíci

      Иә өте дұрыс айтасыз күлетін жағдай емес ойланып ой түйетін әрекет істейтін жайт бұл)))Аллаһ сақтасын)))

  • @user-rj4cr8wl4y
    @user-rj4cr8wl4y Před 6 měsíci

    Ана жаққа барып келгендей сайрайды ау шіркін

    • @user-zv4bs4xe1f
      @user-zv4bs4xe1f Před 4 měsíci +1

      Куран деген китап бар авторы Аллах сонын ишинде жазылып тур

  • @makerakish8700
    @makerakish8700 Před 6 měsíci +2

    Жібересіңау

  • @user-bs1tf8gt4e
    @user-bs1tf8gt4e Před 6 měsíci +1

    Ниетіңе жет інім егер сен Нұхтан және Мұсадан сұрағың келсе онда міндетті түрде Исаға келудің керек басқа жол жоқ, Исаның өзі айтқан Мен жол шындық мәңгілік өмірмін деп айтқан, кейін Құранда 4-ші Ниса сүресі 159-аятта Исаға иман келтіру керек жайлы айтылған, себебі Иса Ол Құдайдың Сөзі!!!

  • @kainullauly
    @kainullauly Před 6 měsíci +2

    Ассалаумағалейкум толық қайдан көруге болады?

  • @user-ei4dt7jr7l
    @user-ei4dt7jr7l Před 6 měsíci +1

    Ассалаумағалайкум толық нұсқасын қайдан көреміз

  • @AkerkeNogai
    @AkerkeNogai Před 6 měsíci +2

    Толық нұсқасы бар ма?

  • @user-se4ne7ph8c
    @user-se4ne7ph8c Před 6 měsíci +1

    Ассалаумағалейкум! Ол кезде кредит болмаған ғой 😂😂

  • @gitara-ereke98kz
    @gitara-ereke98kz Před 6 měsíci +1

    Діндар Имамдарды Юморға дайындайтын театр бар ау сірә

  • @user-fz1og5dl5d
    @user-fz1og5dl5d Před 6 měsíci

    Несі күлкілі😢жылау керек қой

  • @user-cs7ib8jc2i
    @user-cs7ib8jc2i Před 6 měsíci

    Бекер айтпаған екенау қазақ саусақ көрсетсе кұле беретін деген😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢

  • @AnuarBolat
    @AnuarBolat Před 6 měsíci +4

    Толық нұсқасын қалай көрсек болады

    • @user-xn9mt6dg5w
      @user-xn9mt6dg5w Před 6 měsíci

      czcams.com/video/E0MHP6bAzgc/video.htmlsi=pMxGwOvr0fMsFkcU

  • @Ikiand
    @Ikiand Před 6 měsíci +5

    Еш күлкілі емес.😢барлық мүшелері сөйлейді

  • @super9725
    @super9725 Před 6 měsíci

    😂😂😂

  • @77777saniya
    @77777saniya Před 6 měsíci +1

    😂😂😂😂

  • @user-jp9wq1gd7g
    @user-jp9wq1gd7g Před 5 měsíci

    Толық дәрсі барма осы дәрістің?

  • @user-cs7ib8jc2i
    @user-cs7ib8jc2i Před 6 měsíci +1

    Тойлатып ыржалақтап жүрген бишара елімай 😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢

  • @A.S.KEYSHIN
    @A.S.KEYSHIN Před 6 měsíci

    Отрик мусылман болмандар

  • @user-lz2dk1uu8l
    @user-lz2dk1uu8l Před 6 měsíci +1

    Барлық уағыздарын тыңдадыңыздар ма,неге негатив пікір жазасыздар?

  • @user-fd8ne7xh5y
    @user-fd8ne7xh5y Před 6 měsíci

    Жаңағы сен айтқан шақыртуға Қазақтардан кім барған.

    • @user-sd3st9dk3y
      @user-sd3st9dk3y Před 6 měsíci +1

      Ол Алда болатын оқиға, оның ішінде қазақтарда болар бәлкім, немесе сізде боларсыз тәубе етсеңіз анығын Аллаһ біледі, құран да ғы оқиғалар мың жылдан кеин немесе мың ғасырдан кеин болама онысын Аллаһ біледі, сондай аралықтағы болып өткен немесе алда болатын оқиғалар ды қамтиды

  • @user-cs7ib8jc2i
    @user-cs7ib8jc2i Před 6 měsíci

    Неге қауым күліп отыр??? Мен түсінбеймін 😮😮😮

  • @__-cb2uo
    @__-cb2uo Před 6 měsíci

    Нұх (ғ.с.) пайғамбар сенің құрдасың емесқои. Құрмет ет (ғалейһис салам) деп айту керек аты айтылғанда. Ғалымдығың сол жерде көрінеді....

  • @user-np1se3ng2v
    @user-np1se3ng2v Před 5 měsíci

    Халық күліп отыр. Күлетін нәрсе емес

  • @user-fd8ne7xh5y
    @user-fd8ne7xh5y Před 6 měsíci

    Бауырым, хадисті әңгіме қылып отырсың ба?.Сол сүреден айтсай, білімің жетсе, сандырақтай бермей.

    • @user-tk1kt7dt4z
      @user-tk1kt7dt4z Před 5 měsíci

      Кім сандырақтап отыр ішіп алған біреүсңба

  • @user-pv3hm1zi2o
    @user-pv3hm1zi2o Před 6 měsíci

    Кибайшал:-дүмшенің сөзі топан,
    Барма екен қайығы топанға соққан,
    Әрине мұндайларға су жұқпаған,
    Артистерге ұқсайды жүзді ұрттаған.

    • @user-og3cl5hk3k
      @user-og3cl5hk3k Před 6 měsíci +3

      Нұхқа сенбеген дердің қатарынан болып қалып жүрмегейсің.

    • @user-pv3hm1zi2o
      @user-pv3hm1zi2o Před 6 měsíci

      @@user-og3cl5hk3k Қыбайша
      Әлбетте жаратқанға сенемін,
      Пайғамбар елшілері білемін,
      Әттең дүмшелердің сөздерін,
      Ұқсаттым көрсетуге өздерін .

  • @user-ru1hr5hn7y
    @user-ru1hr5hn7y Před 6 měsíci +1

    ПРОДАЖЕЫЕ ИМАМЫ , ПРОДАЛИ СЕБЯ ПРОВИТЕЛЯМ . УМНИК СИДИТ . НЕПРИЯТНЫЙ ЧЕЛОВЕК

  • @user-dm1bg9zp1u
    @user-dm1bg9zp1u Před 6 měsíci +1

    Акудай бала, сен мынадай мазак куйiнмен шашнарга барсай

  • @user-hd8jc2fe1k
    @user-hd8jc2fe1k Před 6 měsíci +1

    Алла разы болсын