Алтын адам

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 6. 09. 2024
  • «Алтын адам» 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.
    Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 - 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.
    Алтын қалған жарқыраған» деп Мұқағали ақын жырға қосқан Алтын адам туралы айтылған ақиқат та, аңыз да көп. Сонау 1970 жылдары тек Қазақстан үшін емес, төрткүл әлем үшін үлкен жаңалық болған Алтын адамның жұмбағы күні бүгінге дейін толық шешілмей келеді. Тарихшы ғалымдар, антропологтар мен археологтар Алтын адамды жан-жақты зерттеп жатқанымен, әлі де көпшіліктің көкейінде сұрақ жетерлік.
    Алтын адам - Қазақстан тарихындағы ең танымал археологиялық қазба. Есік қаласында табылған сақ жауынгері, біздің еліміздің басты символына айналды.
    Бұл адамның жасы - 16-18, ал бойы - 165 см болған. Табылған қорған - ерте темір дәуіріне (б.з.б. VII-III ғасыр) жатады. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жерлерде сақ тайпалары өмір сүрген. Зиратта 4000-нан астам алтын заттар, қылыш, қыштан жасалған 31 ыдыс, күміс табақтар, ағаш қасық, қола айна болды. Ғалымдар Алтын адамның қалай қайтыс болғандығын анықтады. Оның арқасына пышақ немесе қылыш соққысы жасалған. Оның бас киімінде төрт жебе бар, бұл әлемнің төрт жағын және ол адам, билеуші әулетке жататындығын білдіреді. Күміс ыдыстағы жазбалар, қай тілде жазылғаны әлі күнге дейін белгісіз. Зиратта табылған адамның қалдықтары әйелдікі болуы мүмкін. Биіктігі 70 сантиметр бас киім, сәукелеге өте ұқсайды. Кейбір мәліметтер бойынша, ол сақтардың патшайымы Тұмар (Томирис). Жауынгердің саусақтарында екі сақина киілген. Сақинадағы суретте, ежелгі Күн құдайы - Митра бейнеленген деген ақпарат бар. Алтынның жалпы салмағы қанша екені белгісіз. Қазба жұмыстары аяқталған соң, қорғанның орнына автобаза салынды. Қазіргі уақытта ол - Қазақстан Республикасының алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайында орналасқан. Сондай-ақ, Нью-Йорк қаласының мұражайында, осы археологиялық табыстың көшірмесі бар.
    #kaskelen
    #kaskelenkz
    #qaskelen
    #каскелен
    #каскеленкз
    #қаскелең
    #қаскелеңкз
    #қарасай ауданы
    #карасайский район

Komentáře • 12

  • @user-os7uo1ut7b
    @user-os7uo1ut7b Před 2 lety +1

    мен бүгін тура осы музейге бардым! өте күшті баруға кеңес берем

  • @bayusabdrashidov760
    @bayusabdrashidov760 Před 2 lety

    Оте керемет,

  • @user-du8wc7qe7r
    @user-du8wc7qe7r Před 2 lety +1

    Алтын адамның киімдерінің аты қалай аталады, мысалға бас киімінің 23-інде менде ғымыми жоба, соған мен алтын адамды қорғаймын срочна керек боп тұр.

  • @life3405
    @life3405 Před 2 lety

    Тамаша

  • @user-xv6us2ze1p
    @user-xv6us2ze1p Před rokem

    БАРЫС жылы өмірге келген.

  • @user-qc2vf3uk5r
    @user-qc2vf3uk5r Před 2 lety +1

    Неге шындык ты жасырасындар?? Бас киимдегь крест белгісi бар екенін аитпаисындар, сактар кунге табынган, крест свастика бул солярный символдар. Значит крест бул тек христиандардыкi емес деп неге аитпаисындар???

  • @user-xv6us2ze1p
    @user-xv6us2ze1p Před rokem

    АЛТЫН АДАМ менің бабам.

    • @barsbeg888
      @barsbeg888 Před 7 měsíci

      Ваш Род и Сёёк , клан ?

  • @user-wv8tn9qw1y
    @user-wv8tn9qw1y Před 2 lety

    21:04

  • @Jumamutov
    @Jumamutov Před 2 lety

    Съемкам-ай, монтажым-ай😂