Жергілікті футбол клубы алматылық қарсыласымен тең түсті

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 8. 07. 2024
  • Футбол десе ішер асын жерге қоятын жанкүйерлер жексенбі күні түстен кейін "Қарасай стадионына жиылды. Мұнда жергілікті "Қызылжар" командасы лига кубогы аясында алматылық "Қайратты" қабылдады. Ауа райы қолайлы болмағанымен ойынды бірсыпыра адам тамашалады. Айта кету керек, петропавлдық команда онтүстікастаналықтарды 3 ойын қатарынан жеңе алмай келеді. Сол үрдіс жалғасын тапты. Кездесу есебі 1 де 1. Көп гол соғылмаса да ойын тартысты өтті. Теріскейліктер сапынан грузиялық легионер Лука Имнадзе көзге түсті. Ол қарсылас қақпашысының қателігін ұтымды пайдаланып кетті. "Қызылжар" ФК келесі ойынын сырт алаңда қостанайлық "Тобыл" командасына қарсы өткізеді.

Komentáře •