Кінәлі кім? Алматыда артық салмақтан арылу үшін ота жасатқан 47 жастағы әйел көз жұмды

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 9. 07. 2024
  • БІЗДІҢ CZcams АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Алматыда артық салмақтан арылу үшін ота жасатқан 47 жастағы әйел көз жұмды. Хирургиялық операциядан кейін Құралай Батырханованың жағдайы нашарлап, жекеменшік клиникада қайтыс болған. Марқұмның жақындары болған іске дәрігерлерді кінәлап отыр. Сөздерінше, медициналық мекемедегілер отаның соңы өлімге әкелуі мүмкін екенін ескертпеген. "Ота жасалған соң сол күні-ақ аяққа тұрады" деп сендірген көрінеді. Мәселенің анығын әріптесім Оразай Нұртайұлы анықтап келді.
    Бұл 47 жастағы Құралай Батырханованың отаға дейінгі бірер күн бұрынғы жүзі. Туыстарының айтуынша, марқұм әрдайым осындай көңілді, ашық-жарқын мінезді болған. Ауру-сырқауды білмейтін дейді. Тек артық салмақтан арылып, салауатты өмір салтын ұстанғысы келген. Осылайша, Алматыдағы атағы жер жаратын жекеменшік клиникаға жүгініп, тәніндегі майды ота арқылы алдыруды жөн санапты. Ол үшін 2 миллион теңге де төлеген. Содан шілденің 5-і күні хирургиялық операция жасатуға кеткен екен.
    СӘУЛЕТ БАТЫРХАН, Құралай Батырханованың Сіңілісі:
    - Туған күніме жаңа Құралай болып келемін деп, қуанып сол операцияға кеткен еді. Мұғалім ғой. 27-сі жұмысқа шығамын, отадан кейін 10-15 күн күтініп, жұмысқа шығып кетемін деп ойлады. Бір күмән болған жоқ. Врачқа да күмәнданбадық. Отзывтарын қарасақ, Алматы бойынша "номер один" клиника екен.
    Қуанышпен клиникаға кеткен әйел сол күні отадан кейін көз жұмған. Шілденің 8-і туған күнін атап өткісі келген марқұм қуанышына бір тәулік жетпей жер қойнына тапсырылды. Артында бүтін бір әулет зар жылап, 3 бала жетім қалды.
    Қара жамылған отбасы жекеменшік клиника ота жайында толық мәлімет бермеді, операциядан кейін дұрыс күтім жасамады деп шағымдануда. Науқастың қайтыс болғаны да бірден хабарланбады дейді.
    ГҮЛНӘР БАТЫРХАНОВА, Құралай Батырханованың Сіңілісі:
    - Адамның миын улау ғой бұл. Неге олар оны айтпаған. Мұндай жағдай болады, "өліп қалуыңыз мүмкін" деп неге айтпайды?! Хотя бы 90 пайыздың 2 пайызында осындай жағдай ықтимал деп неге ескертпеген. Барлығына 100 пайыз сенімді болған. "Сізді операциядан кейін сағат 2-де жолдасыңыз алып кетеді" деген. Біз солай сендіргеннен кейін не ойлаймыз? Жеңіл ота деп ойладық. Расында ондай емес!
    Туыстары одан бөлек, жекеменшік клиника қызметкерлерінің марқұмның денесін ескертусіз мәйітханаға салып жібергеніне наразы. Ал басы дауға қалған мекеменің бас дәрігері сүйекті мәйітханаға алып кеткенінен хабарсызбын дейді. Және өлімнің нақты себебі анықталмайынша оқиғаға қатысты ақпарат беруден бас тартты.
    ДАНИЯР УРМУЗИН, "AMIRA" Пластикалық хирургия және косметология клиникасының бас дәрігері:
    - Моральдық жауапкершілік менің мойнымда. Өйткені отаны жасаған да, сенім ұялатқан да мен. Өкінішке орай үмітті ақтамадым. Бұл жағдай маған да ауыр. Бұған дейін бізде адам өлімі болмаған. Науқасқа іш майын алып тастау отасы жасалған еді. Мен басымды алып қашпаймын. Өлімнің нақты себебі анықталсын. Әзірге бар айтарым осы.
    ОРАЗАЙ НҰРТАЙҰЛЫ, тілші:
    - Алматының полиция департаментінің хабарлауынша, бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Процессуалдық шешім, өлімнің себеп-салдарын анықтау мақсатында тағайындалған сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққанда ғана белгілі болады. Марқұмның туыстары тергеудің әділ өтуін талап етуде.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Komentáře • 72

  • @user-nz5wm2qh9u
    @user-nz5wm2qh9u Před 17 dny +16

    Иманды болсын 🤲 ота жату ешкім гарантия бермейді ғой. Кез келген ота белгісіз жағдай болады. Туған туыстарына сабырлық берсін 😢 Алла жар болсын балдарына

  • @user-ud8rt7sq5k
    @user-ud8rt7sq5k Před 17 dny +12

    Алланың берген түрі,Алланың берген денесі мен өмір суріу керек өлімге де бір себеп болуы керекғой

  • @user-on2tv3dq8r
    @user-on2tv3dq8r Před 17 dny +13

    Арықтаудың басқа тәсілімен арықтау керек еді

  • @user-fb8bz4iw5p
    @user-fb8bz4iw5p Před 17 dny +13

    Ешқашан отзывқа сенбеңдер. Ешнәрсеге сенбеңдер. Ақша аңдығандарды. Ардан безгендер. Бәрі аяғымен емес аузымен журіп кетті. Ешқашан ауру болмасаңдар қазіргі шыққан әрнәрсеге ота жасатпаңдар. АЛЛА кешірсін енді . Бул сумдық нәрсе ғой. Басқада салмақтан арылу жолынын қарастырыңдар. Спорт турлері.

    • @user-fb8bz4iw5p
      @user-fb8bz4iw5p Před 17 dny +2

      Отзывқа есітуім бойынша сондай жазатындар тағайындалады екен. Сумдық. Сенбеңдер.

  • @user-vk2ur2bw9b
    @user-vk2ur2bw9b Před 17 dny +13

    Алла сақтасын Иманды болсын

  • @user-sf1od5rb5p
    @user-sf1od5rb5p Před 17 dny +7

    артық салмақпен жүребермедіма ота құрсын шшс

  • @user-ps5gs6pl5i
    @user-ps5gs6pl5i Před 17 dny +14

    Бауырлары неге тоқтатпадыңыздар,аты дардай жер жарған ресейлік Хайдаров деген кәсіби пластикалық хирургтен қаншама адам зардап шегіп урод болып жатыр,бізде қайбір жетіскен маман бар деп ойладыңыздар

  • @user-zc4se9hq4o
    @user-zc4se9hq4o Před 17 dny +5

    Легкая операция деп ойладык деп кояды😢ужас
    Иманды болсын

  • @user-nq6rn9pk4p
    @user-nq6rn9pk4p Před 17 dny +8

    Даригердин, еш. Кинаси жок, кой! Любой, пышактын астына, тускен Адам! Рискует! Иманды, болсын! Бирак,Ап Адеми, Айел! Ози барды гой! Ким билед, Ажалы осыдан, кеп турган! Шыгар! Кап, сап сау Адам! Ешким, керекемес, бармайак кой, деп аййтпаганба! Обал, Балаларга!

  • @kaukenraimkulov3624
    @kaukenraimkulov3624 Před 17 dny +5

    Иманды болсын
    Негізі ауызды тыйу кереккой семіздікпен куресу ушун

  • @user-wl5go2rt4t
    @user-wl5go2rt4t Před 17 dny +5

    Доктыр кудаи емескои олетынын былыптуратын. Олетынын былсе операция жасамаидыгои.

  • @AqerkeAytugan-cw4bx
    @AqerkeAytugan-cw4bx Před 17 dny +4

    ой киын болған екен иманы жолдас болсын 🙏 сауатсыз дәрігерлердің кесірі😢

  • @user-nw3cu1sx5n
    @user-nw3cu1sx5n Před 17 dny +8

    Тамақтан тиыл жеме болды қу сүйек боласың

  • @user-sc3nk5pk8j
    @user-sc3nk5pk8j Před 17 dny +9

    Отага жоламандар

  • @user-we2jk5rp7p
    @user-we2jk5rp7p Před 17 dny +18

    Ешкім оны операцияға итерген жоқ. Келісім бойынша. Дәрігердің еш кінәсі жоқ.Иманды болсын.

    • @maratali5803
      @maratali5803 Před 16 dny +1

      Каям жегир ананды немесе жакынынды жогалтсан корер ем, Сенин айтуынша о́ойнша даргерге барып олсе бола береди деп турсыно

    • @user-ky2vr4fv7i
      @user-ky2vr4fv7i Před 15 dny +1

      Иманды болсын.Ешкім зорлап операция жасаған жоқ.Доғдырлар кінәсі жоқ.Алланың берген денесін неге арықтаймын деп барады.Алланы тыңдамағанның кесірі.

  • @user-ni5zm9mt8r
    @user-ni5zm9mt8r Před 17 dny +6

    Дәрігерлер ешқашан шындығын айтпайды. Бір Аллаға мәлім, не болғаны?

  • @bikeshbikesh5144
    @bikeshbikesh5144 Před 17 dny +3

    Туыстары неге тоқтатпады екен, қажет емес деп, неге ақылдарын айтпады екен, небәрі 5 кг. бола өмірі қиылды, иманды болсын, туыстарына сабырлық.

  • @zanarmuslimova6586
    @zanarmuslimova6586 Před 17 dny +2

    Иманды болсын 🤲 Жаны Жаннатта болсын 🤲 Клиника барлык шыгынын отесин.Амал канша дам тузы таусылып тур гой.Мы предполагаем ,Аллах Располагает.

  • @Saduova_Gauhar
    @Saduova_Gauhar Před 17 dny +2

    Жекеменшілік клиникаларды жабу керек ! Адамды өлтірген үшін тұрмеде отырсын... !

  • @user-xi3jx8sk7g
    @user-xi3jx8sk7g Před 17 dny +5

    Әп. Әдем ғой бекер жасаткан

  • @Didar-er6bi
    @Didar-er6bi Před 17 dny +2

    Артық салмақтан арылу үшін күннің ыстығында май толған жерін күнге қаратып қойып қыздырыну керек. Сол кезде күннің ыстығының әсерінен май жіпсіп езіледі

  • @Гулжан-ю3п
    @Гулжан-ю3п Před 17 dny +2

    өзі кінәлі ғой енді неге докторларды кінәлейдіопирадсияға бариайақ басқаша жолдары бар емеспа

  • @user-lc5sq4bn9p
    @user-lc5sq4bn9p Před 16 dny +1

    Арыктаудын турлери коп деп врач кауипти екенин айту керек еди деп ойлаймын!

  • @user-bt7ur1bc4n
    @user-bt7ur1bc4n Před 17 dny +3

    Ой у, иманды БОЛСЫН. Баягыда Пугачева да ыш майын алдырам деп олып калса жаздапты деген ды окып едым. КАНША МА кан тамыры бар ол жерде, т. Б.

  • @Миргул-е3щ
    @Миргул-е3щ Před 15 dny

    АЛЛАНЫН БЕРГЕН ӨМИРИН КЫСКАРТПАНДАРШЫ ,КОЛУ БУТУБУЗ САУ ГО ШҮКҮР КЫЛАЛЫ,ЖАЙЫ ЖАННАТТАН БОЛСЫН

  • @user-si9qo9fp3p
    @user-si9qo9fp3p Před 17 dny +2

    Әр ота жасатудың алдында басқа елде,мекенде ютуб арқылы қарамайма адам.Мұғалім болса дипломды сатып алғанба - ештеңеден хабары жоқпа? Орта ғасырда тұрып жатқандай қайдағы бірдеңені айтады.Ота жасайдың алдында құжат береды толтұруға - өлсем осы отадан ешкімге кіна қоймаймын деп.Неткен қаранғы кәзіргі ағарту орынында қызмет жасайтын адамдар.Дәрігердің еш кінәсі жоқ.

  • @user-nn2ks3pg5u
    @user-nn2ks3pg5u Před 17 dny +1

    Алдынан жарылқасын ! Алла берген дене , несіне барды екен !

  • @user-ju1rs4oy2o
    @user-ju1rs4oy2o Před 16 dny +1

    Хеш кимнин кинаси жок ажал айдап барган сол жерге бул омирде жейтин наны таусылган алла сабыр берсин бала шагасына тууган тууыстарна

  • @user-tk6fy8vf8x
    @user-tk6fy8vf8x Před 17 dny +2

    Даригерлер. Асиресе. Жеке. Меншик. Акша. Ушын. Уаде. Бере. Береди. Отадан. Алдын тексериу. Дайындау. Керек

  • @user-ie1js8qe8u
    @user-ie1js8qe8u Před 17 dny +1

    Люди хотят тазиками есть и быть при этом стройными . Так не бывает . Легких путей не бывает . Меньше обжорства и физ активность .

  • @SerikTutkabai
    @SerikTutkabai Před 17 dny +1

    Дәрігерлерді жауапқа тарту керек

  • @Leila-cs2gr
    @Leila-cs2gr Před 4 dny

    Ешқандай дәрігер ота керемет болады деп ешқашан айтпайды

  • @user-bi1ul4hs9r
    @user-bi1ul4hs9r Před 16 dny

    Кудайай, ап адеми екен, иманды болсын, туыстарына сабырлык, балапандары анасыз калдыау😢😢😢

  • @user-ih3oq8xw6r
    @user-ih3oq8xw6r Před 16 dny +1

    Алла жеңілдігін берсін онай емес

  • @user-gt2uw5rz3z
    @user-gt2uw5rz3z Před 16 dny

    Иманы жолдас болсын
    Жақындарына сабыр берсін

  • @user-iy1hy4bb9r
    @user-iy1hy4bb9r Před 17 dny +1

    Чанчырабай намаз окуш керек болчу😢

  • @user-tr6zm9zp5q
    @user-tr6zm9zp5q Před 10 dny +1

    Ози киналы,оны ешким мажбурлеген жок

  • @user-vm1sv8uq8l
    @user-vm1sv8uq8l Před 15 dny

    Иманды болсын

  • @user-rr4oy9de6u
    @user-rr4oy9de6u Před 17 dny +1

    Пышакка ози барып тусу киынго миыма конбайды озим коркамын отадан

  • @user-tk6fy8vf8x
    @user-tk6fy8vf8x Před 17 dny +1

    Жакындарына. Сабыр. Берсин. Кирктан. Кейин. Адам. Оз. Коринисинен. Уялмау. Керек. Даригерлер. Акша. Ушын. Уаде. Бере. Береди

  • @user-yx1vh9rg7r
    @user-yx1vh9rg7r Před 17 dny +1

    Қазаның арты қайырлы болсын ...дені сау ауырмасың болды еді ажалы ғой толық болса да сұлу әйел ғой спорт пен айнысса да болатын еді ғой менде беттімде қал бар еді барсам ба ..деп жүр ем қорқып қалдым 3:10

    • @user-lc5sq4bn9p
      @user-lc5sq4bn9p Před 16 dny

      Калга тимеу керек! Бизде жагдай болды айел калын алдырып кайтыс болды. Ол айелдики денесинде болган. Журт онын денесиндеги калды ким корип жатыр неге алдырды деп жатысты

  • @user-tw7sp5hj9t
    @user-tw7sp5hj9t Před 16 dny

    Өзі барған оны ешкім күштеп апарған жоққой соншама ақша төлеп соншалықты семіз емес екен

  • @user-ow9zx1qt4u
    @user-ow9zx1qt4u Před 17 dny +2

    Акша толепты отага врач кыналы.

  • @akbayansuleimanova6941

    Алла мейрімине алсын, артык салмак деген несі жаман аман болса болды енді ғой,ажал кеп турған болар...😢

  • @user-iw6bh6gk5i
    @user-iw6bh6gk5i Před 16 dny

    АЛЛАНЫН БЕРГЕН ДЕНЕСЫН НЕГЕ БУЗАТ АЛЛА КЕШЫРСЫН ИМАНДЫ БОЛСЫН НЕГЕ ВРАШТАН КОРЕТ БАРМАУ КЕРЕК ЕДЫ БОТЕН АДЫС КОП ЕДЫГОИ АРЫКТАУГА

  • @user-pg1dt6ug3t
    @user-pg1dt6ug3t Před 17 dny

    Любой ота риск кой. Оны несын айтып ескертеды????
    Лишний ота жасап керек емес

  • @user-gk5vk6rk4k
    @user-gk5vk6rk4k Před 12 dny

    Адемы Гана келыншек кой кудай ай журе бермеды а екен

  • @eldarasanov9142
    @eldarasanov9142 Před 17 dny +2

    Сенбендер бундай ешактарга

  • @user-ob2pz2zr3i
    @user-ob2pz2zr3i Před 16 dny

    Иманды болсын Ажалы келген ғой өлімнен қутыла алмаимыз

  • @user-op2gc6wd9p
    @user-op2gc6wd9p Před 14 dny

    Дәрігердің күнәсі.емес құдайдың берген денесіне неге ота жасатады.әдәмі болғысы келсе .фитнеске не диета ұстау керек еді не болды өз өмірін қиды ғой онымен тұрмай врачты да кінәлап отыр ғой туыстары

  • @user-hp3js1vf8n
    @user-hp3js1vf8n Před 17 dny

    Обалаи, биздеги догыдырларга сеним жок , мен болганда бармас едим , ауру абден кушип , жагыдаиым киындаганда барам даригерге, амалдын жоктыгынан

  • @user-sv5hy9ni8n
    @user-sv5hy9ni8n Před 17 dny

    Акшасы бар казак врачка коринбеу керек еди белмеима

  • @user-wh5ey8xk5u
    @user-wh5ey8xk5u Před 17 dny

    2 млн ға өлім сатып алдыма

  • @user-yh6qs9pv4i
    @user-yh6qs9pv4i Před 16 dny

    Өзі бармау керек еді

  • @user-ce3dl9vg4u
    @user-ce3dl9vg4u Před 16 dny

    Ешкімнен көрудің қажеті жоқ деп ойлаймын

  • @user-tk6fy8vf8x
    @user-tk6fy8vf8x Před 17 dny

    Жеке. Меншик. Жерлерде. Стандартдарга. Жуаб. Бермейди. Барин. Жауыу. Керек

  • @user-pi8zk3bv1c
    @user-pi8zk3bv1c Před 8 dny

    Сиз айтпадынызба

  • @dinaraagajanova7487
    @dinaraagajanova7487 Před 14 dny

    Қосалқы ауруы болған да

  • @progress-gq2my
    @progress-gq2my Před 17 dny

    Олар ештене айтпайды оларға ақшаны алса болды

  • @user-pi8zk3bv1c
    @user-pi8zk3bv1c Před 8 dny

    Адилдик жок казир ешжерде

  • @user-on2tv3dq8r
    @user-on2tv3dq8r Před 17 dny

    Неше кг?