Гоп-стопқа іліндім ! | Өркен Кенжебек

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 24. 07. 2024

Komentáře • 94

  • @talimtvonline
    @talimtvonline  Před rokem +9

    Ең үздік пікірге 25-30 мың тг көлемінде арнайы 🎁СЫЙЛЫҚ🎁 берем!

  • @ershatoskenbai708
    @ershatoskenbai708 Před rokem +4

    Жақсы сұхбат болды.Қарым -қатынастың маңыздылығы.Әр адамды өз мақсатыңа барынша пайдалану(дұрыс мағынасында).Мәнді іспен айналысу,немесе айналысып жатқан ісіңнен мән табу туралы жақсы айтты.
    Ең жақсы,бізге үйрену керек жеріміз ата-анамен қарым-қатынасы.Әкені әке,ананы ана ретінде сыйлау.Мейлі екеуі ажырасып кетседе.Оның міндеті тек екеуінде сыйлау,Алла разылығы үшін.Әкем бізді,анам бізді тастап кеткен деп ренжімеу.Себебі екеуінің арасында не болғанын бала білмейді.
    Қарапайымдылығы,еңбек қорлығы👍👍👍

  • @nurbakyt25
    @nurbakyt25 Před rokem +13

    Адасып жүріп жол тапқан Өркен аға. Дәл қазір адамдар өзімді таппай жүрмін деп іздеумен болады, сөйтіп өмірі қалай өтіп кеткенін байқамай қалады. Өз өзін қалыптастырған адам Өркен Кенжебек.
    Бұл сұхбаттан бір түсінгенім: тек ақшаны басқаруды емес уақытты энергияны басқару өте маңызды!
    Айналаңа жақсы адамдарды жинау, олардың жақсы жағын көру, жақсы жағын көру үшін бірге сапарға шығу. "Сафар" (асафара) арабша "ашу" деген мағына, мысалы адамдарды ашу!
    Сапар саяхат өмірдің кішірейтілген түрі. Саяхатқа шығу арқылы өмір сүру өнеріңді шыңдайсың...
    Себебі... Саяхат ұйқы мен тамақ сияқты маңызды қажет дүние, оны саяхаттап келген адам түсінеді.
    Сырымбек Тау ағамыз айтқандай...
    Саяхат- өзімізді алға қамшылайтын, ой өрісті өсіретін бірден бір құрал. Сондықтан бір елге саяхатқа шығу бір кітап оқумен тең дейді, Мидың шекарасын сындырған адам үшін адам сызған шекаралар шекара болмайды.
    Өзі айтқандай Махаббаттан гөрі мейірімге, мотивациядан гөрі еңбекке сенемін, Ендеше Өркен аға еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!

  • @user-eg6fs5ox2v
    @user-eg6fs5ox2v Před rokem +5

    Ассалаумағалейкум. Бүгінгі сұхбат мен секілді ересек өмірге қадам басқан, өмірдің қай бағытымен қадам басарын ойлану үстіндегі студентке ерекше әсер етті. Белгілі бір саламен ұзақ уақыт айналысу, құр уақыттың шығыны емес, керісінше, міндетті түрде нәтиже берерін түсіндім. Және өзім таңдаған саланы ізденіспен соңына дейін жеткізуге бел будым. Ең бастысы Шыдамдылық пен Құштарлық екеніне, осы сұхбатты көріп отырып тағы да көзім жетті🙌✊

  • @ZHANDELI
    @ZHANDELI Před rokem +6

    Сұхбат ұнады. Бірақ Өркен аға өзі бір тұлға, қалғандарымыз бөлек-бөлек тұлғамыз деп ойлаймын.
    Әр адам өзін ТҰЛҒА ретінде қалыптастыру бағытында жұмыс жасау керек.
    Сұхбат ұнады, ең қатты ұнағаны стимул мен мотивацияны бөліп айтқаны.

  • @omir_rak
    @omir_rak Před rokem +4

    Бұл жерде Өркен мырзаны тындап отырып ұққан ойым, салмақты сабырлы, қобалжымай отырып, ойынды жинақы қылып сөлес.. Қойылған сұраққа еш бояу сыз әспектемей бір қалыпты шынайы ойын жеткізгені өте тамаша болд.. Мен сізге ұқсауға әр дайын тырыс✊️ Ел аман жұрт тыныш болсын.

  • @akchannel6015
    @akchannel6015 Před rokem +4

    1 видео мен 5 қоянды аттым: демалдым, шабыт алдым, идея келді, сабақ алдым, жақсы түсінік пайда болды

  • @Abii454
    @Abii454 Před rokem +3

    Эфирден біраз нәрсе ұқтым
    Ең алдымен түсінгенім адамдармен қарым-қатынас. Яғни белгілі бір уақытта, белгілі бір адамдармен қарым-қатынаста коммуникация құра білу. Сондай ақ адамдарды дұрыс пайдалану әрі өзің де сол адамның қажетіне жарағаныңа риза болу. Әрине пайдалана алатындай қабілеттер болса егер.
    Жаратушы иеміз 18 мың ғаламды жаратқанда жер бетінде түрлі ғажап, сұлу жерлерді біз көзімізбен көру үшін жаратты.
    Бинсвангер “Адам қарттығына аман жетіп, ажалға айла тапқысы келсе, үш әлемге бекем болсын” -дейді. Соның алғашқысы Адамның қоршаған ортамен тығыз байланыста болуы. Яғни, тіршіліктен шексіз ләззат алу. Күннің қызарып батуына назар салған адамның өзі бір сәтке барлығын ұмытып жан дүниесі тынышталып қалады. Ал Жаратушының жаратқан сұлу құбылыстарын өз көрімен көріп сезіну ерекше сезім деп ойлаймын. Өркен аға да саяхаттаудан әр елдің мәдениетін танумен қатар осындай бір құндылықтарды алады деп ойлаймын.
    Жалпы саяхаттаудың алдында адамда түрлі фобиялар болатыны белгілі. Эфирде Өркен аға өзінде де сондай фобияның болғандығын және оны жеңуге Яков Федоровтың ықпал еткендігін айта кетті.
    Бұдан сапарға шыққанда жаныңда өзіңмен тең дәрежедегі адамның болу керектігін түсіндім. Сапарда жаныңдағы адамның адамгершілік қасиетінің болуы, арада сыйластық, түсіністіктің болуы да өте керемет.
    Эфирден адам баласында ақпараттық гигиенаның да болу керектігін түсіндім. Миға нақты қажет заттарды ғана беру маңызды. Сондай-ақ ол ақпаратты нақты өзіңе керек болатын кезде ғана білген дұрыс.
    Қорыта айтқанда адамның алға қарай дамуы, көкірек көзінің ашылуы, көкжиегін кеңеюі оның айналысатын ісіне, адамдармен қарым-қатынасына әрі өзінің ойлауына, іс-әрекетіне тікелей байланысты. Миды дамыту үшін үйреншікті бір істі жасай беруден де аулақ болған дұрыс.

  • @Kazakh0778
    @Kazakh0778 Před rokem +7

    Ассаламалейкум,
    Сыйлығыңнан,
    Сыйлағаның қымбат.
    Адам болып туылып,
    Адамды жамандыққа,
    Қиманғаның қымбат. 🤝

  • @aqylbekmaqsutqanuly8397
    @aqylbekmaqsutqanuly8397 Před rokem +2

    Бұл сұхбат мен үшін осы уақытқа дейінгі тамашалағандарымнан мүлде бөлек болды. Инсайт ала отырып, демалдым. Өзімді сіздердің қастарыңызда үшінші адам болып отырған сияқты сезіндім десем болады. Сіздің өміріңізден бастан өткергеніңізді өз басымда болып жатқан оқиғалармен ұштастырдым. Және алға қойған жоспарларыма да жетіспейтін детальдарын алғандай болдым. Осындай сұхбаттар көп болса екен. Тәлім тв ға көп рақмет. Өркен аға сізден қарапайым, еркіндік тұлғалық ерекшелік және т.б да қасиеттерді алып келемін. Алла тағала сізден разы болсын, елге, жерге береріңіз таусылмасын. Алла өміріңізге хайыр- береке беріп, екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін!

  • @seifa.mduisenbaev5074
    @seifa.mduisenbaev5074 Před rokem +2

    Ассалаумағалейкум!
    Жиырма бесінші сағатқа рақмет айтамын, керемет сұхбат.
    Түйген ойым бірнеше бөлік.
    1) Адамды өз деңгейінде қолдана білу , немесе ортаға өз деңгейінде пайдалы болу.
    2) Керек ақпаратты керек кезінде алу, нақты салаға керек болса көру.
    3) Қанша ел көрсеңде, қанша адам көрсең де сол күйінде қабыл алып солай жақсы көру.
    4) Надандық - адам жауы . Әр заттың шектінен шығу - құрдымға кету.
    Сұрақ жауаптан түйін : сағынатын адамыңды да, алыс та адамыңды өз деңгейінде арасын суытпай ұстау.

  • @user-ve1pv5mq2y
    @user-ve1pv5mq2y Před rokem +1

    Бұл сұқбаттан алған инсайттар өте көп. Көрдім ой түйдім. Арман мен қиялды шатастыомау керек. Оқығанның жөні осы деп керексіз ақпаратты миға салмақ қылмаған дұрыс. Күйбең тірліктен шығып, жаңа нәрсені білуге, тануға ұмтылу өмірімізді сапалы арнаға бұра түседі. Әрбір істен мән таба алсақ нәтижеге қол жеткіземіз. Жаман ұлт немесе ел болмайды, жаман адамдар болады. Ұлтшылдыққа, троиболизмге салынбай саналы түрде шешім шығарып үйренген абзал. Саяхаттау арқылы да белгілі бір дәрежеде қоғамға өз пайдаңды тигізуге болады. Әр кім өзін дамытуды қолға алу керек. Қандай іс болмасын тапқырлық, табандылық, құштарлық маңызды. Отбасымен, жалпы адамзатпен жақсы қарым-қатынас құра білген жөн. Артыңда оймақтай ой қалдыру ерлік...

  • @user-mw5gj3gr3i
    @user-mw5gj3gr3i Před 2 měsíci

    Өркен Кенжебек мырза өте ақылды,дарынды,сауатты.
    Жолы болсын!

  • @shakhrukhsaidanov7709
    @shakhrukhsaidanov7709 Před rokem +7

    Соңғы кездерде интернетте танымал адамдардың өмірлерін керемет айтып беретін мативациялық каналдар көбейіп кеткен. Роналдоның яки Мессинің өмірде қандай қиыншылық көргенін, Голлевуд жұлдыздарының өмірлерін, олардың бастан кешкен қиыншылықтарын тек бұл әлемде солар ғана қиыншылық көргендей керекмет етіп айтып контенк жасап жүрген каналдар бар. Мейлі оларды сынаудың керек жоқ.
    Негізде айтайын дегенім мынау, негізі мына өмірде қиыншылық көрмейтін адамның өзі жоқ. Қарап тұрсам Өркен Кенжебекте өзінің өмірін қалай өзгергенін, «БАЛА КЕЗДЕГІ ТРАВМА» солардың барлығын өте қарапайым айтып жеткізіп берді, негезі адамдар өзінің өткен өмірін қарапайым айтса боладығой бірақ танымал адамдардың көбінен өткен өмірі тұралы сұраса қиыншылықтың бәрін солар көргендей айтады. Солар Өркен Кенжебектен кеңес алу керек сияқты « ӨТКЕН ӨМІРІ ТҰРАЛЫ» қалай айту керектігі тұралы.
    Осы сұхбатта көріп Өркен ағаның екі сөзі қатты ұнады 1.«ЕҢБЕКТЕНСЕҢ-ТАНЫМАЛДЫҚ ТА, АТАҚ ТА, АҚША ДА КЕЛЕДІ» 2. «НИЕТІМ- ЖҰРТҚА ПАЙДАЛЫ БОЛУ» .
    Осы сөзден түйгенім «ЕҢБЕКТЕНУДЕГІ НИЕТІМІЗ-ЖҰТРҚА ПАЙДАЛЫ БОЛУ БОЛСА, ТАНЫМАЛДЫЛЫҚ, АҚША, АТАҚ БАРЛЫҒЫ ӨЗІ КЕЛЕДІ ЕКЕН»
    Танымалдылық демекші кәзіргі жастардың көбісі (мен де бармын жастардың арасында) танымал болу армандайтын болдық, бірақ біздің қатты еңбектенгіміз келмейді.

  • @bakdauleterkinbek943
    @bakdauleterkinbek943 Před rokem +4

    Ең тұшымды сөздер, сондай-ақ шынайылық, бөгде адамдардан қарапайымдылық, энергия мен уақытты ұштастыру, өмірлік әрекеттен рахат алу.

  • @user-cd6fp2ey9e
    @user-cd6fp2ey9e Před rokem +4

    Сөз саптау, орамды ой, айтылған ақиқат, мақсатты меже жүрекке жетті. Бар болыңыз. Бай болыңыз!

  • @aliyaakyl8711
    @aliyaakyl8711 Před rokem +1

    Яния бин Муаз (р.а.) былай
    деді:
    "Кім Аллага қызмет етуден қуанышты болса, айналасындагылардың
    бәрі оған кызмет етуге қуанышты болады.
    Кімде-кім Алланы еске алумен жеңілдейтін болса оған қараған әркімнің де көңілі жеңіл, тыныш
    болады” дегені есіме түсті сұқбатты көріп… саяхаттап жүріп қанша танымды дүниелерді елге түсіндіріп жатасыз🤗 Бар болыңыз👏🏻👏🏻

  • @user-gv6zd4vl7q
    @user-gv6zd4vl7q Před rokem +3

    1.35 уақытым әдемі өтті надо же!Қызық адам және Талас ауданының тумасы екенін естіп одан сайын ішім бір жылып қалды,мақтанып😍🙏🏼Көп жастар осы кісі сияқты болсын,білімді жан жақты

  • @user-cu4os1uv5h
    @user-cu4os1uv5h Před rokem +1

    Осы сыйлық үшін ғой бәріміздің жазып жатқанымыз(әзіл шындығы басымырақ). Маған жаөсы әсер еткен жері және өзімнің миымда,ойымда жүрген сұраққа жауап тапқандай болдым. Бұл мәселе-NETWORKING! Мен осы тәсілді құп көрмейтінмін мүмкін тәрбие солай болды-ау деймін. Мен ол адаммен араласқанда сол адамды өз мақсатыма пайдалатын секілді сезінемін өзім. Араласып жүрген адамдарыммен мен соның қызметі,не болмасв таныстарымен өз мәселемді шешуге қысыламын как-будто мен сол мақсатта араласып жүргендей болмайын. Оның маған көмегі тиіп ол соның қарымтасы ретінде көмек сұрап мен оған көмектесе алмасам қалай болады деген ой тағы бар. Мен осы сұқбаттан кейін өзім үшін "ҮЛКЕН ЖАҢАЛЫҚ" деп айтпай-ақ қояйын бірақ қанағаттанарлықтай жауап алдым. Енді алдағы уақытта NETWORKINGті дұрысынан пайдалану керек боп тұр)))

  • @user-vu6ou9ef6q
    @user-vu6ou9ef6q Před rokem +4

    Жалпы Өркен аға ға өзім тәнтімін осындай кісілер көп болғай....

  • @sw_zhasmin
    @sw_zhasmin Před rokem +1

    Мен үшін ең ерекше болған инсайт өмірді жақсы сүре білу. Өркен ағаның айтқан әңгімесінен осындай ой түйдім. Адам бойындағы қарапайымдылық деген ең жақсы қасиет ерекше көрініс тапқан эфир болды. Қарапайым болудың қандай әдемі екенін үйретті. Жәй сөз болып көрінуі мүмкін әрине. Алайда астарлы мағынасы ойға ойланарлық ой салды.Өркен аға айтқан кейбір шағын лайфхактар өмір сүруді жеңілдетеді. Шағын шынайы пікіріммен осылай бөлістім 😊Өркен аға бағындырар белестеріңіз көп болсын! 25ші сағат бағдарламасы сіздерге үлкен алғысымды білдіремін! Алла разы болсын!

  • @user-cb3zf9bl8c
    @user-cb3zf9bl8c Před rokem +1

    Тамаша сұхбат.Маған ұнағаны өмірде адамның таңдауына кұрметпен қарауы ол бомж болама әлде басқа болама, Өмірде сол қалпында қабылдауға тура келетін нәрселер болады дегені ұнады.

  • @MeruertUlkeyeva
    @MeruertUlkeyeva Před rokem +2

    Өте мәнді және маңызды сұхбат.Бірнеше жылғы саяхат бір интервьюде.Бар болыңыз, бай болыңыз!🙂

  • @user-xl3yx7ww9c
    @user-xl3yx7ww9c Před rokem +1

    Бәрекелді керемет сұхбат.
    Алтынның өңделгенін көріп қадірін білген сияқты,- бізге ел, жер басқа да ақпараттарды өңдеп біз қабылдай алатын деңгейде халқына жеткізіп жүрген азамат. Тірісінде қадірін білетін азаматтардың бірі.

  • @nato594
    @nato594 Před rokem +1

    Ең таң қаларлық болған жәйт, бұл Өркеннің ата анасының бала кезінде ажырасып кеткенін есту, өйткені ауылдағы көп естеліктер, суреттер, қиындылар, Өркеннің жазбалары, керісінше бақытты, толық отбасындағы үлкен қолпаштаудан, қолдаудан болған нәтежие деп ойлаушы едім. Демек, бұл дағдыдан емес Алладан берілген талант болып тұр ғой, ізденімпаздығы, қиялдың ұшқырлығы.

  • @user-pl2zu3qm1r
    @user-pl2zu3qm1r Před rokem +2

    Қазақстанда танысың, ақшаң болмаса, болашағың жоқ деген кереғар пікірді жоққа шығарған кісі👏💪 Жетістіктің кілті - көп кітап оқып, еңбектену керек екен. Кінәні өзгеден іздеу - әлсіздердің бітпес сылтауы🙃

  • @aigerimabai271
    @aigerimabai271 Před rokem +3

    Көп рахмет жақсы сұхбат болды, балам сіз сияқты болса екен деймін, кішіге айтар ақылыңыз, өнегеңіз баршылық. Сіздің араласатын ортаңыз сияқты қазіргі жастардың да ортасы сондай болса білімді, иманды, салиқалы ұрпақтар жасай бермек. Қандай заман, ағым болса да. Аллаһ Тағала разы болсын

  • @bakitzhankekilov3895
    @bakitzhankekilov3895 Před rokem +5

    Баға жетпес әңгіме болыпты, сұхбаттың өзі мотивация ғой. Курсы қандай болды екен?

  • @KENAN_TORE_CINEMA
    @KENAN_TORE_CINEMA Před rokem +2

    Адамға ең бірінші тәрбие маңызды екенінің көрінісі Өркен аға! Анасының тәрбиесі, мектеп кезде еркін өсіруі, діни білім алуында қалыс қалдырмай медрессе оқытуы, осының бәрі жан жақты ойлана алатын, кез келген салада алда көрінуіе , себеп секілді!

  • @akzataidin1926
    @akzataidin1926 Před rokem +2

    Ойы озық, көзі ашық азамат!👍🏻
    Өркенше айтсақ, әр қазақ азаматы-мақсаты халыққа пайдасын тигізіп, алдына жоғары өмір сүру стандартын мәре етіп қойып, арманы мен қиялын ажырата алса және істеп жүрген тірлігін мәнді ете білсе-кемел адам осы!

  • @omir_rak
    @omir_rak Před rokem +2

    Керемет от болып жатыр 👍🤗🤗🤗👍👍👍

  • @zhaidarbaitak3424
    @zhaidarbaitak3424 Před rokem +1

    Сөйлей беретін адам көп, сөйлей білетін адам аз.. екінші топтан бола білдіңіз деп есептеймін. Танымды дерек, орамды ой, қызықты ақпарат айтылған сүбелі сұхбат болды. Анасының алақаны ашық тұрған перзенттің жолы жабық болмайды ғой, жетер жетістігіңізбен, көрер еліңіз көп болсын Өркен мырза!

  • @slyfox8917
    @slyfox8917 Před rokem +2

    Жандарбекті дәл айтты.
    Расында айтыстың терминаторы Жандарбек!!!

  • @nurbekamisha6179
    @nurbekamisha6179 Před rokem +1

    Мазмұнды сұхбат болыпты. Өркен мен Ерланға респект!

  • @aqzhunis944
    @aqzhunis944 Před rokem +2

    Қандай жағдай болмасын қиындықтан қашпаған.
    Халыққа пайдамы тиген блогер.

  • @beksultankazbekov
    @beksultankazbekov Před rokem +1

    Қайран біздің Ахмет,Әлихан бабаларымыз ай.Қазақтың осылай көзі ашық,әлемді аралап білімді өзге мықты елдермен бәсекелес болуды армандаған.Бізге бірлік,білім,өте көп керек сияқты

  • @mukhtarkan_manap
    @mukhtarkan_manap Před rokem +1

    Руылықты мен таңдаған жоқпын деген күшті әсер етті.Ойландырып қойды.Енді рулық және ұлтшылдыққа салынбаймын👍🏼🇰🇿🤝.

  • @beksultankazbekov
    @beksultankazbekov Před rokem +2

    Жалпы сіз сияқты болашақта әлемді аралап Қазақ жастарына үлгі болғым келеді.Сізден алатын көп дүниелер бар сияқты.Сіздің ең ерекшелігіңіз Қазақы қалпыңызды қандай ортада жүрсеңізде жоғалтпай,мықты ұстауыңызда.Осы қасиетіңіз бізге үлгі

  • @user-wk5kt8op5t
    @user-wk5kt8op5t Před rokem +12

    Бірақ Өркен мырзаның саяси ұстанымы қарапайым халықтың ұстанымына кереғар.Көбінесе билік жаққа болысады.Елімізде қандай да бір саяси науқан кезінде билік тараптың үгіт насихатын жүргізіп қалады кейде.Реальностқа шынайы баға бермейді

    • @user-fi2iv9mg6u
      @user-fi2iv9mg6u Před rokem +1

      Иә! Келісемін!

    • @imangaliergali1150
      @imangaliergali1150 Před rokem +2

      Өркеннен саясат емес саяхат туралы сұраған дұрыс десеңізші

    • @imangaliergali1150
      @imangaliergali1150 Před rokem

      Өркеннен саясат емес саяхат туралы сұраған дұрыс десеңізші

    • @zamanbek8761
      @zamanbek8761 Před rokem +2

      Мен карапайым халықпын және Өркеннің ұстанымын толық қолдаймын! Ойламаңыз бәрі Назарбаев пен Тоқаевты, Бекболатты жек көреді деп.Қос қолдап қолдайтындар көп болған соң билікте жүр олар. Әйтпесе баяғыда төңкеріп тастар едік. Сіздер реальностты тым әсірелейсіздер!Сабаларыңа түсіңдер, идеальный ел де халық та тұлға да жоқ.Біздің елдің бет бұрысы дұрыс аяқ алысы нық.Тым Әсемпаздыққа салыңбаңдар.

    • @omirbek3438
      @omirbek3438 Před rokem

      Саясаттың талай сойылын соққан адам

  • @user-gn9mk8ho2g
    @user-gn9mk8ho2g Před rokem +1

    Сәлеметсіздер ме. Пайдалы сұхбаттарыңыз үшін үлкен рақмет. Осы бағдарламаны жақсы көремін. Сұхбатты жүргізуші Ерлан аға еңбегіңіз жемісті, табысты, берекелі болсын. 1)Маған бұл сұхбатта ерекше әсер еткен дүние, барлық нәрсені шартсыз қабылдау, өз күйінде, сол болмысымен жақсы көре білу. Түрлі елдерде болғансыз, сондықтан адамдарды қабылдау қалпыңыз, қарапайым дүниелерден сұлулық, жақсылық көре білу қасиетіңіз жақсы екен.
    2)Адамдармен байланыс орнату кезінде де, қажетті адамдармен байланыс орнатуға тырысу.
    3) Атақты болуға менде қызығамын. Өзіңнің тұлғалық жолыңды қалыптастыру. Елдің ықласына бөленген адамның сөзі өтімді болатыны расқой. Жақсы бір іс, ұсыныс айтқың келген кезде ықпал ету жағынан.
    5)" Жұмысымды жоспарлағанда, шаршауға уақыт қалдырмаймын" деген ойыңыз. 👍
    Менде реттелуі керек мәселе. 😃
    6) Балалық шақтағы еркіндік, арманға деген сенім, сол қалауыңыздың орындалғандығы.😍
    7) "Стимул" деген терминмен таныс болдым. Мәселеден қашу үшін жұмыс жасау. Жиі басымнан өтіп жататын жағдай.
    8) Мәнді іспен айналысу, болмаса жасап жүрген ісіңнен мән табу.
    9) Адамдарға білім мен қатар, "шабыт" беру үшін пайдалы болуға тырысатын қасиетіңіз жақсы екен.
    10) Ұлтшылдық туралы ой.
    Қарасың ба, ақсың ба? Адам ретіндегі теңдік.
    11) Мәселе кезінде айланы дұрыс жағынан қолдану.
    12) Қарыз, несие алу мағанда ұнамайды. Анаңызға жасаған сыйлығыңыз. Садақаны ең әуелі туысыңа жасау. Көбіне сырттан жылы сөз естіп жатсақ, көбіне сол жаққа беруге тырысып жатамыз. Жақындарымыздай ешкім жақын, дос бола алмайтындығын білсекте.
    13) Анаңыз бен әкеңізге деген махаббатыңыз ұнады.
    14) Намаз, дұға, истиғфар, Алламен байланысты қолға алу. Ішкі рухани әлеміміз. Ерлан Ақатаевты тыңдайды екенсіз.
    Мен сіздің инста әлеміңізде оқырманыңыз емеспін. Саяхатшы екеніңізді білемін. Бұл сұхбатты, тыңдай отырып, өзіңіз туралы білдім, әрі қажетті ақпарат алдым. Ерекше ұнағаны бала кездегі еркіндік пен арман, әлемді шартсыз қабылдап үйренуге тырысу. Көп нәрсе өз ойымыздағыдай болмағаны үшін ренжиміз, ауырлық сезім туындап жатады. Өміріміздің сапалы өтуі үшін тиімді жоспар құру. Дұрыс екенін білсем де, әлі қолға ала алмай жүрмін. Алған инсайттарымның ішінде маңызды дегендерін жазуға тырыстым. Басқа оқырмандар оқып жатса, пайдалы болсын деп. Ендігі шынайы білімге айналса деген ниет.🙂🤲 Сұхбат бере отырып, сыйлық 🎁 беремін деп шабыттандырғаныңыз үшін рақмет. Зейін салып тыңдап, комментарийді де жазып тастадық.😃

  • @Zhelayak
    @Zhelayak Před rokem +1

    Легенда бол! Мәскеудің тұрғындары мен қонақтары тарымен шәй ішсін!

  • @erkeshmahuda
    @erkeshmahuda Před rokem +1

    Көп жасаған білмейді,
    Көп жортқан біледі-дейді халқымыз, Өркен Кенжебекпен болғн бұл сұхбатты арнайы телефоныма жазып алып шығыс Малайзияның Тауау қаласынан Куалалумпорға ұшып бара жатып ұшақта🛫көрдім. елден алыста жүргенде уайым, қорқыныштарым сәл сейілгендей болды😊. Өрекеңнің жек өмірі туралы айтқан жерлеріне келгенде сәл көңілім босады🥹, өмір жолымыз бір-бірімізді көрмесекте ұқсап қалатын жерлері бар екен. бірақ мен бұл кісідей емес, маскімен😷өмір сүріп жүрген сиақтымын. бүкпесіз, шынайылығына разы болдым. кей жерінде еріксіз күлдім😀.
    өзім байыбына бара алмай жүрген бірнеше мәселелердің жауаыбын таптым десем болады💁🏼‍♂️. Пайдалану мен пайдалы болу туралы айтқаны қатты өтті👍. Мен үшін қайта бір тыңдап көңілге түйетін жері көп, құнды сұхбат болды. осындай пайдалы мазмұн дайындап берген Ерлан мырзаға рахымет🙋🏻‍♂️. Сіздер үшін дұғадамыз🤲🏻.
    Ыстық сәлеммен: Еркеш Мақудаұлы деген жанкүйерлеріңіз🫡.
    Малайзия-Куала-лупор қаласынан.

  • @user-ju7sz8se2k
    @user-ju7sz8se2k Před rokem +1

    Мәссаған, бұл сұқбатқа пікір жазу өте қиын. Қазір осы сүбелі сұқбат мені оятты десем болатын шығар. Білмеймін, бұл сұқбатты немен салыстырсақ болады? Мотивация дейміз бе? Ақыл-кеңес дейміз бе? Бірақ, мен Өркен мырзаны Қазақстандағы ең талантты блогерлердің бірі және бірегейі деп санаймын. Айтайын дегенім, Өркен Кенжебек ешқашан шаршамайды және шаршамаған ол кісіге комфортно да. Просто танымалдау адамдардың контентін көргеннен гөрі, ағамыздың контенті мың есе артық. Рилс пен стрисын былай қойғанда, ағамыз медианың нағыз шебері әрі шедевр жасаушы. Біріншіден, шынымен ағамыз өте жайлы адам. Екіншіден, мына сұқбатты көріп отырып, өзіме керек ақпаратты барынша түртіп алуға тырыстым. Шама келгенше. Өркен мырза, курсыңызды да түсіресіз, кітабыңызды жазарсыз, бықыбай-шықыбайларыңызды да жасарсыз. Алла сізге жар болсын! Қазақ медиа саласын биікке көтеретін өзіңіздей ағалар көп болғай, лайым көп болсын деп тілеймін. P.s. номеріңізді берсеңіз, менде сізді жақсы жағына пайдаланып көрейін)

  • @bakdaulettoleukhan6749
    @bakdaulettoleukhan6749 Před rokem +1

    Осындай пайдалы сұхбаттар көп болғай)!

  • @bakdaulettoleukhan6749
    @bakdaulettoleukhan6749 Před rokem +1

    Өркен ағамызбен бір"нетворкинг" қылып, қарық қып, түбін түсіріп жатпасамда бір ағалық үлгіде қабылдар ағамларымның бірі. Бұл сұхбатта негізінде Өркен ағамызды басқада қырларынан жақын танып білдік. Сұхбаттан түйген түйіншегім: Адам, жалпақ тілмен айтқанда, біреуге пайдаланарлық қабілетің болып, басқаны да "дұрыс" жағынан пайдалана білуі де шеберлік. Әрі "сенің көзқарасың" арқылы, қызықтыратындай қып(контент), сол үшін тиынсыз-ақ әлем шарлау, тынбай "құйрығың жер иіскемей" еңбек жасауға, яғни еңбексүйгіштік болуға, адамға пайдалы боп, болса еш зиян тигізбей болатындай болып қалыптасуға итермеледі.

    • @bakdaulettoleukhan6749
      @bakdaulettoleukhan6749 Před rokem

      Тілге тие кетсем адам өз күш-жігерін, қайратын бәріне дұрыс жұмсап білсе алар асуы мен шығар шыңы көп. Сол айналысқан ісіңде мағына, "шабыт" алардай болсаң,жақсы көріп шын ниетпен тер төксең түбінде атақ та, лауазым, байлықта артыңнан ерері сөзсіз.

  • @user-wt9hu4py2t
    @user-wt9hu4py2t Před rokem +2

    Әдемілікке қарау жайлы айтқаныңыз есімде ерекше қалған инсайт болды,қандай көріксіз мекенде болсаңыз да әдемілікті байқау бұл үлкен нығметқой,менің естігенім бар көз әдемілікке, сұлулыққа қарай берген сайын харам нәрсеге қарамау керек екенін еріксіз түсінеді екен.Айналамыздағы сұлу көріністердің баршасы АЛЛАның сұлу деген сипатына меңзейтінін ұқсақ деймін!!!😅

  • @Ais-01
    @Ais-01 Před rokem +1

    Өзгеруге болатынын және сол арқылы өмір сүру дағдысын да өзгертуге болатынын айқындады. Өркен аға қияли болудың болашаққа әсерін жақсы суреттеді

  • @user-gf7rd3ib1v
    @user-gf7rd3ib1v Před rokem +1

    Кез келген жерде таныс керек деген сөзді жақсы тарқатып берген секілді. Дұрыс мағынасында. Себебі бұл кісіні Ерлан Қариннің немесе басқа да тұлғалардың демеуімен көтерілді деген пікірлер көп қой. Бірақ сол танысты табу, онымен байланыс орнатудың өзі үлкен еңбекті қажет етеді. Ағаға іні болу, ініге аға болу ауыр жүк. Таныс десе бірден ақша беріп бармақ басты, көз қысты дегенді ғана елестетеміз. Ал бұл жерде, дұрыс таныстықтың үлгісін көрсеткендей. Елікбаевпен байланыс орнатуы жағымпаздық емес, еңбек қой кәдімгідей. Жақсы адаммен, мықты тұлғамен, кәсіби маманмен араласу үшін де соған сай болу керек.
    Тағы бір ұнағаны өзінен кейінгілердің де, өзіне дейінгілердің де еңбегін елеп айта алатыны. Көптеген сұхбатын қарадым. Қай жерде бір жақсы сөз айтса да авторын айтып отырады. Жаңағы Жігітбектің де, Жандарбек ағаның да мықтылығын айтып отыратыны өзгеге деген шынайы құрмет. Шынымен Жандарбек аға-терминатор ғой. Бұрын Бекарыс болса, қазір осы кісі деген секілді.
    Кез келген істің қайыры бар екенінің тағы бір дәлел. Басқа блогерлерден ерекшелігі осы сөзді ойнатып жаза алатындығы, сауаттылығы және техниканың тілін біліп, монтаж жасай алатындығы еді ғой. Баяғыда программист болғаны, қазір қаншалықты алға озуына септігін тигізді. Екі саланы біріктіріп ең үздік блогерлердің қатарында тұр.
    Ескендір Бестайдың айтатыны бар. Баланың ішін пыстыру керек. Ал біз оның бар уақытын толтырып “занят” қылып тастаймыз дамысын деп. Ал негізінде ол іші пысқан уақытта дамиды да. Баланың іші пысып, не істерін білмегенде оның қиялына қанат бітеді. Ойы өрісі кеңейеді. Міне соған дәлел. Жанында бауырларының болмауы, инстаграм, тик-токтың болмауы, іш пысуы осы хәлге жетуіне үлкен септігін тигізді. Тіпті Кейс қып алуға болатын се-кіл-ді.

  • @user-hy8pn9dv5k
    @user-hy8pn9dv5k Před rokem +1

    Сұхбаттан кейінгі түйін.
    Адамға зиян бермеу де,пайдалы болумен тең.
    Өзің әсер ете аламайтын нәрселерге фокус қоймау.
    Көрінген кітапты оқу,сені білімді етпейді. Қажетті заманыңа сай моральды кітапты оқу дұрысрақ.
    600 сыпайы мақсатсыз қарым қатынастан,6 сапалы пайдалы қарым қатынас артығырақ.
    Өзіңе психологиялық әсер берген травмалардан мотивация жасап,өзіңе вызов тастап нәтиже шығаруға болады. Боп жатқан өмірдегі барлық жағдай, сіз,оқиға қай бұрыштан қарауыңызға байланысты
    Эгоны дұрыс қажеттіліктермен,дұрыс ниетпен қайрап отыру,өмірде қоғамда өзіңізді өткір етеді

  • @nurgazin.adilet
    @nurgazin.adilet Před rokem +1

    Мұхамеджан Тазабек ағамыздың парақшасынан көріп жазылып едім кезінде. Контенттеріңіз керемет👍👍👍
    Сұхбаттан түйген ойым: жақсыларға барынша жанасып жүру керек, бірақ өз принциптеріңді (діни негіздеріңді) ұмытпау қажет🙂

  • @magman8648
    @magman8648 Před rokem +2

    Шет елге ақшаны сен құртпа, ақшаны саған төлесін.#легенда бол.
    (Өркен Кенжебек)

  • @tyavi200k8
    @tyavi200k8 Před rokem +1

    Керемет сұхбат болды деп ойлаймын.Тусіне білген адамға әрбір іс қимылыңыз мотивация екен.Болар бала-........демекші ,сол кішкене кезіңізде осы қазіргі саяхатшылық өміріңізді армандап,елестетіп визуализация жасаған екенсіз.
    Сіздің инстаграм паракшаңызға 2-3 жылдың көлемінде тіркеліп,бақылап отырамын. Бірде телеарнаға берген бір интервьюіңізде ,,көп балалы ,,деген статуспен мақтанып,оны елге,үкіметке міндетсінбеуіміз керек деген пікіріңіз көнілімнен шықты десем болады.

  • @user-uw9iw2eg8w
    @user-uw9iw2eg8w Před rokem +1

    Әлемді танып, керек жерін алу. Бір орында тұрып қалмау. Қолыңда бармен жеке тұлғалықты қалыптастыру. Зияныңды тигізбей, пайдалы болу.

  • @Aqyldy-darider
    @Aqyldy-darider Před rokem +1

    Бәлки де қазір керек емес деп ойлаған білімдер ,кейін болашақта өз дәнін берсе тамаша ғой. Түсінгенім нетворуингті ортаны дұрыс құра алу. Өзіңді дұрыс жақсы сата алу. Әр заттан кайф (рахат) алып,адамдарға пайдалы болу. Жалпы кез келген затта баланс ұстау

  • @aigerimabai271
    @aigerimabai271 Před rokem +2

    Сізді инстаграмда сториздарыңызды, постарыңызды қарап отырам. Енді релс видео түсіруге Аллаһ сәтін салсын. Сәттілік

  • @user-do9sk6jv9o
    @user-do9sk6jv9o Před rokem +1

    Қазақылық ты,әдептілік тәрбие,білімді, европанын мәдениетін коса , көрінісін әдемі лігін өмірін, қазақ кәсіпкерлер касібін еще халыққа жеткізіп жүрген аға мыз, біріктіріп Сырымбек ағалармен... Т. Б жалпы қазіргі заманда өз өмірін ісін дұрыс жасап жүрген ағамыз айтадын жазатын көп негізі...) қысқаша осылай

  • @aiymzadasandibayeva1627
    @aiymzadasandibayeva1627 Před rokem +1

    Өмірді
    Риясыз
    Көрсететін
    Еңбекқор
    Нағыз медиамаман!

  • @HASSAK_
    @HASSAK_ Před rokem

    Әрбір мемлекетті көру ,тану әрине бәрінің арманы! Бірақ соны осылай айта білу шыны керек екінің бірі айта алмайтын, қайталай алмайтын өнер екен.

  • @user-pl5by2su3n
    @user-pl5by2su3n Před rokem

    Рахмет

  • @nurbolkhalmukhametov6779

    Орекен бір сөзбен айтқанда Красавчик!!!

  • @qaratau_films
    @qaratau_films Před rokem

    Ұнады.

  • @Qazybek01
    @Qazybek01 Před rokem +1

    Адекватты көз қарас әр-бір затқа
    Балалық шағыңда не ойнасаң, өскенде дәл сол ойынды ауқымды түрде ойнайсың және одан алыс кете алмайсың
    Баланы қалай тәрбиелеу керек баланың іс әрекетіне қарай.
    Жақсы рахмет сіздерге!
    Алла разы болсын

  • @Kyran_nationalfutureglobal8

    Ассалаумағалейкум Өркен аға сізді танығалы бері өмірге деген құштарлығым көзқарасым 180градусқа өзгерді десем артық айтқандық емес, сізден сондай керемет мотивация аламамын күнделікті мотивация аламын, сіздің өмір сүруіңіз мүлде басқаша мүлде ерекше қатты қызығамын , сіз сияқты блогер болу арманым қазір сіз сияқты ел жанашыры қазақ ша блогинг саласының маманысыз мен үшін нөмірі бірінші блогерсыз нөмірі бірінші медиа мамансыз, нөмірі бірінші мотиваторсыз, нөмірі бірінші лекторсыз, нөмірі бірінші менторсыз , жалпы сіздің сыр сұхбатыңызды көріп алі күнге шабыттанамын өмірге мүлде басқаша көзқараспен қарайтын болдым сізге рахмет Өркен аға🇰🇿🇰🇿🇰🇿🫶🫶🫶

  • @user-oe1vt1kx9w
    @user-oe1vt1kx9w Před rokem +1

    Өркен - әңгімесі көркем

  • @user-hi2dn4dh3v
    @user-hi2dn4dh3v Před rokem +1

    Салематсыздарма! Өркеннің айтқан сөздерін лупамен қарап отырғандай сезінесің😅үлкейтіп кішірейтіп 😊. Ішкі травмасын үлкен өмір өшіргендей 🫠. Жартылай айтып жартылай құпайлап айту🤯

  • @user-kb5ee7bb8k
    @user-kb5ee7bb8k Před rokem +1

    Жақсырақ сұхбат болған екен...

  • @user-ze8pl2xq2s
    @user-ze8pl2xq2s Před rokem

    👍👍

  • @user-oe1vt1kx9w
    @user-oe1vt1kx9w Před rokem

    Өркенің өссін, Өркен

  • @Ali-ib9sh
    @Ali-ib9sh Před rokem +1

    Бұл сұхбат арқылы өте көп инсайт алдым рухани ғибрат алдым

  • @omir_rak
    @omir_rak Před rokem

    🤗👍

  • @erekeuali5930
    @erekeuali5930 Před rokem

    Еңбек еткен жемісін көрсін 🎉

  • @Kazakh0778
    @Kazakh0778 Před rokem +2

    Өрке Мырзаға сұрақ қойсам болама?

  • @kaliaskarkyzy1945
    @kaliaskarkyzy1945 Před 6 měsíci

    Қарапайымдылық

  • @sundetnazarkulov5487
    @sundetnazarkulov5487 Před 8 měsíci

    Білмеймін, білмеймін, білмеймін

  • @ayanniyazbek6580
    @ayanniyazbek6580 Před rokem

    Өркен 1 миллион ға бір пост салады сен отырсың 25-30 мың үшін терлеп Еше оны алмауыңда мүмкін 🤣

  • @user-cu4os1uv5h
    @user-cu4os1uv5h Před rokem

    Сыйлық не болды?

  • @bakhytaridat333
    @bakhytaridat333 Před 8 měsíci

    Қаншама қазақ бар
    Бала-шағасымен емес өздері шетелге барып көрмеген
    Өркен сізге кеңес берер едім шетелге екі рет баруды мақсат емес, жұпыныларға көмекті.

  • @user-cq7ot3hd1j
    @user-cq7ot3hd1j Před rokem

    30 мыңды кім алды? үздік қып жазбай ақ қоямызба

  • @user-pe7mo9ws3g
    @user-pe7mo9ws3g Před rokem

    2

  • @kekoke9335
    @kekoke9335 Před rokem

    Өз туған анаңа садақа беріп жүрсің ба? Бала деген туған анасына өмір бойы қарыз емес па негізі өмірге әкелгені үшін:)

    • @kekoke9335
      @kekoke9335 Před rokem

      Бірақ әңгіме айта алмаймын деп қойып әңгімені жібереді екен

  • @Elaman_Ermuhamet
    @Elaman_Ermuhamet Před rokem

    1😅

  • @user-oe1vt1kx9w
    @user-oe1vt1kx9w Před rokem

    Өркенің өссін, Өркен

  • @user-ug1tc2sk2u
    @user-ug1tc2sk2u Před rokem

    Біртүрлі болудан қорықпа дегім келеді