«ӨНЕРДЕГІ ӨМІР ӨРНЕГІ»

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 12. 09. 2024
  • 📷 «ӨНЕРДЕГІ ӨМІР ӨРНЕГІ»
    Танымы ерек фотограф
    Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға 25 жылдан бері табан аудармастан облыстық «Арай» жастар газетінде фототілшісі ретінде еңбек етіп келе жатқан кәсіби фотограф, халықаралық, республикалық байқауларға творчестволық еңбектерін ұсынып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген Алтынбек Қартабаймен «Танымы ерек фотограф» сұхбаты ұсынылады.
    Журналистердің тілімен айтқанда «Әрбір фото - жарты мақала» десек, өзінің фотосуреттерінде өңірдің географиялық әлеуетін таңбалап жүрген ол фотоөнердің 24 жанрының 15 шақтысын толық игерген. Бүгінде «Мөп мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың» жеке шығармашылық тақырыбында ізденіс үстінде.
    Осындай табанды еңбегінің арқасында Алтынбек Болатұлы еліміздегі 500-ге жуық фотографтардың алғашқы ондығының тізіміне еніп отыр. Сондай-ақ, талант иесінің жекетұлғалық құнды құжаттары мен таңдаулы 500 фотосуреттері Тараз қалалық мемлекеттік архивінде сақтаулы.
    Өз бойындағы талантын жас буынға үйрету барысында Алтынбек Қартабай жуырда «Ұшқын» фотостудиясын ашып, 12-16 жас аралығындағы балаларға фотоөнерін үйретіп жүр. Одан бөлек фотоөнер саласы бойынша жасөспірімдерге өз тәжірибесіне сүйеніп, әдістемелік құрал дайындаған.
    Алтынбек Қартабайдың төл туындылары, яғни фотосуреттер жинағы Жамбыл облысының 85 жылдығына арнайы дайындалып жатыр. Ал, бұған дейін үш фотоальбомы жарық көрген.

Komentáře •