Тазалық денсаулық кепілі / тазалык денсаулык кепили / тазалық туралы видео

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 22. 10. 2023
  • Тазалық денсаулық кепілі / тазалык денсаулык кепили / тазалық туралы видео
    Тазалық-денсаулық кепілі!
    Дені сау ұрпақ- қоғам байлығы демекші еліміздің әрбір саналы азаматы өз денсаулығына мұқият болып, қарапайым жеке бас тазалығын қадағалап, сақтау өте маңызды.
    Яғни, бұл күнделікті бір уақытта тұрып, өз төсегіңді жинап, бөлмеңді желдетуден басталады. Мүмкіндігінше таңғы асқа дейін жеңіл жаттығулар жасап бойыңды сергітіп алу өте маңызды екенін ұмытпа. Ертеңгісін беті қолыңды жуып, тісіңді тазала,
    -Тамақ ішер алдында немесе сабақтан келген соң, әжетханаға әр барған сайын қолыңды сабынмен жууды дағдыға айналдыр. Қол терісіндегі түрлі микробтарды жылы су және сабынмен жуынған жағдайда ғана тазартуға болады. Өзіңмен әрқашан бет орамалын алып жүр. Оның таза болуын қадағалап отыр. Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкір. Бұл әдептілік белгісі. Әрдайым ұқыпты, таза киінуге тырыс. Шашыңа да аса көңіл бөл. Ұлдарға жиі шаштаразға барып шаш алдырып отыру керек. Ал қыздарға әдемілеп өріп немесе буып қойған абзал. Ол сенің сабағыңа кедергі келтірмесе болғаны.
    Өз айналасын таза ұстау әрбір адамның міндеті. Отырған жеріңнің шаңын сүртіп, заттарды реттестіріп анаңа көмектес. Ал оқу-құралдарыңды ұқыпты ұстап, қаптап қоюды ұмытпа. Мектептен келген соң сырт киіміңді, мектеп формасын өз орынына қой. Әрдайым аяқ киіміңді тазалап, күтіп ки. Қол тырнағын қадағалап, аптасына бір рет қолыңнан келсе өзің, келмесе ата-анаңа алдыртып отыр. Балалар мұндай керемет әдеп пен тәртіп, тазалыққа дағдылану өмірлеріңді біршама жеңілдетері хақ! Әдептіліктен хабары бар, тәрбиелі, дені сау ұрпақ болашақ кепілі. Білімге құштар, зерек, ақылды болып ер жетулеріңе тілектеспіз
    Достар сендерге бұл шығарылдым пайдалы болды деген үміттеміз. Ендеше біздің каналға жазылып, лайк басып комментарий калдыруды ұмытпа! Келесі кездескенше!
    #тазалық #гигена #тырнақ #мектеп #форма #денсаулык #денсаулық #үйдің #жинау #тамақ #пайдалыақпарат #пайдалыкеңес #сабақ #саббаққақосымша #мұғалім #бастауышсыныпсабақтары #бастауышсынып #бастауыш #1сынып #садик #көрнекілік #видеосабактар #оқу #оқушы

Komentáře •