Кітабы өтпей қалған атақты автор / Kitapal podcast #7

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 7. 09. 2024
  • Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов миллиондаған кітаптың ішінен пайдалы кітапты қалай таңдау керектігі жайлы сұхбаттасады.
    Тайм-код:
    00:10 Кіріспе
    00:42 Таңдау - біздің тағдырымыз
    01:59 Кітап таңдау не үшін маңызды?
    02:40 Жылына 100 кітап оқысақ, өмір бойы қанша кітап оқимыз?
    02:59 Асқазан миға қарағанда ақылдырақ
    03:21 Бала кезде кез келген кітапты оқи бердік
    03:40 Ауыр кітапты ұзақ оқисың
    04:23 Бұдан кейін трагедиялық кітап оқымаймын.
    04:39 Бұл кітап проблемаңды шеше ме?
    04:57 Жұрттың бәрі «Жүрек тыныштығын» оқып жатыр екен деп сен де оқыма
    05:10 Маркетинг туралы кітапты не үшін оқып жатырмын?
    06:28 Бір нәрсені көп көре берсең, талғам қалыптасады
    07:08 Түрлі мәдениетті оқу
    07:30 Рекомендацияда жүрген кітаптарды оқыдым
    07:55 Нобель сыйлығын алған адамдарды оқимын
    08:40 100 адам істесе, 10-ның қолынан келетін нәрсе
    09:30 Бай болу үшін әмияның үлкен болуы керек???
    10:40 Неге таңдау жасау қиын?
    11:25 Миссия мен стратегияңа қарай кітап таңда
    14:05 Автокредит сияқты тізімі тез толып қалған кітаптар
    15:20 Драйзердің кітаптары ұнамады
    16:39 Марғұлан Сейсембайға қатты әсер еткен кітап
    17:50 Ең көп оқылған кітаптың артынша киносы шығады
    18:37 Ұшақта қандай кітап оқимын?
    20:10 Кітап оқитын жерлер
    20:18 Жаңа оқырман кітапты қалай таңдау керек?
    24:00 Бір минуттың ішінде кітаптың не туралы екенін білу
    24:30 Кітапта ғылыми дәлел болмаса, оқымаймын
    27:00 Ойдың күші
    27:55 Маймыл: «Маған сенің түрің ұнамайды»
    28:38 50 бет қағидасы
    29:10 Кітап оқудан гөрі таңдаған ұнайды
    30:00 Теріп оқу
    30:40 Авторға қарап кітап таңдау
    31:10 Кітабы өтпей қалған атақты автор
    31:38 Киосаки қалай бай болған?
    32:10 Бірнеше тіл білудің пайдасы
    34:18 Таңдамай-ақ бірден оқу керек кітаптар
    35:35 Абай жолын оқыған адам жетістікке жетеді
    36:25 Жазушы болғысы келетін адам оқу керек кітаптар
    38:15 Қорытынды
    Daniyar: / dzhigitbek
    Мирас Кесебаев: / miras_kesebaev
    Шразаддин Каниязов / shrazadddin
    Kitapal дүкенінен кітап алу үшін: clck.ru/3Cje82
    Kitapal instagram: / kitapal.kz
    Telegram: t.me/kitapall
    TikTok: / kitapal_house
    #kitapal #kitapalkz #kitap #кітап #кітапоқу

Komentáře • 152

  • @user-rw2ue1ys3v
    @user-rw2ue1ys3v Před rokem +9

    Өте көп нәрсе білдім.Рақмет ,жігіттер! Мен кішкентайымда қолыма түскен кітапты оқиды екенмін. Өсе келе тек махаббат тақырыбындағы кітаптарды оқыппын. Енді ой саларлық әр түрлі тақырыпта құнды кітаптар іздейді екенсің.

    • @kitapal
      @kitapal  Před rokem +1

      Сәлеметсіз бе! Үздік пікір қалдырып, кітап ұтып алдыңыз🎉
      Құтты болсын!
      87775722233 номеріне "Үздік пікір қалдырып кітап ұттым" деп жазып жіберіңіз❤

  • @asunhoney
    @asunhoney Před rokem +26

    Мирас Кесебаев ағаның сондай ізеттілігі мен даралығына әр шығарылым сайын тамсанамын! Аллах разы болсын😊

  • @ulpan9635
    @ulpan9635 Před rokem +11

    1) рекомендация Билл Гейтс или әр қазақ оқуы кк 100кітап
    2) бір нәрсені істей берсең талғамың қалыптасады
    3) миссия; бағыт (лимит қоя біл)
    4) дәл қазір қай проблемаңды шешуге көмектесетін кітап
    Көркем әдебиет оқу- образдар жинау үшін. Сол образдар арқылы қай кезде қалай шешім қабылдауға көмектеседі.

  • @Alima.y
    @Alima.y Před rokem +37

    😍🙌
    Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру❤

  • @mariabdrashidkizi4530
    @mariabdrashidkizi4530 Před 5 měsíci +4

    Қазақстан әлемдегі ең көп кітап оқитын елге айналсын❤

  • @Alima.y
    @Alima.y Před rokem +23

    18:48 энергияңа байланысты кітапты оқу. Күшің бар кезде қиын, ғылыми тілдегі кітаптар оқыған жөн. Жолда, кофейняда эстетикамен әдебиетті немесе бітірген кітапты қайталап оқу ұтымды😍🤗

  • @_nurk3n
    @_nurk3n Před rokem +50

    Келесі шығарылымдарда бір кітапты талдасаңыздар.Қазақ әдебиетінен немесе шетел.

    • @lisag8052
      @lisag8052 Před rokem

      Келісемін

    • @user-vm1iv3jk9t
      @user-vm1iv3jk9t Před rokem

      Иа жақсы идея

    • @user-dv8gl4in5g
      @user-dv8gl4in5g Před rokem

      Ия😍😍😍😍

    • @user-rq4lu6hd4l
      @user-rq4lu6hd4l Před rokem

      Дұрыс

    • @user-vd7gi5lq7m
      @user-vd7gi5lq7m Před rokem

      Мысалы қазіргі жасөспірімдерге Абай жолын оқудан алатын пайдасы қандай? Немесе Жасөспірімдерге Абай жолын оқу керек пе?

  • @svnzhvr_
    @svnzhvr_ Před rokem +41

    7-ші шығарылымда айтылған кітаптар мен әңгімелер тізімі:
    1. Ақ боз үй (С. Елубай)
    2. Жүрек тыныштығы (Б.Балтабай)
    3. Нейромаркетинг
    4. Магия денег
    5. Трилогия желаний Драйзера (Финансист, Титан, Стоик)
    6. Процесс (Ф.Кафка)
    7. Превращение (Ф.Кафка)
    8. Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс (Т. Нұрмағамбетов)
    9. Жусан иісі (С. Мұратбеков)
    10. Балалық шаққа саяхат (Б. Соқпақбаев)
    11. Парасат майданы (Т. Әбдік)
    12. Қар қызы (О. Бөкей)
    13. Қасқыр ұлыған түнде (О. Бөкей)
    14. Қамшыгер (О. Бөкей)
    15. Кербұғы (О. Бөкей)
    16. Дарабоз (Қ. Жұмаділов)
    17. Қазақ тарихының әліппесі (М. Мағауин)
    18. Кедей әке, бай әке (Р. Кийосаки)
    19. Атом әдеттер (Дж. Клир)
    20. 30 күнде ағылшын үйрен (М. Кесебаев, Ш. Каниязов)
    21. Бақыт формуласы (Имам Ғазали)
    22. Абай жолы (М. Әуезов)
    23. Махаббат, қызық мол жылдар (Ә. Нұршайықов)
    24. Дос табу және адамдарға ықпалу ету өнері (Д. Карнеги)
    25. Кармен (П. Мериме)

  • @bigimini7631
    @bigimini7631 Před rokem +60

    Кітап оқып бастағаннан кейін, телефон қарап отырғанда уақытын бос кетіп жатқанын 10 есе сезеді екенсін

  • @Alima.y
    @Alima.y Před rokem +7

    17:00 Шраз ағайға Кафканың процессі Т. Драйзердің трилогиясынан да ұнағанына байланысты айтқым келеді:
    Кейде адамдар өзінен бірнарсе өзгерту үшін тұлғалық даму кітап іздейді. Көркем әдебиет ұсынсаң, не в тему, қатысы жоқ нәрсе айтып тұрғаныңдай
    Көркем әдебиет одан да қатты әсер ететінін білгенде ғой шіркін)))

  • @ulagattileuhan2761
    @ulagattileuhan2761 Před rokem +7

    Бүгінгі подкасттан:Миға тек пайдалы ақпарат жеткізуіміз керек. Көп кітап оқу арқылы таным,талғам қалыптасады.Проблемаға қарай кітап оқу керек. Оқитын жанрдағы үздік адамдардың Нобель сыйлығын алған адамдардың кітабтарын оқу, сенімді, нағыз маманнан үйренген дұрыс, өмірдегі миссияңа сай кітап оқу, өз бағытыңды анықтап соған байланысты кітап таңда.Кітап алатын кезде мұқият шолып кітаптың деңгейімен өз деңгейімізді салыстырып таңдау. Өте керемет подкастты жібермей қараймын, сіздердің арқаларыңызда кітаптың қандай құнды екенін түсіндім.

  • @zhanserikkens696
    @zhanserikkens696 Před rokem +7

    Осы каналдың аудиториясынан ертең саналы ұл қыздар шығады деп сенемін!😊

  • @user-es7xb6pd5d
    @user-es7xb6pd5d Před rokem +6

    Мағанда кітап дүкенін аралаған, кітаптарды мұқият қарап жүру ұнайды 😄. Содан бір ләззат аламын өзіме

  • @Quran.YouTube.Chanel
    @Quran.YouTube.Chanel Před rokem +8

    Ассалаумағалайкум! Жігіттер мен подкаст басталғалы бері 6 кітап оқыдым. Өзімде кітап жазғым кеп кетті.

    • @alimjanqasymjan7638
      @alimjanqasymjan7638 Před rokem +1

      Уағалейкумассалам. Алла зейініңді ашсын

  • @sagidullinaaida
    @sagidullinaaida Před rokem +4

    Кітап таңдау да негізі үлкен өнер деуге болады. Мен кішкентай кезімнен кітап оқығанды қатты жақсы көремін. Мектеп қабырғасында жүрген кезде анамның таңдап берген кітаптарын оқып әр ай сайын есеп беріп отыратынмын. Сол үшін адамда кітап таңдауға деген талғамды қалыптастыруда ата-ананың ойнайтын рөлі үлкен деп білемін. Қазіргі уақытта мен де өзімнің болашақ балаларым үшін арнайы тізім жасап жүрмін. Ал қазіргі кезде кітапты таңдауым Данияр мырзаның әдісіне ұқсас, яғни әр жылы оқу керек 50 кітаптың тізімін жасап аламын. Бірақ мен арнайы миссияға байланысты емес, түрлі категорияларға байланысты бөліп тастаймын. Мысалы өз-өзін дамытуға арналған 5 кітап, шетел әдебиетінен 5 кітап, қазақ әдебиетінен 5 кітап, рухани дамуға арналыған 5 кітап т.с.с категорияларға бөліп оқимын. Әр түрлі жанрдағы кітаптарды оқу алдымен жалықпай оқуға көмектеседі және ойлау көкжиегін кеңейтуге көмектеседі.

  • @kitapal
    @kitapal  Před rokem +6

    Kitapal дүкенінен кітап алу үшін: wa.me/77775722233
    8-775-562-22-33📚

  • @kuralay3231
    @kuralay3231 Před rokem +4

    Өте пайдалы подкасттар болды осы күнге дейін. 👍Мен өзім кітап таңдағанда алғашқы беттегі мазмұнына қараймын, сол жердегі кітап туралы жалпы ой қызықтырса оқимын. Бұрын әртүрлі кітаптарды оқитынмын. Ал қазір өз мамандығым тарих мұғалімі болған соң сол бағытта кітаптарды оқып жүрмін. Мысалы, Ай мен Айша, Қызыл жебе, Жабайы алма, Қан мен тер т.б.

  • @rassulbek5948
    @rassulbek5948 Před rokem +6

    Кітап ал ұжымы, сіздерге көп рахмет! Өте көп мағлұматтар, өте тың мәліметтер алып жатырмыз. Және спикердің 3еуінің де 3 түрлі ойлайтыны өте жақсы болған екен) Бұл деген адам баласының әртүрлі болып жаратылғандығының, бір стандартқа салынбағанының белгісі деп ойлаймын

  • @karlasgyhx
    @karlasgyhx Před rokem +3

    29:34 жизааааа. жазда курстан қайтып бара жатқан кезде, күн ыстық болса да кітап сататын жерге кірііп, аралап жүретінмін. хотя ақшам жоқ болса да, бірақ шыққкан соң шынымен де өте ерекше әсер болады🦋

  • @nuurdauulet
    @nuurdauulet Před rokem +16

    1)Жусан иісі Сайын Мұратбеков
    2)Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыз Тынымбай Нұрмағанбетов
    3)Балалық шаққа саяхат Бердібек Соқпақбаев
    4)Парасат майданы Төлен Әбдік:Психология туралы бәрі жазылған
    4)Қар қызы Оралхан Бөкей
    6)Қасқыр ұлыған түнде Оралхан Бөкей
    7)Қамшыгер Оралхан Бөкей
    8)Кербұғы Оралхан Бөкей
    9)Кармен Проспер Мериме
    10) Атом әдеттері
    11)Бақыт формуласы
    12) Абай жолы

    • @_gunnies
      @_gunnies Před rokem +2

      10) Атом әдеттері
      11) Бақыт формуласы
      12) Абай жолы

  • @user-dc3cl1lq9t
    @user-dc3cl1lq9t Před měsícem +1

    Шыраздың юморына тәнті болдым

  • @tanirkhanova
    @tanirkhanova Před rokem +7

    Кітап таңдарда көбінесе көркем әдебиетте, сөз саптауына және бір ойды жеткізердегі автордың ойлау тереңдігіне мән беремін. Автордың образы мен сөйлесе алуым керек сияқты боп тұрады. Кітаптың кішкентай болғанын ұнатам, барлық жерде тасып жүре алу үшін😅. Әр кітаптың өз оқылатын жер бар дегенге келісем.
    Автобуста көбіне көркем әдебиет оқимын.
    Тыныштықта діни кітап оқығанды жөн көрем.
    Түнгі уақыт шешім шығаратын кітаптар оқыған ұнайды. Таңға жоспармен тұрғызуға көмектеседі.

  • @user-dv8gl4in5g
    @user-dv8gl4in5g Před rokem +8

    Күштііі🎉🎉🎉
    Қанша күттім❤❤❤❤
    Сіздерге рахмет Алла разы болсын🤲

  • @-argressor-8483
    @-argressor-8483 Před rokem +7

    Керемет! Сіздерден келесі шығарылымды асыға күтемін . Мен өз басым кітапты жалпы ортама қарай таңдаймын .Мысалы мектепте ғылми кітаптар: алгебра физикаға қатысты кітаптар, ал үйде көркем әдеби кітаптар ... Бұл комментарийды бағалайсыздар деп ойлаймын !

  • @user-gy8hy8eu8l
    @user-gy8hy8eu8l Před rokem +4

    👍

  • @user-te1zk8dt9k
    @user-te1zk8dt9k Před rokem +5

    Өте әсерлі,пайдалы подкасттардын қатарынан көруге болады. Әрбір шығарылымында өзімнің кітап оқу кезіндегі қойылатын сұрақтарға қажетті жауаптарымды табатындаймын. Сіздерге көп рахмет,өз опыттарынызбен бөлісіп, осылай подкаст түсіру арқылы қазақстандағы кітап оқушылардың артуына бір қадам 😍

  • @user-du9cn1lo9o
    @user-du9cn1lo9o Před rokem +4

    Подкаст үшін рахмет, қызықты болды ☺️
    Өзім кітап оқи бастағанда бүкіл дипломнан түскен көрімдікке (160 мын) кітап алғанмын 😁 Ол үшін үздік кітаптар тізімін әр жерден қарап, рекомендациялар бойынша алдым.
    Ал қазір ішкі жай-күйіме, туындаған проблемама байланысты кітаптар аламын. Және ауырған адамның дәрі іздегеніндей, мұндай кітаптарды тез оқимын 😊👍

  • @user-gm2ui4wv1j
    @user-gm2ui4wv1j Před rokem +3

    Кітапты нұсқаулар арқылы таңдайтын едім. Бірақ, көп кітаптарды оқи отыра өзімнің талғамым туды. Мотивациялық кітаптарды оқу мүлдем менікі емес екен. Әдеби романдар немесе поэмаларды оқу арқылы соның ішінен мотивацияны да, басқасын да алуға болады деп ойлаймын. Қазіргң уақыт солай оқып жүрмін.

  • @balaikaaa
    @balaikaaa Před rokem +2

    Ағаларымыздың даусытары неткен жағымды десеңіздерші😍

  • @l_nazeka_l5537
    @l_nazeka_l5537 Před rokem +3

    Мен кітапты өзім жақсы көретін жанрға қарап таңдаймын. Мысалы мен детектив жанрын жақсы көрем. Фолиант баспасынан Агата Кристидің кітаптарын қазақша оқимын(ол жерде басқада авторлардың кітаптары бар)
    Және 1 жылда 100 кітап оқуым керек деген мақсатым бар ол жерде 50 классика 50 психология жазылған (діни кітаптарда бар) және кітапқа махаббатымды ашатын ең үлкен мотивация ол авторлардан қолтаңба алу. Менің сөремде екі кітап бар автордың қолтаңбасын алған. 🤭 Мирас аға мен Данияр аға енді сіздердің қолтаңбаларыңызды алғым келеді. Шразаддин аға сіздің ФОКУС деген кітабыңыз қатты ұнады. Өзімде CALLUP тест деген не ол ?-деп түсінбей жүрген едім. Маған көп көмегін тигізді. Рахметттт❤️‍🩹

  • @baurzhanzhaksybaev7579
    @baurzhanzhaksybaev7579 Před rokem +3

    Керемет! Алға жігіттер! Кітап таңдағанда автордың жасына, жынысына, жетістіктеріне де қараған дұрыс сияқты. Содан кейін таң ертең, түсте, кешке оқитын кітаптар деп те таңдауға болады( әр түрлі жанрда).

  • @user-yp3bb7pc6y
    @user-yp3bb7pc6y Před rokem +4

    Миға қарағанда асқазан ақылдырақ деген жері өтті

  • @darigatugelbay8780
    @darigatugelbay8780 Před rokem +1

    Кітап таңдағанда мен де бірінші кезекте рекомендацияларға мән береді екенмін. 1) жалпы көпшіліктің және 2)мен ойын құрметтейтін адамдардың ұсынған кітаптарын оқуға тырысамын.
    Одан бөлек дәл қазіргі күйіме және мен үшін өзекті болып тұрған мәселелерге қатысты кітаптарды таңдаймын.
    Тағы бір кітап таңдау кезіндегі қолданатын тәсілім-өзіме ұнайтын автордың кітабын оқу(тақырыбы мен мазмұнына аса көңіл аудармастан)
    Себебі автор сізге ұнайтын болса ол сіздің досыңыз секілді болады, оның тілін, ойлау жүйесін ұғынып, түсініп тұрасың. Ал танымайтын адамның айтқанынан гөрі достың айтқаны өтеді ғой сізге. Сол секілді дос-автордың сіздің өміріңізге оң әсер ете алу ықтималдылығы көбірек.
    Жалпы кітапқа деген талғам қалыптасуы үшін көп оқи беру керек деген пікірге толықтай қосыламын. Өзім де әркез әртүрлі авторлар, әртүрлі жанрлар мен әртүрлі мазмұн-сюжеттерді оқып эксперименттер жасағанды ұнатамын.

  • @nurzhuldyz
    @nurzhuldyz Před rokem +3

    Қызықты тақырып болды. Кеңестеріңізге көп рахмет. Әр көрген сайын кітапты оқуға деген қызығушылығым артады. Мен мазмұнына қарап, өзімнің қызығушылығыма қарай таңдап аламын. Соңғы шыққан жаңа бестселлер кітаптарды да оқуға тырысамын. Мен қарайтын кәсіпкерлердің кеңесіне сүйеніп, олар ұсынған кітаптарды ізденіп, маған ұнағандарын таңдап оқимын. Мұқабасына да, кітаптың қалың переплет болғанына да мән беремін. Сіздерге осындай керемет подкаст үшін алғыс айтамын, кітап оқитын адамдар көбейе берсін!

  • @Madonna4
    @Madonna4 Před rokem +3

    Керемет😍😍 айтқан кітаптарыңызды , ақылдарыңызды түртіп алдым, пайдалы подскаст болды мен үшін ☺️ Сіздерді көре бастағанымда өзіме ай сайын есеп беру керек екендігін түсіндім және әрекет еттім! Мен көп қазақша кітаптар оқиды екенмін еді ағылшынша бұйырса бастаймын😅 Алла разы болсын сіщдерге❤️ Кітапты таңдауда мен бірінші мазмұнына қараймын кейде алданып қалып жатам😂 Енді подкасттан кейін мықты кітаптарды оқу нәсіп етер.Рахмет сіздерге👍🤝

  • @almabek_ibraiymov
    @almabek_ibraiymov Před rokem +1

    Кітапты көбіне салмағы, беті, қағазы, суреттері, қаріпі сияқты талаптар бойынша таңдаймын. Алайда соңғы уақыттарда рекомендация жасаған кітаптарды оқуға сатып алдым. Жалпы, дәл сол кітаптар да көбіне менің талаптарыма сай келеді

  • @Batyl777
    @Batyl777 Před rokem +1

    Жігіттер рахмет. Алаштықтар өлмепті . Өлмейді .

  • @mukhamadiarnasimov1700
    @mukhamadiarnasimov1700 Před rokem +2

    👏🔥🔥🔥

  • @Aiganym_la_tenderness
    @Aiganym_la_tenderness Před rokem +1

    Сәлеметсіздер ме!
    Келесі подкасттарыңызда қонақ ретінде Омар Жалелді шақырсаңфздар керемет сұхбат болар еді.

  • @zhanylsynersultanqyzy2705

    Бұл шығарылымда мен іліп алатын ақпарат көп болды. Дұрыс таңдауды үйренгім келіп жүрген. Рахмет көп көп))

  • @user-qf2hh7hv6v
    @user-qf2hh7hv6v Před rokem +2

    Мен ойлайм, кітапханада оқу керек болған әр типтен яғни көркем әдебиет, іскерлік, психология т.б с.с 10 кітаптың тізімін жазып қою керек, себебі жаңа кітап оқып бастап жүрген адам қайсысынан бастауын білмейді. Ал ол оған көмек.

  • @makeqanat7347
    @makeqanat7347 Před rokem +1

    Кітап таңдаудағы тағы бір мән беру керек нәрсе, қағаздың түсі тым ақ болмауы керек. Себебі көзді ауыртады. Сарғыштау түс болғаны дұрыс

  • @Kazakh_motivation
    @Kazakh_motivation Před rokem +1

    Оо шықьыы

  • @gulzinatursunbaeva
    @gulzinatursunbaeva Před 3 měsíci

    Keremet

  • @user-hc6on3kr1t
    @user-hc6on3kr1t Před rokem +2

    Кітап таңдағанда негізі сенің көкейінде ойландырып жүрген сұрақтың жауабын табу үшін оқыған дұрыс немесе белгілі бір проблеманның жауабын білу керек болғанда және өзінің минус тұсынды плюсқа айналдыру үшін де оқыған дұрыс деп ойлаймын.

  • @user-gh3ft9qw8f
    @user-gh3ft9qw8f Před rokem +1

    👍👍👍

  • @user-qd3fi8jp7w
    @user-qd3fi8jp7w Před rokem

    🔥🔥🔥

  • @Nurila_8
    @Nurila_8 Před 7 měsíci

    Ағалар осылай жалғастыра беріңіздер! Алла қаласа мақсаттарыңызға жетесіздер меніңде кітапқа деген құштарлығым артты және сіздердің барлық подкасттарыңызды тыңдап жүрмін

  • @aktilyekkhumyrzakh8288

    Бұрында Қазақша подкасттарға қатты қызықпайтын тыңдамайтын едім, (Қазақстанда өспегендіктен қазақша жақсы түсінбейтінмін)
    Бірақ осы подкасттан қазақшамда жақсарып, қазақша кітаптар оқуға қызығып кеттім, 2күн бұрын Кітапалдан 2кітап алдым. Бұйырса Ай сайын 1қазақ кітап оқып тұрамын. Көп Рахмет🙏🏻

  • @alimjanqasymjan7638
    @alimjanqasymjan7638 Před rokem +1

    Жігіттер жарапты, Алла баршамыздың ілімдерімізді арттырсын

  • @user-bw6xu9bc4s
    @user-bw6xu9bc4s Před rokem +1

    Жандарым аман болындар

  • @kadirgalievna_sandugash

    7 подкасттамын, кітап оқуға деген шабыт күннен күнге ашылуда ❤

  • @YerbolkyzyAkerke
    @YerbolkyzyAkerke Před rokem +2

    Данияр аға, мен де осы жылға 50 кітап тізімін жасадым стористен көріп, себепші өзіңіз) Мен көркем әдебиетке басымдық бердім. Сіздерге Рахмет!

  • @kaji0091
    @kaji0091 Před rokem

    Ассалаума алейкум жігіттер! Кітапты әркім өзінің өмірлік ұстанымына қарай таңдау керек! Мәселен мен діни және әдеби кітаптар оқимын. Өйткені менің ұстанымыма керек!

  • @user-yt4yq4rg3x
    @user-yt4yq4rg3x Před rokem

    Сиздерди коргенде журек куанады.себеби елмизде билимди жастар оте коп. бул енди байкаганым. Призиденти кандай болса , халыкы сондай дегендей Казир жастар коп тил уйренуге тырысады. Елмиздин болашагы Жарык. Оздериндей жастар турганда

  • @zhanylsynersultanqyzy2705

    мен кітапты өзімнің сұранысыма қарай, яғни не мазалап жүр, сол нәрсенің жауабын табуға не сол нәрсені бойыма машықтандыруға қарай таңдаймын. Сосын барып мазмұнына бір үңіліп шығамын✨

  • @qaimaqtv2199
    @qaimaqtv2199 Před 11 měsíci

    Рахмет подкасттарыңызға!Ұнады🙌

  • @danaalgabekkyzy1065
    @danaalgabekkyzy1065 Před rokem

    Мен кітапты өз таным кө4жиегімді артыру үшін соған байланысты таңдаймын және де өз мүмкіншілігімді білу үшін өз ішімдегі қалауымды жасау мүмкіншіліктерімді табу үшін соған байланысты таңдаймын!

  • @user-ww1fq7bg6l
    @user-ww1fq7bg6l Před rokem +2

    ❤️

  • @hobb1t3
    @hobb1t3 Před rokem +1

    Топ

  • @aiduksa
    @aiduksa Před 5 měsíci

    ❤❤❤

  • @meruert.rahymhan6
    @meruert.rahymhan6 Před rokem

    Рахмет,мен осы соңғы шығарылымдардың барлығын қарап шықтым.Осы подкасттан да жақсы ойлар тыңдап,өзіме пайдалы дерін алдым.
    [ жолда қатты миға салмақ салмайтын әңгімелер оқуға дұрыс.Балалық шаққа саяхат секілді.]
    Бұл жақсы кеңес болды мен үшін .Осы көшеде оқи алмай, зейін болмауымның себебі ғылыми ,қиын кітаптарды алып алады екенмін де өзімді қинайдф екем 😂❤
    Негізі басында 2-3 жыл бұрын қолыма түскен әдебиет ,даму психология,дін оқи беретінмін ,сосфн олар жалықтырып жіберді данияр ағайша,содан қазір подкастта сіздер кеңес беретін шығармаларды ,қазақ әдебиетіндегі топ шығармалар,ауыратын жақтарыма дәрі ішіп сол жағынан оқуды жалғастырдым.
    рахмет көп нәрсе пайдалы болдыы))

  • @nurmuhamedorazbek6838

    Керемет мәлімет. Рахмет жігіттер

  • @Symbat.koishybayeva
    @Symbat.koishybayeva Před 10 měsíci

    🔥

  • @danaalgabekkyzy1065
    @danaalgabekkyzy1065 Před rokem

    Өз арман-мақсаттарыма қатысты кітапты сол үшін таңдаймын,және де жүрегімнің тыныштығына байланысты таңдаймын!

  • @Bauke0407
    @Bauke0407 Před rokem

    Бәрекелді 👍

  • @user-ef5bl3eo6d
    @user-ef5bl3eo6d Před rokem

    Кітап жазуға байланысты подкаст болса,жазушылыққа қызуғушылықтары бар үшін

  • @temirlanburabay
    @temirlanburabay Před rokem

    Аллаһ күш қуат, жеңілдік берсін жұмыстарыңызға🤲🏾

  • @user-oz4yq4jk1i
    @user-oz4yq4jk1i Před rokem

    Керемет

  • @user-fo4gv9vc6f
    @user-fo4gv9vc6f Před rokem

    Беріліп жатқан ақпараттарыңыз сіңімді. Кейбірін пайдаланып та жатырмын. Өзім алатын кітаптар тізімін жазбаймын. Бірақ кітап дүкеніне кіргенде кейбір алғым келген кітаптар есіме түсіп оларды ашып танысып бастағанда ол кітапты алғым келмейді.Содан мендегі мынадай мәселені қай кітаптарғы ақпарат шешуге көмектесуі мүмкін деп ойланып, әртүрлі кітапты қараймын және керегін аламын. Бірақ кейде кітапты соңына дейін оқымай қоям(адам болған соң оныңда қалыпты екенін түсіндім), соңғы кездері осы подкасттарды тыңдағалы кітап оқуға қызығушылығым артып, кезекпен алған кітаптарды оқып жатырмын. Рақмет 😊

  • @user-ll2du1lr7x
    @user-ll2du1lr7x Před rokem

    Керемет. Осы жоба басталғалы біреуін жібермедім және кітап оқуға мән бермей кетіп едім 2 кітапты аяқтап 3-ші кітапты оқудамын. Алла разы болсын,жігіттер. Сосын кітап алдың тұрақты клиентімін❤️

  • @user-zv9ci1yf1x
    @user-zv9ci1yf1x Před rokem

    Осы сіздердің подкасттарыңызды тыңдай келе кітап окуға шабытып ашылып жатыр

  • @user-cq4mm3ir4b
    @user-cq4mm3ir4b Před rokem

    Керемет.

  • @user-zl2mc3ml1g
    @user-zl2mc3ml1g Před rokem

    Керемет!🔥

  • @user-ft4ye9jw2t
    @user-ft4ye9jw2t Před rokem

    Керемет❤️

  • @imangaliyevad6479
    @imangaliyevad6479 Před rokem

    Керемет подкаст 👍

  • @user-rw2ue1ys3v
    @user-rw2ue1ys3v Před rokem

    Осы подкасты қатты күттім! Әрі қарай жалғасын таба берсе екен!

  • @user-cl4ed8cg5o
    @user-cl4ed8cg5o Před rokem +1

    ❤❤❤

  • @user-nd2my8uc3v
    @user-nd2my8uc3v Před rokem

    Шазрадин мыкты шыккан маган унады мен аудио китап тындаймын окитын жумысыма байланысты сиздердин пикир таластарыныздын аркасында недеген кооп китаптын аттарын билдим сиздердин соз сараптауларыныз китапты миндетти турде авторымен атайтындарыныз оте тамаша издеген адамга дайын акпарад маган катты асер етти. Бурын дары кандай китап окысам деп кооп уайымдайтынмын енди сиздердин алган акпарадтын аркасында тез ойланбай барамда. Алатын болдым рахмет. Беретин силыктарынызды муктаж жанга. Окитын адамга бериниздерш текке жыртылып аржерде жатпасыншы 🍁

  • @user-my5li4uw8g
    @user-my5li4uw8g Před rokem +1

    😍❤️

  • @Symbat.koishybayeva
    @Symbat.koishybayeva Před 10 měsíci

    Рахмет❤

  • @user-ui9jd5ne3u
    @user-ui9jd5ne3u Před rokem

    Рахмет 👍

  • @mrnobody7556
    @mrnobody7556 Před rokem

    Көп рахмет!

  • @karlasgyhx
    @karlasgyhx Před rokem +1

    38:52 мен көбінесе кітап таңдағанда рекомендацияға сенемін. әлеуметтік желілерде болсын немесе осы подкасттың өзінде өте көп кітаптарға рекомендация жасап кетті. алдыңғы уақыттары оқуды жоспарлап отырмын🦋. және кітап таңдағанда кітаптың обложкасы, шрифтына мән беремін. үлкен үлкен шрифтпен шығарылған кітаптар ұнамайды(.

  • @user-dy3bw5ys9i
    @user-dy3bw5ys9i Před rokem

    Бала тəрбиесіне байланысты: балалықтан даналыққа кітабы жақсы.ұсыныс менен таңдау сізден.

  • @user-wc9qw9tm7s
    @user-wc9qw9tm7s Před rokem

    Өз Икигайымды іздеудемін қазір. Сол үшін әр жылға бір ғылымды оқу деген жоспар жасағанмын (биология, физикк, гидравлика т.б.). Сол "жылдық ғылымға" байланысты кітап таңдаймын (профессор ұстаздардың ұсынған кітаптары).

  • @ulpan9635
    @ulpan9635 Před rokem +1

    Төлен Әбдіков Парасат майданы
    Оралхан Бөкей Қар қызы
    Кер бұғы

  • @user-rw2ue1ys3v
    @user-rw2ue1ys3v Před rokem

    Тамаша! Маған көп ой салды

  • @sculptor9247
    @sculptor9247 Před rokem +1

    🎉

  • @Aidana_017
    @Aidana_017 Před rokem

    Керемет 😍😍😍😍

  • @user-hp1fn7mr7q
    @user-hp1fn7mr7q Před rokem

    Көп көп рахмет керемет болды . Подкаст ты тыңдай отырып осы жылы өзіме жақын психология мен мотивация ға толық зейін койып кітаптар оқим деп шештім алғысым шексіз !

  • @Artist_miko
    @Artist_miko Před rokem

    😍🔥күшті

  • @kinosmoldabekova5218
    @kinosmoldabekova5218 Před rokem

    Рахмет үлкен😍

  • @wszxainurn
    @wszxainurn Před rokem

    Өтее пайдалы, рахмет көп-көп. Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер💗

  • @Kuanush
    @Kuanush Před rokem

    Ассаламағалейкум өте жақсы ақпараттар болды.
    Мен кітап таңдағанда
    1-өмірімде қандай қиындық болса қалай шығамын қандай кітап сол қиындықтан шығуға көмек береді соған мән берем
    2-Сонымен қатар көбіне бір адамның өмірінде болған оқиғалары жайлы кітаптар оқыған ұнайды.

  • @aidanabaizhanova1496
    @aidanabaizhanova1496 Před rokem

    Бір нәрсенің шебері болу үшін қайта қайта істеу керек болып тұрғо

  • @ddemusha
    @ddemusha Před rokem

    Мен көбіне діни және психологиялық кітаптарды оқимын, кітапты көбіне үзінділерін көру арқылы таңдайды екенмін)

  • @gulnurbolatqyzy6710
    @gulnurbolatqyzy6710 Před rokem

    Көбірек шығапыңыздаршыы😮🥺

  • @talgat.asselia
    @talgat.asselia Před 2 měsíci

    Перизат Мырзахметті күтіп жүрмін, шақырыңыздаршы🙏🏻

  • @sculptor9247
    @sculptor9247 Před rokem +1

    😊