Бейбіт Сейдуалиева - Сен маған хабарлассаңшы

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 16. 04. 2023
  • Jibek Joly TV: бізді спутниктік арна арқылы және CZcams, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!
    Біздің өзге де бағдарламаларымыз:
    Жаңа түнгі студия: • «Жаңа түнгі студияда» ...
    «Ел» бағдарламасы: • Ана жүрегіндегі дақ | ...
    Ләйлә Сұлтанқызымен сұхбат: • Ләйлә Сұлтанқызымен «С...
    Jibek Joly TV: смотрите нас на спутниковом ТВ, в CZcams и социальных сетях. Оставляйте ваши комментарии под этим видео.
    Смотрите наши топовые шоу:
    По следам предков: • Trails of Nomads
    Клиника: • Можно ли вылечить опух...
    ПроFashion: • Как дизайнер Айгерим Д...
    Watch us on satellite TV, CZcams and social networks. Leave your comments under this video!
    Watch our top shows:
    Searching for Mystery: • Nomads - a civilizatio...
    Kokpar: • Kokpar
    Qandastar: • Qandastar
    #jibekjolytv #Сенмағанхабарлассаңшы #БейбітСейдуалиева

Komentáře • 258

  • @user-ob7rp9ym7z
    @user-ob7rp9ym7z Před rokem +239

    Осы өлеңді естіп күйеуімнің айтқан сөздері есіме түсті. Мені қолымнан жібермей ұстап, мен сені қимаймын өмірге қайтып келсем қайтадан сені алар едім деген еді. Ауруханада күйеуіме қарап жатқан едім. Кірсемде шықсамда көзін алмай қарап жатып еді. Қимай жатыр екен ғой. Өмірде сен сияқты әйел біреу ғана деп еді. Жаным жанның жәннәттән болсын

  • @user-el6yo5ut1c
    @user-el6yo5ut1c Před 3 měsíci +4

    Керемет. Көп адамдардың басынан өткен жәйт пондемия кедзінде. Бір біріне жете алмай.

  • @user-oh9mf9ih7w
    @user-oh9mf9ih7w Před rokem +89

    Коронвирустан қаншама адам көзжұмды ғой. Бейбіт нағыз әнші жүректі езіп жіберді ғой

    • @azhekalovedosdos6187
      @azhekalovedosdos6187 Před rokem +1

      Барша жұртқа ... оибаи түріктердің əніне ұқсап кетті ғои Тоқтар -ау

    • @user-dd3rf4td2p
      @user-dd3rf4td2p Před rokem +1

      Уі өз

  • @user-wp2sy5nx7m
    @user-wp2sy5nx7m Před měsícem +2

    Қандай керемет, күйеуім екеуміз бір бірімізге ренішімізді айтып, али де іішімде өкпем бар, бізде бірімізді осылай бір бірімізсіз тұра алмайтындай күн болар ма екен? Али жастықтың буымен айелдің қасынан кетпи жүрген соң менің қадірімді білмей тұр ғой, кетіп қалуды мен де білемін, бірақ келіп кетіп қадірімді жоғалтқым келмейді. Алла өзі тура жолды көрсетер, балаларымвздң болашағы үшін Алла сыйласиығымызды нығайтса екен. Главный сыйластық қо.

  • @kanagatamirova4853
    @kanagatamirova4853 Před rokem +105

    Бейбіт аналық асыл жарлық рөлді бірінші орынға қойған ғой, әншілік ті соңына қойған . Нағыз әйел, ана, адал жар бейнесі аман болыңыз

  • @user-fz7pn8ds2i
    @user-fz7pn8ds2i Před rokem +122

    "Жаным ... хабарлассаңшы, семіп барамын.Сүйем дей салшы, сеніп қаламын. Жаным.... келіп кетсеңші, көріп кетсеңші, сөніп барамын..." . Өнер адамы ғой, сол кездегі құсасын, осылай білдірген. Мен естігенде көзіме жас алдым. Сол кезде қанша адам өмірден өтті, терезеден телміріп, үйден шықпайтын кез болды ғой. Тоқтардың әрбір сөзінде жан бар, ыржалаң емес, карапайым болса да, есті, мағыналы сөздер.

    • @user-hm6ei4sg2d
      @user-hm6ei4sg2d Před rokem +6

      Отееее дурыс Динара кызым,созине косыламын жасым 65 те болсада,сол анге менде жыладым,сол адамнын орнында болсам кандаи жагдаида боласын

  • @user-nm6oj9jo7j
    @user-nm6oj9jo7j Před rokem +47

    Мен де Токтар аганы елестетип, бир жылап алдым.... және сол о дуниелік болган барлык мусылмандардын жандары жәннатта болсын деймін🤲

  • @user-bc2xn9cy4i
    @user-bc2xn9cy4i Před rokem +20

    Ел басына күн туып, көп адамның ауыр жағдайды басынан өткізіп жатқан кезеңінде дүниге келген әннің, әр сөзінде терең мағына бар. Қаншама отбасы жақынан айырылды. Жолдасым емханаға өз аяғымен кетіп, қайта оралмады...Сондықтан бұл әнді алғаш естігенде қатты әсер алдым. Жүрегіме жақын қабылдап, жылап отырып тыңдағанмын. Жыламай тыңдау мүмкін емес. Балаларымның әкесін сағынып іздегеніне бүгін екі жыл. Қам көңіл жандардың, жан-жарасына жамау боларлық дүние жазған, Тоқтар бауырыммен әнді нақышына келтіріп, жеүрекке жеткізе орындаған жары, Бейбіт екеуіне зор денсаулық, баянды бақыт тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз қайғы-қасіреттен аман болсын!

    • @user-is3je9cn4m
      @user-is3je9cn4m Před rokem

      Әумин жаным. Бекем бол. Жолдасың әрқашан жаныңда.

    • @altinay1423
      @altinay1423 Před 8 měsíci +1

      Жолдасыңыздың алдынан жарылқасын. Қаншама адам өз аяғымен кіріп, қайта шықпады ғой 😢😢😢. Менде аяғым ауыр еді. Карантиннің аяғы кезінде ауырып, ауруханаға түстім. Өте қиын ауру😢😢😢. Алла ешкімді олай ауыртпасын. Ағам, бауырларым қатты қорықты. әсіресе ағам қатты жылап, мені де кетіп қала ма деп. Өзім Іштегі балам үшін қатты қорықтым. Қандай болар екен деп. Аллаға шүкір, тәп-тәтті ұлым қазір 2 жаста

  • @user-cr8pt6mb1u
    @user-cr8pt6mb1u Před 5 měsíci +3

    Бейбіт пен Тоқтар нағыз қазақи, бақытты отбасы үлгісі. Отбасындағы берекенің, бірліктің, шынайы махаббаттың символы. Дендерің сау, ғұмырларың ұзақ болсын деп Алладан сұраймын.

  • @user-bg3qp3ib7z
    @user-bg3qp3ib7z Před 3 dny

    Онегели казак елинин мактаныштары аман болыныздар 🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊

  • @user-yl8su5gi8u
    @user-yl8su5gi8u Před rokem +39

    өзімді тоқтата алар емеспін😢 керемет ән бақытты болыңыздар ❤ Тоқтар мен Бейбіт қазақтың үлгілі отбасының символысыздар

  • @mayrapirjanova
    @mayrapirjanova Před rokem +3

    Еситкен сайын еситкин келеди кушти айтылган ан 2023жыл

  • @user-eq4jw8jq1b
    @user-eq4jw8jq1b Před rokem +32

    Аллам енді Қазағымды ауыртпасыншы бәле жәледен тіл көзден сақтасыншы болашағымыз зор болып ұрпағымызбен мың жасайық
    Жұбайызбен ұрпағызбен мың жасаңыздар

  • @user-vj6ru7nu5j
    @user-vj6ru7nu5j Před měsícem +1

    Тоқтар мен Бейбіт күшті жұпты әншілер. Мәңгілік бірге болсын❤

  • @Azsx-py9xi
    @Azsx-py9xi Před rokem +24

    КАЛАЙ ТАУЫП АЙТЫЛГАН СОЗДЕР, АЙНАЛДЫМ ТАЛАНТЫННАН АЛТЫНЫМ. АМАН БОЛЫНДАР.❤❤❤

  • @user-xp8vh3pb2d
    @user-xp8vh3pb2d Před rokem +33

    Не деген кундер айлар өтті.
    Аллах сақтап, қорғап журсін сондай пандемиядан!
    Өлең керемет!

  • @user-bd1cg5mx8p
    @user-bd1cg5mx8p Před rokem +40

    Жаным Бейбіт әпке өте керемет! Тоқтар ағаның махаббаты қандай күшті❤❤❤

  • @user-po1kb5hd5i
    @user-po1kb5hd5i Před rokem +47

    Тоқтар-Бейбіт! Аман жүріңдер.Балаларыңның қызығын көріңдер.Өмірден өткен жандар иман байлығына кенелсін.Әсерлі ән.

  • @user-sq7pz6wg2m
    @user-sq7pz6wg2m Před rokem +31

    Сөзін де әнін де мықты шығарған , орындаушысын тапқан ән ғой шіркін.

  • @aruizguttinova4401
    @aruizguttinova4401 Před rokem +17

    Әдемі ән, әдемі орындау, әдемі жұп. Бақыттарыңыз баянды болсын! Балаларыңыздың қызығын бірге көріңіздер❤

  • @user-fd8me7cb9m
    @user-fd8me7cb9m Před 2 měsíci +1

    Қанша рет тыңдадым сөздері мағыналы жүрекке жетеді
    Қайта қайта тыңдац беремін!
    Токтар - Бейбіт аман болыңыздар!

  • @user-if7fw9lg2k
    @user-if7fw9lg2k Před měsícem +1

    Тоқтар, Бейбіт сүйікті әншілеріміз. Бақытты болыңыздар. Сіздерді жақсы көреміз. ❤❤

  • @Laleli76
    @Laleli76 Před rokem +40

    Бақытты жоғалтпау үшін
    Шаттықты тоналтпау үшін
    Сен маған хабарлассаңшы бір сәтке ұмытпау үшін
    Басымды игенім үшін
    Отыңа күйгенім үшін күйгенім үшін
    Сен маған хабарлассаңшы
    Мен сені сүйгенім үшін
    Жаным хабарлассаңшы семіп барамын
    Жаным сүйем дей салшы сеніп қаламын
    Жаным келіп кетсеңші көріп кетсеңші сөніп барамын
    Биікке самғауым үшін
    Үмітті жалғауым үшін
    Сен маған хабарлассаңшы жоғалтып алмауың үшін
    Күлемін жыламау үшін жүрегім мың жамау мүсін
    Армандар аласырмасын адамдар құламас үшін

    • @user-nl8yz9fj2t
      @user-nl8yz9fj2t Před rokem +1

      Семіп деген қандай мағына, алғаш естіп тұрмын

    • @user-wp4pz9nx5k
      @user-wp4pz9nx5k Před rokem

      @@user-nl8yz9fj2t Семіп яғни солып барамын - өмірден өтіп бара жатқан сәтті білдіретін мағына. 😥😔

    • @user-nl8yz9fj2t
      @user-nl8yz9fj2t Před rokem

      @@user-wp4pz9nx5k өліп барамын деген сөздің баламасыма, алғаш естігесін түсінбей қалып отырғаным. Мағынасын түсіндіргеніңізге рақмет.

  • @user-oh4qi7ex1h
    @user-oh4qi7ex1h Před rokem +12

    Қызым екеумізді қалдырып кеткен адамға айтатын ән екен😢❤🎉

  • @makcatmakcat747
    @makcatmakcat747 Před rokem +15

    Алла Тағала, Сол Мезгілде Күш Қуат Беріп, Ниетіңді Қабыл Алып, Тохтар Бауырым, Қиналған Кезінде, Өміріннын Мәні Гашыгыгына, Жүрегінен Шыққан Сезімін Ғой, Гумырлы, Бақытты Болыңдар!!!

  • @aitgulrakhym5753
    @aitgulrakhym5753 Před rokem +2

    Кеш жарық достар, бауырлар.Тоқтар інім мына ән үшін мың алғыс,ал Бейбіт сіңліме келсем бұл қыздың орыны мен үшін ерекше,таланты,ерекше дауыс иесі,мінезіне көркі сай жаным,менің жерлесім(Тараздың-Жаңатастың сүйкімді және әдемі қызы).Ән жүрекке жетті,сөздеріне сазы сай,ән өз орындаушысын тапқан!!!

  • @user-rm6ed5pg9c
    @user-rm6ed5pg9c Před rokem +16

    Тоқтар аға, аман болыңыз! Қандай өнер адамы деген осы ғой.... Анам да осы коронамен ауырып больницада жатқан кезінде бір шұмақ өлеңдері келген екен...

  • @user-yq6dw6qh9i
    @user-yq6dw6qh9i Před rokem +30

    өте өнегелі улгі алатын отбасы аман болыңдар

  • @user-zx6sv6sm6z
    @user-zx6sv6sm6z Před 2 dny

    Бейбитің даусы ерекшеғой шіркін ❤❤❤❤❤

  • @bagilaibragimova3120
    @bagilaibragimova3120 Před rokem +5

    Керемет ән !! Бірінші рет естіп жүрегім ауырып кетті! Алла қазағыма енді сондай дерт жібермесін. Бақытты болыңдар!! Тоқтар Бейбіт!!

  • @togzhan8523
    @togzhan8523 Před rokem +4

    Керемет ән махаббаттары мәңгілік болсын Ауырмай балапандарының қызығын көруге Алла Тағала нәсіп етсін.

  • @user-gj6bi1cg9r
    @user-gj6bi1cg9r Před rokem +7

    ❤ты тебрентетн ан екен. Казргы заманда хабарласпаитындар копкои😢

  • @user-fj5dt6fq2p
    @user-fj5dt6fq2p Před 8 měsíci +1

    Бейбіт әпке әдемі әнді әсері етіп жеткізді ❤

  • @ilmira1753
    @ilmira1753 Před rokem +44

    Алла тіл көзден сақтасын сіздерді.Бақытты ғұмыр кешіңіздер. Бейбіт әпкенің даусы керемет!!! ❤❤❤❤

  • @Nurxan72668
    @Nurxan72668 Před rokem +2

    Қанша адам қырылды, қанша адамның көз жасы жібермес укімет басындағыларды, қолдан жасалды ғо бәрі

  • @user-fb5iq8sc5i
    @user-fb5iq8sc5i Před rokem +18

    Керемет ан екен, тамаша!Жанынды тебирентеди.Шынайы кысылган сатте ,сатти шыккан ан.Токтар, Бейбит бакытты болындар балапандарынын рахатын кориндер.Екеуин жарасымды татти жупсындар!!!Биз сендерди жаксы коремиз!❤❤❤

  • @user-nz6hm4qs5r
    @user-nz6hm4qs5r Před rokem +25

    Тоқтар інім қандай Бейбіт екеуің керемет жансыңдар!Шынайы өмірден алынған новелла ғой бұл!Бұл әнге адамдардың жыламауы мүмкін емес! Біреуің әні мен сөзін жазсаң екіншің бұл әнді айтып жүректерге шебер жеткізе білдіңдер! Алла разы болсын сендерге!Өзім зейнеткер жасында болсам да осы әнді тез үйреніп айтқым келіп отыр.Көңілге шуақ беретін,жүректі елжірететін ән екен!Аллам сендерді тіл-көзден сақтасын! Жандарым сендердің дендеріңе саулық,отбастарыңа амандық тілеймін!

    • @rozaray4598
      @rozaray4598 Před rokem

      Не деген махаббат десеңші ❤

  • @user-ge3bd5bn3s
    @user-ge3bd5bn3s Před rokem +1

    Менинде куйеуим колымды устап турып коронавирусте омирден отти биз ушин жазылгандай.каита кайта тындасамда тындагым келе береди.Рахмет❤❤

  • @user-xd5ku9sm5q
    @user-xd5ku9sm5q Před 2 měsíci +1

    Осы әнді тыңдаған саиын әлі жылаимын😢😢

  • @user-lw7sj6gx7g
    @user-lw7sj6gx7g Před 11 měsíci +1

    Керемет ән.Керемет орындау.Осындай жақсы,мағыналы әндер көп болсын.

  • @aknurdauletova7401
    @aknurdauletova7401 Před 2 měsíci +1

    Керемет екен❤бақытты болыңыздар

  • @user-nl9lc4em7v
    @user-nl9lc4em7v Před 4 měsíci +1

    Мына ән , әбден жылатты 😢😢

  • @Atr-mn9zc
    @Atr-mn9zc Před rokem +8

    Короновирустан қайтқан жандарға естелік сынды ән екен😥

  • @user-wi4nj5mo7g
    @user-wi4nj5mo7g Před rokem +3

    Керемет ән екен, қанша адамдар кетті, осы к. вирустан, АЛЛА енді қайталанбаса екен. Жатқан жерлері жайлы болсын барша мұсылман баласының. 😢

  • @user-mr1dg3bo7m
    @user-mr1dg3bo7m Před 11 měsíci +1

    Не деген керемет ән еді 😢

  • @zangartimes
    @zangartimes Před rokem +20

    Уаааа, жүрегімді езіп жіберді. 😢😢😢

  • @sulubegmuratova3931
    @sulubegmuratova3931 Před 10 měsíci +1

    Өте керемет, жылағыыым келді, өте, өте керемет

  • @user-jr7ty4ev4x
    @user-jr7ty4ev4x Před rokem +10

    БейбитТоктар аман болыныздаротбасылык бакыт билеймиз андеринизди суйип тындаймыз халык ушин жаралган жансыздар аркашан аман журиниздер

  • @user-te2kl1yf4i
    @user-te2kl1yf4i Před rokem +7

    Орысша сөйлеген қыз болса да қазакша өлеңді жаксы айтады екен

  • @user-et3eb4mu5n
    @user-et3eb4mu5n Před rokem +7

    Керемет ән сөзі де, әні де үйлесіп тұр, аман бол бауырым, бақытты болыңдар

  • @aniwzh_2
    @aniwzh_2 Před rokem +10

    Өте керемет ән❤ Дауысы да керемет!❤
    Жақсы көретін әншім😍❤
    Аман бол❤❤❤

  • @user-tx5nc3uz4r
    @user-tx5nc3uz4r Před rokem +7

    Елдің сөзі қосқан жұптар әрдайым бірге болыңыздар! Әдемі орындау

  • @user-bq6lw1cn4z
    @user-bq6lw1cn4z Před rokem +7

    Бүгін Меркіде концерттері. Алланың қалауымен барамыз

  • @user-bo6gu4cg9i
    @user-bo6gu4cg9i Před rokem +3

    Мыкты мыкты толып тунып турган сезим махаббат журекти жарып шыккан ериксиз козге жас келеди

  • @user-gd7zn9lm7z
    @user-gd7zn9lm7z Před rokem +14

    Керемет ,сөзіне сазы үйлесіп,Бейбіттің орындауында жүрекке жетті

  • @user-dz9ot1xv7j
    @user-dz9ot1xv7j Před 2 měsíci +1

    Керемет әң😢❤❤❤

  • @user-cg3js3lo3z
    @user-cg3js3lo3z Před rokem +8

    Оралға келіп концерттері болды ғой сонда тыңдағанбыз.Өте жүрекке жақын ән .Тоқтар мен Бейбіттің әндерінің бәрі тамаша .Аман болыңдар.

  • @user-lo2dz1lq6j
    @user-lo2dz1lq6j Před rokem +9

    Керемет ән,керемет дауыс,керемет жұп👏👏👏🔥🔥🔥

  • @user-ez4ks4du2p
    @user-ez4ks4du2p Před rokem +5

    Керемет ән. Өміріңіз ұзақ болсын. ❤

  • @user-uj7pr8is6p
    @user-uj7pr8is6p Před rokem +1

    Керемет ❤❤❤

  • @user-ev3ei4hw7h
    @user-ev3ei4hw7h Před rokem +7

    Не деген керемет әуен сөздері қандай мағыналы Бақытты болыңдар сол кездері біраз адамдар тобасына келген шығар қандай асыл адамдар кетіп қалды ғой

  • @petrkirechenko
    @petrkirechenko Před rokem +1

    Улкен рахмет

  • @user-gf2qs8ey9m
    @user-gf2qs8ey9m Před rokem +9

    Керемет жазылыпты. Бейбіттің орындауы да шебер.

  • @user-ko4qx2fq4u
    @user-ko4qx2fq4u Před rokem +6

    Жаркырап,еки жуп журе бериндер.Бакытты болындар!

  • @AsemToleubai
    @AsemToleubai Před rokem +15

    Өте керемет ән Алла разы болсын аға .

  • @user-up9xj2jx9d
    @user-up9xj2jx9d Před rokem +11

    Әдемі ән! Өте жақсы жұп!

  • @user-se7nh5cs2v
    @user-se7nh5cs2v Před rokem +6

    Керемет ән!

  • @user-hw9te3th3n
    @user-hw9te3th3n Před rokem +8

    Мен маны бермеппин олен олен Токтар айткан сон кана истип корсем керемет жазылган олен екен ози ди озим токтата алмай жыладым сонда кандай кана убакыт болды омир токтап калган сиякты болды , Аллама мын шукур Токтардын аман калганы барлык ауыртпашылыкты анасы аркалап кеткен сиякты .Бейбитке да улкен рахмет керемет орындалган бар болуныздар ..кунине 10 15 ред истийдым олендеринизды Рахмеет

    • @user-je3hv9mk4f
      @user-je3hv9mk4f Před rokem

      Керемет ән,керемет жарасымды жұбайлар,аман есен болыңдар,балаларыңның қызығын көруге Алла нәсіп етсін.Тоқтар нағыз азамат,Бейбіт нағыз асыл жар ғұмырлы болыңдар.

  • @luizanurlybekova2656
    @luizanurlybekova2656 Před rokem +4

    ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤үлгілі отбасылардың бірі 👌👍👌👍👌👍👌👍👌👍👌👍👌👍👌👍👌👍👌👍🌷🥀🌹🌷🥀🌹🌷🥀🌹🌷🥀🌹🌷🥀🌹🌷🥀🌹🌹🥀🌷🌹🥀🌷🌹🥀🌷😊😊😊жәндерым сондай жақсы көремін сендерді әндеріңді де өздеріңді де🤗🤗🤗🤗

  • @user-ji2wj2me7z
    @user-ji2wj2me7z Před rokem +6

    Сизлердин уйленгенинизди катты калеген едим .арманым орынланып екеуин уйленип уй болганынызды еситкенимде озим бахытлы болгандай каншелли кууанганымды билсениз еди .Бахытлы болын жубыныз жазылмасын .Сизлерди жаксы коремен.
    Хиясова Зухра.❤❤❤❤❤

  • @user-yi8ji8xz5w
    @user-yi8ji8xz5w Před rokem +4

    Керемет ән екен, сүйікті әншілерім аман жүріңіздер.

  • @2582ist
    @2582ist Před rokem +8

    Өте керемет ән,жылап отырып тындадым

  • @user-lw2kd3ye5h
    @user-lw2kd3ye5h Před rokem +1

    Токтар аганын жазган ани не Деген журеги Кен Жан единиз Махабаттыныз манги болсын мени средам куантты есть же на свете такая истенная любовь спасибо вам вам большое что вы написали шедевр чувств

  • @user-nl8yz9fj2t
    @user-nl8yz9fj2t Před rokem +3

    Бейбіттің киім кию үлгісін түзесе жақсы болар еді, жалпы Тоқтар екеуі керемет жұп.

  • @user-md5qn1bm8g
    @user-md5qn1bm8g Před rokem +5

    Супер песня.Слова и исполнения 👍👍👍👍👍👍👍👍

  • @user-mc7rh5pb8c
    @user-mc7rh5pb8c Před rokem +1

    отип кеткен омир каншама колдан жасалган адамдарга кастандык лагнет сол ауруды тараткан ауаменен кырып салдыгои акауы бар адамдар устап алды баримизде ауырдык онсызда омир кыска откен жандар иманды болсын

  • @user-ef8me7pc2h
    @user-ef8me7pc2h Před rokem +1

    Даусы керемет

  • @AigulTorehanova-wr8cz
    @AigulTorehanova-wr8cz Před rokem +4

    Бакытты болыныз дар керемет ❤❤❤ тындай бергын келеды

  • @user-lk4vd2wj2e
    @user-lk4vd2wj2e Před rokem +1

    Сөзінде әні де керемет аман болыңдар жандарым сол.Бейбітті бір түйір қазақша білмейді дегенге адам сенбейді.😊

  • @user-zz5tf5dx3b
    @user-zz5tf5dx3b Před rokem +6

    Керемет Алла бахыттарыңды берсін. ❤❤❤

  • @user-vn2ft3rj9n
    @user-vn2ft3rj9n Před rokem +7

    Жарайсын Токтар керемет ан екен керемет орындау Актауга келмейсизба ? Халык сагынды гой жаксы андеримен келип кетиндер .

  • @user-rq1mh5fz6d
    @user-rq1mh5fz6d Před 7 měsíci

    Мен сенемын мены сюетын адам болатын шыгар 😌🌷

  • @user-ft5gh3ql1z
    @user-ft5gh3ql1z Před 7 měsíci

    Олен керемет

  • @user-yb2tn7sk1d
    @user-yb2tn7sk1d Před rokem +4

    Керемет шығармашылык адамгои недеген сөздер журекке жетти жүрек ауырды сыздады Биттин орындауында кез келген ән жүрекке жетеди

  • @user-ev3zd6np4p
    @user-ev3zd6np4p Před rokem +4

    Өте керемет ән 👍👍

  • @user-tn8fe6xs2x
    @user-tn8fe6xs2x Před rokem +1

    Керемет жұп,әндері де кушті.

  • @user-gq7ek4ly8v
    @user-gq7ek4ly8v Před rokem +1

    Тохтар, рахмет за такие тексты👍. Бейбiт прекрасно, душевно исполняет👏👏

  • @adilhanshaizadaev3399

    Бакытты болыныздар, айналайындар, бул ан , емзанада жаткан, жалгыз баламды еске тусирды. Есими Адилхан, суйген кызы, келип туратын артынан, балам катты суйды, кызын. Косыла алмады. Балам О дуниеге , кощтаса алмай, анасыменде коштаса алмай кете барды... жарыгым сол....

  • @user-bg7en2fh1w
    @user-bg7en2fh1w Před rokem

    керемет 👍

  • @user-dw4ts4lj5t
    @user-dw4ts4lj5t Před rokem

    Не деген керемет ан мин жаса тоқтар бейбет аман болындар ол кундар кайта келмесын жараткан ием .

  • @user-wm8ld5oi5l
    @user-wm8ld5oi5l Před rokem +1

    мына әнді бұрын соңды тыңдамаппын, естіп алып жүрегімнің езілгенін ай😭😭❤️‍🔥❤️‍🩹ух недеген ауыр ән көз алдыма Тоқтардың қандай хәлде жатқаны елестеттім

    • @user-ux1cd2bq6u
      @user-ux1cd2bq6u Před rokem

      Токан токалына кеткен шығар

  • @user-hx8qb1bm6m
    @user-hx8qb1bm6m Před rokem

    От басылық татулықты, осы жанұядан көруге болады.

  • @bazsrbai1816
    @bazsrbai1816 Před rokem +2

    Кушти керемет эдеми эн оте сондай коп жасаныз бахытты боп омирде тилегим

  • @karrikkoo
    @karrikkoo Před rokem +1

    🥺Көңілді толқытатын ән екен.💔

  • @user-ok4ss8wg7m
    @user-ok4ss8wg7m Před rokem

    менин жолдасым тускі асын ишип сонгы рет бетимнен суиып кетип уйыктап сол куиде турмады😢😢😢😢 мынау ән журекти катты козгады Токтар ага. 😢😢😢😢😢😢

  • @tileubeknurdolda8484
    @tileubeknurdolda8484 Před rokem

    Ия жақсы ән екен Тоқтар бауырым анаңа Алла жәннәтті нәсіп етсін

  • @user-nd2sm5bh3j
    @user-nd2sm5bh3j Před rokem +3

    Керемет❤

  • @petrkirechenko
    @petrkirechenko Před rokem

    Не деген адеми Олен Токтар ага мен бейит апа га рияасыз ризамын манги бирге бакытты болыныздар деп ак тилек тилеймин жаксы улгили Ана улгили Аке

  • @user-zc8to3wm6q
    @user-zc8to3wm6q Před rokem +3

    Әндер көбірек жазыңыз Бейбіт ханым❤

  • @user-fi4bn4fn3f
    @user-fi4bn4fn3f Před rokem +1

    Кандай уникальный адамдар❤