Шетелдегі қазақ балалары (2013) - 13 бөлім

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 26. 09. 2023
  • Жанар Байсеміздің авторлық жобасы "Шетелдегі қазақ балалары".
    Бұл жоба - халықаралық бала асырап алу жайындағы көп сериялы деректі фильм. Бағдарламада шетелдік отбасылар асырап алған қазақ балаларының тағдыры жайлы баяндалады. Шет мемлекеттерге жұлынып кеткен балалармен танысып, уақыт өте келе олардың дүниетанымы қалайша өзгеретіні, тамырының, тілінің, туған жерінің тартылыс күшінің қаншалықты мықты екенін білеміз.
    Жобаның мақсаты - Қазақстанда бала асырап алу мәдениетін қалыптастыру, еліміздің болашағына ықпал ететін рухани және отбасылық құндылықтарды насихаттау.
    Осы бағдарлама арқылы сыртқа ағылған қазақстандық жетім балалар мен Қазақстан арасындағы байланысты орнату, туған елден жыраққа кеткен бүлдіршіндермен қарым-қатынасты үзбеу көзделіп отыр. Отан туралы олар не біледі? Елмен оларды не байланыстырады? Өз тарихын, түп-тамырын түсіну жасөспірім үшін неге қажет?
    Бағдарламаның жаңа маусымын Jibek Joly арнасынан тамашалаңыздар!

Komentáře • 57

  • @aliiivip.77
    @aliiivip.77 Před 8 měsíci +10

    Сара ,Сәкен Қазақ екенін ұмытпаған.👍

  • @user-yg1co8xm2f
    @user-yg1co8xm2f Před 9 měsíci +16

    Жанар жаным,сізге Алла күш-қуат берсін,қаншама еңбек,қандай жүрек керек түсіру тобына бәріне рахмет,әр бес жыл сайын осылай түсіріп тұрыңыздаршы,өтініш,біліп отырайықшы қалай болды тағдырлары,,қалай ғана өз қандастарымыз,өз Қазағымызды тастады екен,Аллам-ай әр шығарылымды жыламай көру мүмкін емес😢

  • @guljanatdulatbai3358
    @guljanatdulatbai3358 Před 9 měsíci +14

    Журек ауырады тамак ышып отырып жыладым кандай суйкымды баллар

  • @user-zx8nc6ol4p
    @user-zx8nc6ol4p Před 9 měsíci +7

    Ассалаумағалайкум Қазақ елі мына видео роликті көріп жүрегім ауырып кетті.

  • @user-wf2ud1fp5z
    @user-wf2ud1fp5z Před 9 měsíci +9

    Жанар ханым осы түсірілімге көп-көп рахмет сіздерге, Сараны өсіріп жеткізген анасына мың алғыс, әдемі, білімді бала болып өсіпті, көкек анасының қылығы жүректі ауыртты, қоқыста крыса жеп қойса тірідей, иттер талап кетсе сұмдыққой. 😔

  • @user-uh8pu2yd3j
    @user-uh8pu2yd3j Před 9 měsíci +5

    Көк ана деп, келемеждеп, кемісітіп ешкімді сөкпеңіздер, мүмкін сараның тағдырының осылай жалғасыуы оның алладан тілеген сол анасының тілегі болуы әден мүмкін. Алла бәрін көуші, білуші. Асыраған ата-аналарының тілегі қабыл болып сараны құдай осыларға аманаттағанғой, оларға алла разы болсын

  • @user-zx8nc6ol4p
    @user-zx8nc6ol4p Před 9 měsíci +9

    Жанар қарындасым саған алла разы болсын жарайсың ауырма жасың ұзақ болсын көп жаса.

  • @user-in7lv4bl1w
    @user-in7lv4bl1w Před 9 měsíci +8

    Кандай керемет. Елшиликтеги жигит тап таза казакша сойлеп отыр. Супер

  • @user-pd2go1hi3u
    @user-pd2go1hi3u Před 9 měsíci +9

    Балалар бақытты болсын.

  • @user-kb2ul4ki6m
    @user-kb2ul4ki6m Před 9 měsíci +17

    Қазақпыз жетімін жылатпаған дейміз. Бірақ балдарымыз шет елде жүр😢

    • @user-ce1qx9ug1b
      @user-ce1qx9ug1b Před 8 měsíci

      😅❤һ

    • @meruertramazanova9371
      @meruertramazanova9371 Před 7 měsíci +1

      Өтіріккой бәрі шын болса неге казактар өзі бағып алмаған

  • @shashak.5838
    @shashak.5838 Před 9 měsíci +9

    Сара өте сүйкімді қыз екен,туған шешесі көріп отырма екен

  • @madina-ur8gd
    @madina-ur8gd Před 9 měsíci +6

    Балдарын тастап кеткендер корип отырган шыгар корип Ишим ашып жыладым кандаи жаксы адамдар тарбие Берген лет елдеги Ата аналарына 1000 алгыс егер Ата анасымен ушрасса екен деисин олардында арманы шыгар бакытты болсыншы баллар

  • @user-rl3so6yr7q
    @user-rl3so6yr7q Před 6 měsíci +4

    Бұл неткен құдірет, біздің әкелеріміз қателерін мойындамай отырғанда, мүгедектігіне қарамай асыранды баланы тәрбиелеп отыр❤❤

    • @ulbalaaskarovna72
      @ulbalaaskarovna72 Před 6 měsíci

      Осы видеоларды көріп имандылық соларда ма деп қалдым

  • @user-rl3so6yr7q
    @user-rl3so6yr7q Před 6 měsíci +3

    Біздің тастанды балаларымыз үшін бұл масқара алланың қарғысы болар😢

  • @user-er3qz6kn4y
    @user-er3qz6kn4y Před 9 měsíci +5

    Казак балдары шетелде жугендери .журекти ауыртады
    Жетим болсада оз елимизде болсын....❤ озге улта султан болганша ..оз елинде ......

  • @Mendabike
    @Mendabike Před 6 měsíci +3

    Сара ❤❤жарады..Еркем ай әнің уйреніп,,домбыра шерткенің өзі керемет...Ұлтын ұмытпапты..Мұсылманмын деп қояды❤❤❤

  • @user-er3qz6kn4y
    @user-er3qz6kn4y Před 9 měsíci +7

    Сара ..казак сиякты домбыра тартты..кеоемет❤

  • @nurgizarbuhabai7222
    @nurgizarbuhabai7222 Před 6 měsíci +1

    Өте аянышты жағдай. Туған ата анасы қалай қиып балалар үйіне қалдырды екен. .шет елдіктер асырасада біркем дүниедей өмір ғой дүниедей өмір ғой. Аман жүрсін. Асырап алған ата анағада рақмет.

  • @user-ft1pw5ng2f
    @user-ft1pw5ng2f Před 5 měsíci +1

    Қазақтың құлыншақтары. Жаратқан ием жар болсын 🤲 Болашақтарың жарқын болсын Сара ханшайым мен Сәкен мырза

  • @user-mc8wd6ii9z
    @user-mc8wd6ii9z Před 8 měsíci +5

    Домбыра тарткандары керемет!

  • @user-do9pf8yn2t
    @user-do9pf8yn2t Před 9 měsíci +13

    Жыламай көреалмадым😢Бірінші сериядан көріп отірмің

    • @rystysakenova2381
      @rystysakenova2381 Před 7 měsíci

      Бұл олардың Анасы салып берген жол.... Менде Жанара алғысым мол.. Бірақ мына ұры, қоғаман осы өмірі артық болар..

  • @batilya2954
    @batilya2954 Před 9 měsíci +6

    Рахмет, Жанар...

  • @user-gj1hg5oi1w
    @user-gj1hg5oi1w Před 6 měsíci +1

    Жанаржан саған мың алғыс, өте игілікті іс істеп, іздеп барып, әр балапанның өмірімен танысып, бізді де таныстырып жүрген, мен ризамын Саған жаным

  • @user-fd4ut5is4y
    @user-fd4ut5is4y Před 5 měsíci +1

    Ой,жандарым,аман болыңдар!Сара,Сәкен қан❤дай керемет болып өскен,ендігі кәмалекеттке толып кеткен уақыт болды,Бақытты болыңдар!

  • @zhanatkalieva9412
    @zhanatkalieva9412 Před 9 měsíci +8

    Ботамауууу жандарымаууу

  • @user-ni3rq3yj4d
    @user-ni3rq3yj4d Před měsícem

    Жанар ханым сізге көп рахмет.Еңбегің жанып осы балаларың аман болсын.Меніңде өтінішім бар.Мүмкін болса Юта штатындағы Алия туралы білгім келеді.1996 жылы апрель айында ай күніне жетпей босандым.қызбала деді.Көрсеткен жоқ өмі деп алып кетті.Ертеңіне жолдасыма бердік алып кетті деген.Мына бағдарламаны көріп ойым бұзылды.Қызым тірі жүрме деп қаламын.Төрт ұлдан кейін қыз бала күткен едім.Өлсемде қалдырмас едім..Тынышым кетті.Жолдасым қайтыс болды.Қасында досы болған.Сұрадым ашып көрдіңдерме деп.Жоқ солай жерледік

  • @asselazdanbekova9263
    @asselazdanbekova9263 Před 8 měsíci +5

    Сәкеннің уходы жоқ сияқты, денсаулығы да нашар сияқты, өмірі келіссе екен … 😢😢😢

  • @user-ic7of9dz2c
    @user-ic7of9dz2c Před 7 měsíci +3

    Ата аналары көріп, анып қалса теьіренбейтін шығар,кезінде аяушылық білдірмей тастап кетті ғой

  • @user-eo1ht6xx7e
    @user-eo1ht6xx7e Před 5 měsíci +1

    Мына шет елге кеткен әрбір бала қандай ақылды, мейрімді, ойлау , сөз сөйлеуі өзгеше! Оның себебі оларды асырап алған әрбір ата-ана балалармен, тең сөйлесіп, олардың ойы мен сөзімен келісіп, мейіріммен, сүйіспеншілік пен қараған! Әкесі ұлмен, шешесі қызбен тең, дос, жолдас сияқты қараған..сондықтан балалар өз ойын ашық айтады..ешқандай жалғандық көрінбейді. Дегенмен де бәрі жақсы болғанменен көздерінде мұң бар! Неге мені тастаған деген сұрақ жандарын жейді ғой!

  • @user-ft1pw5ng2f
    @user-ft1pw5ng2f Před 5 měsíci +1

    Сюзан ханымға көп рахмет, алғыс айтамыз

  • @user-ft1pw5ng2f
    @user-ft1pw5ng2f Před 5 měsíci +1

    Өнерің үстем болсын Сара айналайын 😘

  • @user-fg9ov5ji5g
    @user-fg9ov5ji5g Před 9 měsíci +24

    Қазақстандағы жетімдердің жағдайын көріп бұл балалардың шетел асып білім алып,мейірімді болып өскені жақсы ма деп қаламын

    • @rystysakenova2381
      @rystysakenova2381 Před 7 měsíci +1

      Дұрыс айтасың
      Бұлар өте білімді, мәдениеті, адамгершілік, құндылықты, жоғары бағалайт ын Мемлекет.. Біздің елдегідей барлығы сатулы емес.Басы Призиденттен бастап, академик профессорлар, тіпті, арыңда, адамдық қасиетіңде ақшаға сатулы.. Бұл ғасыр,өз елін тонаған, Қанішер лер қоғамы болды.Бишимбаев сияқты, оқыған азаматтарының тұрі мынау, қан ішер болса не шара. Барлығы жалған. Елімз ұры қарыларға толы.Болашақ аналар қыздар ың анау, малдан несі артық шырағым...

    • @user-bi6xc8ju4y
      @user-bi6xc8ju4y Před 6 měsíci +1

      Бырак дыны болек болып оседы екен сонысы гана кинатады екен

    • @rystysakenova2381
      @rystysakenova2381 Před 6 měsíci +1

      Өте дұрыс айтасың шырағым. Кеудесінде жүрегі бар, әр Қазақ еш уақытта өз ұлтын сатпайды. Әсіресе білімді болса. Қазақ болып, бір Қазақ даласына симау, білмсіздітен деп ойлаймын. Келе жатқан Жаңа жыл Қазағыма тек БІРЛІК ҚАНА БЕРСЕ ЕКЕН.
      ӘУМИН 🤲.

    • @user-hz2xv6kg9d
      @user-hz2xv6kg9d Před 6 měsíci

      Өмірді көрген көрегенділігіңізбен сараптауыңызды сұраймын ​@@rystysakenova2381

    • @rayamukhazhanova8287
      @rayamukhazhanova8287 Před 6 měsíci +2

      Жанар ханым, сізге мың алғыс. Әрбір бөлімді толқымай көру мүмкін емес. Жылу іздеген жаутаңдаған жанарлар…

  • @user-rh7wx1ku7r
    @user-rh7wx1ku7r Před 7 měsíci +2

    Сара Сакен бақытты отбасына түскені үшін, қуанамын! Армандарына жетіп асырап алған ата аналарынын сенімдерін мен бойжетсін!!!🇰🇿🤌🤲🙏

  • @user-xx6py7ic3b
    @user-xx6py7ic3b Před 6 měsíci +2

    Ия Қазақстанда қалса қандай болар еді деп ойлаймын шет елде жүріп баріне қол жеткізіп жатқандарына қуанасын

  • @user-fd4ut5is4y
    @user-fd4ut5is4y Před 5 měsíci +1

    Сюзан да Жанар сияқты жаны бай,кең мейірімді қыз екен! Арман мақсаттарыңа жетіңдер!

  • @ainuraserikbaeva4553
    @ainuraserikbaeva4553 Před 7 měsíci +2

    Мын алгыс сиздерге

  • @user-ro7rx2mh3r
    @user-ro7rx2mh3r Před 6 měsíci +1

    Жанар ханым африка еліндеде қазақтың балалары бар дейді, соларды да көріп келсеңіз, олар қалай өмір сүріп жатыр екен 😢😢😢😢😢

  • @BcccvJcfhc-fy3zy
    @BcccvJcfhc-fy3zy Před 9 měsíci +4

    Через 20лет бул балалар убурлу -чубурлу болуп казак тукуму шетэлдерди басып алат шыгар

  • @user-ve3gi7uq5z
    @user-ve3gi7uq5z Před 7 měsíci +1

    Алла бизде безбуирек аналар саны жезөкше қыз саны көп екен гои қазақ бари 😢😢😢😢Алла тек сана бер қыздарға

  • @Klava_Ko_345
    @Klava_Ko_345 Před 9 měsíci +2

    Айналайын Жанар жане команда,сендерге.рахмет,жарайсындар,ризамыз

  • @user-zz7iz4pd8y
    @user-zz7iz4pd8y Před 8 měsíci +1

    Керемет

  • @user-ft1pw5ng2f
    @user-ft1pw5ng2f Před 5 měsíci +1

    Америкада жүрген қазақ жігіттері мен қыздары бір бірлерімен қосылып шаңырақ көтерсе нұр үстіне нұр болар еді

  • @user-qj8vc8ji2p
    @user-qj8vc8ji2p Před 9 měsíci +4

    БАЛАЛАР ЖЫЛАМАСЫН ТЕК

  • @user-er3qz6kn4y
    @user-er3qz6kn4y Před 9 měsíci +4

    Шешеси .бар болсын
    ...корип кози жансын...???

  • @user-tk7po5ci2o
    @user-tk7po5ci2o Před 5 měsíci

    👏👏👏👏👏✊✊✊

  • @user-li5fz4zq1x
    @user-li5fz4zq1x Před 9 měsíci

    Жанар журналист өте дөрекі сұрақ қоясың.Мәдениетті болу керек қои

  • @user-er3qz6kn4y
    @user-er3qz6kn4y Před 9 měsíci +1

    Озге Елде султан болганша ...оз елинде...,?

  • @salta555
    @salta555 Před 6 měsíci

    Музыкасы шли емес па ?!🫣