АЛАКӨЛ-2024: Курорт құлдырап бара ма? Қонақүй бағасы, көлдегі бизнестің пайдасы және қоқыс дауы

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 7. 09. 2024
  • Биыл жазғы демалыс маусымы басталарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөл курорты Қазақстанда антирейтинг бастап тұр деген еді. «Бір өзіне 15 өзен құйып жатқан, суы шипа, батпағы ем болатын Алакөлдің Анталиядан несі кем?», - деп Kursiv Media KZ Ақшиге барды. Сол жердегі демалыс үйлерінің бағасы мен сапасын салыстырып, курорт жайлы халықтың пікірін сұрап қайтты. Тәулігі 10 мың теңге тұратын арзан бөлмеге де, 200 мың теңге тұратын қымбат коттеджге де бас сұғып, видеосын ала келді. Ол жерде қандай бизнес жасауға болады? Қанша миллион пайда табады? Қандай проблема бар? Жергілікті жұрттан бәрін сұрадық.

Komentáře • 39