Қаржаубай Сартқожаұлы - түрколог ғалым.

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 6. 09. 2024
  • Қаржаубай Сартқожаұлы - 1947 жылы 22 наурызда Моңғолияның Баянөлгей өлкесінде дүниеге келген.
    1973 жылы Моңғолия мемлекеттік университетін бітірген.
    1985-1988 жылдары Ленинградтағы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыған.
    1973-1975 жж. Баянөлгей аймағында N10 мектепте ұстаз.
    1975 - 1989 жж. Моңғолия ҒА Тарих институтының аға ғылыми қызметкері.
    1989-1995 жж. Түркі-Қазақ ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, директоры.
    1995 - 1998 жж. Баянөлгей аймақтық мәслихат төрағасы.
    1995 - 1998 жж. Моңғолия ҒА Түркі-Қазақ ғылыми орталығының директоры.
    2001 жылдан Еуразия ұлттық университетінің Эпиграфика және этнография лабораториясының меңгерушісі. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін "Байырғы түрік жазуы:алфавит жүйесі және фонологиясы " атты диссертация жазып,қорғаған.
    Тарих ғылымының кандидаты.
    Л.Гуми­лев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситеті Түркітану және алтайтану орталығының директоры, филология ғылымының докторы,профессор. Халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі, Халық­аралық Кемал Ататүрік атын­дағы Түрік тарих құрылтайының (академия) мүшесі, түркітанушы ғалым, «Күлтегін» сыйлығының иегері.«Қош бол, апа!», «Қыранның қазасы», «Сәйгүліктер» атты көркем прозалық кітаптардың,көптеген ғылыми мақалалардың,ғылыми монографиялардың авторы,Москва, Ұланбатыр, Пекин, Стамбул, Лон-дон, Париж, Алматы, Астана қалаларында ғылыми басылымдарда жарияланды.
    Еңбектері:
    "Байырғы түрік жазуы:алфавит жүйесі және фонологиясы "автореферат,
    «Объединенный каганат тюрков»,
    «Тас кітаптың құпиясы»,
    «Таста қалған тағылым»,
    «Үйсін хандығы»,
    «Орхон ескерткіштерінің атласы»,
    «Атлас Орхонских памятников»,
    «Байырғы түрік жазуының генезисі»,
    «Орхон мұралары» ІІІ томдық,
    «Орхон ескерт­кіштерінің толық атласы» ІІІ томдық...
    Режиссер Әсемғазы Қапанұлының КҮЛТЕГІН фильмінің идея авторы.
    Орхон ескеркіштері толық атласында байырғы түрік мәтіндерін қайта көшіріп,қайта оқыған,бұрынғы зерттеушілердің қателері түзетілген,түпнұсқа мәтінінің жаңа транскрипциясы,жаңа аудармасы жасалған,жаңа түсініктемесі берілген,кешенді тарихи мәдени мұралар Атласта тегіс қарастырылып,олардың археологиялық сипаттамасы,планы,фото,сызба суреттері тұңғыш рет толық берілген.Орхон ескеркіштерін алғаш ғылыми айналысқа енгізген және арнайы зерттеген ғалымдар туралы қысқаша деректер бар.
    Қаржаубай Сартқожаұлы -Тастағы жазу,таңбаларды зерттеуді өзінің өмірлік жұмысы деп санаған байырғы түрік жазуларының алфавит жүйесін және фонологиясын жасаған,Түркілердің көне бітік жазбалардың,таңбалардың бірегей білгірі,транскрипциялаушы маман.

Komentáře •