ӨЗІҢЕ СЕНІМДІ БОЛУДЫҢ 5 ҚҰПИЯСЫ
Vložit
- čas přidán 24. 03. 2021
- ӨЗІҢЕ СЕНІМДІ БОЛУДЫҢ 5 ҚҰПИЯСЫ #сенімдіболу #құпия
Сенімділік деген не өзі?
Ендеше, 5 құпияны айтайық:
⠀
СЕНІМДІ БОП КӨРІНІҢІЗ
Табиғатта кейбір аңдар жыртқыштың алдында өзін қампайтып көрсетіп, өзін аман сақтайды. Сіз де өзіңіз білетін сенімді адамға еліктеңіз. «Мен сенімдімін» деп 100 рет айтсаңыз да, ол көмектеспейді. Адаммен сөйлескенде даусыңыз дірілдейтін болса, айнаның алдында репетиция жасаңыз.
СЕНІМДІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРЫҢЫЗ
Бір күнде істейтін істерді үлкені бар, ұсағы бар, бәрін қағазға жазып шығыңыз. Әрбірін орындаған сайын сызыңыз. Істі соңына дейін жеткізу сенімділік береді. Күніне 20 іс бітірсеңіз, сізде сенімділік деңгейі көтеріледі. Оқып шыға салмай, жасаңыз қазір.
⠀
СПОРТПЕН АЙНАЛЫСЫҢЫЗ
Неге сенімді адамдар спортпен айналысады? Сол арқылы әлемге өзінің ең жақсы энергиясын бере алады. Зиян тағам жеп, аз ұйықтап, қозғалмайтын адамнан қандай энергия көрдіңіз? Илья сияқты 200 кг көтер демейміз, 30 минут денені шынықтырып, жаяу жүрсеңіз, жеткілікті.
⠀
КӨМЕКТЕСІҢІЗ
Біреумен сөйлескенде «бұрыс нәрсе айтып қалмасам екен» деген оймен қобалжып тұрасыз. Ал егер оған қандай көмек бере алам деп мақсат етсеңіз, оның әңгімесін тыңдай бастайсыз. Біреудің проблемасын шешіп беру үлкен сенімділік сыйлайды.
⠀
ҚАТЕЛЕСУ = ТӘЖІРИБЕ ЖИНАУ
Көп қателесіңіз. Сонда қателесудің қорқынышты емес екенін көресіз. Сізде тәжірибе жиналады. Сенімділікке кедергі жасайтын қорқыныштардың бәрі жай әншейін сағым екенін тәжірибеде сезінесіз.
Оңай каналына жазылуды ұмытпаңыз! #пайдалыкеңестер
Рахмет Ағай ❤
Недеген позитивный создер маган улкен улкен куш бердиниз Рахмет сизге мен озиме енди сенетин болам ешкашан сенимсиздик пайда болмайды себеби сиздин видионызды корип алдым 😎😎😎🤗🤗🤗🤩🤩😍😍
Дурыс екен!
❣️
❤коп рахмет
Кушты
😘♥️
😍✨✨
👍🏻👍🏻
😮
❤😻
😸🌸
Ң әрпін дұрыс айту керек. Қазақ бола тұрып қазақша әріптерді дұрыс айта алмау ұят.
Ілік іздейсіндерде тұрасыңдар ей
мен істеуге ерінем🤣
Топ дами бер✊🏻
Рақмет!
😔😔😔😔😔
Рахмет Ағай ❤