Қазақстанға оралдым. Үндістаннан эвакуация. Саяхатым аяқталды

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 11. 05. 2020
  • Ерлан & Баян - Қазақ Елі Әні • Ерлан Орынбасаров & Ба...
    Үндістанда карантин 22 наурызда басталды.
    Дүкендердің барлығы жабылды. Сыртта жай жүрген адамдарды полиция қызметкерлері таяқпен сабайды, бірақ шетел азаматтарына тиіспейді, жай сөзбен айтады.
    Дүкендер негізі таңғы 8 ден 11 ге дейін 3 сағат бойы ашық болулары тиіс, алайда бәрі бір жабық болды. Сондықтан азық түлік табу қиын. Қуанышқа орай, мен карантиннің бірінші күнінде шамамен 10 пачка вермишель сатып алдым. Осылайша хостелдағы жігіттермен бөлісіп тамақтанып жүрдім.
    Карантин басталғаннан кейін, Үндістандағы Қазақстанның елшілігіне жолықтым. Мені ескеріп, Үндістаннан кетуге ниет білдірген адамдардың тізіміне алды.
    Бірнеше жұма бойы дау талқылаудан кейін, ақырында, Үндістанда карантинге қамалып қалған Қазақстандықтарды, ҚР СІМ өз азаматтарын эвакуациялауға шешім қабылдады.
    Алайда сол кездегі нормалар бойынша, біз Қазақстанға оралғаннан кейін 14 күн бойы карантинде жатуға мәжбүр болдық.
    Осылайша тегін эвакуация мен 14 күн карантинде жаттық.
    Егі мәрте тест тапсырдық, екі мәрте бәрімізде тест теріс нәтиже берді.
    Шамамен 80 адам эвакуацияланды, оның ішінде шамамен 10 адам, Қырғыз мемлекетінен.
    Карантинді Тараз қаласының қасындағы Айша Бибі атты шипажайында өткіздік. Барлық жағдай жасалған. Тамағы мол, тазалық, қызмет көрсету және т.б. өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сол жерде бізге қызмет атқарған мед жұмысшыларына алғысым шексіз. Үлкен рахмет!
    14 күн өткеннен кейін, үкімет бізді үйге жету бойынша тегін көлік ұйымдастырды. Осылайша Тараздан - Ақтөбеге жеттім, Ақтөбеде қыйналып тұрып қалдым. Бірақ, ақырында Оралға аман есен жеттім.
    Осылайша менің саяхатым әзірге аяқталады. Менімен болып, мені ойлап, қарап, уайымдағандарың үшін үлкен рахмет сізге!!!
    Алда тағыда бір саяхаттар бойынша еш жоспар жоқ. Өйткені індет әлемдегі барлық елдерді қаптап алды. Ол қашан басылатыны белгісіз, және басылсада менде ол кезі жаңа саяхатқа шығатындай жағдайым болады ма? белгісіз. Сондықтан ештеңе жоспарламаймын.
    Осы видеодан кейін, тағы да бір видео шығады. Сұрақтар мен жауаптар деген видео. Мен өз инстаграмымда және осы ютубтағы Сообщество деген вкладкада арнайы пост шығарамын, сол посстардың астында сіз өз сұрақтарыңызды қоясыз, сосын мен бөлек видеода сол сұрақтарға жауап беремін.

Komentáře • 2,5K

  • @chingizmakulov16
    @chingizmakulov16 Před 4 lety +504

    Темирлан простой и честный парень. Кто согласен со мной. Лайк

    • @ar1n489
      @ar1n489 Před 4 lety +4

      *Арине LIKE!*
      *От1н1ш достар, мен 25 жазылушыдан кей1н ТОП музыка дайындап, койдым. Ен алгаш видеога like пен подписатьсяны басып, колдап журиниздерши! Мотивация бар кезде, от1нем1н.*

  • @alseralser6176
    @alseralser6176 Před 4 lety +157

    Супер брат. Жеткенше уайымдап кеттік кой. Енді отбасыңды көрсетсен . Осындай баланы тәрбиелеген жандарды корейк

  • @UserUser-wy1md
    @UserUser-wy1md Před 4 lety +148

    Казақтың кең даласына не жетсін молодец бауырым👍👍👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @user-rx5mc1gr5g
    @user-rx5mc1gr5g Před 4 lety +31

    Осы елымыздын кадырын былейык агайын! Канша жерды корсеттин,карашы оз елымызды кандай Керемет❣️🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @waxzerq6657
    @waxzerq6657 Před 4 lety +171

    Мұсылмандар Оразаларыңыз қабыл болсын!!!

  • @BelaiaKungrad
    @BelaiaKungrad Před 4 lety +87

    Ассалам алейкум Қазак туғандар Қаракалпақтар Қазақтар быр туған🙋‍♂️👍👍👍👍👍👍👍👍Қазақтар жақсы халқ жақсы көрем

    • @hjxudyduud4226
      @hjxudyduud4226 Před 3 lety +2

      Рахмет бауырым! Бизде кыргыз бауырларымызды жаксы коремиз

    • @batyrtolkynbayev2303
      @batyrtolkynbayev2303 Před 3 lety

      👍👍👍

    • @user-nr9pz8bd7w
      @user-nr9pz8bd7w Před 3 lety +1

      @@hjxudyduud4226 Кумаш каракалпактар деп тургой,кандай кыргыз🤣🤣🤣🤣

    • @user-nr9pz8bd7w
      @user-nr9pz8bd7w Před 3 lety +1

      Казакпен каракалпактар бир туган деген созди биринши рет естип турмын😄😄😄🤭🤭🤭

    • @user-me8oq9ej7v
      @user-me8oq9ej7v Před 3 lety +2

      Каракалпакстанга салем бауырларым Аман болындар

  • @paulpogback4664
    @paulpogback4664 Před 4 lety +79

    Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне ризамын!Бүкіл әлемдегі Қазақстан азаматтарын жинап,тастамай өздеріне қайтарып жатыр!👍👍👍

    • @user-mz9ul1tm4e
      @user-mz9ul1tm4e Před 3 lety +4

      Кыргыз бауырларымызды да умытпапты ещё

    • @likeaknur2508
      @likeaknur2508 Před 3 lety

      @@user-mz9ul1tm4e 💪😘б

    • @user-dy5ci9vp4o
      @user-dy5ci9vp4o Před 3 lety +2

      Менде ризамын!Еще тамақ беріп асырағанына да😅

  • @user-qg4ix1hk7z
    @user-qg4ix1hk7z Před 4 lety +69

    Земляк тебе респект на конец то хоть один человек показал правду о заботе власти о своём народе а, то всё негатив,спасибо тебе парень

  • @qazaqsha669
    @qazaqsha669 Před 4 lety +56

    Қазақша сөйлеу мәнеріңіз керемет. Тек алға!!!!! Үзбей қарайтын боламыз. 👏👏👏👏👏👏👏

  • @aika_torty_bakery
    @aika_torty_bakery Před 3 lety +7

    Отаным Қазақстаным

  • @user-ui6uc9vb2q
    @user-ui6uc9vb2q Před 3 lety +16

    Ата анаңа рахмет сендей баласы бар ата анаға. Өте тəрбиелі. Көз тілден аман бол.

  • @user-fj4vf2qh4n
    @user-fj4vf2qh4n Před 4 lety +7

    Айналайын Казакстаным калкын тастамай Алып кетип жатыр сонау гоадан

  • @user-ru1wm5tr9j
    @user-ru1wm5tr9j Před 4 lety +6

    Еліме рахмет!қырғыз бауырларды қалдырмай әйтеуір....ала журеды....

  • @user-go5vp1lb2x
    @user-go5vp1lb2x Před 3 lety +22

    Отаным, елім Қазақстан туған жерім!!! Аллаға шүкір!

  • @user-vf3qx9pu5i
    @user-vf3qx9pu5i Před 3 lety +14

    Кудай ау мын алгыс оз уиім олен тосегим.Оз елімизге ешнарсе жетпеиди екен ау.Аллага шукір.Аман сау келуінмен.Сен саяхат жасадын.Мен аман сау бол деп тилеулес боп отырдык🙏🙏🙏

  • @ERLANmenBAYAN
    @ERLANmenBAYAN Před 4 lety +12

    Қазақ жеріне оралғанына қуанып әнімізбен Тараздан күтіп алдыққой😊🤲🇰🇿🤲

  • @user-he5cb9xx5p
    @user-he5cb9xx5p Před 4 lety +134

    Арбир казак менин жалгызым дегендей...Аллага шукир,елге аман-есен оралуынызга куаныштымыз.

    • @user-sq2rt8jk2p
      @user-sq2rt8jk2p Před 4 lety +2

      Темірлан балам аман келгеніңе қуаныштымыз сау бол

    • @justin_future5106
      @justin_future5106 Před 4 lety +1

      Бул видео ноябрьда тусирилген

    • @salam-aleykum4794
      @salam-aleykum4794 Před 4 lety

      @@justin_future5106 сәуірде 🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️

  • @berikkulbaev4338
    @berikkulbaev4338 Před 4 lety +33

    Ундистаннын вермишелинен кейин казахстаннын больницанын тамагы керемет шыгар ия😀😀😀👍👍👍

  • @user-nz7qj9rg7h
    @user-nz7qj9rg7h Před 4 lety +8

    Пах шіркін, Қазақстаным қандай таза, қандай көркем.

  • @AlibekAskar
    @AlibekAskar Před 4 lety +62

    Қазағымның даласы кең ғой осындай керемет мемлекетте тұрып жатқаныма алллаға мыңда бір шүкір 🙏

  • @KairatZhaimagambetov
    @KairatZhaimagambetov Před 4 lety +51

    Оралға өзім жеткендей болдымғо, аталарымыз айтатын еді, жол азабы көр азабы деп. Қайда жүрсеңде аман жүр бауыр.

  • @user-rh9qb5zx4p
    @user-rh9qb5zx4p Před 4 lety +4

    Әнеки нағыз жігіт өз елін жамандамайды.мақтап жақсы жағын айтып жатыр

  • @user-jv3ng7in1y
    @user-jv3ng7in1y Před 4 lety +93

    Хош келдин балам! Аман сау келгенине оте куаныштымыз. Семей каласынан видионды бастан аяк корген апан Раиса.

    • @user-ys6gj7ls7r
      @user-ys6gj7ls7r Před 4 lety +2

      Сіздей адамадар көп болсын, тәте. Мен Қызылордаданмые.

  • @user-ey1ij7kt5i
    @user-ey1ij7kt5i Před 3 lety +12

    Укіметті қатесін көрсек жамандағанда жақсымыз, Енді осы жерде шет елде қалдырмай алып келгеніне Рахмет үкімет деп айтқан дұрыс ау димін, Шет ел тек үндістанан тұрмайды, басқада елдерден тасыдығо жерлестерді обалы не керек жұмыс сол кезде жаңалықтан көріп отырғанмын

  • @azatelkzazatelkz9553
    @azatelkzazatelkz9553 Před 4 lety +505

    Ассалому ағалейкум келесі саяқат мекке мен медина Пайғамбарымыздың ғс тариқын аралап келші Алла қуат берсін саған

    • @user-qi4us2ph5w
      @user-qi4us2ph5w Před 4 lety +1

      👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼

    • @user-fn6rg9bz6x
      @user-fn6rg9bz6x Před 4 lety +2

      Ия дурыс айтасын

    • @durysqadam-3051
      @durysqadam-3051 Před 4 lety +32

      2млн тг кетет. Темирлан сол ақшаға 5 6елге барады. Меккеге бару үшін біз қолдау көрсетуіміз керек. Қаржы жағынанда. Бірақ барса тіптен керемет болар еді. Қазақстанда әлі ондай контент болған жоқ!

    • @user-ew9yc4fz3r
      @user-ew9yc4fz3r Před 4 lety +4

      DURYS QADAM Олай деп кім айтты сізге? Кіші ұмра 850 доллардан басталады! Дұрыс ақпарат беріңіз адамдарға! 😊🤲

    • @user-ew9yc4fz3r
      @user-ew9yc4fz3r Před 4 lety +2

      DURYS QADAM Мекке мен Медина деп теріңіз ютубтан ақпараттар шығады! Мүлдем ақпарат жоқ десек қателееміз

  • @user-nx7vt3lq7t
    @user-nx7vt3lq7t Před 4 lety +39

    Еркексин бауырым, сабырлы жигит екенсин, омир жасын узак болсын

  • @perizat_omarbekova
    @perizat_omarbekova Před 4 lety +45

    Дубай ғой кәдімгі ! 🤣🤣🤣🤣 👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👏👏👏👏🙏🏻мен де Делиден келгенде тұған еліммен әәәәәбден мақтанғанмын! 👍🏻👍🏻👍🏻❤️ ҚАЗАҚСТАН - ЖЕР ЖӘННАТЫ!

  • @perizat_omarbekova
    @perizat_omarbekova Před 4 lety +7

    Қандай керемееееетттт!!! Өз еліііім!!! Менің Жамбылым, Таразым !!! Бұл менің туған жерім!!!)))) Өзім Үндістаннан самолеттен түскенде жерін сүйе жаздағанмын туған жерімнің !)) Қаттттыыы сағындым, жылайтынмын))) сізді түсініп көріп жатырмын, жарайсыз Тамерлан ,керемет видеолар !👍🏻👍🏻👍🏻🙏🏻 керемет саяхат! Өте жақсы сөйлейді екенсіз👍🏻👍🏻👍🏻

  • @user-zx7dp9jg3v
    @user-zx7dp9jg3v Před 4 lety +164

    Шіркін!Қазақтың даласы!Қазақтың әні!Қазақтың халқы!Кермет!!!

  • @Ainur3131
    @Ainur3131 Před 3 lety +5

    Өз уйім өлең төсегім. Аман есен еліңе оралғаныңа қуаныштымын. Біздің ел кең байтақ ел. ҚАЗАҚ елі жайнай берсін.

  • @aika_torty_bakery
    @aika_torty_bakery Před 3 lety +23

    Қазақстан менің елім 😍. Аллаға сансыз шүкіршілік деймін 🤲 Қазағым аман болсын 😘

  • @user-dt2sq1mo1b
    @user-dt2sq1mo1b Před 4 lety +12

    Отанымызға суйіспеншілігімізді ояттың рахмет Алла разы болсын

  • @alihan8765
    @alihan8765 Před 4 lety +361

    Братан маладес әр видионды көрем бір боқтық сөз жоқ маладес тәрбиелі адам екенің көрініп тұр

  • @user-cm9jt4dt8x
    @user-cm9jt4dt8x Před 3 lety +27

    Жарайсың балам! Елімізге көңілдері тоймай, шаштарын алып тастап жүрген әйелдерге біз шукр екенімізді дәлелдедің!

  • @tuganjeimkazakshtan9486
    @tuganjeimkazakshtan9486 Před 3 lety +15

    Қарапайымдығыңа разымын жарайсың Алла жар болсын тоқтама

  • @user-ce3pn1vc2w
    @user-ce3pn1vc2w Před 4 lety +10

    Әрине, басқа елді де көрген аралаған дұрыс қой, бірақ өз жеріңе, отаныңа не жетсін, аман есен келгеніңе қуаныштымыз. Алла, саған ден саулық берсін. Жүрген жерлеріңді өте жақсы көрсетіп, қазақ тілінде түсіндірдің. Саған рақмет, көп жаса!

  • @cakolive.4856
    @cakolive.4856 Před 4 lety +67

    Мяя Орал деген керемет қала жалпы Қазақстанның барлық каласы керемет (таза ,жайлы , күшті , жағдай жасалған ) өз еліңе не жетсін өз елім өлең төсегім 😂💟💟💟🙈🙈🙈🤗

    • @likeaknur2508
      @likeaknur2508 Před 3 lety +1

      Әрине 🥵😌😍 ертең жастар оданда керемет етіп дамытады

  • @---zi6pg
    @---zi6pg Před 4 lety +12

    Жарайсың, қаңғыбас бауырым!
    Сенің елге аман-есен оралғаныңа қуанып отырмын.
    Осы уақытқа дейін сен сияқты әлемді жападан--жалғыз қорықпай аралап жүрген брадияга қазақты әлі көрмептім.
    Жүрек жұтқан жігіт екенсің!
    Қайда жүрсең де аман жүрші.

  • @user-qk1pe6rs1d
    @user-qk1pe6rs1d Před 4 lety +14

    Ширкин! Отаным! Елим,жарим аман болсын!Шукир Алла! Шукир,Шукир! Алла елимизге жар болсын! Оз елимизге ештене жетпейди

  • @user-wy7gj6lt8d
    @user-wy7gj6lt8d Před 4 lety +21

    Елге аман есен оралуыңмен,қайда жүрсеңде жолың болсын!Ең басты вирус жұқпай таза болғаныңа шүкір, бәрі жақсы болсын,🙏👍🤲🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @bekkazikarabaev2680
    @bekkazikarabaev2680 Před 4 lety +72

    Красавчик Кыргызстандан ысык салам! Сени жакшы көрөбүз! Кыргызстанга да кел!!!

  • @aliyaabadan2678
    @aliyaabadan2678 Před 4 lety +20

    Жарайсың Темірлан. Аман -есен елге оралуыңмен. Туған жерге, елге оның асына не жетсін шіркін.

  • @user-zm3vl3ef4o
    @user-zm3vl3ef4o Před 2 lety +5

    Сені елге қалай жетер екен деп уайымдап отырдым. Денсаулық тілеймін. Саяхатың сәтті болсын!

  • @user-jf2yz3iu4t
    @user-jf2yz3iu4t Před 4 lety +21

    Әрқашан жолың болсын! Сәттілік!

  • @user-yr6jo3uf6v
    @user-yr6jo3uf6v Před 4 lety +33

    Темирлан досым елге келуынмен! Каракалпакстан Хожелиден Салем 🙌🙋

  • @salimaumbetova383
    @salimaumbetova383 Před 3 lety +5

    Хош келдин, балам! Казакстанда туганымызга куаныштымыз! Ел, су, танымайтын, биз бараалмайтын, жерлерди корсеткенин ушин кооп рахмет! Озин аман келгенине куанып отырмыз. Сенимен саяхат кызыкты да коркынышты да болды.. жаксы дем ал. Тугандарын да мэз болган шыгар, он Елене ештеме жетпес.....биз сенимен тагы кыдыруга дайынбыз. Биз де саган коятын самая жок. Бэри тусиникти. Тил байлыгында жеткликти. Казак тили журсин, болсын, ел танысын деген бауырымыз, баламыз сен боласын! Мактанамыз сен ушин...Орыс тилин билмесен, коп боласын, жогары округа да тусе алмайсын, т.т.б. осылай адам болсын, орыстарга жем болмасын деп кожи орыс мектебине берди балаларын.. сенде кнэ жок. Бирак казак тилин сойлей. Сойлей ашылып жаксы келе жатырсын. Сау бол! Ата -ана аман болсын!

  • @user-we8th3ln7k
    @user-we8th3ln7k Před 4 měsíci +2

    Темирлан Қазақстанға аман-есен оралуыңмен!! Біз сен үшін өте қуаныштымыз!!!

  • @user-rm8hk3kp9m
    @user-rm8hk3kp9m Před 4 lety +21

    Өте керемет адамсыз, Аллаһ жар болсын! Сізге

  • @user-cp2bd9dw6b
    @user-cp2bd9dw6b Před 4 lety +34

    Алла барша шет елде қалып қойған бауырларымызға сабыр мен денсаулық берсін мына кеселден аман есен оралуды жазсын Өтірік ауыруды жыр қылды не болсада бұл билік

  • @user-de4jj3ih1c
    @user-de4jj3ih1c Před 4 lety +26

    Елге аман -есен оралуыңмен. Қазағымның даласы қандай әдемі ,қарасаң көз тоймайды . Рахмет Темірлан🌹🌹🌹🌹

  • @maira5654
    @maira5654 Před 4 lety +17

    Әнді жақсы таңдағансың. Керемет қазақ даласын да өте жоғарғы деңгейде түсіріпсің. ✌👏

  • @user-fg6ue4vc5g
    @user-fg6ue4vc5g Před 4 lety +5

    Молодец Темерлан я почти много твой видео смотрела как ты путешествовал по этой стране Индии и не только по Индии и по другим странам, все увидел своими глазами 👍👍👍

  • @OksanaA-ro9te
    @OksanaA-ro9te Před 4 lety +28

    Молодцы наши ребята! Не бросают своих , ни кыргызов, ни русских ! А ведь русские не берут, ни украинцев, ни белорусов! Кыргызы наши братья, всегда будем опорой друг для друга!🖤 А я в Китае, меня не забрали, но и до сих пор не пускают! 😁 Казакша анди естип, кок аспан, кен даланы корип козиме ериксиз жас келди, ансап журмингой типти 😔🇰🇿💓

  • @user-uf1wp6sw6n
    @user-uf1wp6sw6n Před 4 lety +48

    Таке мыкты екенсiн жол журуге бiз болсак шаршап бiтетiнедiк. Туган жерге не жетсiн туган жердiн кадiрiн тусiнгеншыгарсын.

  • @user-nz3og9hn1y
    @user-nz3og9hn1y Před 4 lety +30

    Сәлем! Өте қуаныштымын өз елі оралғаныңа! Ризамын саған! Өзің жалғыз талай елді араладың. Мазмұнды,қызықты видеоларды жүктедің. Рахмет! Аман бол! 😍👍🙏

  • @alexgm8133
    @alexgm8133 Před 4 lety +23

    Аман бол! Саяхатың көп болсын! Оралға келгеніңе қуаныштымын!

  • @user-kf9gt1wm8t
    @user-kf9gt1wm8t Před 4 lety +37

    Темірлан Оралыңа аман есен оралыпсың ия келесі видоңды күтеміз азаматсың тек алға👍👍 қазақша таза сөйлегенің ұнайды .

  • @user-tz7kl7zv7p
    @user-tz7kl7zv7p Před 4 lety +15

    Сондай көзі күлімдеген сөзі жағымды жігіт екен

  • @ABZALS
    @ABZALS Před 4 lety +96

    Туған жерінді жақсы көрсен лайк бас

    • @tttx9595
      @tttx9595 Před 3 lety +2

      Еу сен нестеп журсын🤣😂

    • @ABZALS
      @ABZALS Před 3 lety

      @@tttx9595 ойнап жургемгой

    • @tttx9595
      @tttx9595 Před 3 lety

      @@ABZALS 🤣😂

  • @user-dr1rm3fg5d
    @user-dr1rm3fg5d Před 4 lety +8

    Кандай адемы казак жерым жарайсын молодец

  • @m.dauletuli1562
    @m.dauletuli1562 Před 4 lety +40

    *Казакстанга келген кезде кандай кайф екен сезинген сиякты болдым*

  • @user-oi2jz6gz4s
    @user-oi2jz6gz4s Před 4 lety +47

    Жанимм туринен казакстандамын деп куанып сурак жауаб кутемиз😁🙋‍♀️

  • @baliibrahim9542
    @baliibrahim9542 Před 4 lety +65

    Балам, үш вегетарианецтің еті саған тигенге қатты куандым, себебі индияда жаман жүдеп қалдың. Екінші рет христос васкрес күнінде тағы бір тойғаның. Кейін бөлмеге келіп мани каша жеп ұіықыңды қандырғаныңа қуандым. Менің де балам бар өзің сияқты. Сосын, қазақтың баласысың ғой, план жоспарлағаныңда міндетті түрде Алла жазса, немесе Алла бүйырса деп сөйле. Көріп тұрсың өзін адам Алланы ұмытып, өзіне сеніп кетті. Сол себептен Алла короновирус жіберді. Млрд адамның жоспары бекер қалды. Млрд адам үйге камалып қалды. Клп адаи өлді. Алланың күдіреті бәрі..Сосын қазакша таза әдеби сөйлегеніңе ризамын. Семьяң туралы айтып бер.

    • @likeaknur2508
      @likeaknur2508 Před 3 lety +2

      Мен сіздей жанашыр халқымызға ризамын 😘💪💪💪💪🥵🌺👍😌✨✨

  • @shamshishamshi3288
    @shamshishamshi3288 Před 4 lety +12

    Молодец темирлан мыкты саякат болуптр Кыргызстан дан салам

  • @kz00747
    @kz00747 Před 4 lety +18

    Қазақ даласына жететін жер жоқ.

  • @zhanarabdrahieva4583
    @zhanarabdrahieva4583 Před 4 lety +26

    Ең бастысы қазақтың баласысың үш тілді.✊✌🙏👏

  • @user-yp8ry1yf8l
    @user-yp8ry1yf8l Před 4 lety +19

    Темірлан інім, аман есен келгеніңе өте қуаныштымын. Алматыдан сәлем. Шынында да карантин кезінде өзіңді үзбей көре отырып, сен үшін қатты уайымдадық. Карантинен шығып, әрі қарай дами беруіңе шын жүректен тілектеспіз.

  • @user-oc9wx8uu9c
    @user-oc9wx8uu9c Před 4 lety +4

    Қазағымның кең байтақ даласына , таза ауасына не жетсін , шіркін !🥰

  • @footballreviews5527
    @footballreviews5527 Před 4 lety +113

    Сен баланың маған ұнаған жерің, өте қарапайым екенсің бауырым ✊

  • @woww7927
    @woww7927 Před 4 lety +39

    Осы дейтін, осы үш ай жарым, осы жәәмән емес осы сен сияқты адам көрмеппін 30 жыл өмір сүріп, сондықтан осы аман бол!

  • @qwertycvbnm475
    @qwertycvbnm475 Před 4 lety +6

    Ай бауырым сен үшін қатты қуаныштымын Қош келдің Қазақ елімізге🇰🇿❤

  • @user-fx9jh3zu6z
    @user-fx9jh3zu6z Před 4 lety +16

    Темирлан ага Бир тан калганым спокойно Адам екенсиз маладец

  • @user-li7su7ir7r
    @user-li7su7ir7r Před 4 lety +111

    Аман-есен Оралға жеткеніңе жан-ұямызбен қуанып жатырмыз. Жүдеп кеткенсің балам!. .. Атыраудан сәлем!...

    • @user-uk6mk2qq8e
      @user-uk6mk2qq8e Před 4 lety +4

      Сіз оның анасысызба 😂

    • @Nurdaylet
      @Nurdaylet Před 4 lety +2

      @@user-uk6mk2qq8e солай сияктыго

    • @sarmatiansak6107
      @sarmatiansak6107 Před 4 lety +2

      @@user-uk6mk2qq8e жок Атыраудан деп турго, просто балам деп айтадыго солай

  • @user-uj7ck4wr8f
    @user-uj7ck4wr8f Před 4 lety +24

    Жаныммм мусылмандарым менин!!!! Алла сендерди бизди сактасын аты жаман индеттен.

  • @jakojamba9227
    @jakojamba9227 Před 4 lety +7

    Темірлан, сенің саяхатыңды бірге өткізіп, сен маған туысымдай болып кеттің
    Аман есен елге келгеніңе қуаныштымын!
    Карантиннен аман шығуыңа тілектеспін!
    Қазақша жүргізгеніңе ризамын

  • @user-qe6ez6nr5i
    @user-qe6ez6nr5i Před 4 lety +19

    жарайсын бауырым. кап актобеге келгенинди билмей калдым. кутип алып конак кылып жиберетин едим

  • @user-pe4ll9yu6d
    @user-pe4ll9yu6d Před 4 lety +14

    Елге аман есен жеткеныне мында быр шукыр Алла колдасын сены ораза кабыл болсын.

  • @haruchiyo_san3254
    @haruchiyo_san3254 Před 4 lety +33

    Сіз үшін уайымдап едым 😄 Өз отаныңызға оралғаныңызға қуаныштымын. Аман сау жүріңіз

  • @bakemb
    @bakemb Před 2 lety +2

    Осындай керемет бауырымымыз Оралдан шыққанына қатты қуанамын

  • @aika_torty_bakery
    @aika_torty_bakery Před 3 lety +12

    Қазақстаныма жетер жер жоқ. Альхамдулиллях 🤲 Аллам елим мен жеримди барлық жамандықтан сақтай гөр 🤲 🤲 🤲 🤲

  • @legendkz110
    @legendkz110 Před 4 lety +15

    Темірлан аға елге аман есен оралғаныңызға қуаныштымыз

  • @user-ht3tq4ji8k
    @user-ht3tq4ji8k Před 4 lety +59

    Мемлекетимизге улкен рахмет,азаматарымызды далага тастамаганы ушин

  • @LeoMessi-un8dh
    @LeoMessi-un8dh Před 4 lety +17

    Еееее Тараз шахардан Орал шахарға аман есен жетуіңмен Ләйліім!!! )

  • @user-dr7zp2nt7k
    @user-dr7zp2nt7k Před 4 lety +10

    Келуіңмен жанеееееем балам 😘👍

  • @kimowtv3079
    @kimowtv3079 Před 4 lety +56

    Баршаларыңызға ораза қабыл болсын🙏🙌

  • @user-zp4ec3dt7g
    @user-zp4ec3dt7g Před 4 lety +51

    Сабырлы екенсің,жарайсың,басқа биреулер болса жынданатын шығар

    • @sekoh2085
      @sekoh2085 Před 4 lety

      Ондаи кадр қиып тастаидыго

  • @play_sta
    @play_sta Před 4 lety +10

    Оралға келсең болды аман есен! Аман жүр! Өзіңмен бірге саяхаттап келгендей болдық! 👍🏼✊🏼

  • @user-lb9cb2bg7i
    @user-lb9cb2bg7i Před 4 lety +3

    Қазақстанның тауына жететіні жоқ,әні керемет екен.

  • @hastargaster6505
    @hastargaster6505 Před 4 lety +67

    Базар жоқ жолға шыдамды адам екенсің😉 мен болғанда 2-3жүрсем жүдеп бытшыт мал болып қаламғо
    😂😂😂

  • @banubazarbayeva5030
    @banubazarbayeva5030 Před 4 lety +22

    Керемет ,қазақтын даласы,видиодағы әң де тамаша,бұрын естімеппім.
    Рахтет,Темирлан,мықты саяхатшы бол!!!

    • @ERLANmenBAYAN
      @ERLANmenBAYAN Před 4 lety

      Banu Bazarbayeva 👍👍👍🇰🇿🤲

  • @user-qq5cu4ed9c
    @user-qq5cu4ed9c Před 3 lety +2

    Аллага шукир бизде казакстан керемет тазалыкка👍👍🇰🇿🤩

  • @user-dy5kf4hq3v
    @user-dy5kf4hq3v Před 4 lety +10

    Мен кыргыз 🇰🇬 🖐️ 👍 👍 👍

  • @rebeccaaldakuat750
    @rebeccaaldakuat750 Před 4 lety +37

    Аллаға ШҮКІР елге аман оралғаныңа !!

  • @user-gr5rl1zy8t
    @user-gr5rl1zy8t Před 3 lety +2

    Керемет Темирлан ризамын бауырым жасай Бер алга

  • @user-vb7ww8cs4l
    @user-vb7ww8cs4l Před 4 lety +4

    Темірлан аға қош келдіңіз сіз өте керемет жансыз сізді жақсы көрем сізбен бірге көп жүрген секілдімін жақсыда жаманда бірге өткізген секілдімін жақсы жүрсеңіз қуанамын қиналсаңыз бірге қиналдым аман есен келдіңіз өз елімізге Қазақстанға аман болыңыз тағыда видео күтеміз сізден

  • @user-nc7ys2ec3m
    @user-nc7ys2ec3m Před 4 lety +40

    Бәрінен бұрын Тараздың табиғаты, таулары ұнады. Барғым келіп тұр Таразға. Орал мен Ақтөбенің арасында жүрем тек🤭🤭🤭

    • @citygroup2262
      @citygroup2262 Před 4 lety +7

      келіңіз, Тараздың табиғаты расында өте əдемі, айналасы тау, Тараздың өзі жап-жасыл тарихи қала, палауы кухнясы да дәмді

    • @baliibrahim9542
      @baliibrahim9542 Před 4 lety +1

      @@citygroup2262 Тараздың тауы өте керемет екен. Қаратау ма?

    • @Region.08
      @Region.08 Před 4 lety +1

      @@baliibrahim9542 Алатау

    • @baliibrahim9542
      @baliibrahim9542 Před 4 lety

      @@Region.08 тамаша.

    • @bserikxen4853
      @bserikxen4853 Před 4 lety

      @@citygroup2262в каком районе живешь

  • @user-gk5pc8bv3o
    @user-gk5pc8bv3o Před 4 lety +181

    Жаман қаңғыбас екенсің інім жарайсың видеоларың керемет түсіре бер қазақ тілін дамыта бер

    • @unitedwestand48
      @unitedwestand48 Před 4 lety +2

      Kangibas 🤣 abden kangip keldi

    • @user-oi2jz6gz4s
      @user-oi2jz6gz4s Před 4 lety

      😁😁👍

    • @nevermind194
      @nevermind194 Před 4 lety +2

      Қаңғыбас😂😂😂

    • @armanalmaty523
      @armanalmaty523 Před 4 lety +7

      *ҚАҢҒЫБАС ДЕГЕН ОЛ КЕДЕЙ ҮЙІ ЖОҚ ЕШ МАҚСАТСЫЗ АРЫ БЕРІ ЖҮРГЕН АДАМ*

    • @aykonaykon8419
      @aykonaykon8419 Před 4 lety +1

      🤣 қанғыбасы нес қалжыңбас.

  • @Gulwat_09
    @Gulwat_09 Před 4 lety +6

    Ең таза қала Тараз деп естігенмін. Агаштары бардёрлары как всегда әктелген, бір мусор жоқ.

  • @user-wm6kg5gm1f
    @user-wm6kg5gm1f Před rokem +1

    Темирлан балам Казакстанды керемет етип корсеттин, укиметтин бар екендигине козимизди жеткиздин,коп жаса,бакытты бол,жан балам!!!

  • @bektasuakhit2918
    @bektasuakhit2918 Před 4 lety +24

    "Эстафета ұқсатып бір-біріне бере береді" - дейсіңба 😁😃
    Ай сау болщ жерлес, молодец!!!👍👍👍