ЖАҢА УАҒЫЗ-2024 ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 15. 02. 2024
  • Мұсылман пенде қолғабыс жасау мен садақа беру барысында кейбір мәселеге көңіл бөлгені жөн:
    - Жақсылықты Алла разылығы үшін жасау.
    «Ал сендер қандай қайыр-садақа берсеңдер де ол өздерің үшін, тек оны Алланың разылығы үшін ғана бересіңдер...», (2.Бақара-272).
    - Садақамызды алдымен жарлы адамнан бастаған жөн. Біреуден бірдеңе сұрауға ары жібермейтін қаншама тұрмысы нашар отбасылар бар. Осындай жанға жәрдем ету сауабы мол іс:
    «Садақа берсеңдер - Құдайға құлшылық етіп, ешқайда шықпайтын, алыстап ешқайда бара алмайтын жоқ-жітікке беріңдер. (Ешкімнен) еш нәрсе тілемегеніне қарап, білмегендер оларды бай деп есептейді, ешкімге жабыспайтынын олардың жүзінен-ақ танисың. Мал-мүліктен нені садақа етсеңдер де оны Алла айқын біледі», (2.Бақара-273).
    - Іске жарамсыз өзіңе де, елге де қажеті шамалы бұйымды садақа ретінде беру дұрыс болмайды. Бұл жайында аятта былай делінген: «Әй, мүминдер! Табыстарыңның және сендер үшін жерден өндірген өнімнің жақсыларынан Алла үшін жұмсаңдар. Ал және өздерің көздеріңді жұмып амалсыз алатын құнсыз, сапасыз дүниені Алла жолына беруді ойламаңдар. Біліңдер, Алла бай, мақтаулы», (2.Бақара-267).
    - Берген көмек пен садақаны міндетсінбеу. Аятта былай ескертеді: «Ей, иман келтіргендер, мал-мүлкін көрер көз үшін жұмсайтындар, Аллаға және ақырет күніне сенбейтіндер секілді (сендер де) бергендеріңді міндет қылып, ренжітіп, садақаларыңның сауабын жойып алмаңдар. Олардың мысалы: үстіндегі шаң-тозаңын нөсер жуып кеткен жалаңаш жартас тәрізді болмақ. Олардың еңбектері еш кетеді. Алла ондай безбүйректерді тура жолға салмайды», (2.Бақара-264).
    - Берген садақасын жарияламау. Садақаның жасырын берілуі адамды риядан сақтайды. Жасырын берілген садақа адамның күнәсінің кешірілуіне себеп болмақ. «Егер де садақаны құпия түрде берсеңдер, сендер үшін одан да жақсы. Алла сендердің күнәларыңды жарылқайды», (2.Бақара-271).
    وَعَنْ سَعِيدِ بن المسيب رَضِىَ اللّهُ عَنْهُ قَالَ: اَتَى سَعْدُ بنُ عُبَادَةَ رَضِىَ اللّهُ عَنْهُ رَسُولَ للّهِ صَلَّي اللّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ: أَىُّ الصَّدَقَةِ أَعْجَبُ إِلَيْكَ؟ قَالَ: الْمَاءُ. أخرجه أَبُو دَاوُد.
    Сайд ибн Мусайябтан (р.а.) риуаят етіледі Сағд ибн Убада Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп: «Саған ұнайтын садақа қайсысы?» - деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Су», - де жауап берді. (Әбу Дәуд. Зәкәт 41)
    Адам үшін тіршіліктің нәрі су болғандықтан су беру де сауапты амал болғандықтан мұсылмандар құдық қазып, құбыр тартып беруді үрдіске айналдырған. Хазіреті Осман (р.а.) Мадина қаласындағы яһудиге тиесілі болған құдықты сатып алып, мұсылмандарға бағыш еткенін, осы ісімен жәннатты сатып алғанын білеміз.
    Тақырыпты мына бір ғибратты оқиғамен аяқтағанды жөн көрдік.
    Ертеректе патшаның ақылды уәзірі болыпты. Сол уәзір ел ішіндегі жағдайы төмен, мұқтаж жандарға қазынадан қарыз береді екен. Қарыз бергенде патша өлген соң қайтарасың деп, қол қойдырып алады екен. Алайда уәзірді көре алмайтын дұшпандары оның бұл әрекетін патшаға жамандайды. Патшаға сіздің уәзіріңіз қазынаңыздағы қаржыны түгі жоқ кедейлерге таратып жатыр, ол аздай патша өлгенде қайтарасың деп айтады екен. Ол сіздің өлуіңізді қалайды. Сіз дүниеден өткен соң сол қаржыларды өзі жинап алмақ деп жамандайды. Патша айтылған әңгімелерге сеніп, уәзірді жазаламақ болады. Тіпті өлім жазасына да кесетінін айтады. Сөйтіп уәзірді шақырып, естіген мәселе жайында сұрайды. Уәзір расында да солай қарыз бергенін, патша өлген соң қарызды қайтарасың деп келіскенін де жасырмай айтады.
    Мұны естіген патша қаһарына мініп, уәзірді өлім жазасына кеседі. Сонда уәзірі дат сұрап, не үшін олай жасайтынын айтқысы келеді. Патша уәзірдің соңғы тілегін тыңдауды жөн санап, сөз береді. Уәзір патшаға қарап: «Мәртебелі патшам. Мен сіздің қазынаңыздан кедейлерге қарыз бергенде патша өлгенде қайтарасың деп келісетін себебім, олардың қайтаратын шамасының жоқ екенін білемін. Қайтара да алмайтынына көзім жетеді. Бірақ олар алған қарыздарын қайтара алмай қиналғандықтан үнемі Алладан «Ей, Алла! Патша өлмесе екен» деп сіздің тілеуіңізді, өміріңізді тілейтін болады», - дейді. Мұны естіген патша, уәзіріне дән риза болып, кешірімін береді.
    Берген қол алушыдан жоғары тұрады. Ал алушы берушіге дұғада болатындықтан, сізде садақа беріңіз, өзгелерде Алладан сіздің тілеуіңізді тілесін.

Komentáře • 207

  • @user-sz8ql9jo1s
    @user-sz8ql9jo1s Před 4 měsíci +16

    Алла Тағаланың көркем уағыз айтып отырғандарға мың алғыс Құдайым біліп білмей жасаған күнәларымызды кешіре гөр

  • @user-ht2sc8np3c
    @user-ht2sc8np3c Před 5 měsíci +20

    Керемет уағыз, осы кісінің дауыс ырғағы құлағыма сондай жағымды Алла игі амалдарыңызды қабыл етсін ұстаз...

  • @user-qj7ew7zb3v
    @user-qj7ew7zb3v Před 5 měsíci +22

    Керемет уағыз-АЛЛА-СІЗГЕ РАЗЫ БОЛСЫН!!!

  • @user-qj7ew7zb3v
    @user-qj7ew7zb3v Před 5 měsíci +16

    АЛЛА-СІЗГЕ-екідүниенің жақсылығымее, бақытын нәсіп етсін. Керемет уағыз!!

  • @user-ii5wo5op8v
    @user-ii5wo5op8v Před 4 měsíci +7

    жерлесымыз осындаи ұстазды өсірген ата анасына Алла разы болсын

  • @Roma-vq1gu
    @Roma-vq1gu Před 2 měsíci +2

    Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
    Бес нәрсеге асык бол,
    Бес нәрседен кашык бол.
    Жаксылык көрсен гибрәтіллә, Жамандык көрсен, нәфратілла,
    Бес нәрсе білсеніз.
    Абай устаз. 46:32

  • @user-pm8mh7os6v
    @user-pm8mh7os6v Před 5 měsíci +14

    Ассалаумағалайкум. Алла екі дүниенің бақытын насып етсын. Қабылбек ұзтаз

  • @user-dg1vo4gn7l
    @user-dg1vo4gn7l Před 5 měsíci +8

    Алла разы болсын сізге құрметті ұстаз қадірлі имам аға құрметті Қабылбек аға өте жақсы айттыңыз рахмет сізге Алла өміріңізге Береке берсін Алла қолдасын сізді

  • @user-ii8so2gi9w
    @user-ii8so2gi9w Před 5 měsíci +9

    Айтылған үағызға амал етуді Алла нәсіп етсін!

  • @user-cz6os4vx9g
    @user-cz6os4vx9g Před 5 měsíci +10

    Әсәлләм әлекум Алланың шапағаты мен мирімі шексіз болсын.

  • @user-uv1mh8ru5z
    @user-uv1mh8ru5z Před 4 měsíci +3

    Қабылбек уағызды
    Әрқашан тыңдап жүреміз
    🙏🙏🙏

  • @БАгдат-ю2б
    @БАгдат-ю2б Před 11 dny

    Алл Разы болсын Сізге Ұстаз🫡

  • @aigerimjoraeva-ql4jw
    @aigerimjoraeva-ql4jw Před 5 měsíci +6

    Алла разы болсын узтаз омир жасыныз узак болсын осы секилди тиым салынган истерди насыкаттап жаманшылык нарселерден каитарып журеберин

  • @user-xf3el9yb2b
    @user-xf3el9yb2b Před měsícem

    Алла Разы болсын Бауырым

  • @user-zi5rd8zt6s
    @user-zi5rd8zt6s Před 5 měsíci +18

    Устаз Сізге Аллаһ Тағала Разы болсын.
    Ассалаумағалейкум рохматуллоһи уа барокатуh. Жамағат Адал Кәсіп-пен Айналысайык. Аллаһ женілдік берсін.

  • @user-rb3or8ts7y
    @user-rb3or8ts7y Před 5 měsíci +6

    Аллаһ тағала сот күнін жеңіл етсін ИншааАллаһ

  • @user-yo3yt5vv2u
    @user-yo3yt5vv2u Před 4 měsíci +3

    Үлкен рахмет ұстаз !!!

  • @sholpaniskakova2760
    @sholpaniskakova2760 Před 5 měsíci +5

    Алла разы болсын Ұстаз!!!

  • @user-hk9rz3ld1d
    @user-hk9rz3ld1d Před 5 měsíci +6

    🤲 Алла халқымның зейінің ашсын! Рахмет,ұстаз!

  • @user-ip5lz3tr1f
    @user-ip5lz3tr1f Před 5 měsíci +60

    Алла разы болсын сізге, екі дүниенің бақытын, жақсылығын нәсіп етсін

    • @user-pb1lg9oo1k
      @user-pb1lg9oo1k Před 5 měsíci +3

      Ассаләәму аләйкум уа рахматуллаһи уа баракәәтуһ.Устаз Аллаһ Сизге разы болсын

    • @user-pb1lg9oo1k
      @user-pb1lg9oo1k Před 5 měsíci +1

      👍😍

    • @apzitaze3129
      @apzitaze3129 Před 5 měsíci

      😊😊​@@user-pb1lg9oo1k

    • @user-ne8fu7pw9p
      @user-ne8fu7pw9p Před 5 měsíci +2

      Жаным ага Кабылбек устаз меным жерлесым Алла разы болсын козымды айдаи аштынгои жылап жибердым😢 менде достарыма айтам арак ишпендер деп жамандыктан кайтарам Кудай каласа

    • @user-tt6kt8mt7g
      @user-tt6kt8mt7g Před 5 měsíci

      АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН. АЙТҚАНЫҢЫЗ КЕЛСЫН. ӘМИН.

  • @hymbatsakek
    @hymbatsakek Před 5 měsíci +5

    Сізге Алла разы болсын

  • @user-vh6lw4zl4l
    @user-vh6lw4zl4l Před 5 měsíci +7

    Аль-хамду ли-Ллях
    Субхан Аллах
    Аллаху акбар
    Джазакя-Лляху хайран

  • @user-lt1pf4dq8k
    @user-lt1pf4dq8k Před měsícem

    Керемет айтып жатырсыз, Алла разы болсын. Уйып тындай бергын келеды😊😊😊

  • @Aliyafoods
    @Aliyafoods Před 4 měsíci +2

    Маш'Аллах устаздарға Алла тағала разы болсын 🤲🏻

  • @user-eg2hh9et3f
    @user-eg2hh9et3f Před 2 měsíci

    Алла разы болсын сіздерге ұстаздар

  • @bahitsaripbekov3583
    @bahitsaripbekov3583 Před 5 měsíci +2

    Аллаһ разы болсын ұстаздар

  • @user-bt9zl1yl6p
    @user-bt9zl1yl6p Před 5 měsíci +3

    Аман болыңыз Алла разы болсын сізге

  • @user-kw7by4mn4j
    @user-kw7by4mn4j Před 4 měsíci +1

    Алла разы болсын сизден. Менин улдарым сизге шакирт болып тусуу несип еткей. Амин деп койинизшы. Сиз сиякты ийманды кйиырлы перзенттер болгай

  • @user-tq2go6qv6b
    @user-tq2go6qv6b Před 5 měsíci +2

    Ассалаумағалейкум уа раһматуллаһи уа баракатуһу.
    Ұстазымызға Аллаһ Тағала разы болсын!
    Өте керемет айтылған!

  • @user-xv8zy9xw3n
    @user-xv8zy9xw3n Před 2 měsíci

    Қандай керемет Алла разы болсын

  • @AkimaTurdibekova-mi3zb
    @AkimaTurdibekova-mi3zb Před 5 měsíci +2

    Устаз сызге Аллаһтың өзы қолдау көрсетып Мол сауаптардан жассын аумин

  • @gulsaratulekova5279
    @gulsaratulekova5279 Před 5 měsíci +3

    Алла разы болсын Ұстаз

  • @user-jk4oe2ck5z
    @user-jk4oe2ck5z Před 2 měsíci

    Ала тагала сизге денсаулык берсин

  • @user-vq3ou7od8n
    @user-vq3ou7od8n Před 4 měsíci +1

    Каракалпакстаннан коремиз сызди Устаз сызге Алла разы болсын ❤

  • @aigerim_B
    @aigerim_B Před 2 měsíci

    Алла разы болсын сізге ұстаз. Өте жақсы уағыз айттыңыз

  • @user-so9wr8pg6r
    @user-so9wr8pg6r Před 5 měsíci +2

    Алла разы болсын
    Алла жар болсын

  • @gulsarakayrullaev6517
    @gulsarakayrullaev6517 Před 5 měsíci +2

    Субханаллах Алхамдуллах Аллаһу Акбар ♥️ Алла разы болсын 🤲 Рамазаннан Рамазанға бас аман бауыр бутин жетуди Аллам насип етсин 🤲🙏

  • @akkulashalenova5376
    @akkulashalenova5376 Před 5 měsíci +2

    Керемет уагыз аумин алла разы болсын

  • @NurjanOrynbasarov
    @NurjanOrynbasarov Před 5 měsíci +2

    Ма ша Аллах.ақтөбеге келыныз

  • @user-lf4cv1ws2l
    @user-lf4cv1ws2l Před 5 měsíci +2

    Керемет уағыз Ма ша Алла

  • @user-wo3vz4yk2y
    @user-wo3vz4yk2y Před 5 měsíci +3

    Аллаһу Акбар!!!

  • @user-ru2nr2tm3p
    @user-ru2nr2tm3p Před 4 měsíci +1

    Керемет.Рақмеет.Алла разы болсын❤

  • @gjzhgjzh8923
    @gjzhgjzh8923 Před 4 měsíci +1

    Алла разы болсын сізге!

  • @user-jw8cy2fp8u
    @user-jw8cy2fp8u Před 5 měsíci +2

    Дурыс айтады уагызды осы киси .

  • @user-df1dz7jd6j
    @user-df1dz7jd6j Před 2 měsíci

    Алла разы болсын

  • @merekeabdikarimova6394
    @merekeabdikarimova6394 Před 5 měsíci +1

    Алла Тағала қуат берсін ұстаз

  • @user-ch6ze5mo5d
    @user-ch6ze5mo5d Před 5 měsíci +1

    Дурыс айтып отыр бәрін Аллхамдуллах

  • @user-pe7ii3du8p
    @user-pe7ii3du8p Před 5 měsíci

    Аллахым разы болсын білім ілім біліп бізге насихат беріп МашАлла. Жұма мүбарак болсын. Ля иляха иллалаху уғдаху ля шәрика ляху ляху мульку валяху хамду ва хува ғаля кули шайн кадир

  • @leoali6533
    @leoali6533 Před 25 dny

    (Уа, Мұхаммедтің үмбеті!) Сендер (Раббы-ларыңның қалауымен) күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған (жаралған) ең қайырлы үмбетсіңдер. Үнемі жақсылыққа шақырып, жаман-дықтан тыясыңдар, Аллаға кәміл сенесіңдер. Егер кітап иелері (де сендер секілді) иман келтірсе, өздері үшін жақсы болар еді. Шүбәсіз, олардың арасында да шынайы мүміндер бар, алайда басым көпшілігі - хақ жолдан адасқан күнәһарлар.
    («Әли Имран» сүресі 3:110)

  • @user-cq1kg7im3p
    @user-cq1kg7im3p Před 5 měsíci +1

    Бүгін Құртқа мешітіне шамға келеді ұстаз, 17.02

  • @Erka_1142
    @Erka_1142 Před 5 měsíci

    Ассалаумағалейкум,Алла разы болсын,Аллахым бізге адал жолмен табыс табуды нәсіп етсін!!

  • @user-ii5wo5op8v
    @user-ii5wo5op8v Před 4 měsíci

    Ұстазға Алла разы болсын мусылман бауырлар рамазандағы дуға тілек терымызды Аллам қабыл алғаи

  • @user-tn5sc1rq7z
    @user-tn5sc1rq7z Před 5 měsíci

    Ма Ша Аллаһ керемет Аллаһ разы болсын сіздерге ұстаз Аллаһ ұзақ ғұмыр берсін ұстаздарымызға

  • @user-cf2iy1zd8j
    @user-cf2iy1zd8j Před 5 měsíci +2

    Рамаданға барлығымыз жетуді нәсіп еткей

  • @user-em9tz1rf4t
    @user-em9tz1rf4t Před 4 měsíci +1

    Аллах әкбар!

  • @user-yi8gv4wb6t
    @user-yi8gv4wb6t Před 5 měsíci +1

    Әмин 🤲🤲🤲айтқаныңыз келсін тілеген дұға тілектеріміз қабыл болсын

  • @user-bd4mk8xw6w
    @user-bd4mk8xw6w Před 5 měsíci +1

    Устаз алла сизге разы болсын

  • @zhiparzhusueva3108
    @zhiparzhusueva3108 Před 5 měsíci

    Сонун Алла ыразы болсун баардык мусулмандардын куносун кечир

  • @user-tr5ir2ks5y
    @user-tr5ir2ks5y Před 5 měsíci +1

    керемет тусиндирип айттыңыз👍👍👏

  • @user-wq8yd1qz9c
    @user-wq8yd1qz9c Před 3 měsíci

    Алла разы болсын!
    Тәрбиесі мол дәріс болды!

  • @user-qs9cl8mv9n
    @user-qs9cl8mv9n Před 4 měsíci

    Аллаһ екі өмірдің бақытын берсін.байлықпен бәрәкәт берсін.насихатына.т.б❤

  • @user-wh9dt5cb1k
    @user-wh9dt5cb1k Před 4 měsíci

    Өте керемет айтып кетті ұстаз Алла разы болсын сізге

  • @user-cb1yl8ld4d
    @user-cb1yl8ld4d Před 3 měsíci

    Алла разы болсын сізге.

  • @user-iv4fq9dc6m
    @user-iv4fq9dc6m Před 5 měsíci

    Алла разыболсын сіздің уағызыңіз жақсы көп тыңдаймын.

  • @user-lh6gk7vy2l
    @user-lh6gk7vy2l Před 5 měsíci +1

    Асаламалеком алла разы болсын

  • @user-xf6fy1bl1y
    @user-xf6fy1bl1y Před 5 měsíci

    Сізге Алла разы болсын ,өміріңіз ұзақ болсын

  • @user-rc8sn4ui1m
    @user-rc8sn4ui1m Před 4 měsíci

    Аллах Разы болсын Сізге......

  • @user-xj5sz3ot3z
    @user-xj5sz3ot3z Před měsícem

    Тамаша уагыз

  • @user-dm3cj1rd1w
    @user-dm3cj1rd1w Před 3 měsíci

    Сүйікті ұстазым❤❤❤

  • @user-wi1ey4li4r
    @user-wi1ey4li4r Před 5 měsíci

    Алла разы болсын сызге ауырманыз

  • @user-pu6je4gr5y
    @user-pu6je4gr5y Před 3 měsíci

    Аллах сизден раазы болсун.🎉

  • @user-md4rk5vd3m
    @user-md4rk5vd3m Před 5 měsíci

    Біздің имамдарымыз өте білімді ,білікті .Халыққа айтып жатқан уағыздары, істеп жүрген еңбектері барімізге үлгі.Біздің Имамдарымызды тыңдаған сайын қатты қуанып отырамын.Біз атейстік заманда өмір сүріп қатты төмендеп кеткеніміз белгілі ғой..Сол олқылықтарымыздың бәрін осы біздің имамдарымыз түзету үшін көп жұмыс жасап жатыр.АЛЛА разы болсын.Қабылбек ұстаз ең білімді ұстаздарымыздың бірі,бірегейі.

  • @user-nz5wy6hf6o
    @user-nz5wy6hf6o Před 5 měsíci +3

    Амин!

  • @user-jj9gl7tg3l
    @user-jj9gl7tg3l Před 5 měsíci +1

    Әмин

  • @user-so3cb9wz6t
    @user-so3cb9wz6t Před 5 měsíci

    Алла сансыз сауаптан жазсын баршамызды

  • @user-bd6bz6nv9m
    @user-bd6bz6nv9m Před 5 měsíci

    Алла разы болсын сызге оте дурыс айтасыз Кабылбек устаз

  • @user-zs9nv2zg9x
    @user-zs9nv2zg9x Před 3 měsíci

    Жүрекке жететін уағыз екен

  • @AliAliali-ip2sd
    @AliAliali-ip2sd Před 5 měsíci

    Ұстаз Алла разы болсын.Менде магазин бар менде халял арақ-шарап сатпаймын саудам өте жақсы.

  • @user-lf4cv1ws2l
    @user-lf4cv1ws2l Před 5 měsíci +1

    Ассалаума алейкум бауырлар

  • @user-fe4ot5nb3d
    @user-fe4ot5nb3d Před 5 měsíci

    Қабыл болсын. Баршаңызға Алла разы болсын. Алланың жолымен деген дұрыс екен...
    Сынақ болар... тыныш жатқан шығыстағы бір ауылдың тәрбиелі мақтан тұтар қызы едім, өзім білмеймін кейін түсіндім ата әжесіне берілген,мектепте түзу барып түзу қайтатын,өсекке,басқа да жамандықтан аулақ болар ұл демей қыз демей шаруасына адал қыз едім...бір күні студенттік өмір басталып жөнсіз алғаш ұл баланың қолынан ұстап, "көп жақсылықтардан құр қалып қойыппын" қыз балаға тыйым деген ол ұлға да тыйым-ата ана қарауымен болғаны дұрыс екен. Кейін бір себептермен жақындаспай қыз болғаныма қатты налып өмір сүруден қалғанда,қолдаушы қорғаушы да керек екен,нәзік жандыларға ол қанша жерден ұлдан бетер тәрбие алса да сол бір сәтті сынып кеттім. Оған құлағанға жұдырық болып сол сәт туысым ағам үйіне барып тұрушы едім, жаңа себепті өзіме келе алмай жүріп оны ешкім түсінбей мінезің жаман т.б бәле жаба бастады(қалай айтасың өзің жайында қыз басыңмен) кейін таңдағаныма емес ол таған адамға тұрмысқа шығып отбасын құру ана болу ниетте едім...тағы бір сынақ жас болса да әкесінен қатты ішіп үйленуден киін апта өтпестен достарымен билетіп"найман қызын алдым деген даңғазалықпен" тағы бір күнде ішіп келіп төпештеп ұрып бастады. Бір сәтте жанымда болмаған адаммен тұра алмайтынымды білдім. Қайттым. Ешкім жібергісі келмеген еді,тұра алмайтынымды түсіндім, осыны естіген елден естімесем де ағам бір сөз дұрысынан айтсам "сен кімсің, надансың... т.б " өзіме суық бола бастады. Оған себепкер не екенін іздеп( немес ауыздықтағым келді) ашып айтпайын бәрін ескерер Жаратушымыз өзі берер төрелігін. Өзі намаз оқыйды түсінер. Жаратушымыз алдында бәріміз теңбіз ғой. Әкем айтпақшы-Үлкен ба,кіші ма дұрыс ақыл айтты ма тыңдау ғибрат алу керек деген.
    Еееех,Алла қалауымен ол кісінің де сана берсін, ертедегі аға бауыр кешірімі деген кешірім кім 1сұрау парыз. Кешіру кешірмеу өздеріне байланысты деп жүрегін жібіттім. Бұған да шүкір)
    Сіздерге жамандық емес, қыз болса да ұл болса да бұл әңгімеден ғибрат (ең аз дегенде дұрыс жолмен дұрыс ақыл/сөз сөйлеген адамнан ғибрат алайық Алла жолында)аларлық сабақ болсын,жаңағы дастархан басында отырып отбасыларыңызбен ақылдасыңыздар-берекесі сол болар.

  • @user-bk1jw5ih9n
    @user-bk1jw5ih9n Před 5 měsíci +1

    Ерусалимнан Сызге быр Салем

  • @user-lm2fn3zz7w
    @user-lm2fn3zz7w Před 5 měsíci

    Машаллаһ, Аллаға шүкір

  • @TolegenShora
    @TolegenShora Před 5 měsíci

    Ассалаумағалайкум сауда дама өнердема

  • @user-ji9ov8lg8t
    @user-ji9ov8lg8t Před 5 měsíci

    Әр қазағым бауырым🇰🇿

  • @tigr446
    @tigr446 Před 5 měsíci

    Аллам разы болсын

  • @Samsung-ub9bn
    @Samsung-ub9bn Před 4 měsíci

    О керемет ұстаз рахмет

  • @simba_brand
    @simba_brand Před 5 měsíci +1

    مشاءالله

  • @user-yf8ke7mw3f
    @user-yf8ke7mw3f Před 4 měsíci

    Жаксы киенген

  • @Koshagzlm
    @Koshagzlm Před 5 měsíci

    Аллахумма салли аля Мухаммадин, уа аля али Мухаммад
    ‎ﷺ

  • @botakozapenova5585
    @botakozapenova5585 Před 5 měsíci

    Әмин🤲🏻

  • @user-tr6on5vj9z
    @user-tr6on5vj9z Před 5 měsíci

    СУБХАНАЛЛА, ӘЛХӘМДУЛИЛЛӘҺ, АЛЛАҺУ АКБАР!

  • @user-rl8pu6wb6q
    @user-rl8pu6wb6q Před 5 měsíci +1

    Қабылбек менің айтарым Араптардан басқа мұсылман елдердің қайсы ел бақытты тұрады. Ал араптар алтын унетазда қалай отыратыны белгілі. Ал хрестян , елдер қалай тұрады

  • @user-bk1jw5ih9n
    @user-bk1jw5ih9n Před 5 měsíci

    Кандай керемет имам сып сулу Жаны красамбо

  • @user-cf2iy1zd8j
    @user-cf2iy1zd8j Před 5 měsíci

    Жерлес аға Алла разы болсын сізге

  • @myrqynbaimyrqynbaiuly6309
    @myrqynbaimyrqynbaiuly6309 Před 5 měsíci +2

    Жыртыңдап телефонға түсіріп отырған жігіт ойдың бәрін бөлді ғой, не керек осындай тірлік. Уағыз айтылып жатқан кезде тыныш отырмай ма!!!

  • @Altyn0_01
    @Altyn0_01 Před 5 měsíci

    Пайғамбар сас басында ұялып, соңында мақтанатындай болады ау менікі.... Өткенім Аллаға сосын өзіме аян. Ал болашақ Алладан... Үмітімді үзбеймін

  • @user-pk7jm3bl7w
    @user-pk7jm3bl7w Před 5 měsíci

    Бұл адам Қаңтарда елді көтеріліске шақырған адам
    Осы адам себепті қаншама оққа ұшты
    Бұл адам қатерлі

    • @user-dj7wn6dm4t
      @user-dj7wn6dm4t Před 5 měsíci

      Сен тірі қалдыңба бишара

  • @dss55
    @dss55 Před 5 měsíci +2

    Алладан сауабын алыңыз Қабылбек ұстаз.өмірдің шындығын аиттыңзғой

  • @mairaermanova7480
    @mairaermanova7480 Před 5 měsíci

    Әумин

  • @user-rw8rc8bw7f
    @user-rw8rc8bw7f Před měsícem +1

    Для молодых отцов самое то