Ілім пашаның дәрежесіне жеткізеді. ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы ᴴᴰ

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 2. 06. 2023
  • ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы ᴴᴰ
    Имам Әбу Юсуф кім?
    Әбу Юсуф ұстазы Әбу Ханифаға 17 жыл шәкірт болып, бойына құқық жүйесін сіңіреді. Құқық жүйесінің қыр-сырын толықтай меңгерген ол өз алдына бір ғұлама дәрежесіне жетті. Кедей отбасынан шыққан Әбу Юсуф бос уақытында киім жуып, оларды тазартумен қаражат табатын. Ол: «мен хадистер мен фикх ғылымын меңгеруге тырыстым. Бір жолы Әбу Ханифаның жанында отырғанымда анам келіп, мені өзімен ерте: «Әбу Ханифаның қасында көп болуға тырыспа, оның наны ақ (жағдайы жақсы), ал сен бізді асырауға міндеттісің» деді. Анамның сөзіне құлақ салып, ғылым жолымен жүрген әрекетімнен бас тарттым. Әбу Ханифа мені іздестіріп, ғылымға келуімді өтінді. Мен қайтып келдім. Менің бірінші келген күнімде ол менен: «Сені бізден не алыстатты?» деп сұрады. «Отбасыма көмектесу, анамның сөзін екі етпеу» деп, мен жайыма отырдым. Дәрістен кейін барлық бала тарап кеткенде ол маған қолын созып: «Әзірге осыны қажетіңе жарат» деп, кішкене қапшық ұстатты. Мен қапшыққа қарағанымда онда 100 дирхем болды. Ол маған қарап: «Қапшықтағы таусылғанда маған айтып отыр» деді. Мен күн жібермей дәріске баратын болдым. Біраз уақыттан соң ол маған тағы 100 дирхем берді. Осылайша ол менің кедейлікті жеңіп, бай болғаныма дейін көмектесіп тұрды» (Ахмад Шалаби, «Мавсуатул-хазаратил-исламия», 8-том, 199 бет)‎
    Барлық құқықтары қорғалған.

Komentáře • 11

  • @user-oz9nh7ce8q
    @user-oz9nh7ce8q Před rokem +2

    Аш қалмау үшін уағыз айтуға болады екен.

  • @user-qg7un6zm6c
    @user-qg7un6zm6c Před rokem +3

    Алла тагыла сызге жар болсын шардара келгенде корген ендым машины ышеде

  • @user-xc4zj1nx9y
    @user-xc4zj1nx9y Před rokem +6

    Аллаһу Акбар

  • @KanatKaldar
    @KanatKaldar Před rokem +4

    Әссәләму әлейкум! Алла разы болсын, ұстазға!!!🤲🏻

  • @nazerke_dauletbekovna
    @nazerke_dauletbekovna Před rokem +3

    Алла разы болсын!

  • @user-tb8fr5yp5h
    @user-tb8fr5yp5h Před rokem +3

    Міні нуктесі болады Ангіменін

    • @user-uv2ih5wv3b
      @user-uv2ih5wv3b Před rokem

      Калай шакырды сонда. Ешкандай видеосы жок шакырган

  • @musulmandar
    @musulmandar Před rokem +3

    Әлһамдулиллаһ Әлһамдулиллаһ

  • @usmanbaltabai8283
    @usmanbaltabai8283 Před rokem +1

    Осынын ертегилери кашан битеди ?

  • @user-ij7jt2vj7v
    @user-ij7jt2vj7v Před rokem +2

    Фанатики своего масхаба

  • @user-pk7jm3bl7w
    @user-pk7jm3bl7w Před rokem +1

    Бұл адам қаңтар оқиғасынада көтеріліске шақырып қазақтардың оққа ұшуына себепкер болды. Қасиетті мекенде отырып елді көтеріліске шақырды. Сондықтан абайлаңдар. Бір күні патшаға қарсы қылыш көтеріп тұрса таң қалмаймын.