ПСИХОСОМАТ Эльмира КУДАРОВА: Қызымның бір күнде жазылуы, «ТӘУБЕ" методикасы

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 8. 12. 2023
  • Подкастта 7 баланың анасы Эльмира Кударова психосоматикаға қалай келгенін, балаларының бір күнде қалай жазылғанын айтып берді. «Тәубе» методикасының қалай жүретінін осы подкасттан тыңдай аласыздар.
    Подкастта:
    🔸 Психосоматика деген не?
    🔸 Қызымның бір күнде жазылуы
    🔸 “Тәубе” методикасы қалай жүреді?
    🔸 Аутизм, ЗРР
    🔸 Тыңдарманға сыйлық
    🔹 Ұйымдастырушы: ⁠Жаннұр Таласбаева ⁠
    🔹 Қонақта болған: Эльмира Кударова
    ⏱️ Таймкод:
    0:35 Таныстыру
    06:00 Психосоматика тарихы - балам невротикалық аурумен ауырды
    10:00 Психосоматика деген не?
    11:00 Қызымның бір күнде жазылуы
    14:00 Жөтел - айтқысы келген эмоциялар
    21:00 “Мен бақытты боламын” деп шештім
    22:00 “Өмірімде бәрі бар, бірақ өзім жоқпын”
    32:00 Барлық аурудың психосоматикасы бар ма?
    35:00 Аутизм
    40:20 ЗРР
    42:40 Күнә - адамның өз-өзіне жасаған әділетсіздігі
    53:30 “Тәубе” методикасы қалай жүреді?
    1:03:00 Қорытынды
    1:04:20 Тыңдарманға сыйлық
    Подкастты қолдау:
    💳 (KASPI): pay.kaspi.kz/pay/n8tiiucd (Nazik Alem Podcast)
    Егер отбасы құруға дайындалып жүрсеңіз, сізді тұрмысқа шығуға дайындық курсына шақырамын:
    @_talasbayeva

Komentáře • 739

  • @GGG-wz2gv
    @GGG-wz2gv Před 5 měsíci +69

    Иә, мен бесплодная болғанмын8жыл бала көтермедім, бармаған дәрігерім, бармаған елім болмады.Сонда менде қорқынышым,күйеуім тастап кетеді деген. Кейбірі бала қадірін білмей жатқанда Бұл әділетсіздік қой,деп күйіп пісетінмін. Сосын қойшы, мен осы Алланың берген сынағына мойынсұндым деп, тек Аллаға тәуекел еттім, бір айдан кейін күтпеген жерден аяғым ауыр екенін білмеймін ғой. Сол үшін Алланың ісіне араласпай, тек дұғада болыңыздар.

  • @saltanatturebekova
    @saltanatturebekova Před 6 měsíci +182

    Керек кезде керек адамға Аллах бұл подкастты кезіктіреді жане таубе етуге себепші етеді ❤

    • @Kazakh0909
      @Kazakh0909 Před 6 měsíci +5

      Соны айтшы Машаллаһ біздің Қазақтар жарады осы ғылымды!!!! Иншалла

    • @Marya11611
      @Marya11611 Před 5 měsíci +2

      Ойламаған жерден көріп тыңдадым.1-ші орында Ана өзіміз өзгеруіміз керек екен❤

    • @englishteacher_Aizhan
      @englishteacher_Aizhan Před 5 měsíci

      Рахмеет🌹🌹🌹

    • @nuraytoktagul8486
      @nuraytoktagul8486 Před 4 měsíci

      Мяя швнымен дурыс айтасыз 😍🙌

    • @user-uq7kn3hq1i
      @user-uq7kn3hq1i Před 4 měsíci +1

      Ойламаған жерден уақытымды кетіріп тыңдап отырмын.жасым 63 ке келген кезде барып енді көзіміз ашылып жатқанына Жаратушыма мың шүкір.Осы қыздарғда үлкен рахмет Көп аналардың ішіңдегі айталмай кеткен сырларын оп оңай ғана жеткізген айтып отыр.Алла разы болсын! 👍👍💐💐💐

  • @user-qu6ol9xd3l
    @user-qu6ol9xd3l Před 6 měsíci +23

    Керек кезде сізді маған Аллах кездестірді.Я, РАББЫМ МЕН САҒАН РИЗАМЫН ,СЕН ДЕ МАҒАН РАЗЫ БОЛ.ӨТІНЕМ ,ӨКІНЕМ МЕН СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕМ.❤❤

  • @kamozhan
    @kamozhan Před 6 měsíci +35

    Ештеңе себепсіз емес. Бұл подкастты соңына дейін тыңдап, шыны керек өзімнің ЭГОмды сындырдым. Сағат дәл қазір 2:32. Аллах ҰЛЫҚ. Өзімді қабылдауға мүмкіндік берші деп сұрап едім. ЕҢ ЖАҚСЫ БІЛІМ ТЕГІН БІЛІМ дегенге тағыда көзім жетіп отыр.
    Сіздерге АЛЛА РАЗЫ БОЛҒАЙ🤲🏻

  • @user-wi1dx3xk7g
    @user-wi1dx3xk7g Před 6 měsíci +54

    Жылап жүріп тыңдадым ғой,әлі екі көзімнен жас тоқтар емес. Алла разы болсын сіздерге! Басқаға келгенде көзді жұмып тұрып ақшаны құртам,өзіме келгенде сондай жадная,соншалықты өзімді төмендетіп жібергенімді түсіндім. Рахмет көп-көп. Алдымен өзімнен кешірім сұрап,тәубеме келдім🙏

    • @user-oq7zm2sy4u
      @user-oq7zm2sy4u Před 4 měsíci

      ❤Өте керемет жақсы, қғым, мағлұиат, ризамын. Көп рахмет жаным Алла разы болсын. Бақытты бол Айналайын ҚҰДАЙ ҒА ТӘУБӘ шүкір... Аллаға Аманат, Пайғамбарымызға Салауат!!!

    • @user-cf2ti4jj1z
      @user-cf2ti4jj1z Před 4 měsíci

      Өте тамаша !!! Бәрін ашып керемет түсіндірдіңіз. Еңбегіңіз басқа жандарға көмегі зор болады деп ойлаймын

    • @user-yz1ip9bx9i
      @user-yz1ip9bx9i Před 3 měsíci

      ​@@user-oq7zm2sy4u1:05:28

  • @user-kv8mu2tt6i
    @user-kv8mu2tt6i Před 10 dny +1

    Эльмира Кударова өте керемет түсіндіреді без пафоса, өзін жақсы жағынан көрсеткісі келіп емес, Аллаға шүкір осындай білікті білімді өз ісінің мамандары көп болсыншы🙏🤲 керемет әр подкаст ❤️
    жүрекке жетеді Алланың қалауымен👏👏👏

  • @gumaxanym
    @gumaxanym Před 6 měsíci +104

    Өмір деген - көңіл-күйдің айнасы,
    Тәубе еткенге тиер дәйім пайдасы.
    Қиындықтар - тек күнәнің өтеуі,
    Ақыретке кетпес үшін зияны...!
    Подкаст болды өте қызық, тәлімді,
    Тұшымды ойлар жадыратты жанымды.
    Эльмиражан шын ұнатып жазбамды,
    Талдап берсе, қуанар ем хәлімді...!

    • @user-ns4vy6we5w
      @user-ns4vy6we5w Před 5 měsíci +5

      Салематсызба. Таубені қалаи жасаиды. Мысал келтіріп беріңіші. Рахмет

    • @gumaxanym
      @gumaxanym Před 5 měsíci

      @@user-ns4vy6we5w алдымен ниет етесіз, екінші күнә жасамауға, сосын 2 рәкағат тәубе намазын оқисыз. Сосын уәдеңізде тұрасыз. Бірақ байқамай қайталап күнә жасап қойсаңыз, тағы тәубе жасайсыз! Тәубенің шарттарын гуглге жазсаңыз шығады.

    • @Dinara_96
      @Dinara_96 Před 2 měsíci +1

      МашаАлла 😍👍Бүйырсын сізге

    • @Dinara_96
      @Dinara_96 Před 2 měsíci

      @@user-ns4vy6we5w қате ойыңызды(санадағы түсінігіңізді) мойындау
      Олай қате ойлағаныңыз үшін өкіну
      Ол ойды ересек позициясында жақсы ойға алмастыру
      өзім солай түсіндім пайдасы болып калар

  • @user-ie4kb5my9o
    @user-ie4kb5my9o Před 6 měsíci +18

    Менің түсінгенім өзіңе үңілу,зерттеу.сол арқылы тура жолға табу ,өзіңді тәрбиелеу Алланың қалауымен.

  • @dariyazamanbekova4516
    @dariyazamanbekova4516 Před 6 měsíci +25

    Подкастты естіп көзіме жас келді, ютубты ашқанда сондай ниетпен аштым, Аллаһым мен бірнәрсені дұрыс жасамай жүрмін, ойымдағыдай болмай жатыр, нені дұрыс жасамағаным жайлы белгі берші деп сұрадым, ютубты ашып қалсам осы подкаст шығып тұр🥺🥺 Қазірде жазған сайын көзіме жас келе береді, Алланың мейірімін ойлап, мен бәрін психосоматикадан деп бұрыннан ойлайтын, бірақ настолько терең ілім екенін білмеппін. Осы подкасттан соң өзіме, ішкі убежденияларыма үңіле бастадым, сөйтсем жауабтың бәрі өзімде екен🥺Ин Ша Алла, Аллаһ разы болсын сіздерге✨

  • @superDauka2202
    @superDauka2202 Před 6 měsíci +15

    КЕРЕМЕТ подкаст ....... , ҚАТЕНІ ӨЗІҢНЕН ТАБУ, МОЙЫНДАУ! ТӘУБЕ ЖАСАУ! ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ! БҰЛ ПОДКАСТ АЛДЫМНАН БОСТАН БОСҚА ШЫҚПАДЫ, ШЫНЫМЕН КЕРЕК КЕЗІНДЕ , КЕРЕК УАҚЫТЫНДА ШЫҚТЫ.... АЛЛАХ ҰЛЫҚ

  • @user-rz8ne8if6l
    @user-rz8ne8if6l Před 6 měsíci +14

    Қанша уақыттан бері ішімдегі алай дүлей болған боран 1 сағатта тоқтады. Алғысым шексіз🙏 қаншама адам көріп, проблемасын түсінген болар. Менің де бір емес, бірнеше емес көп проблемамды осы плдкасттан тыңдап байқадым. Сіздің терапияңызға барғым келеді. Тәубені түсінгім келеді. Балама көмектескім келеді.🙏

  • @user-by7zj6yy6c
    @user-by7zj6yy6c Před 6 měsíci +16

    Чётко сөйлейді екен. Рақмет,Эльмира ханым!

  • @user-zp5ez5md1m
    @user-zp5ez5md1m Před 6 měsíci +13

    Лә һаулә уәлә қуата иллә биллә! Сіздің терапияңыз маған бұйыртсын!

  • @Chavgar
    @Chavgar Před 6 měsíci +33

    🕋 Мұсылмандар Ислам ілімдерін ғылыми түрғыда зерттеп, қолдануға неге тырыспайды " деп коп қынжылатын едім бұрындары . Аллаға шүкір, қуанып отырмын осындай адамдардың діннін айналасында медицинаны да, психологияны да зерттеп, дәлелдеп жүргендеріне . Осындай , тырысып жане жетістікке жете білетін кісілер көп болғай 🌹🕋

  • @user-ib9on6mu8e
    @user-ib9on6mu8e Před 6 měsíci +26

    Аллах разы болсын! Осы подкасттан түйген ойым:”Үлкен күнәлардан қорқып,кіші күнәларды елемегенде оны өмірімізге айна қылып көрсеткен Аллаға сансыз шүкір болсын! “Біліміңізді Алла арттыра берсін! ❤

  • @user-tl8it5db5f
    @user-tl8it5db5f Před 6 měsíci +11

    МашАллах. Нағыз керемет жүргізуші, сұхбат ала біледі, тыңдай біледі, әңгімесін білмейді керемет. Және нағыз көкейдегі сұрақтарды қоя біледі. ❤❤❤❤❤

  • @user-gm4ec5rv6j
    @user-gm4ec5rv6j Před 6 měsíci +7

    Кез келген проблеманың шешімі өз ішімде екенін түсіндім. Яғни, ақшамен болсын, қарым-қатынас, денсаулық та болсын қандай да бір мәселе болса, өзіме үңілемін. Қай жерде Алланың жаратқандарын сынадым, ашуландым немесе жан қалауымды орындамадым ? Өзіме сұрақ қойып анықтаймын, анықтаған соң, мойындаймын, өкінемін , шешім қабылдаймын.
    Көп жағдайда өмірімізде қандай да бір мәселе шыға қалса, себебін шарқ ұрып іздейміз. Оның жауабы да, шешімі де қарапайым екен.
    Сіздерге Алла разы болсын. Осы берген білімдеріңіз екі дүниеңізге пайдалы болсын, Алла мол сауаптан жазсын. Алтын уақыттарыңызды, бөліп, көзімді ашқаныңызға рахмеет. Ғылымның атасы- құран екеніне, ислам- өмір сүру салты екеніне, және оны ұстану қарапайым, одан өміріміз жақсара түсетінімізге көзім жетті.
    Эльмира ханым, Жаннұр ханым Алла бақтарыңызды еселей берсін, өмірлеріңізге береке тілеймін ❤

  • @user-bg5gs6zb8i
    @user-bg5gs6zb8i Před 4 měsíci +21

    Менде де барлығы бар. Бірақ бірдеңе жетіспейтін сияқты, бірдеңе дұрыс емес сияқты халде жүр ем. Ютубтан бір сұхбатты көріп отырып, аяқ астынан осы подкастқа көзім түсті. Тағдырыңызды айтқанда, менің қазіргі күйімді айтып жатқан сияқты көріндіңіз. Өзімнен өзім жылап алдым. Бірақ терең түсінік, жеңіл состояние келді. Алла разы болсын! Кез келген жерде пенделері арқылы демеу болатын, бізді үнемі құтқарып алғысы келіп тұратын Раббыма сансыз шүкірлер болсын! Эльмира ханым, Жаннұр ханым, сіздерге Алланың нұры жаусын! Екі дүниеде де абыройлы болыңыздар.

  • @KamilaShaikenova
    @KamilaShaikenova Před 4 měsíci +7

    МашАллах, керемет! Алла тағала алдымнан шығарып тұр екен. Не жетпейді, үй бар, машина бар,жолдасын, балаларын бар, бірақ өзім жоқ екенмін ғой деген жерде мені айтып отырғандай сезімде болдым😢

  • @user-vy3xy3ji7k
    @user-vy3xy3ji7k Před 6 měsíci +14

    Жалпы Нәзік әлем барғдарламасын,Элмира ханымға әйел қауымының сауатын ашып сіңірген еңбектері ушін мың алғыс!Еңбектеріңңізге Алла разы болсын!🙏🏼

  • @danaratynybayeva5215
    @danaratynybayeva5215 Před 6 měsíci +20

    Бул подкасты әрбір ата-ана көру керек. На одном дыхание, оте женил жане түсінікті, но в то же время размышлениеге коп апарды мени. Эльмира Кударова оте шынайы жеткизе алды. От сердца к сердцу.❤ Алла разы болсын сиздерге!🤲

  • @user-wl1pk5vc5n
    @user-wl1pk5vc5n Před 6 měsíci +12

    Сәлеметсіз бе. Менің қызым жүрек ақауымен туылып, Алланың қалауымен аман қалды. Бірақ дамуы жағынан кешігіп дамып жатырмыз. 6 айлық кезінде еш реакциясыз, ембей аспанға қарап жатып қалғанда, зонд салып тамақтандырғанда, врачтар сенің қызың дцп дегенде, Ия Аллам өмірді беретін де өзің, алатын да өзің, осы болып жатқанға көндім дегенімде Алла бізге мықты остеопат жіберді, емінің жолын көрсетті. Аллаға мың шүкір қызым қазір жақсы, дамып келе жатыр. Врачтардың өзі таң қалды сендер осы жағдайдан қалай шығып жатырсындар деп.
    Подкаст керемет❤❤❤.
    Элмира ханымның сеансын ұтып алсам, қызымның емінің нақты емінің шешімін тапсам деген үміт ендігісі менде...

    • @user-sd6gg8ds7y
      @user-sd6gg8ds7y Před 4 měsíci

      Саламатсыз ба? Кім деген остеопат? Данныйын бере аласыз ба?

  • @user-on9qh2hd3l
    @user-on9qh2hd3l Před 6 měsíci +14

    Подкасттан түйгендерім:
    1. Өзіңнің Алланың ең керемет жаратылысы екеніңді ұмытпай өзіңді ештеңеден шектемеу.
    2. Қандай да бір аурумен ауырып жатсаң немесе балаларың ауырып жатса ойлану , психосоматикасына үңіліп, күнәңді мойындап, тәубе жасау,жаңа шешім қабылдау .
    3. Қандай эмоция болса да оны көркем түрде жеткізе алу, оны шығара алу.
    4. Өзіңе әділетті болу. Проблема адам өзіне-өзі әділетсіздік жасаған кезде келеді. Өзіңе ұнайтын іспен айналысу.
    5. Алла өөте мейірімді. Бізге тек жақсылық қалайды, сондықтан біздің күнәмізді өзіміз түсіне алу үшін бізге ауруды оның шипасымен бірге жаратты.
    6. Қоғамдағы адамдармен қарым- қатынасыңа қарау. Күйеуіңмен үнемі диалогта қарым- қатынаста болу.
    7. Бақытты бола алу. Сен үшін бақыт деген не екенін анықтап алу .
    8. Бір принципке қатып қалмау. Біздің таңдауымыз бар. Орта жолды ұстану.
    9. Бала өмірге келгенде жауапкершілік алу. Вакцина немесе басқа да бір препараттар болса оларды зерттеу . Кез- келген ақпарат біліп барып қолдану.
    10. Қыз бала анасының өзіне -өзінің эмоциясы. Ал ер бала анасының күйеуіне деген эмоциясы. Бала үнемі махаббатты қалайды. Баланы шартсыз сүю.
    11.Адам іштей қалап тұрса , яғни ол адамда потенциал бар оны Алланың қалауымен істей алады.
    Алла разы болсын. Подкаст өте пайдалы болды❤.Айтылған оқиғалар өте әсерлі. Алла істеріңізге жеңілдігін, берекесін берсін. Ин Ша Алла Эльмира ханыммен тағы подкаст болса екен ❤️

    • @user-ct4bu6ve1k
      @user-ct4bu6ve1k Před 6 měsíci +5

      Аллаһ разы болсын прям көшіріп алатын конспект жазғаныңыз үшін

    • @user-on9qh2hd3l
      @user-on9qh2hd3l Před 5 měsíci

      @@user-ct4bu6ve1k Әмин 🤲🏻 баршамыздан Алла разы болсын

  • @user-ck3nc8cn6p
    @user-ck3nc8cn6p Před 6 měsíci +7

    Жылдар бойы жасап жүрген күнәмді осы подкаст арқылы көркем түрде білдірткен Аллаға сансыз мадақтар болсын, өмірімдегі қиындықтар неге болды деп ізденіп жатырғаным сол еді, кішкентайымнан осы күнге дейін жасап жүрген үлкен күнәмді түсіндім, біреулердің, ата-анамның қандай болу керек екенін өзім шешіп, Алланың ісіне араласып жүргенімді түсіндім, кешірім сұрадым, Алла разы болсын сіздерге, үлкен рахмет❤

  • @user-vy3xy3ji7k
    @user-vy3xy3ji7k Před 6 měsíci +10

    Жалпы Нәзік әлем барғдарламасын,Элмира ханымға әйел қауымының сауатын ашып сіңірген еңбектері ушін мың алғыс!Еңбектеріңңізге Алла разы болсын!🙏🏼Әр әйел сіздің қызметіңізге мұхтаж🙏🏼🙌🏽

  • @user-qh5ns1hd2u
    @user-qh5ns1hd2u Před 5 měsíci +8

    Аллахым маған сондай шеберлігімен осы подкастты естірткеніне сансыз шүкір еттім!

  • @user-ev5lj5cj7v
    @user-ev5lj5cj7v Před 2 dny +1

    Алла разы болсын!

  • @abucikaiman3437
    @abucikaiman3437 Před 4 měsíci +4

    Керемет сұхбат менің өміріме менің өзгеруіме өмірге деген көз қарасымның өзгеруіне Алламның көмегі мен көмек береді деп ойлаймын ӘМИН

  • @Gulerke98
    @Gulerke98 Před 6 měsíci +11

    Қатты ұнаған жері- ЕМІЗУЛІ АНАЛАРҒА АЛЛА ТАҒАЛАМ далада әркім мен әрнәрсенің артынан ермей ,үйде отырып-ақ,баласын махаббатпен емізіп отырып-ақ сауапқа кенеліп отырсын дегені, деп айтылған тұс....Өзім бала емізіп жүрген соң,казір ерекше осыны ойлап отырып емізіп...Алланың Мейіріміне одан сайын таңқалудамын☺☺☺

  • @user-cn6bk2vs6z
    @user-cn6bk2vs6z Před 6 měsíci +6

    Әйел бақытты болса,
    Әлем бақытты❤
    Аллаһым шын тәубе ететін құлдардың қатарынан етші🤲🤲🤲🥺

  • @user-iv9yo1tq5j
    @user-iv9yo1tq5j Před 6 měsíci +8

    Подкасты тындап отырып ортасына келгенде тоқтатып біраз ойландым. Өзім бұрынан естіп жүрген сөздерді тереңінен түсіне бастадым . 1) Алла бізді бұл дүниеде жазаламайды, яғни сынақтар бұл өткен күнеміздің жазасы емес кафараты екен. 2) Әр қиыншылықтын артында екі жақсылық бар дегенді. түсіндім. Әрбір сынақ біздің жасап жүрген күнәләрімізді түсініп жүрекпен сезіп , тоқтатып, тәубе етіп рухани дамып, Алланың алдында дәрежемізді көтеру үшін берілген сый екенін түсіндім. Бұл ой мен прдкастын ортасына келгенде тоқтатып қойып ойланғаннан келген. Сосын қызық жері 😅😅😅подкасты ары қарай қосып тындаған кезде Эльмира ханымнан именно осы сөздерді естіген кезде шок болдым. Аллаға шүкір . сіздерге Алла разы болсын .

  • @danara_dyussembinova
    @danara_dyussembinova Před 6 měsíci +24

    Всё что я поняла из данного подкаста-нужно правильно слышать и понимать свои чувства, и главное не подавлять собственные эмоции. Потому как это чревато неприятными последствиями. Наши дети-это отражение нашего внутреннего мира!!!!! Спасибо вам большое за очень познавательный подкаст!!!!!!! Счастья вам в обоих мирах, Эльмира Ханым!!!!! Была ооочень рада получить вашу терапию на своё день рождения, я сейчас в ней очень сильно нуждаюсь 🙏🏻🙏🏻🙏🏻🙏🏻💖💖💖💖

  • @Aminatemirgaliyeva
    @Aminatemirgaliyeva Před 6 měsíci +8

    Эльмира ханымның хәлі экраннан-ақ сезіліп тұр. Сондай жеңіл, ойы ашық, көреген, рухани бай адам. Подкастты тыңдап көп ой түйдім. Бір өзімізде жатыр екен ғой бар сұрақтың жауабы, бар мәселенің шешімі, бар аурудың емі. Жаннұр ханымға да, Эльмира ханымға да алғысым шексіз, сіздер арқылы Алла Тағала бізге білдіріп, ой түйдіріп жатыр. Сіздер арқылы білім беріп жатыр. Алла разы болсын.
    Қазір бисмилля деп өзіме анализ жасап, установкаларымды, қорқыныштарымды тізбектеп жазып өзіме психолог болайын деп жатырмын. Тағы да көп рахмет! Еңберктеріңізге, білімдеріңізге Алла береке берсін!

  • @user-ns6ri1zv7w
    @user-ns6ri1zv7w Před 6 měsíci +16

    Мен осы кісінің сеансынан өттім. Аллахтан ұлды болдым. Шүкір

    • @user-qe5su1yt4y
      @user-qe5su1yt4y Před 6 měsíci +1

      Аллаһтың қалауымен шығар

    • @Madina_Dombai
      @Madina_Dombai Před 6 měsíci +1

      Саламатсызба! Инста парақшасы қандай?

    • @user-mc7uq3be6u
      @user-mc7uq3be6u Před 4 měsíci

      ​@@Madina_Dombaiтелефон БАРМА ЕКЕН

    • @user-zn7tz9rg5s
      @user-zn7tz9rg5s Před 2 měsíci

      Өтініш инста парақшасын жазасызба ?

  • @94-ne8fk
    @94-ne8fk Před 3 dny

    Жаннур ханым, Эльмира ханым көп рахмет, Алла разы болсын ❤

  • @inkarimabish
    @inkarimabish Před 6 měsíci +5

    Аллаһтың ұлылығы шексіз, мейірімділігі сияқты. Бүкіл әлемді сондай керемет ұйқасымды етіп жаратты, әрбір ұсақ түйекке дейіннің өзінің бір үлкен маңызы бар. Адамдардың ішкі әлемімен, сыртқы әлемі сондай заңдылыққа бағынуы бір ғажап дүние. Подкаст ерекше болды. Менің ойым әрбір адам осыған көзін жеткізсе екен, кішкене болсын сау ойлайтын үммет болсақ екен

  • @user-ee2rf5fd3i
    @user-ee2rf5fd3i Před 3 měsíci +2

    Мына рамазан айында дәл осындай подкастқа тап келгеніме мың шүкір. Жасым 70 - тен асса да Эльмира қызымыздың айтқандарына , ісіресе ТӘУБЕ жасау методикасына тәнті болдым. Өзім педагог болған соң методика сөзі келіп қалды. Көп рахмет, тыңдарман қауымға пайдасы тиіп мол сауап жинадыңыздар. Ораза қабыл болсын!!! 1:05:28

  • @ulzhan_muratkizi
    @ulzhan_muratkizi Před 6 měsíci +3

    Психосоматика туралы естіп жүрдім, бірақ ол дұрыс па бұрыс па деп ойланып жүр едім. Мына подкастта келтірілген мысалдардан соң жақсы ой қалыптасты. Өзімнің де ойланып жүрген мәселемнің шешімін тапқан сияқтымын. Және де тәубені истиғфармен шатастырып жүр екенмін. Өз мәселеме шынайы тәубе етіп едім бір босап қалғандаймын, өзімде ұстап жүрген нәрсені жібергендей жеңілдедім, аяқ қолым дірілдеп бір әлсіздік сезілді. Пайдалы болсын бәріне! Рахмет Сізге, ханым! Мен бұл кісіні танымайды екенмін. ❤❤❤❤

  • @guljamalxalmurzaeva5240
    @guljamalxalmurzaeva5240 Před 6 měsíci +2

    Оте пайдалы болды. Мен таубе техникасыны кеше колдаган едым. 2 сагатта ауру калды. Алла дан кешырым сорадым жаман ой созым ушын. Маган керек дунелер коп айтылды. Менде кызымнын болашагын коп уайымдаймын. Жок навсегда кайгырып журмыз екен. Оте коп дунелерды тусындым. Озыме деген балаларыма деген омыр жолдасыма деген коз карасым жаксы жака озгерды азгана болсада. Айелдер корсе екен . Жане сухбат болсыншы.

  • @user-he5bx4dx9n
    @user-he5bx4dx9n Před 5 měsíci +7

    Аллах разы болсын сіздерге істеріғізге береке берсін Өте қазақи қара сөзбен жүрекке жеткізіп айттыңыз, өте керемет. Әр адамның өз ұстазы болады деген ғой мен өз ұстазымды таптым. Сізді тыңдап аллақаласа өмірдегі қателіктерімді табатын боламын тәубеге келетін боламын, қайырлы жол салсын өміріме

  • @emaqwer380
    @emaqwer380 Před 6 měsíci +4

    Эльмира ханым оте тамаша тусиндирдиниз , Алла разы болсын Осирип отырган ул -кыздын кызыгын кориниз 🤲

  • @Yesercbbbjnxspoecjneeeeeeeerme
    @Yesercbbbjnxspoecjneeeeeeeerme Před 4 měsíci +4

    Керемет сұқбат болды. Көп сұрақтарыма жауап алғандаймын. Рахмет сіздерге Алла разы болсын. Ары қарай Ельмира Кударова ханымның сұқбаттарын іздеп көретін боламын.

  • @user-uj4om5cp4u
    @user-uj4om5cp4u Před 4 měsíci +1

    Алла мені кешірсін 😢енеммен тұрғым келмейді неге екенін көргім келмейді 😢мойындаймын Алладан кешірім сұраймын

  • @almaissabekova8358
    @almaissabekova8358 Před 6 měsíci +5

    Мә шаа Аллаh, Әлемдердің Раббысына сансыз шүкір сансыз мадақтар болсын, сүікті пайғамбарымызға(с.ғ.с)-Жаратұшымыздың кәлямын бізге(адамзатқа жеткізген)

  • @user-gw8uq6fp1c
    @user-gw8uq6fp1c Před 6 měsíci +4

    Эльмира Ханым Алла сызге сыздын от басынзга мерекесымен берексын бере берсын.Алла жолдасынз екеуынзге сабырлы салйкалы карт ата-аже болуды насып етсын. Алла булдунйеге жарынызды-сызды акеген атта -аналарынзга екы дуниенын жаксылыгын насып етсын.Мен озым намаз окыймын сызды тындап отырып коп нарсены тусындым.Алла жубайынз екеуынзге екы дуниенын жаксылыгын насып етсын

  • @justaccount9902
    @justaccount9902 Před 6 měsíci +3

    Алланың маған берген тағдырына мойынұсынып, иман келтіріп, тәубе ету ең бірінші амал екенін тнсіндірдіңіз !Алла разы болсын! Өз-өзіммен жасайтын жұмысым өте көп екенін түсіндім,және баршамыздың дертімізге Алла шипасын берсін!🤲🏻

  • @user-xf8ko3mm5x
    @user-xf8ko3mm5x Před měsícem

    Осы подкаст шыққан кезде жартысын ғана көріп қойғам. Бүгін инстаграмнан Эльмира ханымның страницасын көріп қалып, соның себебімен 4-5 айдан кейін екіншісі жартысын енді көріп тұрмын. Кеше бір адамға қанша жылдан бері айта алмай келе жатқан ойымды ашық айтқанмын, бірақ өзімді артық кетпейін деп максимально ұстадым. Ол адам жылап қалды. Мен сол үшін өзімді қатты кінәлі сезіндім. Енді подкасттың екінші жартысынан адамға ауыз айту үшін берілді, ойыңды жеткізу үшін берілді деген сөздерді естігенде жаным тынышталғандай болды. Әрине Алланың қалауы күшті ғой, маған осы сөздерді, осы подкастты дәл уақытында тыңдатып тұрған.

  • @gulnurturassimova
    @gulnurturassimova Před 6 měsíci +4

    Түнгі сағат 3:55.
    Қызым 3 жас 10 ай, ЗРР. Қызым туылғанда енеммен күйеуіммен проблема болып, ішімнен жабылып қалдым. Енеме әлі күнге айтқым келіп тұрған ойымды айта алмаймын, ішімнен тынамын. Тағы мен жаман болып қалмайын деп үндемеймін. Күйеуіммен де қарым-қатынасымыз бірінші күндегідей емес өзгерген. Екінші баламызда жатырда генетикалық және органдарында порог болып , түсік жасаттым. Қызым дүниеге келген кезден бастап іштей жүдеп-жадап кеттім. Ішімде айтылмай қалған ойлар, сөздер , тамағымдағы өксік. Тәубеме келдім. Алла баламен сынамасын. Менің қателігімді балам арқылы көрсете көрмесін. Қабылдадым.
    Рахмет сізге ! Алла разы болсын🥹

  • @aida_sapenkyzy
    @aida_sapenkyzy Před 4 měsíci +5

    Алла разв болсын сіздерге❤ мен үшін әдемі түсінік болды. Бұл туралы көбірек білуге желанием ашылды. Өзімді де, өзімде болып жатқан нәрселерді де мойындап, қабылдап жүргеніме шүкір дедім Аллаға❤️ інім дцп мен ауырады, 8 жас болады осы айда. Жүрмейді, отырмайды, қолына зат ұстай алмайды, тамақ жей алмайды тек жұтады. Егер нәсіп болып жатса сол сіздің терапияңызды ұтып алсам бақытты болар едім❤ інім мен әке шешем үшін🤍 өзім тұрмысқа шығып кетсем де соны ойлап әркез есімнен шықпайды, шешімін таппаған сұрақ ретінде! Емдей алсаңыз ол вообще ЧУДО болар еді если❤️ өзімді керемет сезініп отырмын сіздердің подкастты тыңдап болып💕

  • @aigera66
    @aigera66 Před 4 měsíci +2

    Бұл өмірде қандай қиындық болса да, батқан балшықтан шығатын, құтақаратын өзімізді өзіміз ғана. Менде де соңғы 3-4 жылдықта осындай қиындықтар тіпті өршіп кетті, жүрегімде тыныштық жоқ, ауа жетпейтіндей болды. Отырып, өз-өзіме уәде бердім, осы жағдайлар не сені өлтіреді ауру қылып немесе өз-өзіңді осы жағдайдан алып шығасың деп. Бірінші жасаған қадамым шүкіршілік жазу күнде таңертең, екінші дұға ету болды. 3 күнде байқағаным, кеудемнің ашылғаны, мен есімде жоқ кеудем қашан бұлай кең, таза ауа жұта алғанын, осыншама таза болғанын. Аллаға мың шүкір дедім. Айналамдағы үйдегі бірге тұратын жандарға да, жолдасыма да көзқарасым өзгергенін байқадым. Айтарым қыз-келіншектерге, ниетіңізді түзеу ең бастысы, қалғаны өзі жаймен бола береді екен. Подкаст өөте керемет, әрбір қыз-келіншекке пайдасы болары сөзсіз🫰🤍🫶

  • @aizirektynalieva8836
    @aizirektynalieva8836 Před 6 měsíci +5

    Саламатсыздарбы мен Бишкектен жазып жатам, ушул подкаст ютубтан озу эле койулуп озу чыгып калды, Аллахым мени менен адамдар аркылуу суйлошуп жаткан сымал сезилди , жана менин кайсы жерде койгойлорум бар экен корунду , Альхамдулиллах баардык мактоо Аллахка таандык, суроолорума жооп ала алдым Аллахым ыраазы болсун🤲🏻✨

  • @Bekzat_qaldybekova
    @Bekzat_qaldybekova Před 6 měsíci +3

    Подкастты бір деммен тыңдадым, өзіме көп инсайттар алып, тәубе етуім керек жерлерін дәптеріме түртіп алдым. Тіпті, тыңдап отырып, бірнеше құрбыма жіберіп үлгердім. Тәубе техникасы өте қатты ұнады, пайғамбарлар методикасын қаншама халыққа түсіндіріп, жеткізіп жатқаныңызға дән ризамын, Алла разы болсын! Эльмира ханыммен тағы да подкасттар күтеміз. Мысалы, аллергиядан, әйелдердің жатыр ауруынан арылуы жайлы подкасттар болса екен. Нәзік Әлем отралығына да осындай маңызды да пайдалы жоба үшін алғысымды білдіремін!

  • @user-rn5xj7fn8l
    @user-rn5xj7fn8l Před 6 měsíci +5

    Машаллаһ, Аллаһтың қалауымен осы сұхбатты тыңдадым. Көкейде тұрған, өмір сүруді үйрететін шынайы, пайдалы сұхбат болды. Сіздерге Аллаһтың нұры жаусын!!!

  • @user-pe6gu8jm5z
    @user-pe6gu8jm5z Před měsícem

    Керемет айтты ,Алла ұлық ,аллаға шүкүр ,мені осындай әңгіме тындатқан үшін көп нарсені түсінбей қателесіп кетеміз ,алла тура жолмен жүрігізіп көркем мінез бере көрініз ❤

  • @Guljan89
    @Guljan89 Před 5 měsíci +5

    Супер❤Бірақ тоймай қалдық😁дальше айта берсе екен деп. Рахмет Аллаһ разы болсын.

  • @user-sr9vq2rh9l
    @user-sr9vq2rh9l Před 4 měsíci +3

    Алла сіздерге әрдайым қуаныш сыйласын!🤲

  • @user-nh9ib9qw4e
    @user-nh9ib9qw4e Před 6 měsíci +5

    Қандай әсерлі эфир, жылап қалдым ғой, өзмнің блоктарымды тапқаныма Аллаға сансыз шүкір

  • @user-jg8wf8eq4r
    @user-jg8wf8eq4r Před 4 měsíci +1

    Аллаһ тағала разы болсын сізге.Ма ша аллаһ Субханаллаһ.👍✊☝️🤲🤲🤲🇵🇼❤️💯

  • @user-kb4qq4wl5l
    @user-kb4qq4wl5l Před 6 měsíci +3

    Жаннур рахмет, Эльмира ханыммен сухбат ушин, коп нарсе уктым🙏 Эльмира ханымды тагы да шакырынызшы.

  • @aidasabirova1315
    @aidasabirova1315 Před 6 měsíci +2

    куштии келип отырган конак та сондай приятный жылы адам екен рахмет улкен

  • @kazynatolkunbaiqyzy9232
    @kazynatolkunbaiqyzy9232 Před 6 měsíci +6

    ЗРРге байланысты айтқаныңызда мымда төңкеріс болды. Точно, дөп түстіңіз. Ұл бала бізде 3 жаста. Тәубе еттім. Алладан үмітім зор. Толық тәубе бағдарламасына деген қызығушылығым пайда болды. Менде де жас кезімнен келе жатқан дерматический проблема бар. Всегда болмайды. Кейде пайда болады, кейде жоқ. Мазь жағамын. Но теперь понимаю оның да маған бір айтары бар екен.

  • @user-qj4yk3pu4i
    @user-qj4yk3pu4i Před 6 dny +1

    Эльмира Кударова бугин сиздин сухбатынызды корип отырмын сизбен калай байланыс жасасам болады

  • @serikkalibaizhumiev7419
    @serikkalibaizhumiev7419 Před 6 měsíci +2

    Аллага шукур мына передача аяк асты коргем коп нарсени тусиндирди

  • @user-kl1oe6ek1f
    @user-kl1oe6ek1f Před 6 měsíci +4

    Алла бәрімізге хайырлы етсін осы білімді
    Бақытты болайық 🤲🤲🤲🤲
    Буйырсын сіздің консультацияңыз!!!

  • @user-ym3fp1sv4p
    @user-ym3fp1sv4p Před 6 měsíci +4

    Ныгметке толы жаннат насип болсын❤

  • @zhibekinyatbekova4571
    @zhibekinyatbekova4571 Před 6 měsíci +7

    Мен үшін өте пайдалы болды, тіпті жылап отырып тыңдадым, рақмет көп көп.

  • @Sakhinur_Raziyeva
    @Sakhinur_Raziyeva Před 5 měsíci +4

    Ма шаа Аллах 😍 Аллаһ разы болсын!

  • @akniyetk
    @akniyetk Před 6 měsíci +5

    Көркем түрде подкаст жазып, керемет ойларыңызды жеткізгендеріңізге Алла разы болсын! Тәуба ұғымын тереңірек түсіндім.

  • @user-jk4sz5uc9k
    @user-jk4sz5uc9k Před 6 měsíci +2

    Бисмилляхи рахманир рахим.
    Аллаға разылығымды сөзбен де білдіре алмайтын шығармын, көзден шыққан жас жеткізеді деп ойлаймын.
    Алла разы болсын сіздерге.
    Бір адамның қыйншылығын шешіп берсеніздер, Алла сіздердін қыйншылықтан құтқарады делінеді ғой хадисте. Осы ізгі істе оңды болыныздар🤲🏻
    Мен көп нәрсені жүрекпен сездім, әлі мыйма қонып жатыр. Сансыз шүкірлер Аллаға, оның ғайыптарына, нығметтеріне. Бұл чудеса ғой 💛💛💛💛

  • @user-gb4ym7qz9r
    @user-gb4ym7qz9r Před 6 měsíci +4

    Плдкасты тыңдап отырып дәл қажет уақытында ақпарат алдым
    Көп рахмеет жүрекке жетті
    Алла разы болсын❤

  • @shynaryma
    @shynaryma Před 6 měsíci +10

    Рахмет!Өте пайдалы подкаст болды. Өзіміздің түпсанамызда не жатқанын білмейді екенбіз көп жағдайда 😔

  • @user-br6bf2oi1z
    @user-br6bf2oi1z Před 6 měsíci +51

    Әлемді өзгерткің келсе, әуелі өзіңнен баста дейді ғой, түсінгенім бойынша отбасылық өмірінде Эльмира ханым ұзақ жылдар бойы өзін ең соңғы орынға қойып келген, өзінің не қалайтынын, ақиқат тұрғысынан КІМ болғысы келетінін түсінсе де іске асырмаған. Барлық ішкі сезімдерін сыртқа шығарып, тәуекел етіп армандарын жүзеге асыра бастағанда, шынайы Аллаға тәубе етіп, Алламен қарым-қатынасын күшейткенде, отбасымен де қарым-қатынасы нығайып, сынақтарды да еңсере білді. Төребек Бекбаев мырза үнемі "ата-ана баланы тәрбиелемейді, бала ата-ананы тәрбиелейді, сондай-ақ сынақтар адамды тәрбиелеу үшін беріледі" - дейтін сөздерін осы подкастта өте қарапайым тілмен, өмірлік тәжірибеңізбен бөлісе отырып керемет жеткізіп бердіңіз. Алла баршаңызға разы болсын❤

  • @kuralai_mm
    @kuralai_mm Před 6 měsíci +2

    Мен мұндай ғылым бар екенін білмеппін. 🫣 Маған өте ұнады 2 рет қайталап көріп шықтым. Мен өзім босанғаннан соң, мазам болмай не ренжісем біреуге баламда мазасызданып кететінін байқайтынмын. И српзу өз өзімді басып тынышталуға тырысатынмын және қызығы баламда тынышталып ұйықтайтын. ☺️ Бірақ казір 1 жас 8 ай жүрмейді сөйлемейді нені дұрыс істемеудемін деп сол оймен жүрмін. Мүмкін осы ғылымнан бір жауап алармын деп ойлап отырмын. Алла тағала бекер тыңдатпаған шығар. 🤲🏻

  • @feruzamyrzaeva
    @feruzamyrzaeva Před 6 měsíci +2

    Әр бір әйелге керек ақпараттар берілді. Расыменде мұсылман өте бақытты . Күнә істеп қойып тәубе етке кешіріледі, Аллаға ұнамды болады. Сынаққа сабыр етсе сауап алады, дұға етсе қабыл болады. Аллаһ пендесіне өз мейірім есігін жан-жақтан ашып қойған! Оны қабып кіру өз қолымызда. Үнемі Алланың берген ойлау нығметін қолданып өз істерімізге есеп беріп отырсақ мына өмірді сүру қайда жеңіл болушы еді. Оны маған түсіндірген осы видео болды ! Эльмира ханымға Алла разы болсын 🙌🏻 Әр бір әйелге өте қажет ақпараттар берілді❤️

  • @user-lb5tm7pe1v
    @user-lb5tm7pe1v Před 4 měsíci +1

    МашАллах, керемет! Сабақ алатын подкасты болды! Мен өзімнің көп жерде дұрыс жасамайтыным, дұрыс сөйлемейтінім, кей де өзім бұл әлемге сыймайтындай болып кетемін Аллаға шүкірғой әкем -анам бар! Бауырларым бар! алтындай ата-енем бар! Жолдасым бар - ол ең биік бір төбе! Қос қанаттарым бар! Екі алтындай ұлдарым бар! Үйдегі қарым-қатнас жақсы Осыған шүкір деймін! Кішкентайым 4 ке келді ЗПРР емдеп жатқанымызға 1 жылдан асты! Сабақтың түр түріне апарам! Ем болмады, әлі тасып жатырмыз! соған қатты алаңдайтыным бар! Соның бәрі бұрыңғы, қазіргі қарым қатынаста екенін түсіндім! Өзімнің денсаулығым күнен күнге нашарлап жатыр ( то суставтар ауырады, то сіңірлерім тартылады АЦЦП1000! ) денсаулықты күтудің орнына бәрін ысырып қойып мен ұлымды емдетуім керек деп алдыма мақсат қойып шапқылап жүрмін! Кіші ұлдың еміне болсын, сол сөйлеп кетсе екен деп дұғамды жасап жүрмін! Бірақ іштей қынжылам! Содан кейін де прогресс жоқ шығар

  • @user-vt8ex2kh9r
    @user-vt8ex2kh9r Před 5 měsíci +4

    Машаллах 😭 сиздерге Алла разы болсыншы ! Керек кезинде тындауды Алла насип етипти , осы подкаст тындап озимнин кателиктеримди тусиндим , таубе методикасын жасадым Альхамдулиллах создериниз миыйгада журекке де жетти ❤😭👍👍👍👍👍👏👏👏👏

  • @kydyrova187
    @kydyrova187 Před 6 měsíci +11

    Әйел адамдарға оның ішінде аналарға өте пайдалы подкаст болды🥰 психосоматиканы ашып діни тұрғысынан да жақсы түсіндіріп бердіңіз☺️
    Алла біліміңізді арттырып адамдарға көмегіңізді тигізе беруге күш-қуат берсін🤲🏻 Отбасыңызға береке-татулық пен екі дүние жақсылығын берсін🤲🏻

  • @user-wk5bv1km9m
    @user-wk5bv1km9m Před 6 měsíci +2

    Коклюшпен бізде туғаннан кейін ауырдық. Бір платный врачқа барып 4 айдан кейін емделдік. Өте қиын болды. Қап сол кезде түсінбедім ғой сіз айтып жатқан нәрсе. Өзіме бүкіл әлемге запрет қойып тастаған едім. Ол кезде ушінші бала болатын. Раз рожаешь сиди дома деген установка болатын. Сол установка 4 бала тып ушке келіп. Яғни 37 жасымда рұқсат беріппін. Жалтақтап. Жүргізуші де Эльмира ханымда керемет жүргіздіңіздер.

  • @user-er3xw9fc5z
    @user-er3xw9fc5z Před 5 měsíci +3

    Рақмет сізге ,осы әлемнің ұлы ұстазы болуды нәсіп етсін Алла.адамдарға көмектесемін деген ниетіңіз жүзеге ассын❤

  • @user-fp7gg6qs6r
    @user-fp7gg6qs6r Před 6 měsíci +4

    Супер! Аллаһым разы болсын! Эльмира ханымның Жеке терапиясын Аллаһ нәсіп етші маған, мен мұқтажбын🤲❤️

  • @aiagozkereeva
    @aiagozkereeva Před 6 měsíci +5

    Ассалаумалейкум, өте керемет шығарылым болған екен. Эльмира ханым, Ақнұр ханым Алла разы болсын! Қандай мәселе мазалап жүрсе, сол тақырып алдымнан шығып тұр, Аллаға шүкір.
    Бұл подкасттан түйгенім
    •Психосоматика- жан мен тәннің арасындағы нәзік байланыс. Психикамызда болып жатырған процесстердің денемізге берген әсері.
    • Әр ауру өзінің бір биологиялық мақсатымен келеді.
    •Бала- күнәсіз, ода проблема жоқ, проблема- ата-анаңның қарым-қатынасында.
    •Әйел адам ең бірінші ана, әйелден бұрын тұлға болып қалыптасуы керек. Оның да өз арман-мақсаттары, қызығушылықтары болады, соны іске асыра алу маңызды.
    • Орта жолды ұстану.
    •Тәубе методикасын орындау:
    -жасаған күнәні мойындау
    - оған өкіну
    - жаңадан шешім қабылдау.
    • Ішкі хәлге үңілу, өзіңе есеп беру.
    1 сағаттық эфир болсада түртіп алар нәрселер, инсайттар көп эфир болды.
    "Нәзік әлем" подкастына шығармашылық табыс тілеймін! Ой қозғайтын, озық эфирлер көп болсын 🤲🏻

  • @user-bm3to7cf6n
    @user-bm3to7cf6n Před 6 měsíci +4

    Алла улык ! Алла разы болсын ❤

  • @user-lu4om2lt8c
    @user-lu4om2lt8c Před 5 měsíci +2

    Өте керемет подкаст! Эльмира ханымды шақырғандарыңызға рахмет! Мен Эльмира ханымның жөтелге қатысты айтқанын естігенім бар еді (Эльмира ханым машинада эфир жүргізетінін көретінмін) қызымда жөтелі кетпей қойған еді, эфирден есті сап айдалаға шығып кеттім, бааақырып айғайлай бердім. Бас кезінде дауысым қырылдап шықты, бірақ айқайлай келе звонкий болды, күйеуіме айталмағандарымды айтып, алдымда тұрғандай елестетіп ұрысып, бақырып, жылап келгенім бар еді. Аллахтың қалауымен көп ұзамай кетті. Соны естігелі дәрі алуға асықпаймын. Күйеуіме ішімдегіні айтуға асығамын, шүкір қазір көп ауырмайды. Ватцап арқылы айтсам да айтеуір айтам..))
    Түсінгенім - сезім айтылу үшін келеді, оны іште сақтап қоюға болмайды.
    Бір кездері Эльмира ханымға терапияға барғым келіп қолым жетпеген еді))
    3.5- 4 жылдан бері бір нәрсенің себебін таба алмай жүр едім (қолыма қишытын очаг десем ба шығып кете береді), психосоматикасын қараймын, өзіме сұрақ қойып жазып та көрдім, әлі кетер емес, терапия нәсіп болса қуана қуана қабылдаушы едім😊

  • @user-uk3ri6mx8v
    @user-uk3ri6mx8v Před 5 měsíci +2

    МашАлла мен өзімнің іздеген ілімімді бүгін тапқандай болдым. Мен өзімді тапқандай болдым. Алла тағала істеріңізге береке берсін. 😊

  • @Shudo555
    @Shudo555 Před 4 měsíci +2

    Маған ұнаған подкаст😊
    Тәубе ету
    Мойындай, өкіну, шешім қабылдау

  • @user-db4vo5jo3k
    @user-db4vo5jo3k Před 6 měsíci +2

    сіздерге алла разы болсын жасым 60 келседе көп нәрсені түсінбей келіппін ғой менде тәубе еттім аллаға

  • @madina.dreams
    @madina.dreams Před 6 měsíci +3

    Аяқ асты көрген подкасттың бірі болып отыр. Алланың маған берген бір сыйы мен мейірімі болды ау. Шешілмей жүрген денсаулыққа байланысты сұрақтарым бар еді. Бұл подкаст техникасы өте керемет. Тәубені шүкіршілікпен шатастырған екенмін. Бұл подкасттан түсінгенім эмоцияңды, сезімдеріңді, қалауларыңды ести білу керек екен. Жүрегіңді тыңдау керек екен. Сонда бәрі жақсы болады. Ал проблемаларды тәубе техникасымен шешу керек екен. Керемет инсайт болды.

  • @burrai01
    @burrai01 Před 6 měsíci +1

    Аллаһ Ұлық, Ол ешбір құлына жамандық қаламайды, шыныменде тыңдап отырып жазып отырмынғой қандай проблемам бар бәрін иншааАллаһ бәрімен жұмыс жасауға қәзірден кірісемін❤ Тәубе етсеңдер арттырамын дегені Алланың әрбір сөзі Рас және Рас болып қаладыда❤❤❤ Үлкеееен рақмет🫶🏻
    Ең бірінші ұлыма аяғым ауыр кезде маған ешқандай поддержка болмағаннан мен үйдегі адамдармен сөйлескім келмей күйеуімнің бос көп сөйлеп кететіні жаман ұнамайтын кдіше балам тек осындай болмаса екен сабрлы көп сөйлемейтін нағыз ер мінезді жігіт болса екен деген ой болғаг екенші соны дана түпсанамнан ақтарып соны солай екенін мойындап жатырмынше шыныменде и үйдегілерменде тіс жарып сөйлескім келмедіғо аяғым ауыр кезде , балам 1 жасында аутизм под вопросом болды артынба ЗПР болды қазір 3тен асты тілі шығып келе жатыр мен бұдан алдын негізі түсініп тәубе еткенім бар еді енді бүгін осы подуастан кейін жолдасыма деген сондай отвращение болғасында болғанын түсіндім Аллаһ шыныменде менің ішімде миымда жаман нәосе қап кетпесін деп осындай дүниелерді бергеніне шүкір дейінбе😅

  • @leila__decor
    @leila__decor Před 6 měsíci +5

    Осы подкасттын алдымнан шыга келгени де Алланын калауы деп билемин😢
    Денсаулыктын кадирин мен жаксы билемин.Бала кезден кооп ауырамын.Медицинанын барллыгын кордим,тек уакытша емдейди.Озимди зерттеп бастагалы,коп нарсеге козим ашылып жатыр.Биз коп жагдайда фокусымыз айналамызга кетип калады екен,окиништи.Назарды озине бура бастасан,Алланы тани бастайды екенсин.Жане онын шеги жок секилди.Тани бастаганнын устине тани бергин келеди❤
    Алла сиздерге еки дуниенин бакытын насип етсин🤲

  • @user-dn8mj9gp9l
    @user-dn8mj9gp9l Před 6 měsíci +2

    Сұхбаттан түйгенім: Алланың ұлылығы, әр ауруға шипа бары, саналылықтың маңызы. Өзімнің ойланатын тұстарым көп екен. Практикаға айналдыру өмірге енгізу қажет сұрақ қоюды, тәубе етуді. Үлкен рақмет, өте пайдалы.

  • @altynaimaglumova1690
    @altynaimaglumova1690 Před 6 měsíci +7

    Керемет подкаст болды,ТӘУБЕ ету жолын ашып тұрып түсіндіріп берді,Алла разы болсын Эльмира ханымға және жүргізуші ханымға Алла разы болсын 🤲

  • @danaratynybayeva5215
    @danaratynybayeva5215 Před 6 měsíci +4

    Бул подкасты неше рет кайта коретинимди даже билмим, но точно коруден жалыкпаймын. Каждый раз новые осознания.❤

  • @Kamilakurmanalieva96
    @Kamilakurmanalieva96 Před 6 měsíci +4

    Керемет сұқбат болды, сізлерге Алланың нұры жаусын😇😇😇

  • @arailymmustafina6756
    @arailymmustafina6756 Před 6 měsíci +4

    Оте керемет подкаст болды, 2-3 рет кайталап коретин жане де твжирбеге асыратын, Аллах разы болсын❤

  • @user-cw7tm2mm2i
    @user-cw7tm2mm2i Před 6 měsíci +2

    Өтте жоғары деңгейде мен керемет сұқпат болды өз сұрағыма жауап алдым деп есептеймін.Осындай пайдалы сұқпат өткізгендеріңіз алғысым шексіз дами беріңіздер🤲

  • @user-ki6gi6fp3s
    @user-ki6gi6fp3s Před 6 měsíci +3

    Сағат түнгі 01:00 подкастты от и до қарап болдым, кейбір жерінде айтылып жатқан инсайттардан жан дүнием бір қуанып, бір кезде жан дүнием тәубе етіп жатты, бірақ ең ауыры соңғы сәтінде болды , өкіріп жылап отырмын күнәмді түсінген сияқтымын, әрі дәл бүгін осы подкастты именно көруге қазіргі жағдайым , мышлением қатты себепші болды, өзімді үнемі жертва күйде , жаңа Эльмира ханым айтқандай өзеннің жағасында қалып қойғандай сезінем ,
    Бұйырса әлі қайталап көремін, дұрыстап тәубе жасауға осы подкасттың өзі керемет мотивация берді❤

  • @aktilekkudaibergenova8804
    @aktilekkudaibergenova8804 Před 5 měsíci +3

    Өте керемет айтылған екен!Алла куш қуат берсін Эльмира ханымға❤😘!

  • @Aisha_cream
    @Aisha_cream Před 6 měsíci +5

    Керемет подкаст,на одном дыхании көріп шықтым! Психосоматика деген ұғымды интернеттен Л.Хейдің таблицасымен қарайтынмын,бірақ Эльмира ханымның методын қолданып көргім келеді🙏🏻

  • @saltanatabdikul7985
    @saltanatabdikul7985 Před 6 měsíci +7

    Тәубе - екі өмірдегі жетістікке жеткізетін Алланың нығметі екенін түсіндім 🥹🙌🏻 Өзіңнің ішкі жан дүниеңе келіп тұрған әрбір сезімдердің, сөздердің, эмоцияның барлығы маңызды екенін түсіндім🙌🏻.
    Ма шаа Алла, өте керемет подкаст болды 😍👍🏼 Эльмира ханым орысша әдемі жеткізеді деп ойлап жүрген едім, бірақ қазақша да тіл байлығы жетеді екен😍👍🏼 Тағы да күтеміз подкаст Эльмира ханыммен😍🙌🏻

  • @user-ef1du3go8m
    @user-ef1du3go8m Před 6 měsíci +4

    Өте керемет , Алла разы болсын🤲