Әкемнің ақылы жетпей жүр | Ақболат Өтебай | Talk Like

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 25. 06. 2024
  • Бүгінгі бағдарламада қонақта: Актер, сценарист Ақболат
    Утебай
    23 ақпаннан бастап "МАҒАН НАЗАР АУДАР" киносы, барлық кинотеатрларда!
    «TALKLIKE» - қоғамда айтар ойы бар әр салада жетістікке жеткен белгілі тұлғалармен жеке сұхбатқа арналған жоба. Ашық сұхбат алаңында ҚР Халық әртістері, ҚР мәдениет қайраткерлері және ҚР министрлері мен кәсіперлер,спортшылар қонақта болды.Сондай-ақ, лүпіл басып, төменде өз ойларыңызбен бөлісуді ұмытпағайсыздар. Сіздердің әр пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды!
    Сізге ыңғайлы болу үшін 👇
    00:00 Анонс
    00:52 Қонақта: актер, сценарист Ақболат Өтебай
    2:54 “Маған назар аудар” киносы жайлы
    6:16 Карантин, театрдың тағдырына қаншалықты әсер етті?
    9:31 “Назар аудар” театрының фишкасы неде?
    14:53 Жайдарман, Назар Аударға не берді?
    18:00 КТА не берді?
    24:30 Жайдармандағы үш буынның айырмашылығы неде?
    29:38 Жайдарманның әзілінде өсу бар ма?
    35:15 Мамандық таңдаудан неге қателестің?
    36:47 Әкемнің ақылы жетпей жүр…
    46:01 Сен қандай әкесің?
    48:18 Өзінің жары жайлы
    51:02 Кино жайлы
    56:16 БАЙҚАУ (киноға билет жеңіп ал)
    Жүргізуші: Аман Тасыған / aman.tasygan
    Тасыған өмірде аман жүріңіздер!
    #TalkLike #АқболатУтебай #AmanTasygan #АманТасыған #АманТасыган

Komentáře • 692

  • @AmanTasyganLIVE
    @AmanTasyganLIVE  Před rokem +91

    Сұхбат соңында БАЙҚАУға қатысыңыз 🙌🏻🙌🏻

    • @user-km5bq8nx3k
      @user-km5bq8nx3k Před rokem +6

      Әке үлкен ауқымды тақырып.Бір сағат емес өте ұзақ уақытта талқыланатын тамыры тереңде жатқан,дүние есігін ашқан әр бір жанда болу керек кажет жан.Әке тәрбиесі,махаббатты,қолдауы,қас қабағы,әрбір айтқан асыл сөздерін сезіне алмаған ,алдыңғы өмірде сезіне алмайтын жанның бірімін.Маған өте ауыр тақырып"Әке" деген.Жоқ ажырасу емес маңдайға жазған тағдыр деп көнем.Өмірдің қатаңдығы мен сынақтары сағыңызды сындырмасын.Еріксіз көз жасыңызды қатты түсінем.

    • @user-ux7np4op6x
      @user-ux7np4op6x Před rokem +1

      Ассалаумағалейкүм Қалайсыз Аман аға Раймнан сұхбат алыңызшы немесе Қаракесектен.

    • @user-xw7nn7gh5k
      @user-xw7nn7gh5k Před rokem

      Маганда назар аударындаршы

    • @dhxhdhdhhehdd1231
      @dhxhdhdhhehdd1231 Před rokem

      ​@@user-km5bq8nx3k ш⁷7⁷⁷⁷ өз тор да доооотбтъюютъ ....,.

    • @user-ce1sk1vb1r
      @user-ce1sk1vb1r Před rokem

      Неге айтыскерлерден сұхбат алмайсыз?!

  • @user-uh3oi2dg3u
    @user-uh3oi2dg3u Před rokem +235

    Ақболат, Ғазиз, жалпы Назар аудардың жігіттері өз еңбектерімен жеткен, Оралдың мақтаныштары. Ауылдан шықса да, бүкіл елді мойындатқан талантты өнерпаздар. Ақболат, әкеңнің жаны жәннатта болғай. Қайғырма, мойыма! Әкең сенің бүкіл жетістігіңді көріп тұр деп ойлаймын!

  • @user-hb4rz6vn6m
    @user-hb4rz6vn6m Před rokem +186

    Жүрегі бар адамдар жылайды. Керемет, шынайы сұқбат болды. Ақболатты жақын таныдым. Сөз саптауы, ойын жеткізуі, сыйластығы мен адамгершілігі, пайым-парасаты жоғары деңгейде екенін көрсетті. Ақболат сияқты ер азаматтар болса Қазақстанның болашағы жарқын деп ойлаймын. Шығармашылық жетістіктермен қатар отбасылық бақыт тілеймін! Ал киноға бұйырса, барамыз! Қазақ киносын қолдаймыз!

  • @user-br6st3bp8r
    @user-br6st3bp8r Před rokem +167

    Акболат жылаганда жылап жибердимгой ата анамыз аман болсын 🖤

    • @user-jt4cf8js1h
      @user-jt4cf8js1h Před rokem +1

      Жігіттер де жылайды,оларда адам ғой.

    • @user-cb4oo7yf6n
      @user-cb4oo7yf6n Před rokem

      Әмин

    • @user-fy6xh5mv4q
      @user-fy6xh5mv4q Před rokem +1

      😢😢😢 Ия, сол кезде әкеміздің көп сөйлемейтін қаталдығының да астарында тәрбие бар еді ғой. Өзім де Оралдан болғасын ба өмір туралы пайымдауы, әр сөзі ойымыздағыдай екен. Аман болсын🙏 Ең бастысы мамандық таңдау мен әйел алудан қателеспеген екен. Біздің Оралдың халқы мәрт, нар тұлғалар!🙌💪💪💪

    • @ferroni350
      @ferroni350 Před rokem

      Акем бар болсада козыме жас келд

  • @gulzhanmubarak4731
    @gulzhanmubarak4731 Před rokem +95

    Батыстың жігіттері барыстай!Алға басыңдар,уайымдама,Ақболат,жасыма,біз сенімен мақтанамыз!

  • @nazaraudar
    @nazaraudar Před rokem +424

    23 ақпаннан бастап, барлықтарыңызды "МАҒАН НАЗАР АУДАР" киносында күтеміз 😉

    • @user-yo1pl1mg9w
      @user-yo1pl1mg9w Před rokem +1

      Атырау да қашан көрсететсіңдер

    • @erdosutegenov5296
      @erdosutegenov5296 Před rokem +1

      Ой қойшы барғым келмейді😅

    • @atyrau006
      @atyrau006 Před rokem +1

      ок

    • @gulnoor-kz
      @gulnoor-kz Před rokem +2

      Барамыз бұйырса, мықты кино екеніне сенімдімін💕✨🌟🇰🇿♥

    • @user-fd5ij6rc2u
      @user-fd5ij6rc2u Před rokem

      ютубка кашан шыгат екен еее 2024 те кутемизба😂

  • @aneldossymzhan6122
    @aneldossymzhan6122 Před rokem +52

    Казирги блогерлердин сухбаттарына караганда, мән-мағынасы бар аңгіме болды👍 Жолдарыңыз болсын✨

  • @zhusupkaliev07
    @zhusupkaliev07 Před rokem +65

    Ақболат ағамыз мықтығо, алла абыройыңды арттыра берсін!

  • @user-kv9de8zp6d
    @user-kv9de8zp6d Před rokem +104

    Не деген сауатты сұхбат, 10 сағат болса жалықпай көретін едім👏🏻

  • @user-ll9te4lk8j
    @user-ll9te4lk8j Před rokem +7

    Молодец Оралдық
    Земляк баламыз
    Вперёд✊✊✊.Всё О Т Л И Ч Н О 👏👏👏👏👏👏👏БӘРЕКЕЛДІ👍👍👍👌🙌

  • @00.......
    @00....... Před rokem +44

    Осындай Азаматтарымыз аман есен журсин ұрпактарына, қоғамға үлгі болып .

  • @user-un7ey1cv7l
    @user-un7ey1cv7l Před rokem +62

    Осы жігітті көргім кеп жүрген. Тамаша сұқбат болады деп ойлаймын

  • @user-mz2uu1hn8h
    @user-mz2uu1hn8h Před rokem +17

    Ақболат жасым он сегізде,біз сенен үлгі аламыз. Алға баса беріңіз❤❤❤

  • @user-bj3ik2yr8v
    @user-bj3ik2yr8v Před rokem +23

    Әкеге деген махаббатты жеткізу мүмкін емес Алла ақыретке деген ата-анамыз жанымызда болсын деп тілеймін Ақболат сендей ұлы бар әкен бақытты деп ойлаймын Жаны жәннәттің төрінде болсын🤲

  • @user-zz6zx8ih4r
    @user-zz6zx8ih4r Před rokem +11

    Әке туралы айтқан сөздері ойы жүрекке жетті ,Әкенің де әкесі болады менің әкем өмірден ерте кетседе Ақболаттың әкесі айтқан өсиеттері ұқсас ешкімнің ала жібін аттама өтірік айтпа деген сол өміріме азық болып келеді тектіден текті туар Алла ұзақ ғұмыр беріп елге қызмет қылар ұрпақтарыңыз болсын ,әдемі әрлі сұқбат 😘💜

  • @user-kk5nj2yo6n
    @user-kk5nj2yo6n Před rokem +9

    Ай жарайсың,батыстың жігіттері,жалпы батыстың қыздарыда ержүректі,тік мінезді,Ақболаттан туған інімді көріп отырмын,әңгімесі нақты ,мағыналы ай маладес маладес🎉 58:39

  • @user-fb5vn3mk7v
    @user-fb5vn3mk7v Před rokem +13

    Аман! еш аңғал-сангал әңгіме болмады...Акболатпен шынайы сухбат болды деп есептеймін! Жүрегінин ак екенін, жанашыр екенин көрсетті!!! Нағыз Азамат!!! Назар аудардын жанкүйеримин! Концертин жибермей коремин! Театр болғанына куанамын!!! Колдаймын!!! Жасай бериндер!!!💐💐💐💐💐👍😘😘🙌

  • @user-mk9po3mc1y
    @user-mk9po3mc1y Před rokem +27

    Бір бірін мақтайтын,жақтайтын,ақтайтын сендей жігіттер көп болсын! Керемет сұқбат👏👏👏 сөзі мен ісі қатар жүретін азамат!

  • @user-sm9ww8nl8i
    @user-sm9ww8nl8i Před rokem +26

    Ақболат жарайсың! Тек алға! Әкең сен үшін қуанып жатқан шығар осындай жетістіктерің үшін, жаны жәннәттә болсын🤲🏻 бұйырса өз балаларыңа үлгілі, өзіңнің әкең сияқты бол💪🏻💪🏻 өнерің өрге жүзе берсін👏🏻👏🏻👏🏻

  • @user-nf5uq7td2m
    @user-nf5uq7td2m Před rokem +13

    Ақболатжан өнерің өрге жүзсін.
    Түрлі түрлі өзгерісте болып жүрдің.
    Нағыз ер азамат карапайым.
    Өнеріңе тәнтімін мен әр дайым.
    Сані көрсек күлеміз рахат тауып.
    Әр бір сәтті көреміз ауык ауық.
    Түртіп алар жері бар, шындықпеннен.
    Нағыз сенен көремін өнерді мен.
    Төрт баланың әкесі Адал жарың.
    Еш уакытта күңіреп камыкпадың.
    Көрерменге күлкі мен нұр сыйлаған.
    Мамандығың ең биік ғажап адам.

  • @user-so4je3ic8w
    @user-so4je3ic8w Před rokem +4

    Өте сауатты жауап берді сұрақтарға! Кейбір қыршу мен жұлдызбен деп жүргендер бұлай таза сөйлей алмады!

  • @aidanasagitova6876
    @aidanasagitova6876 Před rokem +82

    Акболат всегда нравился! Всегда его выделяла среди других! Говорила что он далеко пойдёт, была в этом уверена! Смотря это интервью, понимаю что я не ошибалась! Желаю высочайших высот своему земляку🙏🏻👍🏻🤘🏻

  • @ayaulimdzhanibekova9011
    @ayaulimdzhanibekova9011 Před rokem +27

    Еркек жыламайды деп өскен поколение. Көңілді адамды, көңілсіз көрген, шынайы көрген қызық екен. Аңғал-саңғал әңгімеденде есті, еске түртіп алар әңгімелер көп болды! Ержігіттің басына не келіп, не кетпейді дейтін даналық бар, мықты болыңыз! Немереңізді, шөбереңізді көретін жасқа жетіңіз! Біздің буын немерелеріне көп даналық бере алатын болады деген сенімдемін! Үйткені қазіргі үлкен буын көп даналық бере алмай отыр!

    • @user-lc7sb3uy9n
      @user-lc7sb3uy9n Před rokem +3

      конилди журнтин адамнын ишинде улкен мұң жатады

  • @succes_sful
    @succes_sful Před rokem +13

    Шіркін Ақболат жігіт ағып тұрғой, сөздері де түзу барлығы орынды өзім ұнатататын өнер адамдардың бірі жарайсың інім

  • @user-wj7mo4ho8i
    @user-wj7mo4ho8i Před rokem +5

    Өте керемет сұхбат болды!👍👍👍 Бұйыртса Киноға барамыз!👏👏👏

  • @olzhekenolzheken5232
    @olzhekenolzheken5232 Před rokem +28

    Кезінде ойланатын едім, "Әке деген- асқар тау" қалай түснуге болатын, әке бақилық кеткенде күн сайын түсінудемін, әсіресе үйге туыстарынды қонаққа шақырғанда. Әкеме Аллах өзі жар болсын, кемшәліктерін кешірсін. Алладан тілейтінімін отбасымыз бәріміз жаннатқа кездессек екен деп. Амин

  • @diiiquandykova8038
    @diiiquandykova8038 Před rokem +19

    Өте тамаша сұхбат.Ақболат ағамыздай ер азаматтар көп болсын!Бар болыңыз,бай болыңыз!Қазақ сіздей азаматтармен мақтансын!Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!!!

  • @user-jv4qg5ni9c
    @user-jv4qg5ni9c Před rokem +15

    Ақболат өте керемет талант жігіт.Назар аудардың жігіттері өте талантты жігіттер,өз еңбектерімен халықтың назарына түскен команда.Болашақтарың жарқын болсын,Дами беріңіздер👍Міндетті түрде киноңызға барамыз👌Қазағымыздың кино саласындағы еңбектерін бағалайық, қолдайық🥰

  • @Nurlan_Nestay
    @Nurlan_Nestay Před rokem +14

    Жайдармен кезінен көріп біліп келемін! Осындай дәрежеге жетіп керемет сөз саптап отырғанына ризамын! Аман аға Алла разы болсын осындай жастарды қолдап жүргеніңізге

  • @az4t1k22
    @az4t1k22 Před rokem +8

    Күшті сұхбат болды ,назар аудар биіктен көрініңіздер

  • @user-ze1gi7de7y
    @user-ze1gi7de7y Před rokem +9

    Кеш жарық ҚАЗАҒЫМ. Алла тағала жар болсын Аманға,Ақболатқа. ҚАЗАҚТЫҢ АЗАМАТТАРЫ АМАН БОЛСЫН.

  • @meirambekmeirambek5923
    @meirambekmeirambek5923 Před rokem +45

    Жаным Ақболат өзіңмен бірге жылап алдым. Алла тек жолыңды ақ етсін! Абыройыңнан айырмасын! Отбасың үшін аман жүр!

  • @user-ml9lp4tj4j
    @user-ml9lp4tj4j Před rokem +3

    Жүргізушінің соңында шашырап жүрген жанның аңғал-саңғал сұхбатын қабыл алыңыздар дегені тіптен жөнсіз!Өте керемет сұхбат берді. Ойы жүйелі, бояуы қанық.Мәнді өте мағыналы сұхбат болды!

  • @begzatadamkozhina2456
    @begzatadamkozhina2456 Před rokem +9

    Өте сауатты әдемі сөйлейді екенсіз Акболат. Тамаша👍👍

  • @user-zx1or7eo1q
    @user-zx1or7eo1q Před rokem +10

    Кеше барып көрдік киноны. Алған эмоциямыз айтарға сөз жоқ. Баруларыңызға кеңес беремін. Мадинаның ащы шындығы журекке жетті,көзден жас кетті. Бір жерімді ұр дегені өтті. Күлдіріп турып жылататын кино. Таңдалған актерлары да тамаша. Назар аудар назардан тыс қалмаңыздар. Алға. Квн дерінде жібермей карайтын фанатпын. 10наурыз Ақтауда театрда кездескенше👏👏👏👏👏

  • @assemoraz1546
    @assemoraz1546 Před rokem +2

    Өте ұнады сұхбат! Ха-ха, хи-хи ғана емес, өте тың әңгімелерді айта алатын, дипломатичный ер азамат екен. Сөз саптауы, түйсігі дұрыс екен. Ұнады

  • @zhusupkaliev07
    @zhusupkaliev07 Před rokem +13

    Керемет сұқбат! Оралдық көңіл күй!

  • @beimbetzhanabaev9370
    @beimbetzhanabaev9370 Před rokem +7

    Ақболат братан малодец мықты бол тек алға.Әр адам сырттай көңілді жүрседе іштей қайғысы өкініші болады.Қарапайымдылығыңнан айырмасын тек

  • @user-fb5vn3mk7v
    @user-fb5vn3mk7v Před rokem +8

    Кандай акылдысын , Акболат !! Ой-пикирлеринмен косыламын!🙏👍🙌

  • @aydanaumbetyarova939
    @aydanaumbetyarova939 Před rokem +8

    Ақболат, шәкірттерің көп болсын!!!! Өзіңдей саналы, нағыз өнер иелерін шығаратын үлкен мектебің болсын деп тілеймін!!!!

  • @bibigultolegenova3404
    @bibigultolegenova3404 Před rokem +18

    Аман Тасыған талантты,бірегей жүргізуші! Әрбір шығарылымын ерекше толқыныспен, қызығушылықпен көремін. Әрбір келген қонағының бойынан сәл де болсын даналық пен ойының саралығын байқаймын. Жалпы әрбір өткізген сұхбатынан санамызға сапалы, салмақты, бағалы мәлімет пен ақыл - ой ала алатынымызға қуаныштымын.
    Ал дәл бүгінгі қонақ ретінде бой көрсеткен Ақболат Өтебай өз жеке басыма өнері қатты ұнайтын үздік актёр, болмысы шынайы, жан - дүниесі қарапайым ерек тұлға.
    "Назар аудар" театрының жалпы барлық актёрларының өнерлері ерекше, бірақ мен үшін ішіндегі ең үздігі Ақболат Өтебай мен Ғазиз Ерболат!!!
    Ақболат Өтебай мен Ғазиз Ерболат ағаларымыздың әрбір қойған қойылымын (әзілдерін) қайталап күн сайын көруден де жалықпаймын, тіпті жаттап алатындай да дәрежеге жеттім десем болады. Әр әзілдерінің астарында күлкілі тұстарымен қатар, терең мағыналары да бар.
    Ал алдағы уақытта, бұйыртса 23 ақпаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында жарық көретін "Маған назар аудар" драмасы (киносы) барлық жұртшылықты жалықтырмайтын, асыға, сүйсіне, тамсана тамашалайтындай үздік туынды боларына сенімдімін!!!
    Құрметті "Назар аудар" театры (актёрлері) сіздерге алдағы уақытта тек қана сәттілік пен әлі де үлкен белестерді бағындырар мол ерік - жігер мен күш - қуат тілеймін!!!
    Барлық жұртшылыққа қызықты әзілдеріңіз бен кино - туындыларыңызды ұсынып,жарыққа шығарып, қуантып, халықтың ризашылығын алып, осы қарқыннан таймай жүре беріңіздер!!!
    Көп рахмет!!!

  • @user-yi7xj7eh7t
    @user-yi7xj7eh7t Před rokem +9

    Керемет сауатты сұхбат болды. Еңбектерің жемісті болсын, шығармашылық табыс тілеймін!

  • @gulimkozykhan
    @gulimkozykhan Před rokem +5

    Назар Аудар сүйікті командаларымның бірі. Таза еңбекпен жеткен. Жаман жаққа бет бұрмай, еліміздің дамуына, жастарға үлгі болып жатқандарына Аллага шүкір. Жұмыстарына, отбасыларына табыс тілеймін ❤

  • @Altynbek.Ermurat
    @Altynbek.Ermurat Před rokem +8

    Ақболаттың осы жолғы сұхбатына ырза болдым,Аман Тасығанның тосыннан тіке қойылатын сұрақтарына тура әрі дөп жауап берді,сұрақты созып бұрмалатқызбайтындай қылып жауап беріп отырды,ойы жинақы,сөздері де нысанаға дөп тиіп отырды,былайша айтқанда фальш көрмедім деуге болады,шынайы,әдемі,жинақы сұқбат болды,ырзамын ✊🔥

  • @OZGEREMYN
    @OZGEREMYN Před rokem +11

    Ақболат алға мұңайма , өмір ғо

  • @user-wn7pd6ho6o
    @user-wn7pd6ho6o Před rokem +1

    Керемет сұхбат болды. Әкеңіздің көрмеген қызығын, қуанышын анаңыз көрсін, анаңызға мықты денсаулық тілеймін! Өнердегі еңбегіңіз шыңдала берсін!

  • @zoyabalken1526
    @zoyabalken1526 Před rokem +39

    Мен жылап қалдым, шынымен әкенің орңы ерекше ғой😢журегі бар адам көзғе жыйы жыйы жас алып турады! Тамаша сухбат болды😩🫰🏻🫰🏻

  • @sakosako5515
    @sakosako5515 Před rokem +5

    Красавчик баурым Аллах жар болсын!!!😢😅 молодец аке деген Аскар Тау!!!

  • @user-qg5nk8lt8z
    @user-qg5nk8lt8z Před rokem +13

    Көзден аққан жасымды,машина терезесінен аққан жауын бөгде адамдардан жасырып әлек.Достарымның әкелері бақилық болған.Мен қаншалықты әкемнің қадіріне жетіп жүрмін?Қаталдығын дұрыс түсінбей,ержеткенде еркектер кішкене есіретініміз барғой, аздап.Ертең кетіп қалмасына кім кепіл деп,"көзімнен біраз су шығардым)".Алла істеріңізге береке берсін!Тасыған өмірде, аман жүрейік!

  • @user-yq1ke6jr3c
    @user-yq1ke6jr3c Před rokem +6

    Ақболат өнеріне ризамын ❤❤мықты актёр табысты болсын Аман Тасыған бәрін жылатады👍

  • @user-ks3dj7xx4p
    @user-ks3dj7xx4p Před rokem +5

    Керемет жігітпен керемет сұхбат!👍🏻 Ақболатқа, жалпы театрға толағай жетістіктер тілеймін! Өнерлерің өрге жүзсін!👏🏻👏🏻👏🏻

  • @user-hz7us1tu5n
    @user-hz7us1tu5n Před rokem +8

    Ақболатты қанша жылдан бері ютуб, теледидардан көріпжүрмін,инстаграм мына жазылғам деп айта алмаймын 😊бірақ дәл мынадай қырынан, салмақты, салиқалы өз Мені қалыптасқан екендігі қуантады, бастамаларыңның берекесін берсін!

  • @user-lj2vw1io6d
    @user-lj2vw1io6d Před rokem +3

    Тамаша сұқбат.Ақболат не деген ашық жан.Сөйлеу мәдениеті өте жоғары.Еш сұраққа мүдірген жоқ,бәріне нақты жауап бере алды.Отбасын қадірлейтіні көрініп тұр."Назар аудар""театры болып қалыптасуына себепкер болған ағалары туралы қандай тамаша ойларын айтты
    Батыстың жігіттері осындай батыл болады.
    Балам өнерің өрге жүзсін.Өнер деген үлкен айдынында ескегің талмасын.Халықыңа берерің мол болсын.
    Әрқашан сәттілік жолдастарың болсын.Ұжымға шығармашылық өрлеу,толағай табыстар тілеймін

    • @user-mm2oj5mx4f
      @user-mm2oj5mx4f Před rokem

      Ақболат, тамаша жауап берді бәр сұраққа, керемет ашық жарқын азамат екенін көрсетті.Енбегі жана берсін, биіктерден көріне бер шырағым.

  • @user-dy2nc1qn2s
    @user-dy2nc1qn2s Před rokem +22

    Әкесіне келгенде қосыла жылап қалдым. Жақсы сұқбат болды, Ақболат өте дипломат жігіт екен, өнері өрлей берсін!

    • @tim1t112
      @tim1t112 Před rokem

      Өркенің өссін, болашағың жарқын болсын!

  • @user-gs8kj8sf6w
    @user-gs8kj8sf6w Před rokem +1

    Тіл байлығы мықты.. Жүргізушінің сұрақтарына керемет жауап беріп жатыр. Өсу деңгейі керемет

  • @user-tx7em2eg4q
    @user-tx7em2eg4q Před 4 měsíci +2

    Өмірде комментария жазбайтын адам едім. Осы жолы жазбасам болмай тұр. Жүрекке жеткен әңгіме болды. Көп рахмет! Ақболатты басқа қырынан таңыдым десем қателеспеймін. Сөз саптауынан ақ, ойы, ақылы қандай деңгейде екені көрініп тұр. Бірге жылап, бірге ойландырған сұхбат болды. Көп алғыс!😊😊😊

  • @rdos5550
    @rdos5550 Před rokem +4

    Жүректен шыққан жүйелі әңіме болды

  • @user-bh5jt1fr9i
    @user-bh5jt1fr9i Před rokem +1

    Ішкі мәдениеті бар екенін бұрыннан сезетінмін😢 керемет молодец

  • @user-fy5jd5dk9i
    @user-fy5jd5dk9i Před rokem +11

    Назар аудар жарайсындар. Тарихта калатын команда болындар. Алла разы болсын.

  • @MoldirTurakbayeva-mf3dn
    @MoldirTurakbayeva-mf3dn Před rokem +1

    Ақболат ағам өте сауатты, өрісі дамыған өттте заманауи адам екен. Көп нәрсені жақсы жеткізді. Неужели жайдарманшылардың бәрі осындай.

  • @banutv2022
    @banutv2022 Před rokem +7

    Киноға бардық ‘Маған Назар Аудар’ өте керемет🎉🙏

  • @SamsungGalaxy-nf3fp
    @SamsungGalaxy-nf3fp Před rokem +3

    Сұраққа сауатты жауап беріп откан Ақболат 👍сауатты урпагымыз көп болсын

  • @user-pf7hf4sf1d
    @user-pf7hf4sf1d Před rokem +5

    Назар аудар театры Керемет 👍👍
    Биік шыңнан көріне беріңдер.
    Өз орны бар театр.👍👍👍

  • @user-vm7me4ib3i
    @user-vm7me4ib3i Před rokem +8

    Акболат молодец ,ар дайым жолыңыз ашык болсын! Шығармашылық табыс тилеймин онеринизге!

  • @user-zt3yq4iv1b
    @user-zt3yq4iv1b Před rokem +1

    Ақболат керемет жауап бердің, өте тәрбиелі бала екенсің, аман бол

  • @user-of2td2ug9h
    @user-of2td2ug9h Před rokem +12

    Аман аға сұхбатты өлтірдіңіз
    Комиктің көзіне жас келтірдіңіз
    Осылай жалғасын таба берсін
    Talk Like атты жобаңыз,ютубыңыз

  • @user-cx2tk6qe2p
    @user-cx2tk6qe2p Před rokem +24

    Жалпы Назар аудар командасын КВН кезінен бері қараймын,өнерлеріне тәнтімін, ерекше көрермендердің көзайымына айналған жігіттер. Ой-өрісі дамып, ақыл тоқтатып, қайтсем елге пайдамды тигізем деп, тырысып жүрген жігіттерге тек сәттілік тілеймін. Киноға бұйыртса барамыз

  • @asselrakhmetolla
    @asselrakhmetolla Před rokem +4

    Тамаша, әке-шешеден алған тәрбиеден бөлек, өмір жақсы тәрбиелеген салмақты, тамаша сұхбат болды, ғұмыры ұзақ болып, жұбайы екеуі артынан ерген ұрпағын салиқалы етіп тәрбиелеуін Алла нәсіп етсін

  • @Dumvn4ik
    @Dumvn4ik Před rokem +3

    Болар елдің жігіттері бірін-бірі БАТЫР дейді, керемет сұхбат, өркендерін өсе берсін👍🏻

  • @user-wy2jp7en5x
    @user-wy2jp7en5x Před rokem +6

    Мынау Аман Тасыған жанды жеріне тиеді. Ақболаттың көңілді жүргенін көріп үйреніп қалыппыз

  • @aydanaumbetyarova939
    @aydanaumbetyarova939 Před rokem +12

    Міндетті түрде Жолдасым екеуміз фильмге барамыз.
    Ақболат жарайсың! Сөз саптауың, ой-өрісің өте жақсы!!! Өзіңдей білімді, саналы, қайсарлы қазақ жігіттері көбейе берсін!!!

  • @user-eb9ul4uv4c
    @user-eb9ul4uv4c Před rokem +1

    Ақболатты бұрын жай білуші едім, осы сұхбаттан кейін менің көзқарасым керемет болары сөзсіз, молодец күшті,мықты ,ойын керемет жеткізді,тыңдай бергің келеді,
    тіл байлығы керемет маған осы бала ұнады

  • @mugalimderge
    @mugalimderge Před rokem +11

    МаШаАллаһ👍🏻 Аман жүріңіз! Арқалағаныңыз алғыс болсын! Команда алға!
    Сіздер мықтысыздар!
    Алла қолдасын! Алла қорғасын!
    Әкеңізді Алла панасына алсын!

  • @user-eq9es7kj3n
    @user-eq9es7kj3n Před 11 měsíci +1

    Нагыз жаксы адам. Окыган токыган соз саптауы акылды жауаптар акылды керемет. Коз тийместин бийиктерден коринебер🤩🤩

  • @user-bg9iy9yq8h
    @user-bg9iy9yq8h Před rokem +4

    Керемет сөзін жеткізуі, сыйластығы жақсы жігіт. Осындай ер азаматтарымыз көп болғай

  • @user-bq3ho5qq8l
    @user-bq3ho5qq8l Před rokem +4

    Керемет сұхбат👏👏👏

  • @user-vh1gh5vm6g
    @user-vh1gh5vm6g Před rokem +2

    Акболат мыкты омир сур жылама бауырмал бол Ол дурыс👍👍👍👍👍👍🤲🤲🤲🤲🤲бастысы ауызбиршиликти бол👍

  • @sofiaalmazovna7008
    @sofiaalmazovna7008 Před rokem +5

    Ассалямуалейкум! Аллахым нәсіп еткен, сыншыл емес, міншіл емес, шыншыл көрермендер жиналсын!

  • @user-hq6zh5bh2g
    @user-hq6zh5bh2g Před rokem +2

    Менің немерем Кәусар түсті осы киноға,бізге өте ұнадыі ,күтіп журміз ,23 і бұйыртса барамыз ,Акболат сізге сәттілік

  • @user-yk9zp4jx3s
    @user-yk9zp4jx3s Před rokem +1

    Кайда барба,кыйынчылык коруп чонойгон адам,адамкерчиликтуу,боорукер,жонокой.тушунуктуу кыйын адам болуп чыгат.Кыйынчылыктын артында,чоон бир жакшылык бар.Ар дайым чыдамдуу бололу.❤❤❤

  • @dinarzhuasbek6781
    @dinarzhuasbek6781 Před rokem +16

    Аман Тасығанның қай сұқбаты болса да өте қызықты, тұшымды.
    Назар аудардың жігіттерінің барлығының өнерлері қатты ұнайды, ең сүйіп көретін театрларымның бірі. Жігіттердің қатысуымен фильмдері де өте ұнайды.
    Әрқайсысының орны бөлек, бір бірін толықтырып тұрады.
    Ақболатпен бүгінгі сұқбат өте мағыналы өтті, әкесіне деген сағынышы ерекше
    Өнерің алға жүзсін! Мақсатыңның орындалуын тілеймін!

  • @esepter.shygaripuiren9071

    Осндай сұхбаттар адамға жыгер береды! Керемет сұрақ, нақты жауап, осндай жыгттерды көргенде қазақстаннын болашағынан үміт кутесын! Аман тасған! Ақ болат! Назар аудар!

  • @user-ow7rv4xf9w
    @user-ow7rv4xf9w Před rokem +1

    соз байлыгы мол, тусиниги кен, омирге деген коз карасы тузу, отбасын айелин достарын бирдей сыйлай алатын, жогарыдагыдарга калай болса солай тил тигизбей барин саналы турде сараптай алатын тулга екенсиз Акболат. бунын бари тарбие, ана ананын ортанын тарбиеси. мыктысыз. колдаймыз, миндетти турде коремиз барып.

  • @user-lg5fy7mt1e
    @user-lg5fy7mt1e Před rokem +1

    Қыр баласы тауға қарап өспейді,қыр баласы қол созады аспанға деп қайын атаңыз айтпақшы,алға баса беріңіз Ақболат аға,керемет сұхбат болды бұл мән мағынасы бар✊️✊️✊️

  • @Abuibrakhim
    @Abuibrakhim Před rokem +5

    Өте қарапайым Аллаһ берекесін берсін!

  • @user-sd7oi6xn8u
    @user-sd7oi6xn8u Před rokem +2

    Тасыған өмірде Аман жүріңіз Ақболат сұхбат керемет 👍 сіздей баласы бар ата ана неткен бақытты

  • @user-up5um2gh4h
    @user-up5um2gh4h Před rokem +6

    Ақболат Красавчик брат!!! Алла жеңілдігін берсін!!!

  • @user-ts9ux8of4k
    @user-ts9ux8of4k Před rokem +2

    Ақболат жігітсің жарайсың осындай қазақтың балалары көп болсын! ❤❤❤

  • @user-uq7lo2iq2w
    @user-uq7lo2iq2w Před rokem +64

    Шынайық, не десеңіз жүрегінен шыққан сөзді еш сүзгіге салмастан тез жеткізеді! Қазақи, өрісі кең, ата-анаға құрметі, бауырға деген сезімі, жарына деген сыйластығы бәрі-бәрі әдемі көрініп тұр! Осында Ер Тұлғалар көп болсын! Көштің басында жүрсін лайым және тіл-көзден аман болсын! Елге берері мол азамат

    • @youtubestan3237
      @youtubestan3237 Před rokem

      Киноның рекламасы ушіңго бәрі кайдан жылад дисн

  • @user-du5yw9nz7x
    @user-du5yw9nz7x Před rokem +6

    Бир Жигит бар алпысында жаспындер,бир жигит бар отызында баспын дер деген,Акболат нагыз казактын ер минезди,салмакты,сабырлы,онерли жигити.Кейбир агаларымыз сиякты еки создин басын курай алмай отыратындарга,онеге болар азамат.Алла жасап жаткан дуниелерине береке берсин.

  • @user-lh8jg5qi9c
    @user-lh8jg5qi9c Před rokem +6

    Барамыз буйыртса кинога👍

  • @ayakambarova4318
    @ayakambarova4318 Před rokem +6

    Жарайсыз Ақболат тек алға Бақытты болыңыздар))

  • @atyrau006
    @atyrau006 Před rokem +13

    Ақболаттың өмірі де киносы да жақын өзіме шынымен. 2011 жылы әкем дүниеден өтті мен 18ге толдым 1 аптадан кейін. 2015 те уйлендим. Казир сол Маган Назар Аудардын басты кейпкеринин омирин сурип жатырмын. 22 акпан жумыска кетем 23 акпан кино шыгады ен биринши корермендеринин бири болып бара алмайтыным болмаса но кейн бара жатармын мумкун Аллах каласа

  • @user-kc8po5xy3s
    @user-kc8po5xy3s Před rokem +4

    Рақмет!
    Жалықпайтын сұхбат...

  • @user-ql8dk8gs8o
    @user-ql8dk8gs8o Před rokem +1

    Өте әсерлі сұхбат болды. Тек алға. Өнеріңіз өрге жүре берсін. Біз қолдаймыз. Жалпы Назар аудар мықты команда!

  • @user-yr7bv2mu9w
    @user-yr7bv2mu9w Před rokem +2

    Өте керемет сұхбат! Өте әсерлі эмоция, шынайы әрі шыншыл жауап берген ең әдемі сұхбат! Келіншегіне респект! Аузынан келіншегін тастамайды қатты жаксы көретіні көрініп ақ тұр! Бақытты берекелі некеде ғұмырлы болыңыздар! Әкені өте қатты сыйлайтынын журегімен жеткізіп берді молодец! Осындай тұлғалы азаматтар өнердегі көп болсын! Өмірде де өнерде де қарапайым 👍

  • @user-cf7ef1bt2x
    @user-cf7ef1bt2x Před rokem +11

    Ақболат, өнерің ұштала берсін! Жап жас болып қаншама асуларды асып жатырсың. Сөзіңнің өткірлігі, қиындықтан тайсалмайтын жігерлілігің әлі де талай биіктерге жеткізетініне сенемін. Фильмің үлкен кассалы қаралым жинасын!

  • @user-lj8tx6hg3q
    @user-lj8tx6hg3q Před rokem +4

    Өте әдемі сұхбат болды
    Ақболаттың әкеге деген сағынышын көргенде жүрегім ауырдығой Осы бағдарламаны көріп кейбір әкесін сыйламай жүрген жастар ойланса екен деймін

  • @user-hz7ku1cc4b
    @user-hz7ku1cc4b Před rokem +1

    Нағыз азамат жігіт . Сөзіне берік. Өз ойын айқын жеткізіп отырғанына кәдімгі ішім толып отыр. Орал жігіттері алға🎉

  • @user-of2td2ug9h
    @user-of2td2ug9h Před rokem +4

    Ақболат баса берсін алға дәйім
    Өнеріңнен өрелі айналайын
    Өзіңмен дидарласу сәті келсе
    Фанатыңнан ініңе айналайын