Қарақат Әбілдина - Ойламаңдар жігіттер /Толғау, терме/

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 4. 05. 2016
  • Қарақат Әбілдина - Ойламаңдар жігіттер /Толғау, терме/
  • Hudba

Komentáře • 713

  • @manz_bs753
    @manz_bs753 Před 2 lety +40

    Терме де, Қарақаттың дауысы да керемет! Қайран қазақтың қара домбырасы

  • @user-fm7vg5nk8m
    @user-fm7vg5nk8m Před 6 lety +251

    Қарақаттың даусы жоқ деп жүрген ішітарлар осы термені неге тыңдамайды. Керемет! Домбырамен көбірек айтсаң жақсы болар еді. Елің сендей қыздарымен мақтанады. Əрі сұлу, əрі ақылды, əрі отбасы тірегі, əрі əнші. Өнерің өрлей берсін!

  • @kulzhekhanbekenova3556
    @kulzhekhanbekenova3556 Před 2 měsíci +8

    Таңдайы такылдап, домбырамен айтқанда Қарақаттың дауысы ерекше ғой шіркін. АЛЛА тіл - көзден сақтасын.

  • @Amina-zx7gi
    @Amina-zx7gi Před 3 lety +34

    Алты баланың анасы Қарақатымыздың өмір жасы ұзақ боп қосағымен бақытты өмір сүрсін. Алла разы болсын дауысы керемет 🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷🌷❤❤❤❤❤❤

  • @aiansamsung2620
    @aiansamsung2620 Před 5 lety +156

    Туууу шіркінаааай недеген сөздер,недеген орындау. Алла разы болсын Қарақат🙏. Осындай әншілер молынан болсын Қазақ елінде

  • @user-ng7rf1fs6t
    @user-ng7rf1fs6t Před 5 lety +85

    👍Нағыз Қазақ Домбыра , Нағыз Қазақ Қ а р а қ а т!!! Осындай Қарақаттар көп болсын !!! 🙇🙇🙇

    • @user-sx9ez8hs6j
      @user-sx9ez8hs6j Před 4 lety +1

      Маканунайдыкаракат

    • @Amina-zx7gi
      @Amina-zx7gi Před 3 lety +1

      Керемет. Толықтай қосыламын

    • @user-qz4kz9nd4l
      @user-qz4kz9nd4l Před 3 lety +1

      Жазира рахмет жаным бірақ қалай өзімізге көшіреміз

  • @user-ui3fd1vu9z
    @user-ui3fd1vu9z Před 6 lety +419

    «Ойламаңдар, жігіттер, Баста дәурен тұрмайды. Өтіп кеткен сұм жалған Қайтып бір мойын бұрмайды. Адам қонақ өмірге, Бір күні қолын бұлғайды. Тірліктің түбі белгісіз, Ағын бір судай зырлайды. Опасыз мына дүние Тұтқа болған кімдерге?.. Өмірдің соңы өкініш Санамен ойлап білгенге, Қадірі болмас адамның Ортаңда тірі жүргенде. Орны қалар ойсырап, Бір күні көрге кіргенде. Қызыл түлкі секілді, Уақыт сайқал алдайды. Байлықты қусаң базарлап, Түбінде саған сол қайғы. Еңбекпен еккен бәйтерек Күтімін тапсаң солмайды. Қулықпен тапқан мал - арам, Өзіңе қайыр болмайды. Мансапқа жетсең, адал бол, Қызмет ет халқыңа, Әнін тыңда, күйін ұқ, Басыңды и салтына. Қарашада қара үй тұр, Қарайлай жүр артыңа. Жолдас болма жаманмен, Көзің жетпей парқына. Өзіңді біреу мақтаса, Желігіп, оған тасыма. Бетіңе айтар адал дос, Жау деп одан жасыма. Бәрін де кейін көрерсің, Іс түскенде басыңа. Күн үшін жүрген қулардың Бірі де қалмас қасыңда. Өмір - базар қайнаған, Өмірдің тосқан таласын. Атыңды сайлап бір күні, Додаға сен де барасың. Жеңілсең де, жеңсең де, Көппенен бірге боларсың, Жалғыз шықпа сапарға, Өкініште-ау қаларсың. Қайырым түбі - даналық, Жақсылық етпе есеппен. Аулақ ұста бойыңды Әзәзіл жалған өсектен. Қара жер жұмсақ жамбасқа, Махаббат жоқ төсектен. Қорлықта өтер өмірің Қосақталып, есеппен. Пенденің көзі жалғанда Дүниеге тоймайды. Моласына бірақ та Алтыннан белгі қоймайды. Бағыңда өскен бәйтерек Күтімін тапсаң, солмайды. Арманы биік асыл ер Ұрпақтың қамын ойлайды. Мұңайма, көңілім, мұңайма, Тыныштал енді, жүрегім, Бір күні сен де тоқтарсың, Оны да жақсы білемін. Бас имей жүрген тағдырға Текті бір жанның бірі едім. Адам боп келдім өмірге, Адам боп өту - тілегім, Бәріңе соны тіледім!»

  • @user-si9ok9gl5v
    @user-si9ok9gl5v Před 3 lety +26

    Ойй жарайсыз, Қарақат! Керемет орындау. Шыңына жеткізіпсіз, әншінің міндеті жетекзу, ал сіз, асырып орындапсыз... жарайсыз. Мен риза, Елің ырза деп ойлаймын...🇰🇿👍

  • @user-lk1os5vy1q
    @user-lk1os5vy1q Před 6 lety +95

    Осылай домбырамен бір концерт берсейші құлақ құрышымыз қанып бір жасап қалар едік.

  • @user-rf6cp3uy9q
    @user-rf6cp3uy9q Před 2 lety +30

    Мың жаса айналайын,Не деген сүйектен өтетін ұлағатты сөздер,Халықтың жүрегіне жетті

  • @user-rs6iu8bh7y
    @user-rs6iu8bh7y Před 4 lety +63

    Нағыз әнші деп білемін, Домбыра, жетігенде тірі дауыста шегіне жеткізе айтып, жүрекке тигізеді... сол үшін құрметтеймін дәстүрлі әншілердің барлығын

  • @user-fy9iq1df8g
    @user-fy9iq1df8g Před 2 lety +15

    Әб бәрекелді...Керемет. ' Қарақат нағыз Қазақтың Керемет Қыздарымыздың бірі...не деген Дауыс не деген терменің тереңмен түсініп барынша сүйектен өткізі.деп білем....иншАЛЛА Жасың ұзақ болсың ..балапандарыңның қызығын Жұбйың екуіңіз көруіңізді нәсіп етсін.. Аумин...🙌🤲

  • @zeynepyesilyurt1199
    @zeynepyesilyurt1199 Před 5 lety +90

    Türkiye den selam kardeşlerim 🧡🧡

  • @supergold9964
    @supergold9964 Před 4 lety +14

    Күллі қазақтың тәрбиелік филасофиясы мәні осы өлеңнің ішіне кіреді. 100-жыл жасасаңда тоқсан сөздің ішінде тоқсан жылдық ғұмырды
    сыйдырған текті қазағым ай ....
    Айналайын жігіттер
    Еңбек етсең халқыңа
    Әнін тында күйін ұқ
    Басыңды и салтына.
    Қарашада қара шаңырақ тұр
    Қарайлай жүр артыңа

  • @azirkros968
    @azirkros968 Před 3 lety +29

    Ең жақсы көретін әншім . Эстрада да, домбрымен де халық әндерін, термелерді шырқайды. Жан-жақты. Нағыз өнер иесі. Өнеріңіз өрлесін. Қарақаттай мәдениетімізді көтеретін өнерпаздарымыз көбейссін.

  • @user-xy6yl1yc7v
    @user-xy6yl1yc7v Před 4 lety +34

    Қарақат
    Сұлу сіңілім менің
    Домбырамен айтқан әндерің өте ұнайды жаным
    Отбасыңмен бірге бақытты,болып,өсіп,өне бер.

  • @user-lo5sn4um3n
    @user-lo5sn4um3n Před 4 lety +32

    Қарақат өте жақсы толғау керемет орындадыңыз !!! Əй беу !!! Ақтөбеден үлкен үлкен сəлем!!!

  • @user-mp3nn8xm7u
    @user-mp3nn8xm7u Před 4 lety +26

    Домбыраны калай куштi шертедi 👍🏻👍🏻👍🏻 Каракат ханым сiз оте талантты, оте байсалды керемет жансыз, бес баланын анасысыз 🌹🌹🌹🌹 Сiздi катты жаксы коремiн, сыйлаймын. Отбасынызга амандык тiлеймiн ❤️

    • @Amina-zx7gi
      @Amina-zx7gi Před 3 lety +1

      Иə Қарақат əншіміз керемет. Қазір алты баланың анасы. Машаллах. Отағасымен бала шағаларының қызығын көрсін

  • @AlmazNAN
    @AlmazNAN Před 2 lety +18

    Қарақат сізге мың алғыс,
    Осы шедевр термені шырқау шегіне жеткізіп, жүрекпен орындағаныңызға
    Әзірге Ешкім осылай сіз секілді орындай алмады

  • @SamsungA-kk6cw
    @SamsungA-kk6cw Před 4 lety +44

    Мың тыңдайэмын.керемет терме.қарашада қара үй тұр қарайлай жүр артыңа....

  • @user-in9yj6bq5d
    @user-in9yj6bq5d Před 2 lety +7

    Тамаша
    Қарақат қарындасым
    Осындай мағаналы әндерді көбірек насиқатау керек
    Сіздерді халық силайды
    Творчествалық табыс тілейміз!!! 🌷

  • @user-xw1mm2wq4k
    @user-xw1mm2wq4k Před 4 lety +66

    Это прекрасное пение

  • @QwertyQwerty-no8ev
    @QwertyQwerty-no8ev Před 6 lety +55

    Қазақ екенімізге мақтануымыз керек, сол кезде жүректе сенімділік болады!!!

  • @janar6020
    @janar6020 Před 4 lety +28

    Риза боламын орындау шеберлігіне!👍 Аллаһ разы болсын 👏👏👏👏👏👏👏

  • @user-bb5vr4vp7p
    @user-bb5vr4vp7p Před 5 lety +23

    Қарақат, керемет орындалған терме. Өмірің мәнді де сәнді болсын. Жанұяңа амандық, өнерде халқыңды қуанта бер.

    • @user-uv5po8mk6k
      @user-uv5po8mk6k Před 2 lety

      Керемет.Мың алғыс.Дәстүрлі әнде шығатын осы бір қоңыр дауысына жетер саз жоқ секілді көрінеді маған.Өлеңнің мазмұны керемет,Өнеріңде өрге жүзе берсін,тамаша ғұмыр тілеимін.Осындаи мазмұнда өлең көп болса,Киелі сахнада аитылып жатса жиі...

  • @user-on7ii1wn3t
    @user-on7ii1wn3t Před rokem +4

    Қарақат әпкемізге рахмет, өте керемет айтылған, керемет дауыс сөз жоқ өзіне керемет жарасып тұр, тек алға

  • @user-gk6rv1ew2k
    @user-gk6rv1ew2k Před 5 lety +9

    Орындауының озi не тұрады,керемет,таза,тұнық,табиғи дауыс. Көп жаса,халықтың ықыласынан айырмасын Алла тағалам

  • @user-eh5tf5oz5p
    @user-eh5tf5oz5p Před 7 lety +68

    Ай Казагым озин де,созинде куштисингой Алла баримизге бакыт насип етсин

    • @user-xy6yl1yc7v
      @user-xy6yl1yc7v Před 4 lety +1

      Рақмеееет Найман!
      Қазақтар ғана жан-жүрегімен тыңдайтын ән.
      🙏

    • @ronanfire5395
      @ronanfire5395 Před 4 lety +1

      Керемет.

    • @user-cj1mu3ws5p
      @user-cj1mu3ws5p Před 3 lety

      Өтте.керемет.алла.разы.болсын.

    • @kz-bw2fn
      @kz-bw2fn Před 3 lety

      Біздің Шыңғысханмен жағаласқан сендер де осал емессіңдер! 😃✊✊🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @user-gq9gl2dc4m
    @user-gq9gl2dc4m Před 4 lety +47

    Очень высший исполнения песни. Такая еще не была в искусстве Казахстане

    • @da_kesh5754
      @da_kesh5754 Před rokem +3

      Орысша қатемен жазғанша, өз қазақша жазбаисың ба?

  • @user-kh4yt1ky8g
    @user-kh4yt1ky8g Před 4 lety +25

    Жақсы айтады. Дауысы қалай керемет! Терме өте мағыналы.

    • @user-xc7bx3lp9m
      @user-xc7bx3lp9m Před rokem

      АҚТАМБЕРДІ САРЫҰЛЫНЫҢ (1675-1768 жж) термесі

  • @user-xb2ji8px4o
    @user-xb2ji8px4o Před 7 lety +41

    Керемет! Алла жар болсын Қарақат сіңілім! Шіркін, қазақтың терме, жыр, халық әндеріне не жетсін.

  • @baikabaika5931
    @baikabaika5931 Před 4 lety +112

    Кто написал эти слова песни? Кыргызстандан баарыныздарга салам! Кереметтуу, Керектуу ен экен. ❤👍👍👍👍👍👍

    • @skilaliks22x80
      @skilaliks22x80 Před 4 lety +1

      Шахкерім М.әкесі.Керемет толғау,

    • @user-tk6ws5id9c
      @user-tk6ws5id9c Před 3 lety +9

      @@user-ki7qi9pn3k ЭТО ОДНО ИЗ ПОСЛЕДНИХ ПРОИЗВЕДЕНИЙ ВЫДАЮЩЕГОСЯ СЫНА КАЗАХСКОГО НАРОДА АКТАНБЕРДЫ ЖЫРАУ ПОЛКОВОДЦА БАТЫРА БИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ДЕЯТЕЛЯ ВОЗГЛАВЛЯВШЕГО ПОСОЛЬСТВА К ОБЕИМ ИМПЕРИЯМ И ПОД ЕГО ПРЯМЫМ РУКОВОДСТВОМ БЫЛИ РАССЕЛЕНЫ ПЛЕМЕНА И РОДЫ НА ОПУСТЕВШИЕ ПОСЛЕ РАЗГРОМА ДЖУНГАРСКОГО ГОСУДАРСТВА И ВЫТЕСНЕНИЯ ДЖУНГАР ЗЕМЛИ ВОСТОЧНОГО КАЗАХСТАНА АЛТАЯ И ДЖУНГАРСКОГО АЛАТАУ...ЖАНЫБЕК КАРМЕНОВ ВСЕГО ЛИШЬ ИСПОЛНИТЕЛЬ ИМПРОВИЗАТОР ВСЕХ ТОЛГАУ АКТАНБЕРДЫ ЖЫРАУ КАК И ОЧЕРЕДНОЙ ДОМБРИСТ ИСПОЛНИТЕЛЬ ВОКАЛИСТ БЕКБОЛАТ ТЛЕУХАНОВ...

    • @user-tk6ws5id9c
      @user-tk6ws5id9c Před 3 lety +5

      АВТОР- ВЕЛИКИЙ И НЕЗАБВЕННЫЙ СЫН КАЗАХСКОГО И НОГАЙСКОГО НАРОДА- АКТАНБЕРДЫ ЖЫРАУ; БАТЫР, ПОЛКОВОДЕЦ, ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ДЕЯТЕЛЬ- С 16 ЛЕТ ДО ПОСЛЕДНЕГО ВЗДОХА ОТДАВШИЙ ВСЮ СВОЮ ЖИЗНЬ ВО ИМЯ СЛУЖЕНИЯ СВОЕГО НАРОДА...В ВОЗГЛАВЛЯЕМЫМИ ИМИ С КАБАНБАЙ-БАТЫРОМ ПОСОЛЬСТВАМИ К СОСЕДЯМ; ИМПЕРИЯМ- ХИЩНИКАМ БЫЛИ ПРОИЗВЕДЕНЫ И УТВЕРЖДЕНЫ ДЕЛИМИТАЦИЙ ГРАНИЦ СЕГОДНЯШНОЙ ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ- АЛТАЯ, ТАРБАГАТАЯ,ДЖУНГАРСКОГО АЛАТАУ И СЕМИРЕЧЬЯ ОПУСТЕВШИЕ ПОСЛЕ РАЗГРОМА ДЖУНГАРСКОГО ГОСУДАРСТВА И ВЫТЕСНЕНИЯ ОТТУДА ОЙРАТОВ-КАЛМЫКОВ И НЕПОСРЕДСТВЕННО ПОД ЕГО РУКОВОДСТВОМ БЫЛИ ЗАСЕЛЕНЫ КАЗАХСКИЕ ПЛЕМЕНА И РОДЫ ПРОЖИВАЮЩИЕ ПО СЕЙ ДЕНЬ НА ДАННЫХ ТЕРРИТОРИЯХ...В АЯГУЗСКОМ РАЙОНЕ, СЕЛА ТАСКЕСКЕН- ДО СИХ ПОР ПРОЖИВАЮТ ПОТОМКИ КАРАКАЛПАКОВ, КЫРГЫЗОВ, БАШКУРТОВ И КУБАНСКИХ НОГАЕВ КАРАСАКАЛА- ПРЕТЕНДОВАВШЕГО ПОД ИМЕНЕМ ЛАМА ДОРЖЫ- НА ДЖУНГАРСКИЙ ПРЕСТОЛ ИЗ КРЫМСКИХ ГИРЕЕВ- РАЗГРОМЛЕННЫХ И ОСТАВШИХСЯ БЕЗ ЗЕМЛИ, СКОТА И СРЕДСТВ СУЩЕСТВОВАНИЯ НА НЕЙТРАЛЬНЫХ, КАЗАХСКИХ ЗЕМЛЯХ С СОСЕДНИМИ ГОСУДАРСТВАМИ И СТАВШИХ СЕГОДНЯ ЧАСТЬЮ КАЗАХСКОГО НАРОДА...КАЗАХИ ПО СЕЙ ДЕНЬ НЕ МОГУТ УСТАНОВИТЬ РОДОСЛОВНУЮ АКТАНБЕРДЫ ЖЫРАУ И ТРИ ЖУЗА КАЖДЫЙ ТРАКТУЮТ СВОЮ ВЕРСИЮ ЕГО РОДОСЛОВНОЙ;СТАРШИЙ ЖУЗ ИЗ РОДА- ОШАКТЫ; ТАК КАК ОН РОДИЛСЯ В КАРАТАУ;СРЕДНИЙ ЖУЗ ИЗ ОГРОМНОЙ КОНФЕДЕРАЦИЙ НАЙМАНСКИХ РОДОВ- ТАК КАК ВСЯ ЕГО СОЗНАТЕЛЬНАЯ ЖИЗНЬ, ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ И ПОДВИГИ ПРОИСХОДИЛИ В ЭТОЙ СРЕДЕ; МЛАДШИЙ ЖУЗ- ИЗ ЖАГАЛБАЙЛЫ- НОГАЙЛЫ; ТАК КАК ЕГО ПРЕДКИ КОГДА-ТО ПРИШЛИ В КАЗАХСКУЮ ОРДУ ИЗ АКТОБЕ-РАНЬШЕ ПРИНАДЛЕЖАВШЕЙ НОГАЙСКОЙ ОРДЕ...ПОТОМКИ АКТАНБЕРДЫ БАТЫРА- СОСТОЯВШИЕ В АЛАШ-ОРДЕ И НЕ ПОДЧИНИВШИЕСЯ ГЕНОЦИДУ КРАСНОЙ АРМИЙ- ЧАСТЬЮ БЫЛИ РАССТРЕЛЯНЫ В БОЯХ И ЗАСТЕНКАХ ЧК, ОСНОВНАЯ ЧАСТЬ СПАСАЯСЬ ОТ ПРЕСЛЕДОВАНИЯ ЧЕКИСТОВ УШЛИ В СТАРШИЙ ЖУЗ НА ЗЕМЛИ ДЖАЛАИРОВ И КАНЛЫ И ОСТАВШЕЕСЯ БЕСХОЗНЫМ ПОЭТИЧЕСКОЕ ДОСТОЯНИЕ АКТАНБЕРДЫ ЖЫРАУ САМЫМ БЕССОВЕСТНЫМ И НАГЛЫМ ОБРАЗОМ БЫЛО ПЕРЕПИСАНО НА ИМЕНА ПРЕДКОВ АКТИВИСТОВ И ВЫСКОЧЕК ИЗ ЧИСЛА ГОЛОДРАНЦЕВ- ДОРВАВШИХСЯ ДО ОБРАЗОВАНИЯ И ВЛАСТИ...К НАШЕМУ ВЕЛИКОМУ СТЫДУ И ПОЗОРУ ДУХОВНОЕ И ПОЭТИЧЕСКОЕ НАСЛЕДИЕ ПРЕДКОВ ПРИНАДЛЕЖАЩЕЕ ВСЕМУ ЧЕЛОВЕЧЕСТВУ- ДО СИХ ПОР ПРИСВАИВАЕТСЯ РАСХИЩАЕТСЯ И ПЕРЕПИСЫВАЕТСЯ ИЗ ЧИСЛА НЕЧИСТЫХ И НИЗКИХ ЛЮДИШЕК- ЗАНИМАЮЩИХСЯ ПОЗОРНЫМ ПЛАГИАТСТВОМ- КАК БУДТО ВОРУЮТ КОНЕЙ И БАРАНОВ ДО СИХ ПОР ДРУГ У ДРУГА...СПАСИБО БРАТ- ЗА ОТЗВУК И ОТКЛИК НА ЧИСТЫЕ И СВЯТЫЕ ЗАВЕТЫ НАШИХ ПРЕДКОВ;ЗОЛОТО ДУШИ ВСЕГДА ТЯНЕТСЯ К ЗОЛОТУ, ИЗУМРУДУ И РУБИНУ ПОДОБНЫХ АЛМАЗУ СЛОВ...

    • @user-tk6ws5id9c
      @user-tk6ws5id9c Před 3 lety +4

      @@skilaliks22x80 ПОСЛЕ ТОГО КАК САМЫЙ СПРАВЕДЛИВЫЙ И ПРАВДИВЫЙ АКСАКАЛ КАЗАХОВ И ТОБЫКТИНЦЕВ- ШАКЕР АБЕНОВ ПОРУГАЛ И ОСТАНОВИЛ ЖАНЫБЕКА КАРМЕНОВА ОТ ПРИСВОЕНИЯ ЧУЖОГО НАСЛЕДИЯ- ПОКОЙНЫЙ ДОМРИСТ САМ ПРИЛЮДНО ПРИЗНАЛСЯ- ЧТО ОН ВСЕГО ЛИШЬ ИМПРОВИЗАТОР И ИСПОЛНИТЕЛЬ НАСЛЕДИЯ АКТАНБЕРДЫ-ЖЫРАУ- ЧЕЙ МАЗАР НАХОДИТСЯ НА ВЕРШИНЕ ХОЛМЕ ЖУРЕК-ЖОТА НА ЗАХОРОНЕНИЙ ПОГИБШИХ ВОИНОВ В АУЛЕ КУНДЫЗДЫ АБАЙСКОГО РАЙОНА И ЯВЛЯЕТСЯ АУЛОМ АКТАНБЕРДЫ БАТЫРА, ШАКЕРА АБЕНОВА И ЖАНЫБЕКА КАМЕНОВА.

    • @kz-bw2fn
      @kz-bw2fn Před 3 lety +2

      @@user-tk6ws5id9c Соз жок! 💓💖💔💗💕 Аман бол жаным!!!

  • @yerqamedeu5640
    @yerqamedeu5640 Před 6 lety +151

    Ойламаңдар, жігіттер,
    Баста дәурен тұрмайды.
    Өтіп кеткен сұм жалған
    Қайтып бір мойын бұрмайды.
    Адам қонақ өмірге,
    Бір күні қолын бұлғайды.
    Тірліктің түбі белгісіз,
    Ағын бір судай зырлайды.
    Опасыз мына дүние
    Тұтқа болған кімдерге?
    Өмірдің соңы өкініш
    Санамен ойлап білгенге.
    Қадірі болмас адамның
    Ортаңда тірі жүргенде.
    Орны қалар ойсырап,
    Бір күні көрге кіргенде.
    Қызыл түлкі секілді,
    Уақыт сайқал алдайды.
    Байлықты қусаң базарлап,
    Түбінде саған сол қайғы.
    Еңбекпен еккен бәйтерек
    Күтімін тапсаң солмайды.
    Қулықпен тапқан мал - арам,
    Өзіңе қайыр болмайды.
    Мансапқа жетсең, адал бол,
    Қызмет ет халқыңа,
    Әнін тыңда, күйін ұқ,
    Басыңды и салтына.
    Қарашада қара үй тұр,
    Қарайлай жүр артыңа.
    Жолдас болма жаманмен,
    Көзің жетпей парқына.
    Өзіңді біреу мақтаса,
    Желігіп, оған тасыма.
    Бетіңе айтар адал дос,
    Жау деп одан жасыма.
    Бәрін де кейін көрерсің,
    Іс түскенде басыңа.
    Күн үшін жүрген қулардың
    Бірі де қалмас қасыңда.
    Өмір - базар қайнаған,
    Өмірдің тосқан таласын.
    Атыңды сайлап бір күні,
    Додаға сен де барасың.
    Жеңілсең де, жеңсең де,
    Көппенен бірге боларсың,
    Жалғыз шықпа сапарға,
    Өкініште-ау қаларсың.
    Қайырым түбі - даналық,
    Жақсылық етпе есеппен.
    Аулақ ұста бойыңды
    Әзәзіл жалған өсектен.
    Қара жер жұмсақ жамбасқа,
    Махаббат жоқ төсектен.
    Қорлықта өтер өмірің
    Қосақталып есеппен.
    Пенденің көзі жалғанда
    Дүниеге тоймайды.
    Моласына бірақ та
    Алтыннан белгі қоймайды.
    Бағыңда өскен бәйтерек
    Күтімін тапсаң, солмайды.
    Арманы биік асыл ер
    Ұрпақтың қамын ойлайды.
    Мұңайма, көңілім, мұңайма,
    Тыныштал енді, жүрегім,
    Бір күні сен де тоқтарсың,
    Оны да жақсы білемін.
    Бас имей жүрген тағдырға
    Текті бір жанның бірі едім.
    Адам боп келдім өмірге,
    Адам боп өту - тілегім,
    Бәріңе соны тіледім!
    ЖӘНІБЕК КӘРМЕНОВ

  • @user-jj7fp7zk4w
    @user-jj7fp7zk4w Před 2 lety +4

    Осы ютубдағы ең жақсы орындаған Қарақат қарындасымыз.Жүрегіме жетті. Жәнібек ағамыздың орындауын таппадым. Рахмет

  • @nurziamamazhanova9017
    @nurziamamazhanova9017 Před 6 lety +27

    Пах шіркін! Керемет орындау. Мың жаса ұрпағыңмен.Рахмет.Алла тағалам қазағымның мəртебесін əрқашан биік қыр , қолдай көр!

    • @ainurarahimbaeva381
      @ainurarahimbaeva381 Před 4 lety

      Өте адеми Каракат жарайсыз терме 👍👍

  • @user-og9zp4ek8y
    @user-og9zp4ek8y Před 6 lety +137

    Ай, Қарақатымай əнді нақышына келтіріп, жетесіне жеткізіп орындадың.

    • @skilaliks22x80
      @skilaliks22x80 Před 4 lety +3

      Керемет!

    • @kristinakim305
      @kristinakim305 Před 4 lety +2

      қызық уақыт vibeo рас сөзін уағыздай етіп жеткізді

    • @user-it9sq2yp5o
      @user-it9sq2yp5o Před 4 lety +2

      Қарақатың мыңа термесің бағана теледидардан көрдім. Өте жақсы. Өмірден алынғаң ғои. Осыны тындап ғажаиып болдым. Бәрі өмірден алынған. Ғои рахмет қарақат сағаң аман болныз.

    • @user-me5gz5sy5s
      @user-me5gz5sy5s Před 2 lety

      @@user-it9sq2yp5o Жәнібек Кәрменов жазған авторы.

  • @Abylkasov
    @Abylkasov Před rokem +5

    Тух, шіркін дауысай.
    Адамды тебірентіп жібереді, айтуга сөз жоог

  • @user-wi9zu5ic7b
    @user-wi9zu5ic7b Před 4 lety +27

    Қарақат сенің ə ндерін керемет бақты бол өзін сияқты қыздар көп болсын

  • @user-ll9kw6il6q
    @user-ll9kw6il6q Před 4 lety +4

    Қарақат қарағым осы өленіңді ана ұйықтап отырған биліктегілермен депутаттарға айтып берші бір кезекті отырысында солар тыңдау керек екен халық тыңдағанан ешнәрсе өзгермейді рахмет сөзі өте керемет қазіргі еіміздің басындағы жағдай туралы екен талма биіктерден көріне бер осындай мағаналы әндерді көп шырқай бер

  • @user-mv2uq8cp2b
    @user-mv2uq8cp2b Před rokem +4

    Каракат,Периште, Каракат Сыр Сулуы, нагыз казака тан ЖУЛДЫЗ.

  • @user-on7ii1wn3t
    @user-on7ii1wn3t Před 11 měsíci +1

    Қарақат қарындасым өте керемет орындады өркенің өсін бала шағаларыңның қызығын көріңдер, өсіп өніңдер

  • @user-vc8uu8to1k
    @user-vc8uu8to1k Před 3 lety +4

    Қарақат дамбырамен айтқан термелер жастарға ой салады, сондықтан үнемі длмбырамен айтқаның дұрыс. Қазір жастар қайда кетіп бара жатыр терме арқылы жастарға жеткізуге болады деп ойлаймын. Дауысыңда керемет Қарақат.

  • @Aisha-lp4he
    @Aisha-lp4he Před 3 lety +3

    Жаратқан Аллам! Қандай керемет, терең сөздер! Тереме - қазақтың шексіз байлығы. Қарақатқа мың алғыс. Сөзбен жекізіп айта алмаймын орындаудан алған әсерді. Мың да бір рахмет!

  • @user-ol8sn5cf4x
    @user-ol8sn5cf4x Před 6 lety +21

    Кереметт соз жок тамаша.Казак кызы нагыз👍👍👍👍👍

  • @zeinepa2321
    @zeinepa2321 Před 3 lety +4

    Жарайсын Каракат коп жаса,Рахмет керемет дауысына! Ауырып жатканымда конилиме касиетти домбыраммен, салган сынгыр унин куат шипа болуда.Бакытты бол андерин биздердин емимиздин шипасы, конилимиздин шуагы бола берсин!🙏🙏🙏🤲🤲🤲✍️

  • @CR-gt8zj
    @CR-gt8zj Před 7 lety +60

    Мында біреулер жаман нарсе жазып отыр ғой. Мәселен, бұл әнші өмірде қандай екені маңызсыз мен үшін. Өлеңді керемет айтатынын жоққа шығара алмаймыз. Даусы керемет.

    • @gulsimkalieva5385
      @gulsimkalieva5385 Před 6 lety

      о

    • @zeinepa2321
      @zeinepa2321 Před 3 lety +3

      Казак казир бирин бири каралаудан озгеге ис таппай калган. Елдин жагдайын емес озгени каралау кара ниеттилери болган.Оган конил болме.Оларга сол омир кызык.омир осылай казир Алла иманымызды Камил, журегимизге Нур берсин!🙏🤲✊❤️💙💛

  • @user-gs6sd9fx8m
    @user-gs6sd9fx8m Před 4 lety +12

    Бундай аншилер 1000жылда бир туады барымыздызды курметтейк агайын

  • @ayazyktiyarov7368
    @ayazyktiyarov7368 Před 6 lety +26

    Қарақат жаным нағыз халық әртісісіз ғой! Қарақатым бір төбе басқа өнер иелері бір төбе ғой!

  • @orazbimurzin193
    @orazbimurzin193 Před 3 lety +4

    Оте жаксы керемет орындадын
    Каракат карындасым. Озiнде оленiнде адемi. Даусын кандаи
    Керемет. Аллаh разы болсын.

  • @user-nc6if2ss2s
    @user-nc6if2ss2s Před 7 lety +61

    Әнді орындаушылығыңа бас иемін Қарақат !

  • @user-kp8mt3jc7x
    @user-kp8mt3jc7x Před 2 lety

    жарайсын каракат карындасым .коп жаса .кунанбаев кайырбек .

  • @user-pl4ql7ll7r
    @user-pl4ql7ll7r Před 6 lety +29

    Оте эдеми , пах ширкинай ./тил коз таска/

  • @karlygashmukhambetova8371
    @karlygashmukhambetova8371 Před 10 měsíci

    Дана халқым.Не деген керемет.Өмірдің қадірін білу деген осы шығар.

  • @user-sz7cm7vd2w
    @user-sz7cm7vd2w Před 9 měsíci +1

    Туф ширкинай айызынды кандырады тура узак жаса омир жасыныз узак болсын

  • @eskealuvideo
    @eskealuvideo Před 2 lety +2

    Қарақаттай әншілерімізбен мақтанайық қандай дауыс қандай мәнерлі терме жарайсын Қарақат.

  • @user-rb3we8os9u
    @user-rb3we8os9u Před 2 měsíci

    Осы термені ерекше тыңдаймын ,тамаша жүрекке жеткзіп,санана ой салатын терме

  • @user-kg6ct9cc5r
    @user-kg6ct9cc5r Před 4 lety +1

    Каракат. Карындасым Дасын. Кандаи. Керемет ,,, Суда Суикимди Каракат Сизен Отинерим. Осындаи. Казактын. Олендерин Ауылдарга. Калаларда Кобирек Аитсан Нур. Устине. Нур Болар Еди От. Басына Амандык Бакыт. Тилеимин, АЛЛА Коргап. Колдап. Журсин ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

  • @user-pt8kt8fp3t
    @user-pt8kt8fp3t Před 2 lety +4

    Сөздеринин Жаны бар Ма шаа Аллах 😍😍🇰🇿🇰🇿🇰🇿✊✊✊

  • @amitaamita3271
    @amitaamita3271 Před 6 lety +3

    Керемет! Қарақат апай сизге дәулет берсін Аллам! Өте дұрыс мағынасы терең терме. Осындай термелер шөлді жүректі тербейди. Рақмет!!!

  • @user-sc6yh1st9u
    @user-sc6yh1st9u Před 2 lety +2

    Даусы Оте керемет Каракат карындасымыз эстрадаменде жаксы орындайды термені жырды домбрамен жаксы айтады Алла жар болсын

  • @user-mx5dh9rv6u
    @user-mx5dh9rv6u Před 7 lety +15

    Алла сізге күш-қуат берсіе Қарақат

  • @user-wl9sb1vq9k
    @user-wl9sb1vq9k Před 4 lety +1

    Каракат Сизге бас иемин. Керемет. Кандай дауыс. Аннин ар созин журекке жеткизе былесин🙏🙏🙏👍👍👍👍👍👍

  • @BEKKELDY
    @BEKKELDY Před 2 lety +2

    Қарақатқа енді тек терме толғаулар орындау керек, екен, Керемет!!!

    • @kulaizhumagalieva7306
      @kulaizhumagalieva7306 Před rokem

      Қарақаттың кәсіби маманы осы толғау ,терме саласы ғой 👍👏😥

  • @AvAv777
    @AvAv777 Před 3 lety +2

    Не деген айту жыр, жаттап сурінбей майлап мәнерге салып айтқан қандай керемет. Нағыз Патриот. Мың алғыс

  • @user-bb4ht8qu5b
    @user-bb4ht8qu5b Před 6 lety +19

    Керемет, Қазақтың Қарақаты!

  • @seitbeknishanbaev7854
    @seitbeknishanbaev7854 Před 2 lety

    Мммдаа, добушу керемет экен!!.. базар жок...

  • @user-wp6ub2qm7p
    @user-wp6ub2qm7p Před rokem +1

    Керемет .даусыда,қазақ киімі де жарәсаді

  • @user-nm8pc6qw7v
    @user-nm8pc6qw7v Před 2 lety +1

    Әсем ән мен жақсы күй , құлақтан кіріп бойды алар!👏👏👏❤️❤️❤️😍😍😍

  • @user-ll8cc7ci2c
    @user-ll8cc7ci2c Před 5 lety +4

    Өте керемет айтылған, әннің орындалуы да тамаша! Қарақат ханым, сізге мың алғыс!

  • @user-kc5rz2gu1m
    @user-kc5rz2gu1m Před 4 lety +1

    Қарақат қарындасым,мына айтқан әніңіз қандай керемет, тыңдай бергің келеді талай жылғы эстрадамен айтқан әндеріңіз мына айтқан әніңіздің қасында 2 ші сорт болып қалды ,дәстүрлі әннің құдіреті қандай ,сізге көбірек осындай дәстүрлі әндерді айту керек қандай мәнді де ,мағыналы ,басқада эстрада жұлдызсымақтардың құлағына алтын сырға ,шоу бизнес деп дәстүрлі әндерді жоғарғы деңгейге көтеру керек тыңдаушы жоқ емес орындаушы жоқ бәрі ақша қуып кеткен, жастарға қандай үгіт насихат керек бұдан артық

  • @karlkosh7103
    @karlkosh7103 Před 2 lety +6

    Арқаның дауысы ұрып тұр, жарайсың қарындасым!

  • @supergold9964
    @supergold9964 Před 6 lety +3

    Арқаның Аруының үнімен əні, сəнімен даусы өлеңімен сөзінің мəні толған Ұлы Дала филасофиясы...
    керемет Сыртынан міне қазақтың қызы деп мақтанарға болады...
    Аман болсын
    қазақ деп қаны қайнаған текті бір қыздың біреді..

  • @user-ul8gv5eq8w
    @user-ul8gv5eq8w Před 3 lety +2

    Керемет мағыналы терме және нақышымен орындалу!!! Рахмет! Алла разы болсын!

  • @user-xe4wb8js2w
    @user-xe4wb8js2w Před 3 lety +2

    Керемет орындау. Тамаша

  • @user-jh1qz2iv9h
    @user-jh1qz2iv9h Před 3 lety +3

    невозможно НАСЛУШАТЬСЯ, ПРОСТО НЕВОЗМОЖНО 👏👏👏👏👏👏... Тыңдап бір құлағыңның құрышы тоймайтын керемет орындалған ән👏👏👏💐💐💐💪👍...

    • @user-ed3zy2zh3v
      @user-ed3zy2zh3v Před rokem

      Недеген керемет ән даусын кандай адеми

    • @da_kesh5754
      @da_kesh5754 Před rokem

      Кім үшін жыртылып орысша жаздыңыз?

  • @user-gz6ye5jl7f
    @user-gz6ye5jl7f Před 2 lety +3

    Керемет Мағынасы зор Ма шаа Аллах

  • @user-jx4px1fi7f
    @user-jx4px1fi7f Před 6 lety +25

    Даусыныз не деген керемет еди Каракат! Соз жок

  • @danikiper5948
    @danikiper5948 Před 8 lety +47

    Кереметкой! Не деген жаксы айтылган👍🏿

    • @user-rj3iz7ti8j
      @user-rj3iz7ti8j Před 6 lety

      Қарақат әпке бір туар әнші. Өнери өрлей берсін.

    • @jado84tuilbaeva5
      @jado84tuilbaeva5 Před 6 lety

      Қазақтың нағыз қызы керемет

  • @user-yo9bb2of7z
    @user-yo9bb2of7z Před 3 lety +4

    Керемет!Алла жар болсын, Қарақат жаным!

  • @user-dc6ph6fu9l
    @user-dc6ph6fu9l Před 6 lety +9

    Алла сизге денсаулық берсин,керемет

  • @user-db1bx7bc5h
    @user-db1bx7bc5h Před 3 lety +38

    Вот такими словами надо воспитавать детей! Слов нет ! 😘

  • @user-nl7pj8cj2h
    @user-nl7pj8cj2h Před 3 lety

    Каракат домбырамен аитканын оте керемет журекке жеткизип аитасын гумырын узак болсын балапандарыннын кызыгын кор

  • @user-wf1ks9dw4m
    @user-wf1ks9dw4m Před 3 lety +2

    Бәрекелді Қарақат . Бақытты болыңыз . Алла разы болсын . Қазағымыздың ниеті әрқашан түзу боп бұзылмасын

  • @Amina-zx7gi
    @Amina-zx7gi Před 4 lety +3

    Алла разы болсын. дауысыңыз керемет
    Қазағымыздың əнін шарықтата беріңіз. 🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹

  • @user-vv7pk1cj2t
    @user-vv7pk1cj2t Před 2 lety +2

    Жәнібек Кәрменовтың термес ғой дейім. Қарақаттың даусы күшті.

  • @user-oi4wf4es8p
    @user-oi4wf4es8p Před 2 lety +1

    Керемет! Маржан сөздер

  • @kurmetbolberimbay4991
    @kurmetbolberimbay4991 Před 7 lety +36

    Пах шіркін керемет орындады жəне жігіттерді ойландырды

  • @user-zs1fh5hj8r
    @user-zs1fh5hj8r Před 4 lety +16

    Казактын ерке кызы мактанышы

  • @user-me3ru6vo1t
    @user-me3ru6vo1t Před 3 lety +2

    Керемет!Терме де,орындаушы да мықты.

  • @user-fb5ex5ip5h
    @user-fb5ex5ip5h Před 6 lety +10

    Соз жок керемет.Алла бергег дарын.Бакыт тилеимин.

  • @user-hw6io9dr2b
    @user-hw6io9dr2b Před 4 lety +6

    Жүректен шығып бойды алар,
    Мағыналы сөзің тәтті үнің...

  • @user-gl7vl6ir9m
    @user-gl7vl6ir9m Před 6 lety +4

    Керемет нақышына келтіріп айтылған екен Үлкен рахмет Қарақат.

  • @zhakorahmetove8157
    @zhakorahmetove8157 Před 7 lety +19

    керемет жақсы, халқым көралмаушылықты қояйық жақсының жақсылығын айтайық

    • @user-qe9ii2zs4f
      @user-qe9ii2zs4f Před 4 lety

      Керемет мактан етемиз. Кишкентай балапанын аман болсын Айалока

  • @aminaamikosh473
    @aminaamikosh473 Před 7 lety +7

    Қандай Керемет Сөздері қандай мағынасы Жарайсың Қарақат тек Алға

  • @berikovasholpan3053
    @berikovasholpan3053 Před 2 lety +1

    Па шіркін керемет терең мағыналы терме.Жарайсың Қарақат.

  • @user-zb9et9me8z
    @user-zb9et9me8z Před 4 lety +4

    Даа, бул омирдин ащы шындыгы 👍👍👍😍😍😍🔥🔥🔥

  • @zhankazhanka9792
    @zhankazhanka9792 Před 11 měsíci

    Керемет табихи орындау Жарайсың!

  • @elizabrown6625
    @elizabrown6625 Před 3 lety +1

    Кереметттт...кандай создер..омир деген осыы 👏👏👏❤❤❤

    • @kz-bw2fn
      @kz-bw2fn Před 3 lety +1

      Ақтамберді жыраудың толғауы...

  • @user-ew3br8ee7p
    @user-ew3br8ee7p Před 2 lety +2

    Біртуар қыз, қазаққа біткен мақпал,рақмет сізге Қарақат

  • @user-in8mt5vm2x
    @user-in8mt5vm2x Před 6 lety +15

    Каракат казак эстрадасында орны болек