Америкада оқу, “Оян,қазақ!”, орамалға қалай келгені жайлы Айсәуле Әбілда

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 30. 01. 2024
  • Qaraqoz подкастының кезекті қонағы - «Оян,қазақ!» фильмінің Бас продюсері Айсәуле Әбілда. 2023 жылы кинотеатрға шығып, елде үлкен дүмпу туғызған фильмнің жай-жапсары мен жетістігі жайлы бөліседі. Жолдасы Мұрат Есжан екеуі Америкада қалай білім алғандары, қандай қиындықтарға тап болғанын айтады. Бес баланың анасы бақыт формуласы мен қазіргі қазақ әйелінің сипатына тоқталады.
    Qaraqoz - еркін әңгіме алаңы. Прогрессивті қыз-келіншектерді көпшілікке танытуды көздейді. Қазақ әйелдері үшін пайдалы контент жасап, мотивация сыйлауды мақсат тұтады.
    Жоба авторларының әлеуметтік желідегі парақшаларына жазылыңыздар👇🏻👇🏻👇🏻
    @moldir_baqyt
    @samal.live
    Арнаға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз.
    Читайте нас и подписывайтесь:
    Сайт ulysmedia.kz
    Facebook: / samal.ibrayeva
    Telegram: t.me/ulysmediatg
    Instagram: @samal.live
    @ulysmedia.kz @vyhod_k_pravde
    @ulysmedia.kz
    Донаты для “Ulysmedia”:
    Карта Kaspi Gold: 4400 4301 9413 8266
    Samal Ibrayeva Kazakhstan
    #Ulysmedia #ОянҚазақ #АйсәулеӘбілда

Komentáře • 242

  • @ulysmedia
    @ulysmedia  Před 5 měsíci +10

    Тайм код:
    00:03:30 - Алматыдағы жер сілкінісі туралы
    00:05:40 - Америкада қауіпсіздік культі бар
    00:07:20 - Бүгінгі подкаст не туралы?
    00:12:40 - Америкаға оқуға баруды қашан шешті
    00:17:00 - Амеркадағы тіл курстары жайлы
    00:19:50 - Сан-Франсикодағы өнер академиясы қалай қарсы алд?
    00:24:45 - Америкада қалып қоюды ойлады ма?
    00:30:00 - Шетелде қалатындар өзін ақтап алу үшін елді жамандайды
    00:33:50 - Ағылшын тілін оқу бізге не үшін керек?
    00:34:45 - «Оян,қазақ!» қоғамда неге дүмпу туғызды?
    00:40: 50 - Фильмді бұра пайдаланғысы келгендер болыпты
    00:42:40 - «Оян, қазақ!» фильмінен қанша табыс тапты ма?
    00:47: 00 - Фильм қазақтар мен орыстарды біріктірді
    00:57:10 - Меценаттар не деп уәде берді?
    1:04:45 - Ұлттық кино орталығы мен «Қазақфильмге» бөлінген қаражат туралы
    1:11:00 - Айсәуленің бақыт формуласы?
    1:17:20 - Қазіргі қазақ әйелінің сипаты
    1:22:30 - Айсәуле орамалға қалай келді?
    1:31:30 - Балаларым орысша білмей қиналып жүр

    • @user-gi1ef5uu8i
      @user-gi1ef5uu8i Před 5 měsíci

      Рахмет, Ацсәуле, "Болашақ" арқылы білім алып, қызығын көрген азаматтардың ілуде біреуі ғана мемелекетке, елге рахметін айтады.

  • @mayaaldabergen6378
    @mayaaldabergen6378 Před 5 měsíci +49

    Өте білімді жанып тұрған мықты қызы екен қазақтың!Жарайсың!

  • @sandrin1997
    @sandrin1997 Před 5 měsíci +18

    Айсауле қызым жарайсың 70 жыл Ресейдің құлы болдық. Тәуелсіздік алып, азда болса көзіміз ашылды Қазақстанда, жоғарғы жақта отырғандар байлар қазақша сөйлейсін !

    • @Diane_1998
      @Diane_1998 Před 5 měsíci +1

      Жарайсың дұрыс айттыңыз

    • @Diane_1998
      @Diane_1998 Před 5 měsíci

      Айсауле ❤

    • @Diane_1998
      @Diane_1998 Před 5 měsíci

      Өте ақылды әдемі қыз ❤❤❤❤

  • @user-cq1ej8cw1d
    @user-cq1ej8cw1d Před 5 měsíci +53

    Айсәуле ханым өте білімді екен төрт ұлы өте білімді , зерделі болады деп пайымдап отырмын өйткені интеллект әрқашан ана тарапынан беріледі дейді
    Менөзім көріп таң қалдым қазақтың осындай қазақ тілдіқыздары жасасын
    Бізде терең білімділер тек орыстілділерден шығады деп ойлаймыз ғой
    Осындай шалғай ауылдан шығып осынша терең білімді еркін шынайы қыздары аман болсын
    Ұлтымызға ұрпақ өрбіту үшін осындай білімді қыздар керек

    • @shakerbanumyrzakhanova6321
      @shakerbanumyrzakhanova6321 Před 5 měsíci +8

      Терең білім тек орыс тілділерден шығады деген түсінік мүлдем қате,қазақ тілін майын тамызып сөйлейтін,парасатты,ойы озық,тілі ұшқыр қазақтар толып жатыр...

  • @user-cs6ht9cc8x
    @user-cs6ht9cc8x Před 5 měsíci +12

    Айналдым осындай ақылды қазақ қыздарына. Еңбектерің жана берсін ! Аман болыңдар, дендерің сау болсын !

  • @user-bn5tn5yw4k
    @user-bn5tn5yw4k Před 5 měsíci +42

    Қазір, қазақ.тілді жобалар ілгері, өте сапалы болып келе жатыр .Орыс тілін білеміз, қазақ тілі жаныма жайлы.Тілдің кінәсі жоқ.

  • @user-sl4tz8xp6w
    @user-sl4tz8xp6w Před 5 měsíci +57

    Қазақтың мықты қыздары жасасын-дегім келеді тағы да... Жарайсыңдар. Біраз нәрседен хабардар болдық. Рахмет!

  • @Svet831
    @Svet831 Před 5 měsíci +35

    Керемет ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗДАРЫ,
    Алтын патриоттарымыз Сіздерді туып өсірген ата аналарыңызға мыңда бір РАХМЕТ!

  • @user-lb2cv3gu1p
    @user-lb2cv3gu1p Před 5 měsíci +31

    Керемет салиқалы әңгіме болды Айсәуле ханыммен! Осындай қазақтың жан -жақты қыздары көп болсын!👏👏👏

  • @user-xm6pu1cl1o
    @user-xm6pu1cl1o Před 5 měsíci +25

    Еңбектерің жемісті болсын, аман есен болыңдар! Тәңір жарылқасын!

  • @user-gn4qi4xn4q
    @user-gn4qi4xn4q Před 5 měsíci +13

    Айсәуле пысық,ашық,қарапайым,таза қазақи,сауатты қазақ қызы❤

  • @user-bn5tn5yw4k
    @user-bn5tn5yw4k Před 5 měsíci +31

    Керемет осындай,батыр қыздарымыз болғанын.Рахмет.

  • @user-vm7zs6rg5e
    @user-vm7zs6rg5e Před 5 měsíci +21

    Керемет сұхбат болды. Журегі қазақ деп соққан Қазақ қыздарынан керемет қазақ ұрпағы да дамиды. Өсе беріңдер шындала беріңдер аруларым❤❤❤

  • @zhubatkanovafatima
    @zhubatkanovafatima Před 5 měsíci +24

    Айсәуле ханым, жарайсыз. Оян, қазақ! Шынымен де феномен болды. Мұрат Есжан Ридли Скоттан,Спилбергтен де асып түссін! Қазақ киносының дамуына өлшеусіз үлес қоса бергейсіздер

  • @nurgulsarbasova1988
    @nurgulsarbasova1988 Před 5 měsíci +21

    Мықты қыздарымыз көбейе берсін!

  • @temirlanorynbayev4975
    @temirlanorynbayev4975 Před 5 měsíci +10

    Екі журналистте өте кәсіби мамандар екен сұхбатты о баста қай тақырыпта өрбитінін ашық айтып студия қонағына да көрерменге де анықтап берді, айрықша айта кететін жайт Look - тары өте керемет екен, вайб ( күй) қазақи болды, әшекей бұйымдары өте керемет жарасымды, осының бәрі толық сұхбатты бір нәр беріп айшықтай түсті.🎉

  • @user-ur7gv5ru1o
    @user-ur7gv5ru1o Před 5 měsíci +13

    Мына келіншектің жан-жақты нағыз қазақи патриот өте көзі ашық ,ақылына өзі заты сай жан екен жарайсың!Жақсы ер азаматтың артында жақсы жары тұрады деген ситатаға осы қыз сай екен.Алаш азаматтарының жанрларында осы кісі сияқты екен.Қазақ елінде осындай жандар көп болса екен

  • @user-qj3id7fk5s
    @user-qj3id7fk5s Před 5 měsíci +21

    Кыздар сіздерге көп - көп рахмет! Айсәуле ханым, өте білімді, мәдениетті қыз екен. Үлгі алатын жанұя екен. Оян қазақ киносы үшін үлкен алғыс айтамыз. Кинотеатрдан көре алмадық билет болмай, үйде сериалын көрдік, керемет! Еңбегіңіз жана берсін!

  • @user-zc9or7vo3e
    @user-zc9or7vo3e Před 5 měsíci +20

    Қандай сауатты, өз ісінің маманы, тек қана өсе беріңіздер🥰

  • @user-yn5kp7ji5b
    @user-yn5kp7ji5b Před 5 měsíci +15

    Осы қыздардың сұхбатының ерекшелігі жақсы тыңдай алады екен,шақырған қонағына ойын толық жеткізуге мүмкіндік көп береді.Обычно, көп сұхбаттарда жағаласып отырады ғой жүргізуші

  • @user-tc5dc4xs4y
    @user-tc5dc4xs4y Před 5 měsíci +49

    Айсәуле ханымның әңгімелерін тыңдаудан жалықпайды екенсін🫶🏻

    • @user-gi1ef5uu8i
      @user-gi1ef5uu8i Před 5 měsíci

      Әділ екенсіз, Айсәуле, жақсының жақсылығын айт деген, Тимур Турлов айтып еді: Болашақ" гениальная идея президента Назарбаева деп, бұл о кісінің көп іске асқан идеясының бірі дер едім.

  • @user-ub2tk7fq6c
    @user-ub2tk7fq6c Před 5 měsíci +23

    Шыққан сәтінде бір деммен қарап,тыңдап шықтым.Ұнады өз ісінің шеберлері деп білемін,Болашақпен кеткен жағдайда тоқталмасын жобаларыңыз,қазақ тілінде қыздарға арналған мықты жоба✨

  • @AliyaMussina
    @AliyaMussina Před 5 měsíci +14

    Айсәулеге сәлем!!! Бэй Эриадада танысқанбыз. Айсәуле мен Мұрат 2016 жылы Қазақстанның 25 жылдық тәуелсіздік күніне орай өткізілген концерттік бағдарламаны құрып, күшті өткізіп жіберді.

  • @user-jb6zy2jl4b
    @user-jb6zy2jl4b Před 5 měsíci +6

    Көзі ашық,сауатты,қазақи таза жаны да тәні де таза,шетелде жүрседе,қазақы тәрбие негізін сақтағаны,Алла жар болсын.Алла екі дүние бақытын берсін.Әр қазақ қыз-әйелдерге,аналарға үлгі болатын ерекше тұлға.Менің осындай перзентім болса деп армандайтын жүрекке қуаныш сыйлады.

  • @gauharkuanysh664
    @gauharkuanysh664 Před 5 měsíci +20

    Еңбектеріңіз жана берсін. Рақмет!

  • @ainur8968
    @ainur8968 Před 5 měsíci +16

    Керемет,тамаша!
    Мені де,бізді де жалпы әке- шешеміз қызсың сен, сүйтуге,бүйтуге міндеттісің, деген сөз айтпаған.Көп жағдайда қажетсіз сондай қызды төмендету, немесе ер баланы шектен тыс әспеттеп, артық көріп жатады ғой қыздан,бізде ондай болмаған . Әке- шешеме сол үшінде, рақмет! 😊
    Осындай білімді,өжет қыз-келіншектер көп болсын! Осындай адамдар ұнайды❤

  • @zhubatkanovafatima
    @zhubatkanovafatima Před 5 měsíci +40

    Кіші жүздің қызы екені көрініп тұр. Батыл, батыр екенсіз. Жан жақты, өте сауатты, мәдениеттісіз. Үлгі тұтатын тұлғасыз, көп рахмет. Зор денсаулық тілеймін

    • @ulysmedia
      @ulysmedia  Před 5 měsíci +3

      Ол, рас. Кіші жүздің қызы екен Айсәулеміз🫶🏽

    • @tim1t112
      @tim1t112 Před 5 měsíci +11

      Осындай үлгілі отбасы көбейе берсе екен, мықты жұп, сонымен қатар өте білімді. Қуантатыны қазақ қоғамын бір сүлкіндірді"Оян қазақ " фильмі, сол үшін де осы жұпқа көп рахмет. Болашақта тағы да осындай жобалар күтеміз. Басқа продюсерлерге тағы бір сабақ болар еді, әйтпесе Бадықова сияқтылар өздерінше "жұлдыз" болмас еді. Кейде жылағың келеді, соншама күлкінің арзан болып кеткені, бір-бірімен жарыса түсірілген комедиялар болашақ ұрпаққа жасалып жатқан барып тұрған қиянат.

    • @kalzhansarbassova1080
      @kalzhansarbassova1080 Před 5 měsíci +1

      Қандай ру екен?😊​@@ulysmedia

    • @zhubatkanovafatima
      @zhubatkanovafatima Před 5 měsíci +2

      Әлім шығар

    • @kalzhansarbassova1080
      @kalzhansarbassova1080 Před 5 měsíci

      @@zhubatkanovafatima солай деп ойлаймын.

  • @user-dy1le5kr1e
    @user-dy1le5kr1e Před 5 měsíci +9

    ЖАРАЙСЫҢДАР ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР, МЫҚТЫ, ӨТЕ БІЛІМДІ, СҰЛУ ҚЫЗДАРЫ ТЕК ҚАНА АЛҒА🌹🌹🌹👍👍👍🔥🔥🔥

  • @user-eg3qd6vx9p
    @user-eg3qd6vx9p Před 5 měsíci +5

    Қазақ тілін, мәдениетін қасиетті деген ұғымды қыздар сіздерге ел разы. Ойда бар жоспарлар жүзеге асуына тілектеспін.

  • @user-vt3bi1tz3g
    @user-vt3bi1tz3g Před 5 měsíci +12

    Тамаша сұхбат болды. Тіл үйренуге, білімге, жаңалыққа ашық болуға насихаттайды. Еркін адам. Әлем адамы.❤

  • @akmaralserikova8785
    @akmaralserikova8785 Před 5 měsíci +9

    Айсәуле ханым өте қарапайым, әңгімелерін де халыққа өте түсінікті қарапайым тілмен жеткізгені маған қатты ұнады. Мен Ахмет Байтұрсынұлы жайлы “Ұлт ұстазы”, Міржақып “Оян қазақ” сериалдарын кинотеатрда толық метражды киносы шықпай тұрып 1 жыл бұрын көргенмін. Айсәуле ханым айтып кеткендей, мен олар жайлы толық білмейді екенмін. Сериалдар менің Алаш зиялыларына деген махаббатымды, қызығушылығымды оятты. Олар жайлы көп дүниелерді көре бастадым. Әлихан Бөкейханұлы жайлы да сапалы кино көргім келеді. Бұрын өзімді отанымның патриоты санаушы едім, сериалдардан кейін еліме деген сүйіспеншілігім арта түсті. Бұны жазып отырған себебім әрбір Қазақстан азаматы осылай қабылдаса, рухымыз көтеріліп, еліміздің, ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін күресетіндердің қатары көбейер еді деп ойлаймын. Осы подкастың жүргізушілеріне үлкен рақмет, Айсәуледей ханымды шақырып, осындай маңызды мәселелерді талқылап, қаншама халықтың көзін ашып отырғандарыңызға алғысым шексіз! ҚАЗАҒЫМНЫҢ БАТЫР ДА, ҚАЙСАР ҚЫЗДАРЫ ЖАСАСЫН! ❤

  • @islamaga
    @islamaga Před 5 měsíci +12

    Шығармашылық топтың ғажап туындысының өте сәтті болғанының тағы бір себебі, ол АҚШ-тың дамыған кинематографиясы мектебінің әсері деп санаймын. Әбден бұғып қалған халқымызға рух берер нақ демеу керек болып тұрғанда жүректеріміздің қайғысы болып келген Алаш тақырыбын дұрыс көрсетіп білу қасиеті осы ғой. Қазақ қаптаған комедияларға күліп ыржыңдап отыз жыл келе жатыр, енді ғана кино саласы күтілген тәрбиелік маңызына оралуға қадам басқанына ішім қуануда... Сәттілік болғай 🤲🏻

  • @user-rx5tt5hd5k
    @user-rx5tt5hd5k Před 5 měsíci +9

    Керемет осы қызды туған ата- анасына мың алғыс ❤

  • @Bainara1
    @Bainara1 Před 5 měsíci +9

    Қандай күшті подкаст! Осындай сауатты әңгімелер тыңдағанда ерекше кайф алам. Айсауленің сөзі де, стилі де, мінезі де, өзін ұстауы да - бәрі әдемі. Әр пікірін аргументировать ететіні әңгімені қызықты етті. “Оян қазақ” үшін алғыс айтам! Балалармен баратын қазақ киносы шығатын күнді асыға күтеміз!❤

  • @user-og6rj9im8m
    @user-og6rj9im8m Před 5 měsíci +4

    Айсауле жаным , Бала-шағаннын рахатын көр,жумысын жемысты болсын.

  • @user-fd9yp2vm3h
    @user-fd9yp2vm3h Před 5 měsíci +4

    Білімді, ақылды, өз ойын тез тамаша, жеткізді еркін өскен тамаша қыз екен Айсәуле…❤😂❤❤❤

  • @user-lj3ew9yz2p
    @user-lj3ew9yz2p Před 5 měsíci +10

    Керемет, әдемі, дана, ақылды ару!!!

  • @user-bt7ur1bc4n
    @user-bt7ur1bc4n Před 5 měsíci +5

    Керемет! Жан- жақты,білімді жан екен Айсәуле.Осындай қыздарымыз көп болсын!

  • @user-li9xp3pj6g
    @user-li9xp3pj6g Před 5 měsíci +7

    Осындай қазақтың қыздары көбейе берсін

  • @user-gq9gi6ot3f
    @user-gq9gi6ot3f Před 5 měsíci +3

    Жарайсыңдар кыздар казактын кыздары сендер секылды зерек ауылды болсын алға кыздар сендерге бестык бага

  • @user-pk8cn1vb4e
    @user-pk8cn1vb4e Před 5 měsíci +7

    Айсәуле, керемет! Нағыз істің маманы ғой. Отбасы мен карьераны бірге алып жүргені үшін рақмет айтуға болады

  • @user-cc5ip8ni2d
    @user-cc5ip8ni2d Před 5 měsíci +6

    Қазақтың көзі ашық көкірегі ояу қыздары көп бола берсін ❤ пайдалы сұхбат болды

  • @user-sh1ml8er6d
    @user-sh1ml8er6d Před 5 měsíci +4

    Керемет сұхбат, Айсәуле ханымның әңгімелері шынайы, өте еңбекқор қыз, таудай талабына бақ берсін!

  • @user-ut6ij1qi5v
    @user-ut6ij1qi5v Před 5 měsíci +4

    Оян Қазақ киноңызға үлкен рахмет. Мен Байқаңыр қаласынд тұрам. Киноны көруге Қызылорда қаласын әдиі барып көрдім. Оян Қазақ киносын көруге бір күн уақытымды бөлдім. Ал Оян Қазақ киносын Байқоңыр қаласында көрсеткен жоқ. Бұл қалада барлық жүйені Орыс билігі жүргізеді. Сондықтан Орыс жүйесі көрсетпеген.

  • @user-gu6hy7kt4z
    @user-gu6hy7kt4z Před 5 měsíci +4

    Керемет сұхбат болды!!! Өзіме көп нәрсені түсіңдім! Сіздерге рақмет!

  • @zhaziramustakhim3848
    @zhaziramustakhim3848 Před 5 měsíci +4

    Қайырле кеш ханымдар !! Өте керемет подкаст !! Биіктен көріне беріңіздер !! Қанаттарың талмасын !!!

  • @user-st9iz7rh2r
    @user-st9iz7rh2r Před 5 měsíci +6

    Ойлы қыздарды тыңдау бір ғанибет. Мықты қыз, Айсауле!

  • @user-kd1jl8nc8k
    @user-kd1jl8nc8k Před 5 měsíci +9

    Кыздарым,жарайсыздар! Шыгармашылык табыстар тилеймин!

  • @user-qu2hz6ft4i
    @user-qu2hz6ft4i Před 5 měsíci +5

    "Оян, қазақ" бүкіл ұрпақты тәрбиелейтін фильм.- ұлттық құндылық
    Еңбектерің жана берсін.
    Балаларға арналған фильм түсірсеңдер!
    Қыздарға рахмеет!

  • @user-cn6ix8uz1f
    @user-cn6ix8uz1f Před 5 měsíci +4

    Айсауле - дүниеге бала әкеліп, ерін сыйлап, онымен бірдей тең жүріп, еңбек етіп, сонымен бірге ұлтымыздың қамын ойлайтын жан. Қай жағынан алсақ та, қазақ қызының,қазақ әйелінің үлгісі, жоғары сапасы. Әдетте,қазақ қоғамын да ,билікті де сынаушылар көптеп кездеседі. Айсауленің маған ұнағаны - біздің қазіргі қоғамымыздағы жақсы жақтарды көре біледі, Американы да аса мақтамайды, өз іс-әрекеттерін айта отырып, шындықты сол шынайылықпен жеткізеді. Тыңдай отырып, қаншама ләззат алдық!
    Алдағы ұлы істеріңде Алла жар болсын, жарқыным !

  • @user-wx1hz1ud7m
    @user-wx1hz1ud7m Před 5 měsíci +4

    Осындай білімді-білікті, көзі қарақты қазақ қыздары ұлтжанды тұлғаларды тәрбиелеп өсіретініне сенемін. ❤

  • @kaireke8754
    @kaireke8754 Před 5 měsíci +5

    Үлкен Рахмет әсерлі кино түсргендеріңізге ұлтымыздың жанына батқан айтылмайтын тарих айтылмаған ҚАЗАҚ ҰЛТ жан ашырларының өмірі сіңірген еңбектерін кейінгі ұрпақтарымыз біле бермейді. Үлкен рахмет

  • @Saida_Amangeldiqyzy
    @Saida_Amangeldiqyzy Před 5 měsíci +3

    Керемет! Айсаулені ұйып тыңдай бергің келеді. 3-4 сағатқа жалғасса да жалықпайсың. Опыты, жүрген жолы, өзін және өзгелерді қабылдауы өте жоғары дер едім. Сәттілік! Тек бізді осылай қуанта беріңіз

  • @ylove6393
    @ylove6393 Před 5 měsíci +4

    Керемет! Қаракөз подкасты бірінен-бірі өтетін қазақ қыздарымен таң қалдырды. Ұзағынан болсын. Қазіргі кездегі қазақ қыздарының образы жөнінде өз ойым өзі барған жеріне адал, бала тәрбиесі мен қоса жұмыс істеп, Қазақстанның дамуына кішкене болсын үлес қосып жатқан, болашаққа мол сенім артатын білімді, бос сөзден гөрі көп іс атқарып жатқан қыздар көп деп ойлаймын.

  • @Bainara1
    @Bainara1 Před 5 měsíci +9

    Айсәуленің балаға кітап оқыту туралы марафоны бар еді 3-4 жыл бұрын. Сол марафон тағы қайталанса👍🏽

  • @user-ww3xt8yh8j
    @user-ww3xt8yh8j Před 5 měsíci +3

    Сөз жоқ, тек эмоция. Осындай жанып тұрған қазақ әйелдерін көрсем, энергия алам. Ақпарат үшін рахмет. Өзіме көп инсайт алдым

  • @ZhanatAigerim
    @ZhanatAigerim Před 5 měsíci +4

    Тамаша сауатты сіңімді сұхбат болды. Жарайсыңдар, ханымдар. Айсәулені Алғаш көріп отырмын, ой-санасы жақсы.

  • @user-fx4um3pi9h
    @user-fx4um3pi9h Před 5 měsíci +3

    Сұхбат өте керемет болды!!! Маған ұнады!!!❤❤❤

  • @gulzat_demesbayeva
    @gulzat_demesbayeva Před 5 měsíci +4

    Айсәуле ханым, рақмеет. Өте пайдалы әңгіме болды 🔥

  • @shugailias7757
    @shugailias7757 Před 5 měsíci +12

    Жарайсыңдар қыздар.! Өте жақсы сұхбат болыпты.

  • @user-jj8yb6wq1o
    @user-jj8yb6wq1o Před 5 měsíci +3

    Керемет фильм болды,халык тарихты сагнып комедиядан жалыккан

  • @user-nt6rt4gq8m
    @user-nt6rt4gq8m Před 5 měsíci +2

    Үлгі тұтарлық қазактың қаракөз өжет те, сұлу,ақылды да,білімді қыздары өте көп.Сұқбат тамаша өтті.
    Ана тілінде сұқбат алып отырған екі айдай сұлу қыздарға көп-көп алғыс!

  • @brillianty.chasy750proba
    @brillianty.chasy750proba Před 5 měsíci +4

    Ойсәуле⚡️ Әкесі айтқандай “Королева” секілді киінеді екен!👍🏻 Отбасының бала болашағына әсерінің көрінісі!😍😘

  • @TarlanT
    @TarlanT Před 5 měsíci +4

    Осындай қыздарымыз барда қазағым өшпейді! 👍

  • @asmrrelax1768
    @asmrrelax1768 Před 5 měsíci +5

    Подкастты бір деммен көріп шықтым, тіпті телефонымның қуаты таусылғанын да байқамай қалыппын(телефоным өшкенде ғана білдім😂) Жүргізушілерге де Айсәуле ханымға да көп рахмет!!!❤

  • @user-nb3nh6zw6i
    @user-nb3nh6zw6i Před 5 měsíci +2

    Керемет подкаст болды. Оян қазақ күшті кино

  • @user-zt9ik1qx4g
    @user-zt9ik1qx4g Před 5 měsíci +3

    Айсәуле қызым, бақытты бол. Еңбегің жемісті болсын, биіктерден көріне бер. Тамаша тәрбиелі, білімді, үлгіалуға тұрарлық азаматша. Сәттілік тілеймін. ❤

  • @user-hm5he4vg5u
    @user-hm5he4vg5u Před 5 měsíci +4

    Керемет шығарылым! Сәттілік тек!!! 🎉❤

  • @user-bm2cd7ue3e
    @user-bm2cd7ue3e Před 5 měsíci +4

    Керемет қазақ қыздары жасасын❤❤❤

  • @user-hf4wo7km2s
    @user-hf4wo7km2s Před 5 měsíci +2

    Айсауле мыкты сауатты екени коринип тур.Жарайсын менин жерлесим менде Аралдын кызымын.Сендей жандар коп болсын❤❤

  • @user-ix9hq3fy5j
    @user-ix9hq3fy5j Před 5 měsíci +3

    Маған қатты ұнады падкаст,көп нәрсе аитылды,әисәуле былымды азаматша екен!

  • @user-pd3mb2xy4l
    @user-pd3mb2xy4l Před 5 měsíci +2

    Керемет сұхбат болды. Міне ақылы бар,ізденіске толы адам. Балаларыма көріңдер деп кеңес бердім

  • @yessengeldyospanov9669
    @yessengeldyospanov9669 Před 5 měsíci +3

    Рахмет қыздар

  • @user-ry1pb4qy9f
    @user-ry1pb4qy9f Před 5 měsíci +3

    Жақсы әнгіме болды,,,,Оян Қазақ үшін рахмет !

  • @user-dp4ds3jp7y
    @user-dp4ds3jp7y Před 5 měsíci +4

    Керемет сұхбат болды.

  • @nato594
    @nato594 Před 5 měsíci +3

    Тамаша сұхбат, өте жеңіл, жұмсақ жеткізеді екен пікірін

  • @aidanabalkimbay2515
    @aidanabalkimbay2515 Před 5 měsíci +2

    Мына сұхбатты тыңдап құлақ құрышым қанды. Тап таза тіл, жүйелі сөз, мәдениетті әңгіме. Бітпесе екен деп отырат екенсің. Рақмет!

  • @user-wj3vk5li3p
    @user-wj3vk5li3p Před 5 měsíci +6

    Мықты!!!

  • @user-uj5sp3yk4y
    @user-uj5sp3yk4y Před 5 měsíci +2

    Отанына.адал.от.басы екен риза болып отырмын

  • @Alem-kx7wc
    @Alem-kx7wc Před 5 měsíci +7

    Жүргізуші киімдері керемет екен, өрілген шашы🔥🔥🔥

  • @gulfairuseskaliyeva1259
    @gulfairuseskaliyeva1259 Před 5 měsíci +2

    Күшті әдемі подкасттардың бірі болды. Қысқа метраж үлес қосушылардың бірі болғанмын, сол кезден бері "Ойсәуле" инстаграмына Америкадан бері жазылған, көне оқырманның бірімін. Бүгін басқа қырынан таныдым. Керемет сұқбат болды

  • @user-vu9bz6yr4t
    @user-vu9bz6yr4t Před 5 měsíci +7

    Керемет❤

  • @rizayskak5176
    @rizayskak5176 Před 5 měsíci +2

    Рақмет.😊

  • @mberdibekov
    @mberdibekov Před 5 měsíci +2

    Молодцы осындай жобалар коп болсын!

  • @Nurlankyzybulbul
    @Nurlankyzybulbul Před 5 měsíci +3

    Осындай қазақ қыздары көп болғай

  • @sarkytnurgalieva9
    @sarkytnurgalieva9 Před 5 měsíci +2

    Екі сағат әңгімені жалықпай бір демде тыңдап шықтым, жарайсың Айсәуле қызым. Еңбектерің жана берсін.

  • @dauletbai1974
    @dauletbai1974 Před 5 měsíci +1

    Бастан аяқ көрдім. Жарайсыздар Бикештер. Оян қазақтың алты сериясын да көргем. Мықты. Тілші ханымдар келген қонақтың ашылып сөлеуіне мүмкіндік жасағандарыңыз үшін рахмет!

  • @jiyonseung1069
    @jiyonseung1069 Před 5 měsíci +3

    Айсәуленің әңгімесі қызық болды. Бала тәрбиесіне қатысты жері де қызық. Орыс тіліне қатысты ойы тура менің ойым, 💯 қосылдым

  • @user-jn5eh9qh1u
    @user-jn5eh9qh1u Před 5 měsíci +2

    Керемет!

  • @saltanat_hp9ps3kw3g
    @saltanat_hp9ps3kw3g Před 5 měsíci +4

    Жарайсыздар алтын қыздар.
    Көпке үлгісіздер.

  • @user-xu1is6kd7m
    @user-xu1is6kd7m Před 5 měsíci +4

    Керемет подкаст болды❤

  • @user-mz4lz5di1h
    @user-mz4lz5di1h Před 5 měsíci +3

    Бәрекелді Қазақ Қалқі Алға.

  • @user-xk3fx4pg9d
    @user-xk3fx4pg9d Před 5 měsíci +3

    Жақсы сұхбат болған екен 👍
    Бәрекелді!

  • @akbotaanuzkhanova4227
    @akbotaanuzkhanova4227 Před 4 měsíci +1

    Мықты, мықты!😊👍🏻 Қазақ қызы қашан да мықты! Ол қыз құрбың болса, тіпті керемет! Мен құрбыммен мақтанамын😘💐❤️🌺😍

  • @user-hg8wi5zl4b
    @user-hg8wi5zl4b Před 5 měsíci +2

    Айсәуле ханым, өздеріңіз секілді ұлтжанды әрі білімді, кәсіби мамандар елімізде жоқтың қасы деуге болады. Халықтың қолдауымен зиялыларға арнап кино түсірулеріңізді жалғастыруды сұраймын сіздерден! Сіздер жасаған қымбат қазыналар жалғасын тапса екен!

  • @ergenugylan5729
    @ergenugylan5729 Před 5 měsíci +3

    Керемет!!! Дами беріңіздер🙌

  • @user-lh5hm3ie6y
    @user-lh5hm3ie6y Před 5 měsíci +1

    Мына қазақтың қыздарына шын көңілден ырза болып отырмын. Оянған қыздар екен

  • @user-hi1yw6hn8m
    @user-hi1yw6hn8m Před 5 měsíci +1

    Барды бар, жоқты жоқ деп айтатыныңызға ризамын, Айеке🌹 көптен бері сұқбат көрмеп ем. Алла тек абыройдан айырмасын!

  • @yerkhan_zh
    @yerkhan_zh Před 2 měsíci

    Жақсы эфир болыпты. Білімді, сауатты қазақ қыздары. Еңбектеріңіз жана берсін.

  • @user-hy8js5fp8w
    @user-hy8js5fp8w Před 5 měsíci +2

    Салиқалы әңгімелеріңізге Рахмет🌸Айсауле шығар шыңдарыңыз жеңіл болсын, күтеміз жақсы жобаларыңызды.💐