Ғ.Құрманғалиев "Ақ Иіс" (Мұхит Мералыұлы)

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 8. 09. 2024
  • Ұйқысыз біздің Мұхтар қаршыға ұйқы,
    Жақсының жүрген жері ойын-күлкі,
    келді де бір ақ сұңқар ала түсті,
    Біз едік тауда ойнаған қызыл түлкі.
    Мұхаңның бәйбішесі Қашым еді,
    Жұлдызы өзге әйелден басым еді.
    Ақ Иіс келгеннен соң кеми берді,
    Бір кезде желдей есіп тасып еді.
    Жылқыда ерте тұрсам күрең тай жоқ,
    Ішетін шөлдегенде күрең шай жоқ,
    Беделі Ақ Иістің арта берді,
    Байқасам Қырмызыға енді бай жоқ.

Komentáře • 13

  • @user-kh9sl8dk6f
    @user-kh9sl8dk6f Před rokem +1

    Не деген құдретті дауыс

  • @user-kh9sl8dk6f
    @user-kh9sl8dk6f Před rokem

    Не деген құдретті дауыс.

  • @user-jx8xm7qv2d
    @user-jx8xm7qv2d Před 3 lety +6

    Ғареке атамыздай жан енді қайтып тумас. Дауысында бір ентігу жоқ, тап-таза мөлдір бұлақтай ағып жатқан. Айнамкөз әнін сонша керемет орындайды тіпті еш теңеу таба алмайсың. Менің Анам, Атамыздың шәкірті, ал мен Атамыздың шәкіртінің баласы болғаныма қуанамын.

    • @Mammet181
      @Mammet181 Před 3 lety +4

      Ия, Ғарифоллаға жететін, не соған деңгейлес әнші дүниеде болған емес деген ойдамын. Ғарифолланың шәкірттерінің кейбірі, мысалы ана Қапаш Құлышыва Ғарифолла ән салғанда қызарып қып-қызыл болып кетіп дауысын әрең жеткізіп салатын еді дегендейді айтады. Демек, ол ештеңені түсінбеген. Яғни, әннің мағызы сол жан тәнімен беріліп, өзі айтқандай қып-қызыл болып құбылатындығында-ғой. Сондықтан да ол Ғарифолла. Ал, әншейін әнге берілмей әнді айтса, онда оны тыңдағың келмейді, яғни құр сөз, ән емес. Тыңдаушы, құр дауысты емес-те әнді тыңдағысы келеді. Құр әншейін дауыс керек болса дауыс деген, пілде де бар-ғой. Ғарифолла қызарып айқайлағанда әннің мінезіне қарай бет-ауызын құбылтатынын білмейді. Яғни, Ғарекең арқалы әнші болғандықтан бет-ауызын, көзін өзі құбылтпайды, арқасы солай құбылтады. Ал, кейбір әншілер мұңды әнді салғанда күліп, күлдіргі әнді салғанда мұңайып, не ерсі қыймылдар жасап салады. Біреулері танауын аспанға көтеріп басын екі жаққа былғақтата береді. Арқасы жоқ әнші болғандықтан осының бәрі ерсі әрекет болып тұрады. Ән салғанда сол әнге жан-тәніңмен беріліп салмасаң ол ән дұрыс ән болмайды. Осы күнгі әншілер ән саламыз демейді де әнді айтамыз дейді. Шыннан да олар әнді айтады, яғни сөзін сөйлеп шығады дегендей. Ән еш уақытта айтылмайды. Оны тек, өзіндей қылып саласың. Әңгіме айтылады, сөз сөйленеді, ән болса өзіндей қылып ыңылдап дегендей салынады. Мысалы сүгіретті қалай айтасың? Ол, сүгірет-қой оны тек-қана салып көрсетесің деген сыяқты. Сондықтан кәзіргі әншілердің біреуі де Ғарекеңдей ән сала алған жоқ. Керек десең оның домбыра тартысын да сала алмады. Ана, Қайрат Кәкімов деген жігіт дауысы жіңішкелеу демесең сол біржоба жақсы ән салуда. Баяғы, біз көргендерден Мекес Төрешовте біржоба жақсы салатын еді. Әйелдерден Ақмарал біржоба салады. Бірақ әйелдің аты әйел-ғой ер адамдай бола алмайды. Біреу айтқан екен: Орысты қанша мақтасаң да көзі көк деп. Сол айтқандай әйелдердің дауысы жіңішке сондықтан әннің жігерлі характерін бере алмайды.

  • @Mammet181
    @Mammet181 Před 3 lety +7

    Өте керемет! Ғарифолла қазағымның ақиық әншісі-ғой. Ондай ән сала алған кісі осы күнге дейін қазақта болған емес. Ғарекеңнің ән салуын, бейнесін сақтап бізге жеткізіп отырғандарға алғысым шексіз. Яғни, қандай мақтау да оларға ылайық.
    Меруерт қарындасым, саған бір өтініш!
    Ақ иіс әні Кіші айдай әнімен бірге салынған екен. Соны жеке-жеке көрсетіп салсайшы. Сонда тыңдаушы көрерменге жақсы болар еді.

  • @pinkpower7235
    @pinkpower7235 Před 3 lety +3

    Пах, пах, шіркін атамыздың дауысынай

  • @faridadzhumagulova5560
    @faridadzhumagulova5560 Před 2 lety +5

    Кеоемет қой,сөз жоқ!Ағатайдың уақытында Мұхиттың әнін орындаушы санаулы еді,Бағымызға біраз жыл Ағатай кейінгі ұрпаққа,студенттерге дәріс беруге үлгеріп кеткеніне тәуба!Алдыңғы буын қазіргі заманда;Сәуле,Ардақ,Ержан,Райымбек,Рысты,Елмарс,Айгүл,(Елшібаева)Айгүл (Қосанова)Қатимолла ағамыз және сүйікті әншіміз Қайрат Хакімов,

  • @user-qt4xf2lk7u
    @user-qt4xf2lk7u Před 3 lety +4

    Әліде үміт етеміз өзіндеи бұл ұл тулардеп

  • @faridadzhumagulova5560
    @faridadzhumagulova5560 Před 2 lety +3

    тағ ы да басқа мықты әншілеріміздің барына тәубе етеміз,Қайоат Хакімов бәйгеге түсіп,домбырасына қамшы салдырғанда бәйек болып,тақымымды қысып отырамын,

  • @yernatnauryz2527
    @yernatnauryz2527 Před 3 lety

    🔥🔥🔥🔥

  • @user-fw5qk1ds4c
    @user-fw5qk1ds4c Před 3 lety

    😍😍😍

  • @amanzholospanov3359
    @amanzholospanov3359 Před 3 lety +1

    Керемет!!!!