Ushkyn Zhamalbek- Birlik jyry

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 29. 08. 2024
  • Бірлік жыры
    Таңжарық жолдыұлы
    Сөзімді түсінгенің іріктейсің,
    “Ірігі” не дегенде “бірлік” дейсің.
    Бірлігің болмаса егер,жауларыңның,
    Қолында маймен жаққан біліктейсің.
    Жем болып ит пен құсқа айдалада,
    Майы еріп күнде жатқан жіліктейсің.
    Сен-терек,ішің қуыс,басқалар-құрт,
    Жұп-жұмсақ қажауына шіріктейсің.
    Болмаса өз ортаңда берік бірлік,
    Қалайша көлеңкеңнен үрікпейсің?
    Келгенде өз-өзіңе тісің өткір,
    Тері теспей қан сорған сүліктейсің.
    Астыртын алалықты салып қойып,
    “Ел іші кеткен неғып іріп?” Дейсің.
    Қоймасаң осы жаман мінезіңді,
    Қауымның қатарына ілікпейсің.
    Қайталап тағы айтайын, бірікпесең,
    Жауларға даяр азық-түліктейсің.
    Істетсе керегінше өз еркімен,
    Кәдімгі иесі жоқ мүліктейсің.
    Талпынып жатыр бірлік еткен халық,
    Сен ғана шөже басқан күріктейсің.
    Солардан бір мүшең кем жаралған жоқ,
    Жалғыз-ақ ақыл қосып бірікпейсің.
    Бірліктің не екенін шын түсінсең,
    Өзің-ақ,ең алдымен, бірік дейсің.

Komentáře • 9

  • @user-jo4rm2fd5x
    @user-jo4rm2fd5x Před 7 měsíci +3

    Керемееет Алла Разы болсын!

  • @nurkanatbekbergen991
    @nurkanatbekbergen991 Před 7 měsíci +2

    👍👍👍👍👍

  • @KDM-12
    @KDM-12 Před 7 měsíci +2

    👍🏼👍🏼

  • @user-iz1mi7wj5v
    @user-iz1mi7wj5v Před 6 dny

    Екі Ұшқын болып кеткендей😂❤

  • @Kuanbeyzhin
    @Kuanbeyzhin Před 3 měsíci

    керемет жақсы мын жоқ

  • @user-ut5bp4rx4o
    @user-ut5bp4rx4o Před 7 měsíci

    Өте керемет

  • @user-zb9wb5cd3n
    @user-zb9wb5cd3n Před 5 měsíci

    Керемет.

  • @user-ko2qm9te8g
    @user-ko2qm9te8g Před 7 měsíci +3

    Ай осы Ұшқын-жан болмаса, бұндай әндерді басқа әншілер жеткізе алмайды-ау!? Әншінің әншісі қарапайымдылық-ақылдылық деп Ұшқынды айтар едім

  • @beblessedblessings2588
    @beblessedblessings2588 Před 7 měsíci +1

    👍💯🌹🌹🌹🌺🌺🌺🌷🌷🌷🌼🌼🌼🌸🌸🌸