Шетелдегі қазақ балалары. 9-бөлім | Jibek Joly

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 6. 09. 2024
  • Кішкентай кезінен болмысы бөлек, мінезді, өз айтқанын істетпей қоймайтын Сарита қазір 15-те. Асырап алған ата-анасы Саритаға бар махаббаттарын төккен. Өздері қонақжай.
    Jibek Joly TV: бізді спутниктік арна арқылы және CZcams, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!
    Біздің басты шоуларды көріңіз:
    Жаңа түнгі студия: • «Жаңа түнгі студияда» ...
    «Ел» бағдарламасы: • Ана жүрегіндегі дақ | ...
    Ләйлә Сұлтанқызымен сұхбат: • Ләйлә Сұлтанқызымен «С...
    #jibekjolytv #ШетелдегіҚазақБалалары #ЖанарБайсеміз

Komentáře • 822

  • @SHUGA-bo7fz
    @SHUGA-bo7fz Před rokem +201

    Это видео еще раз доказывает что нет плохой нации,есть плохие люди..
    Осындай адамдарға Алла разы болсын!🤲

  • @imanhidayat3713
    @imanhidayat3713 Před rokem +137

    Саританың жүзінде мұң 😔 жаным ау. Переходной возрастаннан аман есен өссе екен. Қазақтың тақиясы киіп еді, қандай сұлу қыз жарасады. Біздің санасыздығымыздың кесірінен осындай бүлдіршіндер шет елге кетіп жатыр. 😔 Саританың әжесі бәріне күнәлі болып тұр ғой. Некесіз баладан ұйялып. Ел жұрттан ұйялып өз немересінен бас тартып. Жұрт не демейді, есек не жемейді. Екі ортада қызыда ауырып қайтыс болды, немересінен де айырылды. Отырсын енді. Мен де аяғым ауыр деп үйге келгенімде. Анам мен әкем мені қолдап, қызымды бағып берді. Аллаһқа сансыз шүкір!!! Ел жұр сөйлеп сөйлеп боқ жеп қойды. Қазыр қызым 20, өзіммен бірге тұрады. Мен де тұрмысқа шығып балалы шағалы болдым. Аллаһқа шүкір. Балпларымызға дұрыстап қарайық, тәлім тәрбие дұрыс берейік, қандай жағдай болмасын оларды қолдап, дұрыс жолды көрсету біздің парызымыз. Күнә жасаудан Аллаһтан қорқайық халайық!

    • @user-kt8el7re2w
      @user-kt8el7re2w Před rokem +10

      Оте дурыс айтасыз!
      Елдер сойлейды де кояды,даже Алла Сол сойлегендердын басына далдеп беретынын кайтерсыз

    • @imanhidayat3713
      @imanhidayat3713 Před rokem +12

      @@user-kt8el7re2w шынымен айтасыз. Сөйлегендердің бәріне тура сондай сынақ жібереді ғой Құдретті Аллаһ! Сондықтан ауызымызға ие болуымыз керек.

    • @ainurbesinbai
      @ainurbesinbai Před rokem +10

      Сизди колдаган ата ананыз улкен ерлик жасаган!

    • @imanhidayat3713
      @imanhidayat3713 Před rokem +15

      @@ainurbesinbai иә. Аллаһқа сансыз шүкір. Оларға қарыздармын. Қызым маған ұқсамаса да, жақсы көріп өз қыздарындай бағып қарады. Аллаһым риза болсын ата-анама. Қызым, бойы ұзын, сұлу қыз болып өсті. Озі КБТУ грантқа түсіп, бәріміз ризамыз. Аллаһым ата-анамның жүректеріне мейірім ұялатты. альхамдулиЛляһ! Олардың жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпаймын.

    • @user-pm9dz1nv8t
      @user-pm9dz1nv8t Před rokem +2

      @@imanhidayat3713 imanga kelgenszau

  • @rimma1611
    @rimma1611 Před rokem +105

    Менің ойымша осы бағдарламаны мектепте жоғарғы сынып оқушыларына арнайы сабақта, мүмкін тәрбие сағатында ма, көрсету керек, олардың жүректерінде сезім оятып, ұл болсын, қыз болсын, болашақта баласын тастамайтындай, егер сондай жағдай болып жатса жылдар өткеннен кейін өз балаларына қолы жете алмай, жәудіреген көздерін көріп, өз қанынан жаралған сәбиі бөтен адамдардың құшағында, мейрімге бөленіп жүрсе де, туған елі, өз жұртынан, ата тегін білмей жырақта жүргенін көріп жүректері езілетінін сезінер, оған жол бермеу үшін ойланар, осы көріністер миларының бір тетігіне сақталар...

    • @user-fo2bv5wk2m
      @user-fo2bv5wk2m Před 11 měsíci +2

      Дурыс айтасыз. Мен сизбен келисемин. Жане осы багдарламаны ата-аналаргада жийи корсетип солардын санасына дурыс оздерин алдымен тарбиелеп,сосын ул-кыздарына дурыс тарбие,дурыс насихат беруи керек деп ойлаймын. Ата-ана,балалар гана емес Укимет басшыларына дейин осы багдарламадан дурыс сабак алулары керек.

    • @ainursarmergenova6092
      @ainursarmergenova6092 Před 10 měsíci +2

      Косыламын пикиринизге

    • @user-hm7fi3xb6r
      @user-hm7fi3xb6r Před 10 měsíci +3

      Дұрыс, қосыламын

    • @serikutegenov6562
      @serikutegenov6562 Před 8 měsíci +4

      Өте дұрыс ұсыныс, және теледидардан көрсетсе жақсы болар еді.

  • @Shokendi
    @Shokendi Před rokem +124

    Еуропалықтар қандай мейірімді жандар еді😍

  • @user-ne3gu9eu2b
    @user-ne3gu9eu2b Před rokem +140

    Осы біздің балаларды бағып алған шетелдік ата-аналарына ұзақ ғұмыр тілеймін, қандай дархан көңілді тамаша жандар басымды иемін 👍👏👏👏

  • @tompppdfd3897
    @tompppdfd3897 Před rokem +612

    Мен қазақпын мейрімдіміз қонақжаймыз бала жандымыз анаумыз мынаумыз деп мақтанғанда алдымызға жан салмаймыз.бірақ кім екеніміз осындайда білініп тұрғаны ащыда болса шындық

    • @seppiseppi1346
      @seppiseppi1346 Před rokem +24

      Дұрыс айтасыз!

    • @user-we9gu1up3e
      @user-we9gu1up3e Před rokem +58

      Баскасын былмеймын,боспе халыкпыз гой. Шынына келгенде,,мына адамдар кандай карапайым,кызметыне, барлыгына босып отырган жок. Быз айтеу болымсыз нарсеге кеуделене беремыз.

    • @user-bp3fv8jf1x
      @user-bp3fv8jf1x Před rokem +35

      Оте дурыс айтасыз . Керемет айттыныз.Бос кеуде дангоймыз.Тектимиз ойбаймыз сойбаймыз деймиз.Бес арыс уш байтеректин тубине жеткен Сол озимиздин казагымызгой.Баланы тастап ,зат болса кымбаттатып Оз халкын алдап арбап жаткан да казак карап отырсан.

    • @Bach-iu9fz
      @Bach-iu9fz Před rokem +1

      Дұрыс айтасыз, осындайда қандай ұлт екеніміз көрінеді. Мақтаншақпыз, қазақ қазақты алдауға, ұрысуға дайын тұрады! Өкінішті-ақ,

    • @user-km6fm6ef7c
      @user-km6fm6ef7c Před rokem +27

      Өзінікін өзектен теуіп, бөтенді бауырға басатын ақымақ қасиетіміз бар. Өкінішті

  • @shukan.hellokabdan9525
    @shukan.hellokabdan9525 Před rokem +93

    Мықты жанұяларға жолыққан екен. Асырап алған ата аналарына мың алғыс. Барлығына денсаулық бақыт тілеймін!

  • @madinaduysen2734
    @madinaduysen2734 Před rokem +180

    Әр бөлімінде жүрек ауырады, көзге жас келеді, жанымыз күйеді. Бірақ бұл күйік ана дүние оттан ыстық емес ау. Бұдан кейін Қазақ жетімін жылатпаған, Жесірін қаңғыртпаған ел емеспіз. Алла ұлық, Алла мейірімді Алла кешірші бізді күнәхарларды. Бізден бала сатылғаның алғаш ашық айтқан Саританың ата-аналарына көп рахмет оларға.

  • @Shokendi
    @Shokendi Před rokem +106

    Еуроралықтардан үйреніп алатын көп жақсы жақтары бар екен🤗

    • @user-dr9ik6yl4k
      @user-dr9ik6yl4k Před 10 měsíci +2

      Европалыктар тарбиесi Тамаша.

    • @keen2053
      @keen2053 Před 10 měsíci

      Белсіз болуды үйрену ма?

    • @Shokendi
      @Shokendi Před 10 měsíci

      @@keen2053 белсіз болу Құдайдың берген дерті! Мен адамгершілікпен, мейрімді болғандары

    • @tailung5933
      @tailung5933 Před 9 měsíci

      @@keen2053жоқ, қазақтар сияқты балаларын туып тастап жер бетіне шашуды үйрену керек пе?

  • @user-xk1nj5sn7v
    @user-xk1nj5sn7v Před 10 měsíci +27

    Еңіреп жылап отырып көрдім. Осы кісілерден үйрену керек мәдениетті, мейірімділікті.Мұсылманбыз дейміз, бірақ жүзіміз суық, кеудеміз бос, жүрегіміз қатты…😢😢😢😢

  • @gulnarabadyganova2886
    @gulnarabadyganova2886 Před rokem +96

    Сарита такая красавица и какие ее родители прекрасные люди . Здоровья им и долгих лет жизни . Они прямо как казахи гостеприимные !!! ❤

    • @akimgul2208
      @akimgul2208 Před 10 měsíci

      В Бельгии жизнь очень хорошая, поэтому и люди там добрые, всегда помогут.

  • @MuSafi2827
    @MuSafi2827 Před rokem +300

    Бізде жыныстық тәрбиенің жоқтығы, және ұлдарымыз мейірімсіз жауапкершілігі жоқ болуы.😢😢

    • @user-bl1bo4gk9e
      @user-bl1bo4gk9e Před rokem +6

      Келисемин Сизбен.

    • @univer18
      @univer18 Před rokem +2

      Бұлай жазуыңыз, ғажап емес . Біреулер үтірді ұмытып жатса, біреулер артығымен жазады демекші

    • @Adai_balasy1994
      @Adai_balasy1994 Před rokem +1

      Қыздар шыдамсыз болгасын осындай болады

    • @violetmasim2794
      @violetmasim2794 Před rokem +11

      Бала болған жағдайда жігіттер үилену керек, баланы жетім қылмаи, неше түрлі сылтау тауып кетеді , қартаиғанда талаи шалды көрдік, өздері қаңғып қалады өмір бумеранг

    • @qazaqeli.
      @qazaqeli. Před rokem +4

      Аркимнин тагдыры аркалаи жазылган, сондыктан алда не боларын ешким билмиди,бундай жагдай каи елде болмаи жатыр екен,Арине Казак елинде азаиганын калаимыз.

  • @perizatmanarbekova750
    @perizatmanarbekova750 Před rokem +61

    Сәлеметсіздерме!
    Көріп және оқып отырған әрбір адамның күні сәттілікке, жүрегі мейірімге толсыншы!🤍
    1-ші бөлімнен, 9-шы соңғы бөлімге дейін көріп шықтым. Ой түйгенім: сол жылдары қазақтың жағдайы болмағаннан кейін, сол кездегі жастардың білімсіздігінің әрекетінен, "ел-жұрт недейді" деген сөзінен, туысқандық қамқорлық пен қолдау жоқтығынан осындай әрекеттерге барады. Күнәсіз туылған періште балалардың несібесі бар, оларды Жаратқаным қорғап жақсы адамдардың қолына жолықтырған екен. Өмірде бәрі алма кезек қой, адамның өз тағдыры бар, сынақ. Шетелдіктерге дүниеден гөрі уақыт қымбат, мейірімділік қымбат.
    Бізде асырау үшін дүние жоқ, жағдай мен жауапкершілік жоқ.
    Осы бағдарлама әрбір көрген адамға ой салатын, болашақта қазақ еліне бағыт бағдар беретін туынды болды.
    Мықты бағдарлама, мықты журналистік зерттеулер, мықты қолдаушылар, мықты елшілік! Жұмыстарыңыз жаңа берсін!
    Сіздерге мың алғыс!
    Шетелдегі әрбір Қазақ жалғызым, амандықта болыңыздар!
    Бір Аллам қорған, демеу болсын! 🙏

  • @ra-fb8sc
    @ra-fb8sc Před rokem +25

    Қазақтарда ұлдарға тәрбие берілмейді. Ата- аналар ұлдарға :"Әй, балам. Қыздарға қиянат жасама. Өзіңді тежей біл. Басқа қыздар да сендердің өз қарындастарың сияқты. Силау керек, қыздарды құрметтеу керек!"- деп бір ата - ананың айтқанын естімеппін!!! Қазақтар тек қыздарға ғана тиым салып, тәрбиелейді, ал ұлдарды бетімен қоя береді!!! Қазақтың ұлдары "қиянат"- деген сөздің мағынасын еш түсінбейді!!!

    • @user-pd2go1hi3u
      @user-pd2go1hi3u Před rokem +4

      Дұрыс айтасыз, екі жиенім аяғы ауыр болып қалды. Ұятқа қараған жоқпыз, бағып жатырмыз. Ұлдар әкелерін сұрайды. Кім екенін білгісі келеді. Ал жауапкершілігі жоқ еркектер тырбыңдап жүр ғой. Алла тағаланың көзі түзу болсын.

  • @user-gv3cs5rs4t
    @user-gv3cs5rs4t Před rokem +57

    Неге мен жылаймын осы бағдарламаны көрсем ? Менің тастаған балам жоқ бұл дүниеде , балалардың да жағдайы жақсы әлдеқайда , керісінше мен қуануым керек . Егер бұл балалар қалса , бұлай көрсетпес еді , көрсетсе де мүлде қарамас едім , аяғанымнан . Ал қазір мен қуанып қараймын балалардың жағдайының жақсылығына . Бақытты болсын ! Қазақстанды жек көрмесін !

  • @user-kt8el7re2w
    @user-kt8el7re2w Před rokem +13

    Осы шетелге кыздар турмыска шыкса,казактар жатып шулайды,казактардын балаларын бауырына басып тарбиелеген ,сол шетелдыктеодын мейырымды журегынен айналдым!Алла Тагала ол жандарга Узак та Бакытты омыр берсын!

  • @user-bl1bo4gk9e
    @user-bl1bo4gk9e Před rokem +61

    Я так тяжело восприняла эту историю,смотрела и плакала,сердце так болело.
    Мама ее заболела от горя,она была молодая и за нее решили взрослые.
    Я очень рада,что заграничная семья ,родители оказались хорошими
    Желаю всем вам,друзья счастья и здоровья!!!

    • @user-ih3si8nh6g
      @user-ih3si8nh6g Před rokem +1

      😢😢

    • @user-qq2cr1jv9r
      @user-qq2cr1jv9r Před rokem +4

      Соны айтам, құса мен күйіктен қайтыс болып кеткені өкінішті....

    • @user-jo6my7il9j
      @user-jo6my7il9j Před rokem +5

      Саританың туған анасы қатты куизелісте ұзақ болған, бірәқ анасы оны білмеген деп оилаим😢

  • @miramira5734
    @miramira5734 Před rokem +36

    Жер бетінде осындай мейірімді адамдар көп болса екен😍♥️

  • @gahasana9828
    @gahasana9828 Před rokem +41

    Ай шіркінай біздің бауырларымыз ға басқа ұлт адамдары мейірімді болғандарына мың алғыс , көзіме жас үйіріледі осы бағдарламаны көргенде . Журналист қыз өте әдемі мейірімді жан , Негізі жер шарында барлық адамдар мейірімді болса екен еее аллам ,

  • @user-ij3nd7yx9j
    @user-ij3nd7yx9j Před rokem +11

    Шет ел менталитеті керемет, бала көтере алмаса, тууға денсаулығы болмаса, ажырасып кету немесе екінші рет үйлену деген жоқ екен көбінде. Бала асырап алу үлкен жауапкершілік екенін түсінетін жандар екені көрініп тұр. Алғысым шексіз асырап алған жандарға.

  • @gulnarabadyganova2886
    @gulnarabadyganova2886 Před rokem +270

    Нас казахов и так мало на земле . просьба не бросайте детей в детские дома Аллах всегда поможет !!!

    • @user-fp4fy2kf1o
      @user-fp4fy2kf1o Před rokem +15

      Видела.девочку. 9и.лет.горько
      рыдала.что.уронила.телефон вводу. и.боялась.идти.домой.в сьемной. общаге.1комната. без плиты.без.туалета.просто.каморка мать.на.двух.работах..девочка говорила.с трясущимися.губами мы. бедные.очень.бедные..не.думаючто не.ждет.светлое.будущее

    • @user-is7jp6jd1u
      @user-is7jp6jd1u Před rokem +10

      Шет елге мыңдаған,балаларды неге береді ,қазақтар азбыз.

    • @user-hk3yk7rv2u
      @user-hk3yk7rv2u Před rokem +15

      @@user-fp4fy2kf1o если будем сидеть и ждать такаевский новый казахстан, то так и будем бедными, надо жить как в Европе, но они боролись за свою свободу.

    • @user-io2jz9gi8o
      @user-io2jz9gi8o Před rokem +14

      Зачем ондаи создер наборот шетелде оскен дурыс казахстанда алкаш или бомж болып кетеды

    • @user-rv4lu2ru8v
      @user-rv4lu2ru8v Před rokem +17

      Я рада за этих Детей!
      Жили бы в детском доме, нет любви и семьи! Спросите у Детей детских домов ,какого им ? Ещё раз повторюсь что они счастливые и получили правильное воспитание!!!!

  • @zinaomarova3887
    @zinaomarova3887 Před rokem +47

    Какие классные люди попались этим ребятам Прослезилась все равно они наши Казахи и уигурка девочка тоже наша! Все равно большая часть Европеицев это очень порядочные люди Рахмет им за наших детеи! Рядом Россия со своими имперскими мышлениями, как хотелось бы чтоб такие соседи граничали с нами!

  • @sr-eb3dm
    @sr-eb3dm Před rokem +213

    Көзге жас алмай қарау мүмкін емес. Бахытты болсын балапандар. Ерлан жадыраған керемет жігіт боп өсіп келе жатыр екен. Сарита қазақтын сызылған аруы бопты. Бельгиялық әке щещелеріне мың алғыс, өмірлері ұзақ болсын🤲. Оларға да бір бір тақия кигізсе жарасар еді).

    • @user-lg1sp4ck7v
      @user-lg1sp4ck7v Před rokem +3

      Дұрыс айтасыз, аналарына орамал жапса да жарасады

    • @kazizaazmanova1316
      @kazizaazmanova1316 Před rokem +6

      Мен де соны ойладым..

  • @user-wf2ud1fp5z
    @user-wf2ud1fp5z Před 11 měsíci +38

    Ерланның ата-анасына, Саританың ата-анасына мың алғыс, өте жақсы тәрбие берген, ақылды да әдемі болып өскен, түсірілім тобынада көп рахмет, қазақ балаларымызды көріп жүрегіміз ауырады, аман сау болсын! 🙏😘😘😘

  • @kamshat892
    @kamshat892 Před rokem +32

    Ерлан қандай сүйкімді бала жанымсол арманына жет.. Бағып алған ата-анасы осылрдың қызығын көрсін..

  • @user-vn7mk4fu5x
    @user-vn7mk4fu5x Před 10 měsíci +12

    Ұялып кеттім мен қазақ екеніме мақтанамын дегенде. Баламызды қаңғытып, жаутаңдатып отырып, қалай ғана жақсымыз дей аламыз. Қарны тоқ, көйлегі көк болса да жүректеріне тыныштық жоқ болу қандай жаман! Аллаға сансыз шүкіршілік айтамын, осындай азаптан сақтаған. Қандай азап, өзіңе жүк арқалап өту. Алла бұл балаларға ж ақсы өмір берсінші!

    • @user-uk7sw5dp5t
      @user-uk7sw5dp5t Před 7 měsíci

      Бакытты болыңдар балалар
      Сендерди жаксы коремиз

  • @akesininkyzy
    @akesininkyzy Před rokem +34

    Жанардың осы бір бағдарламасы жүз ахаху-сахаху бағдарламаның алдын мың орап алады.

  • @Shokendi
    @Shokendi Před rokem +31

    Не болса да асырап алып кеткені жақсы болған екен! Қаншама надан қазакеңді көргем ішінен шыққан өз баласына тәттісін беріп басқа жақынының баласын шеттетіп тіпті қол жұмсағандарда баршылық! Осындай мейірімді жандардың балалары болғандарына қайта мен қуанып отырмын!

  • @user-bw6iy9km5l
    @user-bw6iy9km5l Před 10 měsíci +17

    Саританың, Ерланның барлық шет елде жүрген балдарымызға ашық жол тилеймин!!!

  • @Kazakhheror
    @Kazakhheror Před rokem +68

    жасым 34-те ер адам болып, әр бір шығармада жалаймын! Көңілім мүмкін тым жұмсақ болар 🥺

    • @Nazsisen1983
      @Nazsisen1983 Před rokem +6

      Жүрегіңіз бар, және жаныңыз таза адам болып тұрсыз ғой

    • @bolathanbolathan3238
      @bolathanbolathan3238 Před 10 měsíci

      менде😢

    • @user-cb4zp5li7u
      @user-cb4zp5li7u Před 8 měsíci +1

      Осының бәрін ұл балаларға көрсету керек кішкене кезінен тек қызға ғана жауапкершілік жүктемей

    • @user-bb6cl2so6j
      @user-bb6cl2so6j Před 7 měsíci +1

      Жасым 32-де бірақ мына бағдарламада жыламау мүмкін емес...

  • @user-iv6vr4vs9l
    @user-iv6vr4vs9l Před rokem +13

    Егер Жанар болмағанда, алдына мақсат қойып осынша еңбектенбегенде бұл шындықтың беті ашылмайтын еді. Рахмет Жанар! Бақытты бол!

  • @user-hz9gb8td2d
    @user-hz9gb8td2d Před rokem +31

    Жанар қарындасым үлкен рахмет! Фильм түсіру оңай емес, балалардың мәңгі есінде қалады. Бала асырап алудың жақсы жағы да бар ғой: мейірім мен махаббат!

  • @Nazerketalgatqyzy__
    @Nazerketalgatqyzy__ Před rokem +55

    Ешбір бала, ешбір ана жыламасыншы?!... 😥😥
    Барлық адамзат бақытты болсын!

  • @lee1861
    @lee1861 Před rokem +30

    Мехрибанды Индияның қызы ма деп қалсам ол да Қазақстаннан екен гой ұйғыр қыз екен.Барлық балалар бақытты өмір сүрсін

    • @user-kv3qr5fb3f
      @user-kv3qr5fb3f Před rokem +1

      Ұйғыр қыз емес,шешесі ұйғыр просты үндіден туған айттығо басында

    • @lee1861
      @lee1861 Před rokem +1

      Басе ұқсайды үндіге.

  • @user-hk7ub1fd3s
    @user-hk7ub1fd3s Před rokem +27

    Ұрпағымызға дұрыс тәрбие беріп, әр адамның алдында, әр іс-әрекетіміздің артында үлкен жауапкершілік барын түсіндірейік, қазақтар!

  • @nowar3141
    @nowar3141 Před rokem +22

    Балаларының тастап кеткен аналарына ,асырап алған аналары рақмет айтқаны ерекше әсерлі,екінші жағынан жанға қатты батады екен.

  • @user-se8bl7so4q
    @user-se8bl7so4q Před rokem +16

    Ерлан түк өзгермепті. Нағыз қазақ жігіт. Аман болсын балалар қайда жүрсе де

  • @user-qk3yv7jp9w
    @user-qk3yv7jp9w Před rokem +22

    Низкий поклон. Прекраснные люди. Салите и Алану повезло с такими родителями. Пусть Аллах хранит вас.

  • @user-cu5wv1jh7m
    @user-cu5wv1jh7m Před rokem +28

    Саританың анасы күйіктен кеткен екен ау, иманды болғыр!
    Үлкендер айтушы еді, күйігі ішіне түскен деп. Қайда жүрседе қызы аман болсын!

    • @Adai_balasy1994
      @Adai_balasy1994 Před rokem +1

      Куйіктен емес пиво арактың кесірі болып турго

  • @user-yp8nh9kx1m
    @user-yp8nh9kx1m Před rokem +20

    Шет елге сатты балаларды деп айтамыз бірақ, Қазақстанда жетімдер үйінде тәрбиеленіп кейін кім болып шығатыны белгісіз адам болып өскенен, кім асырап алса да бала бақытты болып, өскені қандай керемет!

  • @user-tn4nq7to8r
    @user-tn4nq7to8r Před rokem +13

    Саритада мун бар, анасынын киналганын сезен шыгар, бирак оте жаксы отбасыга барыпты Сарита бакытты болсын!! Баска да биздин казактын кара коздери аман болсыншы, бакытты болсыншы деп тилеймин !

  • @user-wf5rs8gg4v
    @user-wf5rs8gg4v Před rokem +24

    Американдықтар, мына Бельгиялықтар жүректері бізден де кең сияқты расымен. Біз бала асырап алмаймыз ғой утю-тю деп сырттан жанымыз ашыса да. Олар өздеріне де ұқсамайтын біздің қара домалақтарды асырап бала қылып өсіріп жатыр. Не деген жақсы адамдар💌💌💌🙏🏽🙏🏽🙏🏽👍🏽👍🏽👍🏽

  • @aigerimniyazbekova6575
    @aigerimniyazbekova6575 Před rokem +128

    Очень жаль биологическую маму Сариты. Она расплатилась своей жизнью за свои грехи. Но её мать вообще удивила. Вместо того чтобы поддержать дочь она заставила бросить свою внучку. Не понять мне этот казахский менталитет. Наверное где то ходит один мужик, и даже не предполагает что у неё есть дочь Сарита, которая родилась из за его безответственности.

    • @moonlighta8800
      @moonlighta8800 Před rokem +20

      Каз.уят болады (заставила бросить внучку ),уят емеспе балдарын тастауга ...менталитет.

    • @user-he2ci9my1f
      @user-he2ci9my1f Před rokem +18

      Кызын кызынан айырды, бирак ози де кызынан айрылды. Олай болып жатса кыздарга айтарым аналар уйине барындар отиниш. Тек тастамандаршв. Айтады гой сабидин коз жасы жибермейди деп. Но Ерланнын ата анасы кушти екен. Коп баланын ишинде Ерлан ганп озин ози еркин шынайы бакытты коринеди

    • @user-fw9oh3io8f
      @user-fw9oh3io8f Před rokem +8

      Балалар аман болсыншы, қазақпын деген түрлерінен!

    • @user-md9qm2bc6o
      @user-md9qm2bc6o Před rokem +18

      Чем казахский минталитет не нравится? Уят болады мы обязаны в сердце держать, по этому мы казахи это наша культура и менталитет. Надо правильно воспитывать сыновей и дочерей, в последние годы каждый второй разводится, дети растут сами по себе, потому что, в основном родители занимаются личной жизнью. Что такое уят и с чем его едят, слово пусть на себя посмотрят такой ли менталитет и культура нужны казахскому народу? Откуда пришло веся беспредельная грязь? Почему мы должны поддерживать блуд, в место того чтобы выкарчевывать? Это урок всем нам казахам воспитывать детей в правильном направлении, кызға қырық уйден тию, а сыновьям быть ответсвенными за своими поступками. Только тогда будет мать РОДИНОЙ, отец ЩИТОМ и МЕЧОМ. Из-за без ответственности к поступкам своим КАЗАХ измельчился, слабый!!! Просто выполняет словами, а не на деле!!! Всем нам КАЗАХАМ, огромный урок, детей воспитывают в другой стране. Вот вам и вопрос где щит, мечь и родина казақтың қара долмалақ үл қыздарының. 25мың баланың тағдырлары қалай екен? Не все 25 тысяч красивая жизнь, я уверена.

    • @moonlighta8800
      @moonlighta8800 Před rokem +12

      @@user-md9qm2bc6o Раз уж это случилось ,раз уж родился ребёнок, так поддержать надо своих детей в каких угодно ситуациях ,а не заставлять бросать ,оставлять ,,,,что люди скажут и т.д Живём общ.мнением и жизнью др.людей.Такие ситуации могут случатся с мега воспитанными детьми и нет.Никто не против каз.менталитета, но черта угождать другим не в угоду себе ,,,не есть лучшая .О какой красивой жизни вы говорите ,,,25000 детей вывезли чтобы они имели возможность физ.выжить если больны (мед.помощь )все же,может разгрузить детские дома ,кто знает какая цель была этой акции .Каждый ребёнок независимо от национальности остаётся с вопросом на всю жизнь ,,,,почему его оставили ,это поколеченная душа .Дай Аллах найдут силы жить достойно и спокойно.И это тоже в нашем менталитете ,,,грубо отвечать и общ.с незнакомыми людьми.Каждый из нас должен работать над тем чтобы улучшался наш менталитет, а не так ,это так было 50 лет назад и идём дальше .В комментарий было написано, именно ,на тему ролика .Не оставляйте своих детей ,чужих детей ,детей рядом без внимания .

  • @user-eg7ql3sy2m
    @user-eg7ql3sy2m Před rokem +22

    Не возможно не плакать,какие люди,какая у них душа и сердце!!!!В огромном Казахстане не нашлось богатых,кот

  • @user-pt5lx3gs7s
    @user-pt5lx3gs7s Před 9 měsíci +40

    25000 брошенных детей , так стыдно за Казахстан 😣😔😔😔 зато за границе эти дети нашли любовь и заботу , спасибо родителям прекрасные люди

    • @user-zy2ry5bj6i
      @user-zy2ry5bj6i Před 8 měsíci +5

      Балдарды асрап алган адамдарды Аллах раазы болсын.

    • @gula1725
      @gula1725 Před 7 měsíci

      ❤❤❤😢❤❤❤❤

    • @user-jh2jq8su4k
      @user-jh2jq8su4k Před 7 měsíci

      800.000

  • @Dikoch_1984
    @Dikoch_1984 Před rokem +43

    Қазақстанды кедей мемлекет деп ойлайды, еркектер жауапкершілік міндетін алса, бұндай болмас еді.

    • @bisultan
      @bisultan Před rokem +1

      Расымен кедей мемлекетпиз гой

  • @user-qi1wt2lx7i
    @user-qi1wt2lx7i Před rokem +30

    Қандай мейірімді жандар! Бізде қалса қалай болар еді! Қайда журсе де аман болса болды! Бақытты қарындары тоқ! Оларға мейірімнен басқа не керек!

  • @user-gh1nt9eq7l
    @user-gh1nt9eq7l Před rokem +28

    Керемет жандар екен! Алла ұзақ өмір сүруді нәсіп етсін! Көзіңе жас алмай көру мүмкін емес….😢😢😢

  • @user-bu9of5fw7z
    @user-bu9of5fw7z Před rokem +23

    Благодарю приемных родителей!Какие они доброжелательные,да хранит их Всевышний !

  • @user-cj2cb1tq6x
    @user-cj2cb1tq6x Před rokem +19

    😢😢😢Анашын көрмеген жақсылықты ,сен көр Сарита.Бағын ащылсын , бақытты бол!

  • @user-ft8sd7jy7y
    @user-ft8sd7jy7y Před 8 měsíci +4

    Бағдарламаның деңгейі шетелдік bbc бағдарламаларынан кем емес. Өте керемет жұмыс атқарып жатырсыздар. Балапандарға айтарым қайда жүрсе де жолдары болсын. Дендері сау, бақытты адамдардың қатарында болсын!

  • @user-we5iy5cw9l
    @user-we5iy5cw9l Před rokem +11

    Рахмет Жанар! Керемет бағдарлама, керемет адамдар ❤
    Көзіме жас келіп, жүрегім ауырып қарадым
    Өз баласындай сүйіп асырап, бағып қағып жүрген осындай тамаша ата-аналарға көп алғыс ❤

  • @user-bw6iy9km5l
    @user-bw6iy9km5l Před 10 měsíci +3

    Жанар ханым, биринши сизге рахмет.
    Мен мына бағдарламаны көрип, көзіме жас келді.
    Европалық азаматтарға алғыс билдиремин.
    Қазақ балдарын асырап алып, мейирим көрсеткендери үшін, ұзақ ғұмыр тилеймин.
    Осы махаббат пен өсірген ұл қыздарының тек қуанышына бөленсин.
    Не деген мәдениеттері дамыған ел!!!!

  • @gaukharkz2616
    @gaukharkz2616 Před rokem +33

    Сарита - настоящая казахская красавица😍

  • @shaponaii
    @shaponaii Před rokem +33

    Жаным Алла разы болсын Жанар Байсеміз,барша еңбегі сіңген жүрегі жұмсақ жандарға.

  • @user-gr5vb5wo6g
    @user-gr5vb5wo6g Před rokem +54

    Казакстаннын чиновниктеры онбаған, кудайсыз адамдар.Сумдыккой , 25.000 баланы сатканы.
    Казакстаннын бар байлығын сатып, акшага әбден куныгып кеткен.
    Бакытты болсын шет елде осып жаткан балаларымыз.

    • @user-kp9ty3ed1t
      @user-kp9ty3ed1t Před rokem +1

      😥

    • @user-lj1vg3zi4s
      @user-lj1vg3zi4s Před rokem +6

      Алыңыз детдомнан быр ауру баланы, осырып жеткызыныз,содан кейін жазыңыз . Ойбоой,тегы дурыс емес, денсаулығы дурыс емес деп шығамыз. Оданда жаксы отбасында осып келе жатқанына шукыр демеймызбе.

  • @user-lg1sp4ck7v
    @user-lg1sp4ck7v Před rokem +14

    Менімше кеткені де дұрыс болған, қараңыздаршы қандай от басына тап болған, анандай әке-шешені тек армандау керек 😘👍👍👍❤️

  • @user-ev5ug3tv9i
    @user-ev5ug3tv9i Před rokem +10

    Ерлан мен Саританын ата-анасы кандай керемет жандар, Алла разы болсын

  • @user-ex7tc3zh1i
    @user-ex7tc3zh1i Před rokem +22

    Аман болсыншы қазақ балалары😭😭😭

  • @user-rl4wt8dq9c
    @user-rl4wt8dq9c Před rokem +21

    Сүп сүйкімді балалар. 😍😍😍 Бақытты болсыншы бəрі!

  • @akesininkyzy
    @akesininkyzy Před rokem +42

    Саритоның анасы іштей күйіктен кеткен шығар. Жаны жәннатта болсын!

    • @seppiseppi1346
      @seppiseppi1346 Před rokem +9

      Арқаға жүк болған уайым дертке ұшырап өмірден дас кетіп отыр, Сарита қыз көңілсіз, бірақ ата-анасы керемет жандар екен, осындайда айтылатын шығар құдайдың сүйген пенделері деп!

    • @user-eb9ln2rj7y
      @user-eb9ln2rj7y Před rokem +2

      Саританын конили жок оте мунлыжурегин ауырады, уят уят деп коп нарсеге конил болмеймиз кишкентай кызга орын табылмаганын куйнесин ,кызынанда,немересине де айырылды,буйткен уяты бар болсын,журегим ай 😢😢😢

  • @mahotaho3342
    @mahotaho3342 Před rokem +18

    Какая бабушка у Ерлана! Честная и правильная! Прослезилась!

  • @user-cj1gf8gt6n
    @user-cj1gf8gt6n Před rokem +13

    Ребята, какие вы молодцы. Огромная душевная работа. Жұмыстарыңыз өте маңызды, рақмет сіздерге ❤ !!

  • @user-li4ky5su5n
    @user-li4ky5su5n Před rokem +19

    Сіздерге Алла жар болсын! Қандай керемет жандар, аман болсын!

  • @zhansayakozhamkul2671
    @zhansayakozhamkul2671 Před rokem +16

    өте жақсы түсірілген, мұндай бағдарламалар бізге керек

  • @user-yi2uq9kd7r
    @user-yi2uq9kd7r Před rokem +17

    Алла разы болсын балаларды аман сау осы жаска жеткызгендерыне. Жаксы жандар екен асырап алган ата аналар.

  • @darimazoloto192
    @darimazoloto192 Před rokem +13

    Алла разы болсын бұл мейірімді жандарға 🤧😭😭😢😢 балалар қандай бақытты отбасында өсіп жатыр керемет. Жүректері кең екен. Біздің қазақтарға үйренетін әлі қаншама дүние бар

  • @user-ih3si8nh6g
    @user-ih3si8nh6g Před 10 měsíci +13

    Қыздарынды баланы тастап кетуге мәжбүрлемендер. Қайғы жұтты ғой Саританын анасын

    • @user-xj5xi7kt4u
      @user-xj5xi7kt4u Před 7 měsíci +2

      Өте дұрыс айтасыз! Бір туыс әпкеміз мектептен жүрген жігітінен студент кезінде аяғы ауырлап қалды* Бір ауылдікі. 2004ж үйде отырып қыз туды. Оқуын тастап кетті. Жігіт алмай қойды. Соңында ауырып' диагноз ешкім қоя алмады * 2008ж дүниеден өтті, Қызын мамасы өсіріп жатыр' Өзі жаман құса болып ыза болып жігітке депрессия түскен гой* Қызы кәзір универде оқиды* Сол жігіттен аумайды* Ол жігіт балалы бола алмапты деп естідім

  • @user-ik6db8de2p
    @user-ik6db8de2p Před 11 měsíci +5

    Не деген жақсы адамдар.шет елдіктер осындай тәрбиелі,мәдениетті,кең жүректі деп ойламаппын

  • @umayana8954
    @umayana8954 Před rokem +8

    Қандай керемет жандар! Балаларға деген мейірімдерін сөзбен айтып жеткізе алмайсың! Асырап алған балаларының қуанышы мен рахатын бірге көрсін! Бәрі де бақытты болсын!

  • @user-jb3rc2jo1t
    @user-jb3rc2jo1t Před rokem +9

    Керемет сукбат болды, осындай адамдар дана жандар елимизде көп болсын

  • @user-mg9mj7lt6w
    @user-mg9mj7lt6w Před rokem +26

    Ар пердачада ыйлап алам
    Жанар Ханым Сизге чон Рахмат Ишке ийгилик Бар болунуз Аман болунуз

  • @user-my5sk8zz8i
    @user-my5sk8zz8i Před rokem +18

    Кандай Керемет Адамдар ,Ауыл дары кандай Тамаша ,Дамып кеткен , Биздин Казакстанын Ауылдары осындай болса гой , Елдин Сонында журген Казактармыз , Окиништы

    • @user-we9gu1up3e
      @user-we9gu1up3e Před rokem +4

      Манайымызды жинап термеймыз,кымнен коремыз..

  • @user-ij6dk5kh1f
    @user-ij6dk5kh1f Před rokem +19

    Көкірек соққан қазақпыз,қанша қаракөз балапандарымыз қолдан ұшып,біз үшін жоққа айналып жатыр?
    Несіне жер басып жүрміз?Қаншама бөтен жұртты бауырымызға бастық деп,несіне мақтанамыз!Елдігіміз осыма???Сұмдық екен 😭😭😭

  • @bibigulkubiyeva5029
    @bibigulkubiyeva5029 Před rokem +11

    Осы жобаны өте жақсы көремін, өмірге адам болып келген соң адам болып өмір сүріп, адам болып кеткен дұрыс. Сәбилеріміз аман болсын, бақытты болсын. Шығармашылық топқа алғыс айтып, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер деймін.

  • @user-nu5of6ye2r
    @user-nu5of6ye2r Před rokem +13

    Казак стан балаларин асираб алган ата анларга рахмеет гумирлари узак балсин 🙏

  • @user-vg6ln1fj6d
    @user-vg6ln1fj6d Před rokem +20

    Жаман жылап алдым😢! Балалар бакытты болсыншы Аллам 🤲

    • @user-xb4wc9ji1y
      @user-xb4wc9ji1y Před 10 měsíci

      Жылаганан паида жок биздин ел отирикшилер мен жемкорлардын мекени болып кетиго

  • @user-vm7nk1sc4h
    @user-vm7nk1sc4h Před rokem +14

    Люди от бога. У них большое ❤️. Будьте благословенны. С такой любовью. Пусть все дары бога придут в Ваш 🏡. Не могу сдержать слезы, на земле побольше таких людей. Храни их бог. АМИНЬ...

  • @Ned091
    @Ned091 Před rokem +8

    Сондай керемет проект, жұмыстарыңыз алға баса берсін әр шетелдегі балаларды іздеп, тауып жалғыз емес екендерін кішкене болсада білдірткендеріңізге Рахмет

  • @user-bm5fh3wz3i
    @user-bm5fh3wz3i Před rokem +11

    Аллаһ Тағалам Шетелдегі балалар бақытты болуын нәсіп ете гөр

  • @user-hh7hl2re1s
    @user-hh7hl2re1s Před rokem +14

    Саританың туған анасы баласын тастап кеткен соң 6-жылда кейін жастай қайтыс болып кетті деді ,,іштей күйініп өкініп қатты ауырып қалған екен ғой,,оңай емесқой баласын тастап кету деген ,,Еркектер азаматтар басымен жасағанды мойнымен көтеруді жауап кершілікті үйренсе екен ,,қыздарды кінәләй бермей,,енді Жаңа Қазақстанымызда тастанды бала деген болмаса екен ,,барлық бала Ата-Анасының қасында бақытты өмір сүрсе екен🤲🤲🤲

    • @ainurkin_cake
      @ainurkin_cake Před 7 měsíci +1

      Иманды болсын! Іштей күйік жеп қойған болар! Оңай емес😢

  • @The_pavlin83
    @The_pavlin83 Před 11 měsíci +7

    Бабушка и отец Ерлана,такие добрые,хорошие,мягкие ❤❤❤❤

  • @user-ok2ji5pd4w
    @user-ok2ji5pd4w Před 9 měsíci +3

    Сыртка кеткен балаларды осы карындасым тугендемесе типти билмейтин едик олар жайлы.
    Керемет багдарлама -- окиништиси Казактын кен даласында осы балларга жагдай жасалмай сыртка сатылып кетуи .

  • @indirakarshibaeva4889
    @indirakarshibaeva4889 Před rokem +9

    Керемет бағдарлама үшін көп рахмет! Алла неткен шебер еді. Қанша адам болса сонша тағдыр,бір-біріне ұқсамайды.

  • @numberone9091
    @numberone9091 Před rokem +9

    Рахмет, өмірде осындай мейрімді адамдардын барына ❤

  • @user-ux9io4zu6e
    @user-ux9io4zu6e Před rokem +8

    Какие Люди ,Боже Мой!Дай Бог им Мира,Счастья,Любви на долгие ,долгие годы!

  • @user-ew7fu1ot1j
    @user-ew7fu1ot1j Před rokem +5

    Қалайша біздің томпақтарымыз, бауырларымыз өзге елдің топырағын басып елім деп жүр. Бұл бейнені көру қиын екен. Көз жасы қайта қайта төгіліп келеді. Арине асыранды ата аналарына мың алғыс, бауырларымызды құрбандыққа ұшыратпай, керісінше махаббат деген сезіммен өсіргеніне, бірақ қыймаймын бауыр қазағымды.

  • @kunsayarakmatullakizi8402

    Балалар бакытты болсын 😪😪😪жаксы кисилер алғаны дурыс Қазақстанда қалғанда не болар еді тагдырлары бизде жауапкершілік жок кандай жаксы кисилер улги алатынымыз махаббат мейримдилик құрмет бар әр адамға соны тусиндим

  • @user-lx3fo1sg2c
    @user-lx3fo1sg2c Před 11 měsíci +3

    Ерлан мен Сарита есейіп өз Отанына оралып, бақытты күндері көп болсын. Шетелдік асырап, өсірген әке шешелеріне шексіз алғыс.

    • @super9725
      @super9725 Před 11 měsíci +1

      Қазақстаннан не іздейт😂қайыршылық кун көрем.туғанан көрген жерлері Ата анасы асырап алған сол жақ ыстыққоо оларға

  • @user-rp4ez6on9b
    @user-rp4ez6on9b Před rokem +18

    Какие светлые, добрые люди ❤❤❤

  • @user-zp4qi9vz2b
    @user-zp4qi9vz2b Před rokem +8

    Счастья вам всем и здоровья! Какие хорошие родители у вас, молодцы! я казашка но живу в Кыргызстане, очень приятно было посмотреть о вас этот фильм....

  • @nietgulnietgul5406
    @nietgulnietgul5406 Před 11 měsíci +8

    Дауысыңыз қандай керемет.

  • @user-ly8fu1bq5z
    @user-ly8fu1bq5z Před rokem +4

    Ер бала осирип жаткан аналар ,жауапкершиликпен омир суруди уйретейикши. Озимнин 3 улым бар Алла берген ,соларды осылай балдарын тастамауга ,кызбен журсе улкен жауапкершиликпен журсин деп уйретем Алла каласа. Бирак бари санасына байланысты улдын да,кыздын да. Саналы урпагымыз коп болсын. Жетимдер болмасын деп тилеймин!🤲

  • @user-gf7cd5fg4r
    @user-gf7cd5fg4r Před rokem +24

    Шынымен,өте ауыр,өз баланды тастап кету.Саританың анасы да жан-дүниесімен алпарысып кетті-ау.Біздің қоғамның бет-бердесі."Кім не айтад,жұрт не айтад"деген "сасық,надан пікірлер".Әлі күнге дейін сондай проблемалар.Келін,ене,ажырасу,тағы басқа...

  • @user-eg7ql3sy2m
    @user-eg7ql3sy2m Před rokem +5

    Сыгыр коз,баска насил демей калай махаббатка болейди,еш нарсе жасырмайды!!!!Казак кур кеуде ,боспе, Мактаншак,кызганшак!!!!Иши.тар казакпыз!!!!Ирип-ширип байлыкта болсада,ниет жаман от неге камкор болмайды жетимдерге!!!!Коздери тоймайды!!!!Мынаны корип калай жыламайсын!!!!Алла разы болсын,сиздерге!!!!

  • @Lira_Muratqyzy
    @Lira_Muratqyzy Před rokem +7

    Жанар ханымға, сізге мың алғыс. Ащы шындықты енді біліп жатырмыз. Әрбір бала, әрбір адам бақытты болуға лайықты. Балалар тастанды болмасын деп тілейік. Жақсы отбасыларға түскен балалар үшін қуанамыз. Ата-аналары да аман сау, бақытты болсын балаларымен бірге.

  • @user-yu9qk9np6j
    @user-yu9qk9np6j Před rokem +9

    Какие.добрые.люди.дай
    Аллах.им.здоровья.счстья.благославления.и.долгих.лет.жизни.
    Ауминь

  • @user-mg1lx8gx2o
    @user-mg1lx8gx2o Před rokem +13

    Балапандар!!! Ата анасы аман журсин!

  • @user-oh9mf9ih7w
    @user-oh9mf9ih7w Před rokem +14

    Оңбаған назарбаевтың кесірінен 25 мың баладан айрылдық. Осы балалардың кесірінен шығар назарбаев өзі де немересінен айрылып отырғаны.

  • @user-nz7wf2ek5s
    @user-nz7wf2ek5s Před rokem +13

    Ой буй айналайындар ай, Аман болындар 🙌🙌