Қадір түні - мың айдан қайырлы! / Бахытбек Нұрғабылұлы

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 2. 04. 2024
  • Әбу Һұрайрадан (оған Алла разы болсын) имам Нәсәи риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, әрі Қадір түнін шын иман және сауап үмітімен өткізсе, оның бұрын істелген күнәлары кешіріледі», - деген. Имам Бұхари өзінің «әс-Сахих» еңбегінде мына бір хадисті қамтыған: «Жәбірейіл періште Пайғамбарымызға Қадір түнінің қай түнде екенін жеткізеді. Пайғамбарымыз бұны естіген соң сахабаларына хабарлау үшін, мешітке бет алады. Жолда екі кісінің бір-бірімен ұрысып жатқанын көріп, Пайғамбарымыз Қадір түні қай түн екенін ұмытып қалады». Міне осылайша, Алла Тағала Қадір түнін өз даналығымен әдейі ұмыттырды. Әбу Сағид (оған Алла разы болсын) риуаят еткен хадисте Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында маған Қадір түні көрсетілген еді. Содан соң ол маған ұмыттырылды. Дегенмен оны (Рамазанның) соңғы ондығындағы тақ (түндерден) іздеңдер» (Бұхари) деген. Байқасаңыздар, Алла Тағаланың Қадір түнін Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алдымен білдіріп, сосын оны ұмыттыруында керемет даналық бар. Ол - Рамазан айының соңғы он күні мен түндерін құлшылықпен өткізуге тырысатынымыз.
    Рамазанның соңғы он күнінде Қадір түнінің жасырылғаны себепті, ол аса маңызды. Рамазан айы келгенде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза айы келді, онда мың айдан қайырлы Қадір түні бар. Кімде-кім сол түннің сауабынан құр қалса, барша жақсылықтан мақұрым қалмақ. Мақұрым адам ғана оның сауабынан құр қалады» (Ибн Мәжа) деп жақсылыққа ұмтылуға шақырған.
    Құлшылық етіп сауапқа кенелуге ең ұтымды уақыт - Қадір түні. Ал ең қорқынышты түн - адамның қабірде болатын түні. Қадір түнін құлшылықпен өткізу қабірдің жап-жарық болып нұрлануына жол ашады. Бұл түні періштелер түсіп, жер бетінде береке орнайды, Алланың кешірімі нәсіп болады. Періштелердің жер бетіне түсуі, Қадір түнінің маңыздылығын білдіреді. Сол түні періштелердің көп болатыны мына хадисте білдірілген: «Қадір түні Рамазан айының жиырма жетінші немесе жиырма тоғызыншы түніне сай келеді. Бұл түні жерге түсетін періште лердің саны жер бетіндегі майда тастардан да көп болады» (Ахмад). Періштелер мұсылман үмбетін аралап, қандай ғибадат жасағанын, таң намазына дейінгі дұға-тілектерін тыңдап, амал дәптеріне мол сауап жазып тұрады.

Komentáře • 1