«Өмір жолы». Сәкен Сейфуллин

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 27. 10. 2016
  • «Өмір жолы». Сәкен Сейфуллин

Komentáře • 66

  • @didarnurlan5398
    @didarnurlan5398 Před 5 lety +34

    *Қазағым оқу білімге құштар болайық, тарихымызды бес саусағымыздай біліп толық меңгерейік біз сонда ғана əлемді бағындырып қазақилығымызды мəңгі сақтаймыз!*

  • @user-wx3jm8by1y
    @user-wx3jm8by1y Před 3 lety +5

    Дурыс айтасыздар, айтып жекизу мумкин емес өкиништер, қандай ғұламалар, асылдар

  • @user-nw7wy4zv2y
    @user-nw7wy4zv2y Před 4 lety +9

    Алла мың да бір шүкір осындай жарық жұлдызды ұлтымызға буиырғанына

  • @Ikaaka
    @Ikaaka Před 4 lety +18

    Не деген мықты адам болған десеңші. Осындай мықты бола алмадық-ау.

    • @user-hz8qz1og4f
      @user-hz8qz1og4f Před 2 lety +1

      Айтпа тырнағына да тати алмадық қой

  • @user-ck5qh6vn3w
    @user-ck5qh6vn3w Před rokem +3

    Сонысымен бул ата бабаларымыз Кайраткер Асылдар Нагыз Батырлар.жандары жаннатта болсын,Аумин.

  • @user-bm3br4je4k
    @user-bm3br4je4k Před 3 lety +5

    Жаным, Журегим, Сакеним!!!

  • @Erkenaz001.
    @Erkenaz001. Před 3 lety +4

    Сәкен ата!!!Жақсы көремін сізді әрі үлгі тұтамын!

  • @user-es4dz5bt6l
    @user-es4dz5bt6l Před 3 lety +5

    Сәкен,әр қазақтың есінде....

  • @user-fh9zk9rv9u
    @user-fh9zk9rv9u Před 5 lety +7

    Сункар Сакен бабамыздын ерен енбегин казак елине синирген ешкашан умытпайык агайын

  • @user-hb1gf9uc5m
    @user-hb1gf9uc5m Před 5 lety +6

    Өмірлері қиындыққа толы, бағаланбай қалған жазушылар ,дара тұлғалар,нағыз батыр жандар! Сол заман қиын болды ғой, әйелдері мен бала шағаларын зарлатып жылатып қинаған недеген қанішерлер.Тірі кезінде бағаланбаған жандар.Жазықсыз жала жауып өмірін құртты

  • @kunsulu70
    @kunsulu70 Před 2 lety +4

    Құнды дерек.Алла разы болсын осы дерекке қызмет етушілерге!

  • @kainai401
    @kainai401 Před 2 lety +2

    Жаны жәннәттән болсын

  • @user-gz1td2wx9l
    @user-gz1td2wx9l Před 7 lety +16

    Сакен Сейфуллин казак даласынын, казактын, кайталанбас, мын жылда туса бир туар азаматы. колда барда алтыннын кадири жок.

  • @user-tk8en2xe3m
    @user-tk8en2xe3m Před 5 lety +6

    Жаны жаннатта болсын батыр бабамыздын

  • @alima837
    @alima837 Před rokem +4

    Естелік. Менің әкем Айтқали КазПИ-де оқып жүрген кезі.Сәкеннің ұлы туғанда халық 1 - жеті құтты болсын айтып тойлаған. Той кәзіргі Панфилов паркіндегі 1-этажды ас үінде (ресторан) болады.Сәкенді құттықтаған жолдастары,түыстары көп болғаны сонша,той он шақты күнге созылады.Студент жастар қонақ күтіп көмектеседі….Той бітісімен Сәкенді халық жауы” деп жауыздар тұрмеге қамайды….Сәкеннің тойында болған жолдастарын да ұстайды….Оқуды тастап,әкем жаяу Қапалға қарай қашады….Әкемнің ойынша ,Сәкенді көре алмаған қазекеңдердің ісі…Біздің ала-ауыздығымызды жаулар қатты пайдаланып,СӘКЕН тәрізді асыл азаматтарымызды қырып жіберді….Қазақтың көп қайғысына өзіміз кінәліміз.Бұл жағдайлар әлі де көп кездеседі….

    • @alima837
      @alima837 Před rokem +1

      Сол тойда болған менің болашақ нағашым Қайнарбаев Сайлаубай 3-ай түрмеде отырып шығады… Іште айтылмай жатқан талай әңгіме бар.Тарихтан,,өмірден,жауыз көршілерден алған сабағымыз көп қазақ әлі түсінбейді.АЛЛАМ!Жастарға бақытты өмір бере көріңіз!

  • @user-ny5on1pb7j
    @user-ny5on1pb7j Před 8 měsíci +1

    Мағжан киносында Сәкеннің актерді айтам дұрыс таңдамалы. Сәкеннің маңдайы кере қарыс жарқыраған бет

  • @user-nw7wy4zv2y
    @user-nw7wy4zv2y Před 4 lety +3

    Өте керемет қазақтың рухын шыңдаушы,аруағы рза болсын ұрпақтарына

  • @user-kc8qq5mv1p
    @user-kc8qq5mv1p Před 7 lety +8

    Керемет!!!

  • @aibekmeirambekov1563
    @aibekmeirambekov1563 Před 3 lety +2

    Сакен Сейфулин Акадыр кенти Ортау ауылы Карашиликте дуниеге келген

  • @user-oy9nb5vf7y
    @user-oy9nb5vf7y Před rokem

    Таяуда Жанар қада ауданы, Сәкен Сейфуллин ауылда болдық, керемет жер

  • @user-mz2dn5oz1q
    @user-mz2dn5oz1q Před rokem

    Керемет

  • @user-lw4uw1lw9u
    @user-lw4uw1lw9u Před rokem

    Осы асыл тастарымызды мойнымызга ілемей қазақ қазақ болмас пыз

  • @aisauletumenbay6667
    @aisauletumenbay6667 Před 3 lety +1

    Керемет, рақмет! 👍

  • @user-bx9gg5xs2w
    @user-bx9gg5xs2w Před 3 lety +2

    Cәкен Сейфуллин: «Мен Сәбит Мұқановты адам етіп едім. Ол мені осындай күйге душар етті. Жазықсыз басыма бәле салды»

    • @user-hc6sr2eu1g
      @user-hc6sr2eu1g Před 3 lety +1

      Сәбит Мұқанов Сакенін атасының жылқысын бағып, бир аттан айырылып қалған, содан Сәбиті камшлаған сол датың сактап ұрпағымен Сейфуллиндерді қүртқан " БОЛЬЩЕВИК "

  • @aibikoshkakhabdulla314
    @aibikoshkakhabdulla314 Před 6 lety +12

    Менім ауылымда туган

  • @erikkaz
    @erikkaz Před 4 lety +3

    «Қазақстанды қазақ басқара алмайды» деген кім?
    Алаштанушы ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбай 2010 жылы «Айқын» газетіне берген бір сұхбатында қуғын-сүргіннің құрбаны болған қазақтың арда азаматтары Рысқұлов пен Сейфуллин жайында былай депті:
    «…Сол кездегі ащы шындықты неге мәймөңкелемей бетке айтпасқа? Бар кінәні Голощекинге үйіп-төгеміз. «Сол келді де құртты» - десеміз. Егер, тарихқа әділ баға бергіміз келсе,
    1924-25 жылдары «Қазақстанды қазақ басқара алмайды», деп Сталинге хат жазған Тұрар Рысқұлов пен Сәкен Сейфуллинді неге айтпаймыз? Аттарын неге атамаймыз?
    Біреуінің 37 бет, екіншісінің 47 бет хаты бар. Екеуі де Сталинның қабылдауында болғандар.
    Содан, екі жарым айдан кейін Сталин Голощекинді Қазақстанға жіберді емес пе?
    Рысқұлов Мәскеуге кетті, Сейфуллин халық комиссарлар кеңесінің төрағасы қызметіне алынды. Міне, тапқан пайдалары. Осыны біле тұра біз неге бәрін «Қу жақтан» көреміз. Ол бұл жаққа сұранып келген жоқ қой. Өзіміз ғой, «қазақты қазақ басқара алмайды» деп өзге ұлттың өкілін шақыртқан. Осыған неге қазір баға бермейміз? Ойбай, Смағұл Сәдуақасов қарсы болды деседі. Смағұл соған қарсы болды.
    Ол:
    «Қазақстанды басқара алатын қазақтар бар. Қазақстанға өнеркәсіп салу керек. Біз жүнді неге Қазақстанда қырқып, Өзбекстанда жудырып, Ресейдің Иванов қаласында тоқытамыз? Неге осының бәрін бір жерде істетпейміз. Бүйте берсек, шикізаттың республикасы болып қаламыз ғой»,
    - деп сол кездің өзінде Сәдуақасов шырылдады емес пе?
    Сондай-ақ, ол «оқу-ағартуды, мемлекеттік тіл - қазақ тілінен бастауға тиіспіз», - деді.
    Сол үшін жергіліктендіру деген заң қабылдатты.
    Ойбай, бұл ұлтшыл дестік. Оған қарсы күрес басталды. Осының бәрін талдап, қысқасы бұлақтың басын ашуға тиіспіз ғой?
    Екінші, «Алашордашылар ұсталсын, тәркілеуге бөгетін тигізеді, мойынсерікке қарсы көтеріліс бастайды. Осы науқан тездетілсін», деп «Ақжол» газетін жаптырған кімдер? Тағы манағы екеуі.
    Мұның бәрі архивтерде қаттаулы тұр. Көзі жетпегендер, маған сенбесе архивке барып, сөрені ақтарып, таныссын.
    1927 жылғы тәркілеуде қазақ халқы үлкен күйзеліске ұшырады. Мәскеуден арнайы сапармен Қазақстанға келіп, коллективизация тездетілсін деп, комиссия құрып, басқарып, баяндама жасаған кім? Айтшы кім? Елтай Ерназаров секілді адамдарды жан-жаққа аттандырып, тәркілеуді жеделдеттірген, иісі қазақтың малын ортаға салуға үгіттеттірген кім? Тағы сол Рысқұлов.
    Иә сол жолы ол теміржол құрылысын бастады. Сөз жоқ, ұлы тірлік. Теміржол еліміздің дамуы үшін үлкен рөл атқарды. Мұны мойындаймыз. Бірақ әлгіндей істерін қалай ақтап алуға болады?
    Ал 1932 жылы Исаев екінші хатшы, сонымен қатар Құлымбетов пен Құрамысовтар мемлекетті ұстап отырды. Шаруашылықтың бәрі солардың қолында. Бірақ аштан қырылғандар есіктерінің алдында үйіліп жатты. Комсомолдар өліктерді күн-түн демей жинап әкетіп жатты. Оны Голощекин де, өзгелер де біліп отырды. Бір шара қолдануға болар еді ғой? Бір жыл емес, халықтың аштан қынадай түсіп жатқанына екінші жылға аяқ басты. Сонда деймін ғой, мемлекет не істеп отыр? Көрсоқыр ма сонша! Жағдай солай бола тұрса да, оны мойындағысы келмеген Құрамысов былай дейді: «Халық жаулары, яғни алашордашылар (ол кезде барлық алашордашылар түрмеге түскен, атылатыны атылып, қалғаны айдауда еді), халық шаруашылығында күйзеліс бар дейді. Бұл сол алашордашылардың шығарған өтірігі. Біз қажет болса, революция үшін барлық қазақ халқын құрбанға шалуға даярмыз» - деп баяндама жасаған.
    Мұны айтқызып отырған кім? Әрине, дәл осы сөзді Мәскеу айтқызған жоқ. Қазақтардың өздері айтып отыр. Қазір солардың аттары аспандап тұр. Көшелер берілген».
    Осы жолдарды оқып, біртүрлі болып қалдым. Өйткені бұған дейін Тұрар мен Сәкен ағалардың аруағын қатты қадірлеп келген едім.
    Егер де «қазақты қазақ басқара алмайды» дегені рас болса, онда ол кісілерге деген құрметім жоғалары анық.
    Айгүл Еркінбекқызы

  • @tamirlankapan1303
    @tamirlankapan1303 Před 3 lety +1

    Сәкен сейфуллин тақпақтар-өлендер жазылды. Ал бір күні ол өлен құрастырып оған келді милиция оны алып поезға салды онда оған тамақ тек кана 1 аптада 1нан берді

  • @kokturik6525
    @kokturik6525 Před 2 lety

    👍👍👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿🤔🤔🤔 Бұндай адамдар некен-саяқболады, перілер бұлар🤔🤔🤔💯✨

  • @alisherbedelbekov5893
    @alisherbedelbekov5893 Před 6 lety +3

    Ма ша Алла

  • @user-uk7xv6ih6f
    @user-uk7xv6ih6f Před 4 lety +8

    Айтып жеткізу мүмкін емес өкініш!

  • @hazgulzhumagulova6760
    @hazgulzhumagulova6760 Před 6 lety +4

    керемет

  • @AnsarAli_127
    @AnsarAli_127 Před rokem +1

    Жерленген жері қайда???? Не деген құжаттар табылмайтын,жазылмаған, неше ғасыр іздеу керек?

  • @user-qx8nk4bv9u
    @user-qx8nk4bv9u Před 7 lety +2

    утте акылды

  • @ALIBI504
    @ALIBI504 Před 3 lety

    Сәкен атамыз десеңіздер екен

  • @user-be8lr6mc3x
    @user-be8lr6mc3x Před 5 lety +1

    😢😢😢😢

  • @user-ck5qh6vn3w
    @user-ck5qh6vn3w Před rokem

    Алашорда мушелери,Кенес укиметинде истеген Сакен Турарлар тагы баскалар,бари ой максаты биреу гана,Алашым казагым деген,

  • @user-ny5on1pb7j
    @user-ny5on1pb7j Před 8 měsíci

    келбеті өте ашық сұлу жүзді кісі ғой. Мағжан киносындағы Сәкенде жарқыраған маңдай жоқ. Шашы жауып тұр бойыда ұзын емес . 10-миллион қазақтан бір Сәкенге ұқсас адам табылмаса ба. Кинода қазақтарды сұлу әрі биік етіп түсіру керек қой.

  • @user-oh4kz1on5v
    @user-oh4kz1on5v Před 3 lety

    Мынау Оспанов гои кеибир макамын Галымга уксатып аитады екен

  • @user-oh4kz1on5v
    @user-oh4kz1on5v Před 3 lety

    Тарихты аитканда тарихшы немесе коз корген кариялар аиткан жарасымды болады мына кызга керек жок ангиме аитып

  • @user-lx2br2ws9k
    @user-lx2br2ws9k Před 2 lety

    Сөйлей алатын адамдарды неге сөйлетпейді. Мвналар мыңқ мыңқ етеді. Музыкасы қатты. Әрен естідім.

  • @user-ck5qh6vn3w
    @user-ck5qh6vn3w Před rokem

    Кенес укиметине карсы котерилстер болган,300-400дей 1930жылдары,сонын артында Сакендер турган,солар колдап отырган,министр бола тура кенес укиметинин,Алекендермен тыгыз байланыста болган,коби бул жагын биле бермейди

  • @tulegenabdrasilov5154
    @tulegenabdrasilov5154 Před 2 lety

    Дым нақтылық жоқ текәңгімелерғана

  • @altynayserikovna4416
    @altynayserikovna4416 Před rokem

    Кызы неге Сакен дейди?

  • @user-mc7iw9ox2n
    @user-mc7iw9ox2n Před 9 měsíci

    АИ КАЗАКТАР СЕНДЕР АДАМ БОЛСАНДАР МЕН МУРНЫМДЫ КЕСИП БЕРЕИН

  • @dilnaz-v4u
    @dilnaz-v4u Před rokem

    Бас жоқ, аяқ жоқ, әр ақпаратты үзіп үзіп🙄

  • @user-oh4kz1on5v
    @user-oh4kz1on5v Před 3 lety

    Сакен сакен деп су еткенин уят болады

    • @lazatbolatbekova4052
      @lazatbolatbekova4052 Před rokem

      Сакен Сефулмннин кыз баласы кайтыс болган жокпа уш жасында.Мына кызы деп сойлеп отырган адам ким.Сакен Сакен балпылдап отыргой.Кызы емес курбысы сиякты айтып отыргой шын ба екен?

  • @birzhanokapov7185
    @birzhanokapov7185 Před 5 lety

    зираты Тусуруге болмаиды

  • @erikkaz
    @erikkaz Před 4 lety +5

    «Қазақстанды қазақ басқара алмайды» деген кім?
    Алаштанушы ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбай 2010 жылы «Айқын» газетіне берген бір сұхбатында қуғын-сүргіннің құрбаны болған қазақтың арда азаматтары Рысқұлов пен Сейфуллин жайында былай депті:
    «…Сол кездегі ащы шындықты неге мәймөңкелемей бетке айтпасқа? Бар кінәні Голощекинге үйіп-төгеміз. «Сол келді де құртты» - десеміз. Егер, тарихқа әділ баға бергіміз келсе,
    1924-25 жылдары «Қазақстанды қазақ басқара алмайды», деп Сталинге хат жазған Тұрар Рысқұлов пен Сәкен Сейфуллинді неге айтпаймыз? Аттарын неге атамаймыз?
    Біреуінің 37 бет, екіншісінің 47 бет хаты бар. Екеуі де Сталинның қабылдауында болғандар.
    Содан, екі жарым айдан кейін Сталин Голощекинді Қазақстанға жіберді емес пе?
    Рысқұлов Мәскеуге кетті, Сейфуллин халық комиссарлар кеңесінің төрағасы қызметіне алынды. Міне, тапқан пайдалары. Осыны біле тұра біз неге бәрін «Қу жақтан» көреміз. Ол бұл жаққа сұранып келген жоқ қой. Өзіміз ғой, «қазақты қазақ басқара алмайды» деп өзге ұлттың өкілін шақыртқан. Осыған неге қазір баға бермейміз? Ойбай, Смағұл Сәдуақасов қарсы болды деседі. Смағұл соған қарсы болды.
    Ол:
    «Қазақстанды басқара алатын қазақтар бар. Қазақстанға өнеркәсіп салу керек. Біз жүнді неге Қазақстанда қырқып, Өзбекстанда жудырып, Ресейдің Иванов қаласында тоқытамыз? Неге осының бәрін бір жерде істетпейміз. Бүйте берсек, шикізаттың республикасы болып қаламыз ғой»,
    - деп сол кездің өзінде Сәдуақасов шырылдады емес пе?
    Сондай-ақ, ол «оқу-ағартуды, мемлекеттік тіл - қазақ тілінен бастауға тиіспіз», - деді.
    Сол үшін жергіліктендіру деген заң қабылдатты.
    Ойбай, бұл ұлтшыл дестік. Оған қарсы күрес басталды. Осының бәрін талдап, қысқасы бұлақтың басын ашуға тиіспіз ғой?
    Екінші, «Алашордашылар ұсталсын, тәркілеуге бөгетін тигізеді, мойынсерікке қарсы көтеріліс бастайды. Осы науқан тездетілсін», деп «Ақжол» газетін жаптырған кімдер? Тағы манағы екеуі.
    Мұның бәрі архивтерде қаттаулы тұр. Көзі жетпегендер, маған сенбесе архивке барып, сөрені ақтарып, таныссын.
    1927 жылғы тәркілеуде қазақ халқы үлкен күйзеліске ұшырады. Мәскеуден арнайы сапармен Қазақстанға келіп, коллективизация тездетілсін деп, комиссия құрып, басқарып, баяндама жасаған кім? Айтшы кім? Елтай Ерназаров секілді адамдарды жан-жаққа аттандырып, тәркілеуді жеделдеттірген, иісі қазақтың малын ортаға салуға үгіттеттірген кім? Тағы сол Рысқұлов.
    Иә сол жолы ол теміржол құрылысын бастады. Сөз жоқ, ұлы тірлік. Теміржол еліміздің дамуы үшін үлкен рөл атқарды. Мұны мойындаймыз. Бірақ әлгіндей істерін қалай ақтап алуға болады?
    Ал 1932 жылы Исаев екінші хатшы, сонымен қатар Құлымбетов пен Құрамысовтар мемлекетті ұстап отырды. Шаруашылықтың бәрі солардың қолында. Бірақ аштан қырылғандар есіктерінің алдында үйіліп жатты. Комсомолдар өліктерді күн-түн демей жинап әкетіп жатты. Оны Голощекин де, өзгелер де біліп отырды. Бір шара қолдануға болар еді ғой? Бір жыл емес, халықтың аштан қынадай түсіп жатқанына екінші жылға аяқ басты. Сонда деймін ғой, мемлекет не істеп отыр? Көрсоқыр ма сонша! Жағдай солай бола тұрса да, оны мойындағысы келмеген Құрамысов былай дейді: «Халық жаулары, яғни алашордашылар (ол кезде барлық алашордашылар түрмеге түскен, атылатыны атылып, қалғаны айдауда еді), халық шаруашылығында күйзеліс бар дейді. Бұл сол алашордашылардың шығарған өтірігі. Біз қажет болса, революция үшін барлық қазақ халқын құрбанға шалуға даярмыз» - деп баяндама жасаған.
    Мұны айтқызып отырған кім? Әрине, дәл осы сөзді Мәскеу айтқызған жоқ. Қазақтардың өздері айтып отыр. Қазір солардың аттары аспандап тұр. Көшелер берілген».
    Осы жолдарды оқып, біртүрлі болып қалдым. Өйткені бұған дейін Тұрар мен Сәкен ағалардың аруағын қатты қадірлеп келген едім.
    Егер де «қазақты қазақ басқара алмайды» дегені рас болса, онда ол кісілерге деген құрметім жоғалары анық.
    Айгүл Еркінбекқызы

    • @user-xj5xi7kt4u
      @user-xj5xi7kt4u Před 3 lety +1

      Ерінбей оқып шықтым....

    • @nabikudaibergen9826
      @nabikudaibergen9826 Před rokem

      Орыстың өтірік тарихына тойып алған екенсіз 😀