АДАЙ - БАЛУАНИЯЗ БАТЫР МҮСІРЕПҰЛЫ!

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 19. 07. 2018
  • Адай/Балықшы - Балуанияз батырдың соңғы жорығы!
    ҚАРАҒАН-БОСАҒА ҚЫРҒЫНЫ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ!
    2016 жылғы 17 қыркүйек күні Қараған-Босаға қырғыны мен Балуанияз батырдың өмірден озғанына 160 жыл өткенде ұрпақтары еске алу шарасын ұйымдастырды.
    Екі ғасыр бұрын Ресей патшалығы мен Хиуа хандығының қыспағында қалған Маңғыстау халқы екі елдің отарлау, басқыншылық саясатына да батыл қарсылық танытып отырған. Сол тарихи оқиғалардың бірі - Қараған-Босаға қырғыны.
    1856 жылы жазда Маңғыстау жеріне шабуыл жасаған Хиуаның үш жүз адамнан құралған әскеріне қарсы қазақтың халық батыры Балуанияз Мүсірепұлы Адайдың алпыс батырын бастап қарсы шығады. Қараған-Босаға деген жерде соғыс болып, екі тарап та көп шығынға ұшырап, қазақтардың жеңісімен аяқталады. Сол қанды шайқаста отыз сегіз жастағы бас батыр Балуанияз бен інісі Қорғанбек, серіктері Майлыбай, Ораз, т.б. батырлар шейіт болады. Бұл туралы жорық жыршысы Қалнияз жырау Шопықұлы «Балуанияз батыр» атты дастан шығарып, онда Тұрмамбет батыр, Балта палуан, ту ұстаушы Асар сұпылардың есімдері мен ерліктерін де жырға қосады.
    Осы оқиғаның 160 жылдығында Қараған-Босаға жерінде, Балуанияз батыр бейітінің басында маңғыстаулықтар ас беріп, еске алу шарасын ұйымдастырды. Аста ел ақсақалы Озғанбай Жұбанұлы тарихтан сыр шертіп, осы соғысқа қатысқан батырлар туралы баяндады. Ақын Айт-Ман - Светқали Нұржан да өзі зерттеген деректеріне сүйеніп әңгіме айтса, қаламдасы Сәрсен Қадыр С.Нұржанның «Қараған-Босаға қырғыны» дастанын оқып берді.
    Ас соңында имам Наурызбай қажы Құралбайұлы марқұмдардың рухына Құран Хатым оқыды.
    Ұйымдастыру алқасының атынан ел ағасы Қылышбай Көшербайұлы асқа қатысушыларға алғысын білдіріп, мәртебелі меймандарға шапан жапты. Ол өз сөзінде:
    - Жиырма төрт жыл бұрын осы жерде Балуанияз батырдың басына ескерткіш кесене тұрғызғанбыз. Зияраттаушыларға арнап бейіт басынан түнек үй де салдырдық. Биыл соны кеңейтіп, жөндеуден өткіздік. Ал, бүгін Қараған-Босаға қырғыны мен сол шайқаста қаза тапқан қаһарман ата-бабаларымыздың рухын еске алып, садақа беріп жатырмыз. Мұның бәрі - тарихқа тағзым, болашаққа үлгі-өнеге үшін жасалып жатқан жұмыстар, - деді.

Komentáře • 11

  • @bmwbmw369
    @bmwbmw369 Před rokem +4

    Балуанияз Балыкшы Атамыздын Урпагымыз❤❤❤

  • @user-tw3ze7du9l
    @user-tw3ze7du9l Před rokem +5

    Город Ақтау Маңғыстау 524кв Мыжыков Айтпай Б Тиеберсін🕋🕋🕋 Ата-бабаларымыздың рухына Маңғыстау-5 🤧🤧🤧😢😢

  • @user-zk2fx4yh8o
    @user-zk2fx4yh8o Před 3 lety +5

    Алла жар болсын елимизге

  • @Akromat-c3v
    @Akromat-c3v Před 5 měsíci

    Балуанияз батыр атамыздың ұрпағымыз Қазақтың тамшысымыз Еліміз үшін Қан төккер Ата бабамызға Алла нұрын төксін Жандары жәннәтта болғай 🤲
    Қай ру болмасын Біз Қазақ пыз Ағайын

  • @user-ey7wv5wc1l
    @user-ey7wv5wc1l Před rokem +2

    Али балтаның ұрпағымын 😂😂👍🏻

  • @user-bf7ur1le5x
    @user-bf7ur1le5x Před 3 lety +2

    Ок жүректен емес ишинен тиеді турманбет канын сорып тукиргенде ушиншиде бок аралас кан шығады дид

    • @user-fd2um9oq1m
      @user-fd2um9oq1m Před rokem

      кайран бабам ай ол кезде медицина жок кой