Базардан ет сатып алсаңыз, оның сапасын сол жерде QR-код арқылы анықтай аласыз

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 21. 08. 2024
  • QR-кодттар қаладағы ет сататын барлық сауда нүктелеріне кезекпен қойылатын болды. Ветеринар мамандар жобаны енгізу үшін қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық мәліметтер бағдарламаға енгізілуде. Ақпараттар толық жиналған соң жүйе іске қосылады деп отыр. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ауылшаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін толық қадағалауға алады.
    QR-кодттар арқылы малдың арнайы тексеруден өтпейінше сойылуына жол берілмейді дейді мамандар. Сойылатын мал алдымен ветеринарлық тексеруден өтуі тиіс. Содан кейін ветеринариялық-санитариялық сарапатамны өткізу үшін ведомоство етке қатысты құжат рәсімдейді. Бұл жұмыстардың барлығы автоматты түрде жүргізіледі.
    Еліміз бойынша QR-кодттар енгізу жұмыстарына байланысты 1664 мал сою орны, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары , сауда орындары жүйеге қосылған. Аталмыш жүйе Ресейде сынақтан сәтті өткен.
    Сайт телеканала www.rikatv.kz/
    Twitter / rika_kz
    Вконтакте rikatv
    Telegram t.me/evrikaaktobe

Komentáře •