КітапХан #5 | "Үйлену" & "Сөніп-жану" Мұхтар Әуезов

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 4. 07. 2024
  • «КітапХан» - отандық және шетелдік әдеби туындыларды қазақ тілінде талқылау жобасы. Әр жиында баяндаушы суреттеген шығармаға резиденттер пікір білдіріп, өзіндік бағасын береді.
    Жоба авторы: Еркебұлан Бердалиев
    Жүргізуші: Хамит Ердехан
    Редактор: Жанар Әбдіқадырова
    Резиденттер: Еркебұлан Бердалиев, Айдос Кемаділдаев, Асқар Тоқтарханов, Қанабек Мерген, Бақытжан Қахар, Нұржан Арманұлы
    #КітапХан #кітапталқы #әдебиет #bookworm
  • Komedie

Komentáře • 741

  • @kushti_kanal
    @kushti_kanal  Před 4 dny +57

    Қай әңгіме қаттырақ ұнады? Үйлену ме? Сөніп-жану ма? Себебін жазуды ұмытпаңыз.

    • @Saltass
      @Saltass Před 4 dny +12

      Сөніп-жану қаттырақ ұнады, мағынасыда үлкен екен. Ұнаған себебі нақты мынау деп айту қиын. Бірақ түйгенімді айтсам, жігіттің қызды көп таңдауы, әр ауылды аралап көруінің өзі дұрыс дүние емес сияқты, бәрі осыдан басталған болар.
      Еркебұлан мырзаның соңғы түйіндегі сөзін менде қолдайтын едім, бәлкім біз басқа заман адамы болған соң болар. Өткенге топырақ шашпайық😅. Сыздық та Жәмилә сияқты ынжық болдығой, өмірдегі ең шешуші сәті келгенде, оқыдым тоқыдым деген Сыздықта әлсіздік пен сорлылықтың бейнесін көрсетті. Жұптарыңмен жараттық деді, демек өзіне сай ынжық Жәмиләға үйлену бұйырды. Үйленген соң өзі жек көрген ынжықтық пен ақылсыздықтың, сорлылықтың ең керемет көрінісі өзі екенін тағы да дәлелдеді.

    • @Saltass
      @Saltass Před 4 dny +4

      Көп ой түйдім өзіме, бірақ бәрі үшін өзекті болып тұрғаны осы болған соң, осы жайлы жазуды дұрыс деп шештім

    • @muratcodm
      @muratcodm Před 4 dny

      Маған үйлену ұнады

    • @user-ro1qy8jp8b
      @user-ro1qy8jp8b Před 4 dny

      ​@@Saltass19:32 19:32

    • @jigadiga6836
      @jigadiga6836 Před 4 dny

      Екеуіде жақсы

  • @aitkanabzal
    @aitkanabzal Před 4 dny +197

    Еркебұлан осы бағдарламаның талисманы. Егер Еркебұлан болмаса дым қызықсыз болар еді. Еркебұлан мен Хамит бір-бірін керемет толықтырып отыр. Енді келесі бағдарламаға Нұрсұлтан Үсеновты қонақ қылып шақырсаңыздар. Хамит, Еркебұлан, Нұрсұлтан үшеуі керемет шоу жасар еді

    • @nursultanbekhozhaev8564
      @nursultanbekhozhaev8564 Před 3 dny +3

      Сөзімді айтып қойдыңыз брат Нурик келсе от болады ау

  • @user-lf3lh4rr9p
    @user-lf3lh4rr9p Před 4 dny +148

    Тоқтап қалмасыншы! Бұл қазақ ютуб контентіндегі жаңаша бір бағыт. Жастарды әдебиетке баулудың керемет тәсілі.

  • @user-us7pr4tl7r
    @user-us7pr4tl7r Před 4 dny +109

    Негіз көпшілігіне ең қатты ұнайтыны Еркебұланның сөзінен кейінгі, Хамекеңнің ашулануы, теңеуі, әзілдеп намасына тиуі шығар я😊

  • @Asik0910a
    @Asik0910a Před 4 dny +70

    Еркебұлан бұл жобаның шамшырағы десекте болады, Хамекең ол бөлек әңгіме 🔥

  • @Know_me010
    @Know_me010 Před 3 dny +82

    Сұрақ қойған адам 1 минутқа ғана ақымақ,ал сұрақ қоймаған адам өмір бақи ақымақ. (фан Еркебұлан)

  • @user-zf6jz5ew6z
    @user-zf6jz5ew6z Před 4 dny +121

    Мына бағдарлама бәрінен өзды👍👍👍 шәй әңгіме ұнайтын еді бірақ мына бағдарлама топ👍👍👍

  • @VibeStar08
    @VibeStar08 Před 3 dny +30

    Хамекең тұнып тұрған кітап қой!
    Жақсы ұғындырды … Қазақ Әдебиетін қазіргі жастар тілімен қарапайым түрде Әдемі жеткізу және оны Әзілмен ұштастыру просто Шедевр
    Жарайсыңдар, Жігіттер
    Тоқтамаңдар✊🏻

  • @user-vd8zg8io8x
    @user-vd8zg8io8x Před 4 dny +60

    Туыстарымды көргендей қуанып кеттім гой, кезекті шығарылымды көргенде😍Осыған дейін ютубта көрген ең керемет жоба! соңғы 10 жылда деп ұялмай айтуға болады👍

  • @Oishyl
    @Oishyl Před 4 dny +42

    Хамит аға басында Еркебұланға мән бермейтін еді, қазір қатты ұрсатып болыпты ғой. 🤣
    “Өзіңді лақтырып жіберші” дегені өтті. 🤣🤣🤣

  • @МусаКошаев
    @МусаКошаев Před 3 dny +29

    Мынандай дүниеге жарнама керекқой, млн просмотр болуы керек деп ойлаймын

  • @user-zq6mu6zk4h
    @user-zq6mu6zk4h Před 4 dny +65

    -Сенің көрермені жоқ залыңа түсіндірем деп шаршадым.
    🤌👍

  • @user-he8fj3kc9f
    @user-he8fj3kc9f Před 4 dny +93

    Еркебұлан болмаса бағдарлама 15 минутта бітіп қалатын сяқтығо😂

  • @mrxxxx1087
    @mrxxxx1087 Před 2 dny +19

    мына жобаны тоқтатпаңдар донат керек болса оныда атармыз. Осындай көкірек көзді ашатын бағдарламалар көп болсыншы

  • @QYSQAWA
    @QYSQAWA Před dnem +10

    - Еркебұлансыз «кітапхан» бос сұхбат, Еркебұлан бағдарлама сәні!

  • @Ai_Uanai
    @Ai_Uanai Před 4 dny +20

    Хамит аға білімі өте тұңғиық тереңінен жүрегіне жеткен ер азамат екен. Хамит аға тоқтамасыншы

  • @aissayle
    @aissayle Před 4 dny +26

    Ризамын ғой шіркін, Хамекеңе👍🏼

  • @Qadyrzhangulnur04
    @Qadyrzhangulnur04 Před 4 dny +218

    Еркебұланның күле беруі немесе қайта-қайта төмен дәрежелі сұрақ қоюында бір мән бар секілді топшаладым өз басым. Бастапқы екі шығарылымда аздап қабылдамай, жанымның жақтырмағаны рас, бірақ, кейінгілерін көру арқылы, қайталап көру арқылы әр зат өз орнымен болып жатқанын ұғындым, қабылдадым. ( леп белгісі)

    • @user-zf6jz5ew6z
      @user-zf6jz5ew6z Před 4 dny +27

      Қызықты ету үшін солай сұрақ қояды соған Хамитта әзілмен жалғастыру үшін олай болмаса жәй әңгімелердін бірі болып жалықтырып жіберетін еді!

    • @Qadyrzhangulnur04
      @Qadyrzhangulnur04 Před 4 dny +3

      @@user-zf6jz5ew6zиә, өз орнымен тым жақсы қолдап отыр👍🏻

    • @esenzhanyoutube1356
      @esenzhanyoutube1356 Před 3 dny +1

      қызық болу үшінғой,жәй әңгіме айтқанды кім тыңдайды кәзір

    • @nurboltok3364
      @nurboltok3364 Před 3 dny +2

      Қабылдау стадиясына жеттіңба

    • @bbsplay1994
      @bbsplay1994 Před 3 dny +1

      Бағдарламаның мақамы сондайғой,

  • @user-kt7by3zq2l
    @user-kt7by3zq2l Před 4 dny +21

    Мәәә күштііііі,миым демаладығой,Еркебұланның күлгені бөлек қой шіркін🎉

  • @user-fr7vd9lc1l
    @user-fr7vd9lc1l Před 4 dny +24

    Жігіттер кереметсіндер, Еркебұлан аға бұйырса тағыда жасаныздаршы. 2 адам болып барамыз қараймыз♥️♥️♥️♥️

  • @abzalsatybaldy-rt9sr
    @abzalsatybaldy-rt9sr Před 3 dny +21

    Хамит оте быр керемет лмчность екен, мен танты болдым, агама Аллах разы болсын, менын ойым аудиторияны, ютубтагы емес, сол жерде отыпган адамдарды кобейтып, тыры корген мулдем болек жане пайдалы деп ойлаймын, казакша камеди клаб алде казакша стендап жаныры деп осыны айтсас кателеспеймау, быр кулгеным болдау, сыздерге менен колдау)))🎉✊✊✊

  • @Serik_Olzhas.04
    @Serik_Olzhas.04 Před 3 dny +8

    Талай адамдардың езуіне күлкі сыйлап, қарбалас пен қатулы болып жүрген қабағын ашып жақсылап күліп👍 сонымен қоса өнегелі әңгімеден ой түйіуіне себепші болып жүрсіздер👏👏👏🔝

  • @aissayle
    @aissayle Před 4 dny +20

    бір көңіл-күйім болмай, өзіммен-өзім депрессияға түсіп отырғаным баар еді, мына видкодан кейін дым болмағандай мәз болып отырмын👍🏼🤍

  • @aben_assel
    @aben_assel Před 4 dny +17

    “Сүйініш пен күйініш”
    Осы шығарманы 2 жыл бұрын оқығанмын.Өзге жанның баяндауында өзгеше екен.Мен шатастым ба білмимін бірақ ,Сыздық екі қызды да көруге барады.Бірінші қызды көзінің қиығымен ұнатады.Қызда бір қарағанда ұнамды,жағымды келбеті болады.Өңкей жастар жездеміз деп айналасына жиылады.Сонда шапанын көрпемен қосып тігіп тастайды.Сыдықта көптен қалада жүрген бала ,мұндайды аса түсіне қоймайды.Бірақ қыз үшін ойын күлгіге ұластырады сүйтіп көңіл жазады.Қайтарда достарымен сырласып қызды ұнатқанын айтады.Достарыда құптағандай болады.Үйіне бітімді шешіммен барады,әлгі қызды аламын деп.Үйдегілеріде ақыры қыз көрдің көрші ауылда бір қыз бар соныда көрші диді .Бұл байғұс тағыда достарын ертіп ап қыз көруге кетеді.(Сыдықтың осы ісін көріп енжар деп ойладым,өз шешімінде соңына дейін тұра алмайтын еркек десем де болады)Солай қыздың ауылына кеш қайта барады.Ол жақта қыз көруге жігіттер келе жатыр,оның үстіне оқыған көрегенді жігіттер деп айтысады,жігіттер түсер үйге топ топ адам жиылады.Жігіттер ішке кіріп үлкендермен амандасып жәй сұрасады.Келген жөндерін айтпасада ел халық іштей сезіп отыр.Содан бір мезетте ауыл-ауылды аралап өлең айтатын Сал-серілер келеді .Оййй,неше түрлі өлең айтылды ,айтыста болды ду-думан үй іші.Содан Сыдық тысқара шығып кетеді.Қызды әлі көргені жоқ басты мақсат сол болғандықтан сол іске көшпекші.Алайда ,бір қиялы ол жарын әлдеқашан тауып қойғандай.Жәмиләні әйелдікке алып ,сонымен бақытты баянды өмір сүруде қиялында.Сондықтан ба әлгі қызды көруге тіптен ынтық болмады.Сүйтіп қыздың қай қоныста екенін тапты ендігі шамның жарығы мөлейіп тек іште ғана жанып тұр,дала тас қараңғы.Іштен тек сұлбалар көрінеді.Жақындай келсе қыһдардың үні ,құлағына майдай жақты.Сүйтіп аңдып тұрғаны ,бір мещетте үйден бір қыз салт шығып келе жатыр.Мөлейген жарықпен аса қырағылыққа сап қараса бойы аласа ,өзі домаланған,киіміде сұрықсыздау,көркі көрер көздің соры іспетті бір қыз шығады .Ол бір көргенде шошып кетті мен дәметіп келген қыз осыма .Бұндай қыздан садаға кетсін Жәмиләма жетпиді деп дереу түк болмағандай жолдастарын жинап кетуге асығады.Ел жұрттың қызды көрместен кеткенің не дегенде асықпай көрермін ,үйге тез жетуім керек деп түнемей кетіп қалады.Жолда достары бар мән жайды сұрайды.Сыдық көргенін қалтықсыз айтып береді.Жолдастарыда кеткендеріне қуанады,сонда да іштерінде бір күмән болады.Кейін Жәмиләні екінші көргенінде аса ерекше жан еместігіне көзі жетеді.Өзі ауылда көріп жүрген қыздары біріндей ақ тіпті айырмашылық таппайды.Сүйтіп қосылалы үйленеді.Үйленген соң Сыдық бірден диплом қорғауым керек деп қалаға кетеді.Бұл жолы ауылға тек бір себеппен оралады,лгінде жанында жүрген жолдасы Сүлеймен әлгі өзі жаратпаған қызды әйелдікке алады.Сүйтіп тойына барады барса әлгі қыз бейне бір періште ме дерсің ,айтуға сөз жетпитін қыз екен.Кейін Сүлейменен мән жвйды сұраса Сыдық көрген қыз жәй қалыңдықтың күтушісі екен.Сүлейменде үйлену үшін қыз іздеп барса әлгі қызды көреді бірден ұнайды.Неге Сыдық ұнатпады екен деген ой туады.Сол той күні Сыдықтың қолын алып алғысын айтады.Сыдық қатты налып ,үйіне тұнжырап қайтады.Әйелінде ұратынды шығарады.Әйелі өте шыдамды екен артық ештеңе айтып отырмайды екен.Сол баяғы күйбең тіршілікпен айналысып жүре береді .Әйелін тағы бір жаратпайтындығы білімінің таяз болғаны еді.Сана биігінде екеуі бірін бірі кездестіре алмайтын еді.Ал Сыдықтың немесе әрбір оқыған жанның жанын ұинайтын дүние осы ғой жан жарының өзін түсінбеуі.Сыдық осыдан қатты қорыққан еді ,міне осы айналып алдына келді.Бұл жолы Сыдық бір жола ауылдан жырап барады.Қалада жүріп отбасын,ата-анасын,жаңадан туылған шақалақтыда ұмытады,қаладан сүйіктісін кездестіреді.
    Өте қиын ,ауыр шығарма.
    АЛЛА БАРЛЫҒЫМЫЗҒА ӨЗ СҮЙГЕНІМІЗБЕН САНА БИІГІНДЕ ЖҮЗДЕСУДІ НӘСІП ЕТСІН

    • @qazcartoon2991
      @qazcartoon2991 Před 3 dny +1

      Сыздықтай тағдыр бұйырмасын..

    • @zhanarnurzhigit9461
      @zhanarnurzhigit9461 Před 2 dny +1

      Мәссаған,бір деммен оқып шықтым,рахмет үлкен❤

    • @user-pm5ug2th8b
      @user-pm5ug2th8b Před dnem

      ​@@zhanarnurzhigit9461 бір кітапты оқығандай айттың ғой)

    • @AlikhanShagirbaev
      @AlikhanShagirbaev Před dnem

      Хамекен айткан окига баскаша болдыго екеуы екы турлы кытпаба

  • @НуржасПердебаев

    Хамекеңе ризамын. Соңындағы өлең шумақтары 👍🏻👍🏻👍🏻

  • @botarakhymbay
    @botarakhymbay Před 13 hodinami +1

    Еркебұлан мен Хамит бір бірін толықтырып отыр🙏🏻өте керемет шығарылым! Хамиттің ой өрісіне,кітапты толықтай ашып беруі өте керемет!!! Кітапты оқуға ерінетін адам үшін,нағыз керек дүниені дәл осылай қабылдап алу рахат !

  • @user-zv5be5bo6g
    @user-zv5be5bo6g Před 4 dny +21

    Еркебұлан мықты, бөлексіңғо😍😍🔥🔥

  • @tansho_arttansholpan1519
    @tansho_arttansholpan1519 Před 12 hodinami +1

    👍🏻👍🏻форматтарыңыз мықты, астарын түсінген адамға кітап оқуды, тарихты, сөз қадірін көрсетіп жатсыздар. Қоғамда осындай ғо шынымен

  • @user-wb3ex6lz2c
    @user-wb3ex6lz2c Před 3 dny +5

    Хамит ағаға таңғалудан шаршамаймын. Міне, Қазақ әдебиетіне деген махаббат👏🏻👏🏻😍

  • @medeumeirambek8338
    @medeumeirambek8338 Před 3 dny +13

    Еркебұлан өзі әзілдері, күлкісі бәрі изюминка, хейтке қарамай жалғастыра беріңіздер, келесі бағдарламаларда Нұрсұлтан Үсенов пен Данияр Бекжанов шақырсаңыздар, бомба болад🔥

  • @bumb1ebeee
    @bumb1ebeee Před dnem +3

    Түйінді масқара жеткізді Хамеке👍👍👍 шынында солай. Құрысын, тағдыр шығар деп өмір сүріп жатқан адамдар жетерлік👍👍👍

  • @user-yx8gn2dw6r
    @user-yx8gn2dw6r Před dnem +4

    1сагат 40 минутпа ещё, базар жоқ. Қалай өтіп кеткенын былми каласын.

  • @NurzhanSairan
    @NurzhanSairan Před dnem +3

    Екі әңгіме де ұнады😊қайта қайта көре бергің келеді,жақсы шығарылым болды . Шығарылым саны арта бертін 👏👏👏

  • @Zhakyp-nb3sg
    @Zhakyp-nb3sg Před 2 dny +2

    Түк түсінігің жоқ екен Еркебұлан. Аз күл, көп қазақ әдебиетін көп оқы.
    Хамит жақсы орнына қойып отырсың Еркебұланды. 😂👍✊

  • @justbeknur
    @justbeknur Před 7 hodinami +1

    Мықты шығарылым! 100 жыл бұрын жазылған әңгімені қазіргі тілмен , әзілмен, теңеумен жеткізгендеріңіз ұнайды😍

  • @user-to6tp6mf5w
    @user-to6tp6mf5w Před dnem +1

    Еркебұланның күліп мағынасыз сұрағынан көргім келми қалды.

  • @KarakozErdekhanova
    @KarakozErdekhanova Před dnem +4

    Өзіңмен ұршы😂😂😂😂😂😂😂😂😂😂😂жаным сол аузыңнан шыққан әрбір сөз керемет қой

  • @nursultandinkuatov8215
    @nursultandinkuatov8215 Před 4 dny +26

    Осыдан басқа ештеңе көрмим уақыт жоқ бұған табам уақыт бірақ

  • @beybarysteleuhan2077
    @beybarysteleuhan2077 Před 8 hodinami +1

    Ойландырды кәдімгідей браво✊🏻

  • @K.Meiirzhan
    @K.Meiirzhan Před 3 dny +5

    Хамиттың соңында айтқан сөздері сүйектен өтті 👏🏽👏🏽👏🏽

  • @aluakarzhaubayeva
    @aluakarzhaubayeva Před 3 dny +5

    Осы бағдарлама жалғасын таба берсін❤️ әр шығарма өз кейпінде әдемі жеткізіліп жатыр👍 рахмет көп көп. Тағы да шығарылымдар көбейе берсін

  • @daniyarzhabayev470
    @daniyarzhabayev470 Před 4 dny +15

    Осылай ұзақ болса 👍👍👍

  • @erkeansar
    @erkeansar Před 3 dny +4

    Қандай керемет😍 Сіздерді көріп рухани дамып жатырмын. Қазақ тілі қандай керемет. Не деген теңеулер. Тоқтамаңыздар, дами беріңіздер.

  • @amyreshal8844
    @amyreshal8844 Před 3 hodinami

    Хамеке, нағыз аңыз десе, аңыз адамсың! Әңгімені өте жеткізіп айтасыз. Ризамын!

  • @user-nj3yb7fw2x
    @user-nj3yb7fw2x Před 4 dny +8

    Ассалаумалейкум! 5-ші шығарылым ал көрик. Жігіттер жақсы шыққан дұние жалпы ойларың. Істерің алға бассын. Әзіл әңгіме жоқ тлып тұр. Хамит брат красавчиксіңғо қазақи. Ойың ұшқыр жеткізуің керемет. Түсіндіргеніңнен түсінбедім деу ұят. Ал көрик 5-шіні

  • @darkhanuly_
    @darkhanuly_ Před 20 hodinami +1

    Тәлпіш красавчик!!! Хамеке, дами беріңіздер! Біз тек сізден сапалы контент күтеміз, қолдаймыз!❤️

  • @user-ij7qg4tl5l
    @user-ij7qg4tl5l Před 3 dny +4

    Мына бағдарлама тоқтап қалмасын👍🏻
    Бәрі керемет
    кітап оқып кеттім осы кітапХаннан кейін

  • @user-uj6yv4ev3p
    @user-uj6yv4ev3p Před 3 dny +5

    Өте мөте орынды бағдарлама дайындаған екенсіздер! Не деген ұшқыр ой Хамеке!

  • @beibarysmaksut3868
    @beibarysmaksut3868 Před 2 dny +4

    Ооойй Хамекең таза асылдың сынығы екенін көрсетті ғой, әңгіменің қалай айтады ә майын тамызып тұрып, керемет бағдарлама, дами беріңдер жігіттер алға❤

  • @nukan13
    @nukan13 Před 4 dny +8

    Сыздық әуелі де сөзінен тайып кетпеймін деп тырысты. Өз әрекетін соңына дейін жеткізуге "амалсыз" көнді. Әрі қарай "жанатын" сезімге тәукел етті. Бірақ..
    Бәрі бір болмады, пендешілікте болатын "қалуына" соңына оралды.
    Жігітшілікке салатын болсақ Сыздықтың алғашқы қадамын соңыда дейін апаруы дұрыс. Кейін қалаға кетіп нәпсіге еруі адамгершілікке жатпайды. Әркім өзінше аяқтап алар...
    Хамит Ердеханға ерекше алғыс. Әдеби сөздер, керемет теңеулер, барлығын жақсы келістіреді.

  • @Qazybek01
    @Qazybek01 Před dnem

    Өте керемет😂 күлкілі .Әдебиетсіз көміліп бара жатқан адамдарға кітап оқуға және қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілікті артыруға бір шама үлесті !!❤

  • @sakeen_balasyy9979
    @sakeen_balasyy9979 Před 3 dny +3

    Әрі қызық әрі әдебиет оқымаған шығармаларды тындап алатын бағдарлама екен. Біреудің қалай көтеріліп біреумен төбелескен әңгімесін тындағаннан осы дұрыс екен 👍👍👍

  • @arken8500
    @arken8500 Před 2 dny +3

    Жетінші түйсік Мухтар Шаханов керемет олен екен, койын даптериме туртип алган жайым бар. Хамекенде ерекше окып берди

  • @user-jo7mn5rq4v
    @user-jo7mn5rq4v Před 4 dny +10

    Kelesi bagdarlamadagy futbolka aldyna jazaiyk🤩

  • @zhadyrassyn.bereketova
    @zhadyrassyn.bereketova Před 14 hodinami +1

    Бағдарлама ұнады,керемет👍Атын білмеймін Хамиттен басқасының бірақ,бағдарламаның бүкіл фишкасы осында сияқты қызықты етіп жеткізуде👏👏👏

  • @nurlanauesbaev6745
    @nurlanauesbaev6745 Před 4 dny +16

    Нұрсылтан Үсеновты шақырыңыздаршы келесі бағдарламаға қызық болар еді

    • @zhan_arr
      @zhan_arr Před 11 hodinami

      Иә олда қарапайым жақсы жігіт👍

  • @erikserik1193
    @erikserik1193 Před dnem +3

    Жетсайдын Жигитине Риза болып отырмын!Ай Молодец!!!

  • @user-ji1hd8mo1v
    @user-ji1hd8mo1v Před dnem +2

    Хамитке ризамын.адамды кітап оқуға шабыттандырады екен

  • @Zhakyp-nb3sg
    @Zhakyp-nb3sg Před dnem

    Еркебұлан бауырым, сол кездегі ұят болады деген түсінік болды. Сондай түсініктен шығың, жабайылық деген сол, өз ойларыңды еркін айтып өркендеп өсу жолды көрсеткісі келген Абай, Міржақып және т.б сол кездегі ақын жазушыларымыз.

  • @KarakozErdekhanova
    @KarakozErdekhanova Před dnem +1

    Бүгінгі әңгіме ерекше қызық болды😂 тамаша жасай берсін бағдарламаларың

  • @Kiaro01
    @Kiaro01 Před 2 dny +4

    Менде осылай кіріп кетем кітапқа, осы Хамит замандаспен, осындай кісілермен сөйлесу керек екен, ішімдегіні шығару үшін!

  • @user-dq2gb5lx8r
    @user-dq2gb5lx8r Před dnem

    ✅✅✅Болды мынадан басқа Ютуб проект керек емес Қазақаудиторияға ✅✅
    Бір бағдарламада керектінін бəрі бар 👍👍👍

  • @Aiman.Serikkyzy
    @Aiman.Serikkyzy Před 9 hodinami

    Кітапты оқыған адам екіге бөлінетіні рас. Бірі Хамит секілді. Бірі Еркебұлан секілді. Екі түрлі оқырманның сипатын көрсете білген Хамит пен Еркебұланға рақмет! Тек алға 🎉🎉

  • @bn4400kz
    @bn4400kz Před 4 dny +5

    Мына шыгарылымдарын отте кушты екен, ар корген сайын езуым ауырып, куле берем зооррр шыгарылым кушты, коркиеберынбер.

  • @aben_assel
    @aben_assel Před 4 dny +7

    “Үйлену”
    Шығарма жақсы жазылған.Ол заманда қыз тағдырының қаталдығын көп бейнелеген.Салт-дәстүрге келетін болсақ о заманда болашақ күйеубаланың бүтін бір ауыл боп сыйлаған ,үйлеріне қонақ екен.(Күйеубалалары ауыл болысы болып тұрса кім күтпейді.Мұхтар Әуезов ауылдың жәй күйін осылайда жеткізгені шығар ,қанша деген сондай заман болды ғой )
    Оспанның ісін опасыздыққа балайтындар табылар.Оспан нағыз длс болғанда Қасымның бетіне айтар мед үрімдей қызды тоқалдыққа алып ,қорлағаның не деп.Бұл жерден Оспанның әу бастан Жәмилияда ойы бар екенін білуге болады.Осылай жігіттің шашбауын сүйреп келмесе ол Жәмилиямен кездеседе алмас пед,яғни,үлкен мүмкіндік болды.
    Өбісуге келсек.Менімше Жәмилә Оспанды біледі ,жақсы көреді.Әу бастан күйеубаланың жолдасы боп кеп жүргенде ақ көзі түскен.Аңсары қалай аумасын оқыған,әділдікті сүйетін,бойдақ (орыс киімі бар😂) жігіт қой.Сондықтанда онымен жақындасып ,ашық сөйлесті және өбісті.Авторда қараптан қарап қыз абыройын шашпайды ғой.Жәмилә ақылды,батыл,істің ақырын ойлайтын қыз болғандықтан Оспанға мүмкіндік берді.Сонымен қоса әйел теңсіздігінің болғаны көңілді қуаантты.Оспанмен өбісіп Қасымға тигенде шығарма басқаша өрбірмеді.”Үйлену” тақырыбына сай аяқталды.Рахмет

  • @justedft
    @justedft Před 3 hodinami

    Мына жоба
    Бұрынгы сериялдарыныз жайлы тоқтап қалмаса екен
    Өте қызық сәттілік тілеймін

  • @aigerim9958
    @aigerim9958 Před 3 dny +2

    Хамеке айтып отырған салт ұрын бару деп аталады,әдеби шығармалардың көпшілігінде кездеседі
    Бағдарлама жалғасын таба берсін ,Хамекеңе рахмет👍🏻👍🏻
    Орысша акценті өзіне күшті жарасады😄

  • @user-vm4xf7sk7t
    @user-vm4xf7sk7t Před 3 dny +1

    Ассалауму алеикум Жігітер
    Өте кушті, кітап оқуға қызығушылығым арты
    РАХМЕТ

  • @user-cz7ju2wg9d
    @user-cz7ju2wg9d Před 12 hodinami +1

    Осындай подкасттар коп болса жаксы болар еди китапты талдау шыгармадан узинде деген сиякты ❤

  • @user-te3mg3dr9u
    @user-te3mg3dr9u Před dnem +2

    Хамит сияқты кітапқа жатып алу керек екен ❤

  • @user-mw6mn9qi2y
    @user-mw6mn9qi2y Před 4 dny +7

    Неліктен Аз адам көреді кемінде 300/400к көру керек қой өте қызықты

  • @prosto_kazakh
    @prosto_kazakh Před 3 dny +3

    айтарға сөз жоқ. 1 секундында өткізбей көрдім. Хамекеңе мың алғыс👏

  • @user-ho6et9hh6i
    @user-ho6et9hh6i Před 4 dny +5

    Шай әнгиме мен Кітәпхананы кутемин асыга😍😍😍😍😍

  • @user-ck7nm5nj4s
    @user-ck7nm5nj4s Před 4 dny +9

    Осы бағдарлама жастарымызды кітап оқуға ынталандырған болареді димда!

  • @Perizat.akberdi
    @Perizat.akberdi Před 2 dny +1

    Соңындағы Жасұлан аға мен Асқар аға шындықты айтты, 🔥✅
    нәпсісін басқара алмаған адам өзінің таяз ойын ақтап алуға шебер келеді!!!
    Шындықты айтуы керек еді Сыздық басында🆘

  • @user-wv5gs2ms9m
    @user-wv5gs2ms9m Před 4 dny +9

    Хамит мыкты тил байлыгы

  • @adminoppophonnw-jn4ys
    @adminoppophonnw-jn4ys Před 2 dny +1

    Хамитке риза болдым!!! Сойлеу манерi, ойлау кабылетi керемет

  • @Az_azdan
    @Az_azdan Před 3 dny

    Керемет.Көрместен алдын кітапты(әңгімені)бір оқып шықтым.Өте ой саларлық дүниелер.Мұхтар Әуезовтың жағдайды сол сезімдерді жеткізуі мүлде бөлек.АЛ бағдарлама тамаша.Кітапқа деген ауыр,қате түсінікті кетіреді.Кітапты қызығып оқуға шақырады.🙌🏻👍🏻👍🏻🔝

  • @Akufj_Original
    @Akufj_Original Před 2 dny

    Жалпы әңгімені құр оқып немесе құр тыңдағаннан түсіну қиын.Ал оны талқылап отырып түсіндірсе ой түбінде қалады,оны әзіллмен жеткізсе тіптен бөлек.Тыңдарман ықыласты болса сөйлеуші шешен келед демекші Еркебұланның сұрағынан Хамекең көсіле шауып отыр👏👏👏Қасындағы екі жігітке де респект ара арасында болса да шоқ тастап отырған.Ондай да адам болу керек)))Өте керемет шығарылым,әр әзілде бір шындық деген.Бүгінге аудиторияға қазақ әдебиетін қандай жолмен болса да насихаттап отырған жігіттер жасай берсін!!!👍👍👍

    • @Akufj_Original
      @Akufj_Original Před 2 dny

      Патша көңіл көрермен өзіне керектісін алады.Мысалы мен “үйленуді” түсіндім.Әйтпесе былай күнде іздеп жүріп кітап оқитын адам некен саяқ.

  • @user-cn8cl5gp6o
    @user-cn8cl5gp6o Před dnem

    Осындай багдарлама коп болсын

  • @Kuanyshbek_Myrzakhmet
    @Kuanyshbek_Myrzakhmet Před dnem +1

    Хамекен красавчик Қазақ қой таза білімді маладес

  • @qazaqshaqyzyqvideolar
    @qazaqshaqyzyqvideolar Před 18 hodinami +1

    Хамит тас барма маңдайына ұратын десей.😂Хамит соңғы түйіндемең керемет болды.

  • @nurdosalisherov1865
    @nurdosalisherov1865 Před 4 hodinami

    Көрерменге ерекше нұсқада ұсынылған екен. Күлдіре отырып ой салу,жақсы шешім болған

  • @user-ng6uz5bo5e
    @user-ng6uz5bo5e Před 2 dny +1

    Хамекеңнің сөз саптауы🔥Еркебұланның сұрақтары 🔥

  • @user-lq4ld3eb1p
    @user-lq4ld3eb1p Před dnem

    Өте мықты керемет жоба.
    Бірақ Сыздықтың жасағаны иттік. Әйел етіп алып үйіне тастап оны ата анасына бір күтушір ретінде тастап кетіп. Өзі өзға әйелмен көңіл қосуы оның әу басьа біреудің тағдырына салғырт қарауында.

  • @user-lj9ht6uu1d
    @user-lj9ht6uu1d Před 12 hodinami +1

    Тоқтамаңыздар,топ бағдарлама!👍

  • @user-mx3ff6yw3w
    @user-mx3ff6yw3w Před 4 dny +6

    Еркебулан баса бер сенин арканда кызык болып отыр сен болмасан кур ангиме китап боп қалатын еди хамекенди ашып отсын

  • @user-bp6tu8qv5t
    @user-bp6tu8qv5t Před 4 dny +10

    Мәәә тіркелсеңдерші,мында адам көп болу керек кои

  • @Serik_Olzhas.04
    @Serik_Olzhas.04 Před 3 dny +2

    Осы бағдарламаға алғыс білдіремін 👏👏👏🔝

  • @ernuraliaskarov1622
    @ernuraliaskarov1622 Před 3 dny +2

    Абай жолында да бар осындай әңгімелер. Хамекен жақсы байқайды екен. Жеңгелері қыз ауылына барғанда шымылдыққа кіргізді деген. Мен соны түсіне алмағанмын. Қалай бұл деп

  • @user-jn5jz8yh8o
    @user-jn5jz8yh8o Před 3 dny +1

    Өте жақсы бастама.Хамеке Ереке Алла разы болсын.Қазіргі қоғамда да бар жағдай.Нәпсінің етегінде үйленіп біреудің аяулы қызын ортадағы баланы тастап Махаббат іздеп лағып жүрген Сыдықтардың санасының төмендігін кітаптан алып шықтың. Кей жағдайда сана биігінде жолықпаған жарыңды түсіну де керек болар бәлкім.Бұл ортадағы тірі жетімнің болашағына балта шауып жауапкершілік арқаламаған сорлы еркектің бір сәттік ләззәті деп түсінемін.

  • @user-bh2ys6rc9y
    @user-bh2ys6rc9y Před 3 dny +1

    Ғұмыры ұзақ болсын. Адам жалықпай тыңдай бергісі келеді.

  • @Dinara_97
    @Dinara_97 Před 4 dny +3

    Айтарға сөзім жоқ тек алға

  • @danyarbekzhanov926
    @danyarbekzhanov926 Před dnem

    Ерке 🔝🔝🔝🔝 тамаша жоба

  • @Quatbektinqyzy
    @Quatbektinqyzy Před 23 hodinami

    1 сағат 40 минут қалай өткенін байқамай қалдым. Керемет!

  • @gosha_bai
    @gosha_bai Před dnem +1

    Хамиттай болу кайда осындай шығарманы қандайғып айтып беру 👏👏👏👏👏👏👏👏👏❤️

  • @user-yp6zr4wv9l
    @user-yp6zr4wv9l Před 3 dny +1

    Уыхтамай таңға дейін кордім әдемі Хамекең тапқырлығына сөзім жоқ. БРАВО)

  • @Ondashov.Aidos.
    @Ondashov.Aidos. Před 14 hodinami

    Жетінші түйсікті оқығанына рахмет🤝 Осыны көбі түсіне бермейді

  • @Antaliya
    @Antaliya Před dnem +1

    Мұхтар Шаханов ұлы ақын👏👏👏

  • @askarmuratbay5338
    @askarmuratbay5338 Před dnem +1

    Жигиттер конилди такырып болды жаксы бары Хамекене рахмет ангименин тубин тусиретин жигиткой