Өзбекстанда Әйтеке биге арнап ас берілді

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 12. 09. 2024
  • Өзбекстанның Науаи облысында жерленген Әйтеке биге ұрпақтары ас беріп, құран бағыштады, деп хабарлайды «Хабар 24».
    Кіші жүздің бас биін еске алуға Қазақстаннан да бір топ мейман келді. Бұл жылдағы игі дәстүр дейді Әйтеке бидің ұрпақтары. Негізі Әйтеке Байбекұлы Науаи облысындағы Нұрата ауданында дүниеге келіп, осы маңда қайтыс болған. Даңқты би - қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан мемлекет қайраткері. Қазір бұл жерде кіші жүздің бас биіне арналған кесене де бар. Бұл нысан көрші елде зиярат туризмінің тізіміне енген. Қазір Қазақстаннан ата-баба рухына тағзым етіп келушілердің қатары артқан. Сондықтан ас беруге барған отандастарымыз медресе маңында зиярат жасаушыларға ыңғайлы жағдай жасауды да қолға алған.
    «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: bit.ly/31WnObW
    Біздің сайт - 24.kz
    Facebook - / tvkhabar24
    Instagram - / tvkhabar24
    Telegram - t.me/tvkhabar24
    Twitter - / tvkhabar24
    Vkontakte - tvkhabar24

Komentáře • 5