Жұмекен Нәжімеденов "Әжеме" \ Өлең - сөздің патшасы \ Асыл арна

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 5. 12. 2017
  • Сайт: asylarna.kz/
    Facebook: / asylarna
    ВКонтакте: asyl_arna
    Instagram: / asylarna
    Twitter: / asylarna

Komentáře • 29

  • @bqdilya560
    @bqdilya560 Před 3 lety +4

    Байғұс әжем, бір жыл болды, бір жол болды - көрмедім,
    Көрмедім мен бурыл шашты кәрі қолдың өргенін.
    Көрмедім мен сиыр айдап, отқа тезек салғанын,
    Көлеңкеге құрып қойған ала жолақ өрмегін.
    Еркелетсе - ермегі едім, жалғызы едім мен оның,
    Әжем үшін жалғыз өзім - бір рулы ел едім,
    Сағындым-ау сарғыш тартқан ертегісін, өлеңін.
    Біздің жақтан жел ескенде желмен бірге келеді
    «Қарашығым, тамағыңды іш, деміңді алшы!» - деген үн.
    Дәл осы сәт отыр ма екен, отыр ма екен ине алып,
    Жіңішке ине, жіңішке жіп - өткізе алмай қиналып,
    Әлде, әлде бір шүйкесін көршідегі тентек ұл
    Алып қашып бара ма екен көк шыбыққа «бұйда» ғып?!
    Сондай кезде ойлайды ғой, ойлайды ғой мені ылғи,
    Сондай кезде қандай екен кәрі әжемде көңіл күй,
    Көңіл шіркін! Нұрлы сәуле, әлсін-әлсін тіріліп,
    Әлсін-әлсін елес берер, елес берер бір үміт.
    Әлсін-әлсін жүгірем деп, қуамын деп үмітін
    Көйлегінің етегіне қалды ма екен сүрініп?..

  • @user-lo9cx5qg2p
    @user-lo9cx5qg2p Před 6 lety +8

    Қандай керемет. Қазағымыздың əдемі əдеби əсем шығармашылығы. Асыл дүниелерді жеткізгендерінізге. Аллам ризалығы болсын сіздерге.🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏

  • @user-no3wy3ed8v
    @user-no3wy3ed8v Před 6 lety +13

    Керемет!Əжемізді сағыңып жылап алдық

  • @aldabergenjoldasbaitegi4499
    @aldabergenjoldasbaitegi4499 Před 8 měsíci

    Керемет ақын

  • @user-us8rg9iw1h
    @user-us8rg9iw1h Před 6 lety +6

    Керемет. Алла разы болсын

  • @a.rainurzamm
    @a.rainurzamm Před 6 lety +7

    Иә, қайран апам...жаны жаннатта болсын. Қанша тыңдасаң да жыламай тыңдай алмайсың. Көп рахмет!

  • @zaurezhuasbaeva9365
    @zaurezhuasbaeva9365 Před 5 lety +3

    Керемет!!! Шынымен әжемди сагынып кеттим. Балалык шагым есиме тумип кетти. 😞

  • @almaz9697
    @almaz9697 Před 5 lety +2

    Керемет 👍👍👍👍

  • @user-zs8sn3ro8o
    @user-zs8sn3ro8o Před 5 lety +2

    Рахмет!😢

  • @user-ji6gc6wc5k
    @user-ji6gc6wc5k Před 3 lety

    Көйлегінің етегіне қалды мекен сүрініп! Қайрааан әжелерім ау!!! Жандарың жаннаттың төрінде шалқысын!!! Аллам өз панасына алсын сіздерді!!! Ақреттеріңіз қайырлы болсын!!!🤲🥲🥲🥲

  • @sandugashkarymsak3688
    @sandugashkarymsak3688 Před 5 lety +1

    Әжемде ғана бар махаббат пен мейримди дәл жеткіздіниз! Күшті!

  • @user-jn7on5pu6e
    @user-jn7on5pu6e Před 3 lety +1

    Рахмет, әжемді ойға алдым

  • @user-us2fk1ep9u
    @user-us2fk1ep9u Před 4 lety

    Менін әжем,асыл әжем .Жанын иманды болсын.Сағындым әж емді.

  • @bekzatbekbolat1735
    @bekzatbekbolat1735 Před 5 lety +1

    Əдемі өлең. Тек сəл дұрыс оқылмапты. Өлеңді толқындатып оқу керек қой. Мынау осы өлең, оқып көріңізші өзіңіз:
    Сағындым ғой! Құлағымда, құлағымда тұр міне:
    "Қарашығым тамағыңды іш, деміңді алшы!" - деген үн
    Осы бір сəт отыр ма екен, отыр ма екен ине алып,
    Жіңішке ине, жіңішке жіп - өткізе алмай қиналып

  • @JangazyAlia2002
    @JangazyAlia2002 Před 6 lety +1

    Əжемді сағынып кеттім😓😢

  • @user-zu4bo1sm9f
    @user-zu4bo1sm9f Před 2 lety

    Алтын Әжем

  • @qazaqtili81
    @qazaqtili81 Před 3 lety

    ғажап дауыс

  • @user-nj2qn3dh4s
    @user-nj2qn3dh4s Před 5 lety

    Керемет Алла риза болсын сагындым менде ажемди 2 жыл боп калды

  • @gazizkazah58
    @gazizkazah58 Před 4 lety +1

    👍👏

  • @aminaasylbekova7811
    @aminaasylbekova7811 Před 5 lety

    керемет эомоция

  • @kiingkaus1459
    @kiingkaus1459 Před 3 lety

    Асыл арна бағдарламасына сұраныс Мұқағали атамыздың Әже монологын Фариза апамыздың жетімнің монологын оқыңыздаршы! Сіздерді тыңдап өлеңдерді тыңдай бергің келеді! Қандай күшті! Актерлардың дикциясы керемет қой

  • @user-zu4bo1sm9f
    @user-zu4bo1sm9f Před 5 lety +1

    👍

  • @user-eq1wp5jb9t
    @user-eq1wp5jb9t Před 4 lety

    ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @user-xz6vf7fs6d
    @user-xz6vf7fs6d Před 5 lety

    😢😢😢

  • @user-nb8jp7jo7z
    @user-nb8jp7jo7z Před 4 lety +1

    Осындай бағдарламаларды көбейтсе тамаша болар еді

  • @user-ic6ix8oq9g
    @user-ic6ix8oq9g Před 5 lety +1

    😢 Ажем есиме тусип кеттигой.

  • @mereyberdibaev3950
    @mereyberdibaev3950 Před 5 lety

    Ассалаумағалейкум құрметті Асыл арна ұжымы!Сіздердің осы бағдарламаларыңыз өте керемет!Сіздерден өтініп сұрайын дегенім.Осы бағдарламасына.Мағжан Жұмабаев атамыздың өлеңін басып шығарсаңыздар екен.

  • @user-uz5lp8te5j
    @user-uz5lp8te5j Před 2 lety

    Оқи алмапты. Өлеңді алдымен түсіну керек. Сосын оқу керек. Мына жігіт өлеңнің ішкі ритмін ақпай тұр...

  • @togzhantolybay4364
    @togzhantolybay4364 Před 5 lety

    өлең керемет, бірақ оқыған жігіт бунақтарға дұрыс бөлмей оқыды ма, білмеймін. Мен өлеңнің кереметін бұл жерден сезіне алмадым.