Жоңышқа өсіретін шаруашылық. «Нұрбол» ШҚ басшысы Байменов Нұрбол мырзамен сұхбат

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 27. 08. 2024
  • ұялы телефон: +7 777 270 24 67
    телефон: +7 727 269 46 41
    wa.me/77772702467
    ____________________________________________
    «Нұрбол» Шаруа қожалығы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бірлесу-Еңбек ауылында орналасқан. Бұл шаруашылық 20 гектарға ауыспалы егістік сақтай отырып, жүгері, қызылша, арпа және жоңышқа дақылдарын егетін компания.
    Осы «Нұрбол» шаруа қожалығы Біздің «Микробиология және вирусология» ҒӨО ғалымдарының «Ой күшімен жасалған, Қазақстанда өндірілген» «Өнеркәсіптік микробиология» компаниясының зауытында дайындалған Фитобацирин® және Ризовит-АКС® отандық биопрепараттарын өз егіс алқабында жоңышқа дақылының өнгіштігін және өнімін арттыру үшін алғаш рет қолданды.
    Шаруа қожалық басшысы Байменов Нұрбол мырза өз сұхбатында шаруашылықта ауыспалы егістің алғы дақылы және мал азығы ретінде егілетін жергілікті жоңышқа сортының тұқымын отандық Фитобацирин® және Ризовит-АКС® биотыңайтқыштарымен өңдеп еккенде, жоңышқаның шығымдылығы артып, жоғары өнім алуға оң әсерін тигізетіндігін әңгімелеп берді.
    Фитобацирин® - биотыңайтқышын (инокулянт) жоңышқа, түйежоңышқа және басқа да қабығы қатты азықтық дақылдарының тұқымдарының өнгіштігін арттыру үшін қолданады. Өсімдіктердің өсуін ынталандырады және биологиялық белсенді заттарды (В дәрумен тобы, амин қышқылдары және т.б.) түзеді.
    Ризовит-АКС® - биотыңайтқышы (инокулянт) бұршақ тұқымдас дақылдарының (майбұршақ, асбұршақ, жасымық, ноқат, жоңышқа, түйежоңышқа және т.б.) өнімділігін арттыруға арналған. Азотсіңіруші түйнек бактериялары өсімдіктерді қол жетімді биологиялық азотпен қамтамасыз етіп, топырақта жинақталады.
    Фильмнің маңыздылығы Шаруашылық басшысы Нұрбол мырзаның жоғарыда айтқан жоңышқадан жоғары өнім алған нәтижелері, отандық Фермерлердің өз шаруашылығында өсірген жоңышқа дақылынан мол өнім жинауына оң әсерін береді деген ойдамыз.
    Фильмнің сапасының нашар болуына байланысты кешірім сұраймыз.
    ____________________________________________
    Ой күшімен жасалған. Қазақстанда өндірілген.
    ЖШС "Өнеркәсіптік микробиология"
    Қазақстан Республикасы, A15E2K9 (050043), Алматы қ., әл-Фараби д., 89/44
    телефон: +7 727 269 46 41
    ұялы телефон: +7 777 270 24 67
    WA: wa.me/77772702467
    e-mail: promicrobio@gmail.com; pmtoo@mail.ru
    www: pm-AKS.kz
    youtube-арнасы: / @kz.microbiology
    instagram: / promyshlennayamikrobio...
    facebook: / too.promyshlennayamikr...
    WhatsApp: wa.me/77772702467

Komentáře • 8

  • @aidarutebaev1981
    @aidarutebaev1981 Před rokem +4

    Жоңышқа алғаш шыққанда қанша градус суыққа төзе алады

    • @kz.microbiology
      @kz.microbiology  Před rokem

      Жоңышқаның алғашқы өскіндері -6 градусқа дейін суыққа төтеп бере алады.

  • @damiranurbek2281
    @damiranurbek2281 Před rokem +2

    Жақсы

  • @user-ly2jp9hp6q
    @user-ly2jp9hp6q Před 6 měsíci

    Люсерна мен жоңышка бірма или болекпа. Люсернаның урығын каидан алуга болады

  • @user-nc1nr5uq8n
    @user-nc1nr5uq8n Před rokem +1

    Каналға жазылдым. Жақсы мәліметтер бар екен 👍

  • @Dulat0208
    @Dulat0208 Před 10 měsíci +1

    Арыктын арасы канша