Video není dostupné.
Omlouváme se.

ХАЛЫҚТАН ҮЛКЕН ЕМЕССІҢ… | БЕЙШАРАНЫ ЖЫЛАТПА | КЕНЖЕБАЙ ШАЛДЫҢ ҮЗДІК ӘҢГІМЕЛЕРІ

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 18. 09. 2023
  • НЕГЕ ОСЫНДАЙ ӘҢГІМЕЛЕРДІ ІЗДЕП ТҰРАМЫЗ? Тыңдасақ неге рахаттанамыз? Рухани азық алатын сұхбат болды деген сенімдеміз, қарап көріңіз. Тамашалаңыз, ұнаса таратыңыз.

Komentáře • 345

  • @user-ls4py1oi3k
    @user-ls4py1oi3k Před 19 dny +4

    Өте керемет қазағымның журегінен иман басынан ақыл сана кетпесін.

  • @khamitofficial
    @khamitofficial Před 11 měsíci +31

    Кенжекең аңыз адамғо шіркін

  • @user-vt5gk9il7s
    @user-vt5gk9il7s Před 10 měsíci +50

    Амансыздарма елім, жұртым мен жылап жаныммен жүрегіммен тыңдадым қандай тамаша жанға азық әңгіме осындай бабаларымнан айналдым соны көңліне тоқыған Кенжекеңе мың алғыс шақырған Қажмұқан баламызға мың-мың алғыс, адасқан жас ұрпағымызға әрине барлығы емес аздан көбі осындай әңгімені қалдырып кету керек деп ойлаймын көбірек берсең екен.

    • @malsyir3201
      @malsyir3201 Před 10 měsíci +2

      Сөздің қысқасы президент жанынан идеалогия комитетін ашпаса.баяғы жартас бір жартас бола бернді.

    • @user-kt7oe8zm1n
      @user-kt7oe8zm1n Před 9 měsíci +2

      Мектеп қабырғасында ер балаларға сөз саптауды қысқада нұсқа сөйлеуді үйрететін, қыз балаларға ибалы болуды үйрететін курстар болуы керек.

    • @user-ph7wv3xh2v
      @user-ph7wv3xh2v Před 9 měsíci +3

      Қазына ғой ағамыз. Аман болсын

    • @user-ie5zt3uh8x
      @user-ie5zt3uh8x Před 9 měsíci

      ​@@user-kt7oe8zm1n💔

    • @user-bk5uj8jl4r
      @user-bk5uj8jl4r Před 9 měsíci

  • @user-tl7we3wn1l
    @user-tl7we3wn1l Před 9 měsíci +19

    Кенжебаидың әңгімелері керемет Жас кезімізде үлкен бас қосуларда үлкен кісілер аитып отыратын әңгімелерді жаңғыртып аитып отырғанына РАХМЕТ

    • @nurdyu3415
      @nurdyu3415 Před 8 měsíci

      Кажымукан.пивонойда.отырсын ба.шолмекти.басына.тонкерип.маскарай.акынга.обал.болдау

    • @nurdyu3415
      @nurdyu3415 Před 8 měsíci

      Кенжебайдын.айткан..ешкыскартпай.тутас.бериндер.эфирге.бундай адам..жии.шакырып.жастарга.онеге.корсетиндер кунде.келмейди.омирге.нагыз.куйма.кулак.аркалы жигит

  • @ualikhan2495
    @ualikhan2495 Před 10 měsíci +84

    Қажымұқан қонаққа су ішетін пиала қойсаң болмадыма.құрмет көрсете алмадың.Кенжебай ағамыз,қандай рухани азық берді,көненің көзін көрген,оқыған,көкірегіне тоқыған ер азамат екен.Алла разы болсын!

    • @user-xx9gu6ik1l
      @user-xx9gu6ik1l Před 9 měsíci +6

      Соны мен де ойлап отырған ем. Су ішетін ыдыс қойып қойғанда дұрыс болатын еді. Аузынан ішіп отырғанын көргенде, ыңғайсыз екен.

    • @kasiettasbolat8392
      @kasiettasbolat8392 Před 6 měsíci

      Ана тілге шешен кісіден жақсылап сөз естіген шығар өзі де. Өте ұят болды, жұрттан сұрастырса шығар еді ғой , 1-2 пиала.😅

    • @user-ng1wk5se4z
      @user-ng1wk5se4z Před 6 měsíci

      Ассалаумағалайкум Кенжекеңнің әңгімелері керемет РАХМЕТ

    • @user-yb7qp4ij9e
      @user-yb7qp4ij9e Před 4 měsíci

      ​@@user-xx9gu6ik1lфъэёёёһ

  • @user-yr7bq2em8l
    @user-yr7bq2em8l Před 11 měsíci +31

    Жатқан шежіре ғой , Кенжекең , тыңдай бергің келеді, керемет.

  • @user-bi2cp4ce8x
    @user-bi2cp4ce8x Před 10 měsíci +60

    Өнеріңіз өнерге өзсін .Өзіңдей азаматтар барда Қазақ пен домбыра өлмейді !
    Жасай бер, бауырым !

  • @user-jz3ix3qh2y
    @user-jz3ix3qh2y Před 9 měsíci +28

    Кенжебай ,ұзақ өмір берсін, өсіп келе жатқан ұрпаққа керексіз ❤

  • @user-lt6rf7sb1j
    @user-lt6rf7sb1j Před 10 měsíci +48

    Оой рақмет, осындай әңгіме айтатындар қазіргі кезде жоқтың қасы. Айналайын, өлкенің өссін, көптен бері мұндай әңгіме есітпей, шөліркеп қалыппын, басынан айағына дейін тыңдап, арасында көзге де ерік бердім. Бұл ұлағатты әңгіме келер ұрпаққа, бәрін жоғалттық, енді тірілту керек. Бұл үлкен тәрбие, мектеп , жыраулармен жиі әңгіме құру керек,осындай, құйма құлақ азаматтарды жиі шығарып түр, Қажымұқан бауырым, алдына кесемен қымыз, шұбат, бәрін қойып,қонақ қылып жырлатсаң, бұлар таңды таңға қосып жырлвйды ғой. Өркендерің өссін, мүндай хабарға бір арнаны беріп қойса, қандай керемет болар еді.

    • @user-ux8tf4cy2f
      @user-ux8tf4cy2f Před 9 měsíci +1

      😊

    • @user-bn9tt7nd7f
      @user-bn9tt7nd7f Před 3 měsíci

      Жазылып тұрған кітап тай құлақ салып тыңдайтын адам болсын Алла разы болсын рахмет

  • @Mukhtar-yj3pf
    @Mukhtar-yj3pf Před 10 měsíci +18

    Әрине осындай әңгімелер жиі болып тұрса қазақтың деңгейі,ой-өрісі өседі!

    • @user-uc3kg9zv7p
      @user-uc3kg9zv7p Před 17 dny +1

      Алла тағала денсаулық берсің өзінізге отбасынызға.
      Екі дүниенің жақсылығын көрініз бауырым.

  • @user-ts1fo7fi5j
    @user-ts1fo7fi5j Před 10 měsíci +68

    Шаянға барсаң Әншімін деме, Созаққа барсаң Күйшімін деме .Жан дүниесі тұнып тұрған өнер екен.Сөз саптауы, тіл байлығы керемет.Сөздің мағынасын керемет жеткізе біледі.Адамның жеткізе алмаған сөзін, Киелі Домбыра қалай жеткізе біледі десеңізші.Қазақтың өнерін өркендете беріңіз.100 жасаңыз.Тұнып тұрған Қазақи тәрбие.Ағысқа қарсы жүзе беріңіз.Әр Қазақтың төрінен табыла бер Домбыра.

    • @razakserkul
      @razakserkul Před 9 měsíci +2

      Хош

    • @user-ql2ep5sb7g
      @user-ql2ep5sb7g Před 7 měsíci

      Мына азаматтын айтары купшежреси куп мектептерге сабак ретнде кажет екен суздин кудрети бар казрги балдардын кателгн тузетуге суздин кудрети жетеди талай мыктыларды бир ауыз сузбен токтаткан бир ауыз сузбен жаны калган суз кудрети кушти болган мёктепке пайдалану керек осындай азаматтарымыз куп болсын

    • @user-nq9ts1mu1r
      @user-nq9ts1mu1r Před 7 měsíci

      Ассалаумағалайкум ағасы алтын тонның жағасы сізге алғысымыз шексіз аталы сөз айтқан би шешендердің нақыл сөзін бізге жеткізген Семей өңірінен дұғай дұғай сәлем Алла разы болсын ұзақ бақытты ғұмыр берсін екі дүниенің бақытын берсін Алла тағала көптен көп рахмет рухани азып жүр едік ауылдан қалаға келгелі бір жасап қалдық бала күнім есіме түсіп өмірден өтіп кеткен қарияларды еске алып оларды Алла рақымына бөлесін

    • @user-nq9ts1mu1r
      @user-nq9ts1mu1r Před 7 měsíci

      Иса Байзақовпен айтысқан Нұрлыбек Баймұратовтың жерлесіміз

  • @user-wv8mo1mk8i
    @user-wv8mo1mk8i Před 11 měsíci +29

    Керемет! ♥👍👍👍

  • @user-qh8xw7ry4o
    @user-qh8xw7ry4o Před 11 měsíci +29

    Бәрекелді тамаша сұхбат болды Қажеке..

  • @arkabaitolmaganbetov1543
    @arkabaitolmaganbetov1543 Před 11 měsíci +19

    Кенжебек айтып жатқаның өте маңызды. Алла жар болсын. Осындай хабарды насихаттау керек.

  • @kuanyshaleshov
    @kuanyshaleshov Před 11 měsíci +37

    Керемет мағыналы тәрбиелі сұхбат болған екен . Алла разы болсын .Аталарымыздың өсиет нақылана ешқандай сөз жетпейді ғой

  • @qazfilms
    @qazfilms Před 10 měsíci +39

    Кенжебай ағамыз бабадан қалған асыл мұра ғой қандай керемет әңгіме айтты👍👏 өмір жасыңыз ұзақ болсын! Қонаққа тағы келіп жақсы әңгімеңізбен қуантыңыз.

  • @user-tq3qb7mr2w
    @user-tq3qb7mr2w Před 10 měsíci +29

    Бауырым көп рахмет Алла жар болсын өте тамаша айтқан әңгімелерің

  • @user-ev8fi3qu4x
    @user-ev8fi3qu4x Před 9 měsíci +19

    Кенжебай бауырым көп жаса
    Скені тыңлаған қазақ үрыхы оянып қүндылығын оятуың еліңді қуантар үлғі болады ❤

  • @user-qh6qr8hp5p
    @user-qh6qr8hp5p Před 10 měsíci +16

    "Дауға салса, алмастай қиған, сезімге салса, қырандай қалқыған, өмірдің әр орайында әрі қару, әрі қалқан.. отты да ойнақы, Қазаққа, Ана тілінен артық не бар"-деген дана халқымыз..
    Ағамызға мың тағзым, бабаларымыздың інжу-маржандай рухани қазынасын кейінгі ұрпаққа жеткізу мүддесі үшін..
    Құлақ құрышын қандырып,көңілді тұшындыратын, Рухты көтеретін бабаларымыздың асыл қазынасын кеуде-көмбесінде сақтап келгендігіңіз үшін..
    Алла өзіңізді рахымына бөлеп,ұзақ ғұмыр нәсіп етсін...

  • @tasbolat4677
    @tasbolat4677 Před 10 měsíci +19

    Кенжебай балам өте әсерлі болды әнгемең молдалардың уыағызынанда жоғары болды алла өмиріңді узақ етсін көп жаса.

  • @user-js6wc1ip1q
    @user-js6wc1ip1q Před 11 měsíci +30

    Тұрып тұрған шежіре үлкен рахмет рухани азық аласың бұндай ұлы кісілерді тыңдағанда қазақ деген бекер халық емес ғой ата бабаларымыз тегін болмаған Алланың нағыз сүйген құлдары болған Алланың сүйікті құлдары болған деп ойлаймын әйтпесе бұдай шешен сөздер қайдан келген ата бабамыздың киелі сөздерін жатқа айтып халықтың алғысына бөлініп жүрген сізге мың алғыс екі дүниенің Рахатына бөлініңіз сізді тыңдаған сайын бір жасап қаламын эфирге жиі шығып тұрыңыз

  • @БекзатАскаров

    Бәрекелді ! Жасай берсін осындай өнегелі ағалар !

  • @khadishashalabaeva8761
    @khadishashalabaeva8761 Před 11 měsíci +25

    Керемет кездесу Жастарға улгі әңгімесін тыңдай,бергің келеді ❤❤❤

  • @user-mq2lp8hy3k
    @user-mq2lp8hy3k Před 10 měsíci +15

    Сансыз Алғыс Аллаға осы тұлғамен замандас болғаны ма,эфирге көп рахмет, көптен күткен едік осы кісімен сұхбатты🌹🌹🌹❤❤❤

  • @user-nm9nv5zm8d
    @user-nm9nv5zm8d Před 11 měsíci +30

    Кенжекең бауырым Алла Тағала екі дүниеде мерейіңді үстем қылсын әрқашан еңбектерің жемісті жолың ашық болсын аманбол

  • @TemirbekZhanysbaev-wf8ol
    @TemirbekZhanysbaev-wf8ol Před 11 měsíci +16

    Қөп рахмет мықты дарын иесі таланты бауырым

  • @user-gw2gc5yu3s
    @user-gw2gc5yu3s Před 10 měsíci +12

    Рахмет өте керемет сұхбат болды

  • @user-en7hj3lr7d
    @user-en7hj3lr7d Před 11 měsíci +17

    Керемет! Міне қазақтың нағыз тұлғасы осындай болған.

  • @kalamkasaldabergenova7367
    @kalamkasaldabergenova7367 Před 10 měsíci +14

    Керемет мәлімет!
    Аман - сау болайық!

  • @redlake4179
    @redlake4179 Před 11 měsíci +20

    Кенжеке рахмет мынау керемет ,сырлы сұқпат болды.Алла жазса сізбен де бір кездесерміз ,қызыл көл ауылынан ,Мұрат.

  • @botagozyembergenova1954
    @botagozyembergenova1954 Před 10 měsíci +15

    Ассалаумағалейкум осындай сұхбаттыңболғаны дұрыс қой. Күтеміз

  • @user-nu5gu1wj3m
    @user-nu5gu1wj3m Před 5 měsíci +2

    Жақсы адаммен өткізген жарты сағат,
    Жаманның өткізіп алған ғұмырына тең!! Керемет сұхбат!!

  • @user-ky8yh9lm6k
    @user-ky8yh9lm6k Před 11 měsíci +15

    Керемет әңгіме! Ағамыз аман болсын!

  • @Invictusmaneo1
    @Invictusmaneo1 Před 9 měsíci +8

    Кенжебай ағамызды күнде шақырсаңыздар да тыңдауға дайынбыз. Міне, қазақи болмыс, міне, ұлттық құндылық!!! Күтеміз Кенжебай аға, керемет сұхбат болды, бірнеше рет қайталап көрдік, өте тамаша!!!

    • @user-jq3sx9yu4b
      @user-jq3sx9yu4b Před 8 měsíci +2

      Айналайын! Жылы жүрегіңнен айналдым.

  • @user-le2ly2tu2h
    @user-le2ly2tu2h Před 9 měsíci +11

    Керемет!:Өте жақсы! Алла разы болсын! Ғұмыр жастарыңыз ұзақ болсын! Еститін құлақ болсын!!!

  • @user-li6rs6gk7q
    @user-li6rs6gk7q Před 11 měsíci +22

    Ассалаумаалейкум! Кенжекеңнің әңгімелері керемет қой!

  • @user-bo6bg8vx2o
    @user-bo6bg8vx2o Před 10 měsíci +15

    😂бұндай керемет аталы сөзді айтатын адам жоқтың қасы,азаматтар уаақтанып кеткен, қарның ашады,бір-бірінің аяғынан шалады масқара қазақ ірі болу керек,уағыз аталы сөз ғибрат.

  • @imgoingbackin6017
    @imgoingbackin6017 Před 9 měsíci +12

    Баршаңызға шексіз алғыс, осылай қазағымның рухын көтеріп жүргендерің үшін Жаратқан ием тілектеріңді берсін, өркендерің өссін. Дән ризамын, бар болыңдар, қазақтың бір туар азаматтары. Мен Ақтөбе қаласынанмын, осындай сұхбаттарыңыз көп болсын жігіттер, ата- баба аруақтары бір жасап, Сіздерді қолдасын…

  • @qazfilms
    @qazfilms Před 10 měsíci +13

    Пах шіркін қандай қандай керемет домбыраның үні 👏👏

  • @user-rt4je1zn9x
    @user-rt4je1zn9x Před 10 měsíci +8

    Жаксы сухбат!Оте унады коптен куткен кездесу!

  • @user-og9ny3dt2p
    @user-og9ny3dt2p Před 10 měsíci +7

    Айтар жоқ керемет қайдағы біреулердің ішкен жегенін, байлығын, өсек айаңын, бір бірімен салғыласқанын шығарғанша осындай кездесу рухани тәлімі көп шығып туруы керек

  • @user-qi4hu1rv7s
    @user-qi4hu1rv7s Před 10 měsíci +29

    Кенжебай "шал:- інім, талабыңа нұр жаусын!
    Шеберлігің, шешендігің арта берсін!
    Қазып жатқан алтын- күміс, жауһар қазынаң көптің игілігіне жұмсалсын!
    Бақытты- ғұмырлы, үбірлі- шүбүрлі бол!
    Шəкірттерің көп болғай!

  • @user-qs1ob6wl8x
    @user-qs1ob6wl8x Před 9 měsíci +12

    Пах, шіркін! Қандай керемет нақыл сөздер?!... Өркенің өссін, Кенже бауырым! Қарт Торғайдан дұғай сәлем! 👍👍👍

  • @user-bu3hd2qg4v
    @user-bu3hd2qg4v Před 9 měsíci +4

    Рахмет, Кенжебай! Өтте ілімді , жақсы айтылды! Әттең орысша оқып сорлымыз, көнілдегінің бәрін төге алмай отырмын! Недеген сөздер іздегенде табылмайтын!💐Шаршамаңыз айтареіңіз , жастарға керек ақыл, біздерге көз ашу!

  • @user-wt8cp4rq9u
    @user-wt8cp4rq9u Před 9 měsíci +2

    Өте тамаша кенжебай аға өнерің дүнеге тарай берсін

  • @user-nm6hj2hf8v
    @user-nm6hj2hf8v Před 11 měsíci +11

    Ғажап, ғажап!👍👍👍

  • @user-qb8qo1no8o
    @user-qb8qo1no8o Před 11 měsíci +24

    Керемет, кенжекен бир өзі Бир төбе. Ғажап.

  • @almagulakbayeva4683
    @almagulakbayeva4683 Před 9 měsíci +13

    Сіздердің әңгімені естіп отырып, баяғы біз кішкентай күнімізде үйге қонаққа келген қариялар керемет әңгіме айтып отыратын еді, есіме түсіп көзіме жас келеді.
    Әттең осындай майын тамызып әңгіме айтатын қарияларымызда жоқ қазіргі кезде

    • @user-vt5yt7ty2n
      @user-vt5yt7ty2n Před 8 měsíci

      лайын өмір жасың ұзақ бол сын сендей жіг

  • @user-mb1bf3xs9n
    @user-mb1bf3xs9n Před 11 měsíci +28

    Осындай кісінің құрметіне анда санда тамағын жібітіп отыратын екі үш литр қымыз әкеліп қойсаңдар болады ғой.

    • @kasiettasbolat8392
      @kasiettasbolat8392 Před 6 měsíci +2

      ия өте дұрыс ой.Қымбат , бағалы , асыл сөздер айтылды. 0,5 баклашканың қақпағын ашып , жауып аузымен ішіп отырғаны жүргізушіге ұят болды. " Түйеге жантақ керек болса мойнын созады" болды ғой.

  • @user-ho7lx6ch8x
    @user-ho7lx6ch8x Před 11 měsíci +11

    Керемет!

  • @user-gz3xg5bh8u
    @user-gz3xg5bh8u Před 9 měsíci +4

    Бауырым мың да бір рахмет керемет мине нағыз қазақы уағыз айтарсын көп болсын

  • @user-dt7ru9bg6d
    @user-dt7ru9bg6d Před 9 měsíci +6

    Алла Куат берсин осындай кунды создермен мектеп балдарын сусындатсак асресе жогары класс окушыларына рухани азык болгар еди кокиреги оянып акылына акыл Конар еди керемет

  • @user-ko3mm8fm4d
    @user-ko3mm8fm4d Před 10 měsíci +12

    Алла жар болсын...

  • @user-bi2cp4ce8x
    @user-bi2cp4ce8x Před 10 měsíci +34

    Деген -ай ,қайран қазағым
    Сөзге тоқтайтын халық едік,
    Тоқта балам ,атаң келеді артында .
    Өткенсіз бүгін жоқ,
    Бүгінсіз ертең жоқ .
    Бабалар сөзін қозғау жолында...
    Кешіріңіз, жүргізуші жігіт сауаты салмақсыз ,
    Домбыра толғауы мен аңыз әңгіме (өткенді қозғау)тыңдау үшін ,дастарқанда бөтелке емес ,пиалада ыстық шәй болса ғой.
    Қасиетті Созақ пен Қаратау өңірі шөбі шүйгімді ,текті елдің азаматтары сүйкімді.

  • @Galim_Tolegenov
    @Galim_Tolegenov Před 10 měsíci +6

    Мықты айтады екен,,,,керемет....айтарыныз таусылмасын....

  • @aicokenessary3266
    @aicokenessary3266 Před 9 měsíci +11

    Рахмет Кенжебай аға, жақсы әңгімеңіз таусылмасын, біз тыңдауға жалықпадық. Қажымұқан інім тағы да шақырып тұр. Әсіресе арасындағы әні мен домбыраның үні өте тамаша!

  • @saparaga
    @saparaga Před 11 měsíci +10

    Бәрекелді . Келіп тұрсын .

  • @user-ho7lx6ch8x
    @user-ho7lx6ch8x Před 11 měsíci +18

    Ооо ия әңгіменің майын тамызып айтадығо асыға күтіп едік іске сәт

  • @user-yc7pc3oh3l
    @user-yc7pc3oh3l Před 3 měsíci +1

    Кенжебай! Рахмет !1960тың аяғында 1970тің басындағы Ақсақалдардың арасында отырғандай сезімде болдым Аллам разы болсын

  • @user-ry7nv2sv4z
    @user-ry7nv2sv4z Před 9 měsíci +5

    Керемет бәрі қайырлы берекелі құтты сәтті болсын мың алғыс рақымет. Алла қолдасын әмин Аман болсын. Ұрпағымыз осындай өнегелі болсын мың жаса рақымет.

  • @user-pi1sj5uk9h
    @user-pi1sj5uk9h Před 11 měsíci +21

    Нақылды накты айтатын осындай агалар көп болсын

  • @BestaiKalymbet-cw7ub
    @BestaiKalymbet-cw7ub Před 11 měsíci +15

    Осындай хабарлар беріліп тұрмаса жастардың құлағына сіңдіріп тұрмаса олар әрине түк махрым болып өседі емеспе.

  • @user-ju4nc3ue4z
    @user-ju4nc3ue4z Před 11 měsíci +12

    Жарайсын бауырым аман бол түсінген адамға тірі шежіре ғой осы айтқандарыңды кітап қа жазып алса келешек ұрпаққа үлгі болар еді көп жаса

  • @kuralaialuetova5646
    @kuralaialuetova5646 Před 10 měsíci +5

    Жәрайсың бауырым

  • @user-yj4vm4dr9d
    @user-yj4vm4dr9d Před 9 měsíci +4

    Айналайын балам,өмірің ұзақ болсын,жастарға айтатын өнегелі,тәрбиеге тұнып тұрған сөздерің таусылмасын,соны тыңдап көңілінеқұйып алатын құлақ көп болсын,Алла зор денсаулық берсін,отбасыңа тек жақсылық болып ұрпағың да өзің сияқты өнегелі болып өссін.Әумин.

  • @Буркитбай-ю1о
    @Буркитбай-ю1о Před 27 dny +1

    Кенжебай ,інім!
    Жасым,мүшелдің алтыншысын ,
    қамтыса да,сен мені ,жаман ұялтып отырсың.Атың ,затыңа сай азамат екенсің.Қазақтың кешегі ,кенже ұлының ,бірі екеніңді ,дәлелдеп,мойндатып отырсың.
    Тусаң ту!!!
    Саналы жастарымызға ,үлкен үлгі,бұл .Рахмет!
    Жасың ұзақ болсын!

  • @user-qb8qo1no8o
    @user-qb8qo1no8o Před 11 měsíci +13

    Мине аксакал, осылай болу керек дана кария

  • @aidynoljaev1305
    @aidynoljaev1305 Před 11 měsíci +37

    Сіздерді тыңдап отырып , сонау 1997 -- 2004 жылдардағы "Қазақстан ТВының " қорында сақталған , марқұм Ақселеу аға Сейдімбек пен Жәнібек аға Кәрменовтың қазақтың ежелгі халық әндерінің тарихын айта отырып , әнді асқан шеберлікпен орындап , Ақан сері , Біржан салдың өмір сүрген замандарын бір сәтке көз алдымызға әкеліп көрсеткендей , әсерлеп жеткізуші еді .
    Ақселеу аға ежелдені қазақтың қолданған бұйымдарын , белдік қамшы , шақша т.б көптеген көне заттарды да , студияға әкеп , халыққа көрсете отырып , аса шебер тілмен , адамның есінде мәңгіге қалатындай етіп түсіндіруші еді .
    Сіздердің осы сұбхаттарыңыз да , сол ҰЛТЖАНДЫ АҒАЛАРЫМЫЗДЫҢ
    ІЗБАСАРЛАРЫ секілді ӘСЕР қалдырды .
    Үлкен Рахмет !.
    Жиі - жиі шығып тұрыңыздар ! .
    (ОКР Алматы ).

    • @user-wy9pq6vy6c
      @user-wy9pq6vy6c Před 10 měsíci +3

      Кенжебай 100 жаса рахмет

  • @user-dh5kp1kz3y
    @user-dh5kp1kz3y Před 9 měsíci +3

    Әссәләму ғаләйкүм Елім, дөңге дөңгелегеннен көрі, жүйрік - жүріс жақсы-рақ.Ой-өрнекке әлбетте РАҺМЕТ.

  • @user-gv1wf4zk8c
    @user-gv1wf4zk8c Před 9 měsíci +3

    Керемет осындай тәлімді әңгімелер көп болсын

  • @user-oz4kq7wf2e
    @user-oz4kq7wf2e Před 10 měsíci +5

    Рахмет

  • @user-rk8of6yb2i
    @user-rk8of6yb2i Před 9 měsíci +4

    Керемет Алла бойынызға күш қуат денге саулық берсін

  • @user-ig4ew1so1v
    @user-ig4ew1so1v Před 3 měsíci +1

    міні осындай кісілерді осындай ұлы адамдарды эфирге көп шығару керек.кәзір сол уағызшылардан басқа сол сахабаларынан басқа түк білмейді.

  • @user-bx4wf7fz9o
    @user-bx4wf7fz9o Před 25 dny +1

    Қазақ халқының дәстүрлі ән і өнері шешендік сөздер керемет қой шіркін

  • @user-mz8nl5ic9s
    @user-mz8nl5ic9s Před 8 měsíci +3

    Кенжебай мырзамен керемет,мағналы,бабалар сөздерін,қанатты,сөздерді тыңдап ,өмірден өткен ,ата-бабаларымыздың ,асыл сөздерін есіме түсіп,көзіме жас алдым.Халықта әлі де болса ,шешен,,ақылды,азаматтар ,суырып-салма ақындар,,сөзге тоқтайтын азаматтар болганына қуаныштымын!Өміріңіз ,ұзақ болсын!Кейінгі ұрпаққа өте аерексіз,балам,!

  • @aigulaigul1178
    @aigulaigul1178 Před 9 měsíci +3

    Айтарға сөз жоқ ,керемет,жасай беріңіз

  • @user-gy9tl2hc8f
    @user-gy9tl2hc8f Před 13 hodinami

    Сіз сияқты жездемнің барымен мақтанамын. Өнеріңіз өрге жүзсін.

  • @nurdilkokei4309
    @nurdilkokei4309 Před 11 měsíci +20

    Қазақ би шешендердің сөздері қазақ сөзінің нәрі әрі қаймағы,орыстандыру қазақ сөзін қаймағы мен нәрінен айырды.енді осыны қайта жандандыру өте маңызды .Кенжекеңе Рахмет .алда тағы жақсы әңгімелер күтеміз.

  • @user-by1gr4dl2z
    @user-by1gr4dl2z Před 3 měsíci +1

    Керемет.агам.оте.тамаша.100.жаса.бир.алла.жар.босын.рахметкоп.

  • @user-xb7lb4lr5g
    @user-xb7lb4lr5g Před 9 měsíci +3

    Сізге рахмет күшті болды.тағы эфирде осындай қазақтың есітілмеген сөздерін айта беріңіз өте күшті әңгімелер айттыңыз рахмет

  • @jymataidaulethan1039
    @jymataidaulethan1039 Před 9 měsíci +3

    ассаламу ғалайкум, керемет суқпат нағыз ата корген текты урпақ деген осы,

  • @user-li6ks1qg7m
    @user-li6ks1qg7m Před 7 měsíci +1

    Осындай інілерімізге жаратқан ғумыр берсін, болашақта телеарна арқылы таңнан кешке дейін шежіре жіберсе жастарымыз өнеге алады санасына сақтап қалады деп ойлаймын ... жаңашыл жастарға жол беру керек... ақыл жастан болашақ жарқын, ел аман тыныш заман болсын!

  • @saparaga
    @saparaga Před 9 měsíci +3

    Бәрекелді , жүзден асыңыз .

  • @user-ls7rw9fw8l
    @user-ls7rw9fw8l Před 10 měsíci +5

    Шакырыныз асыга кутемиз

  • @rozasultaweva122
    @rozasultaweva122 Před 3 měsíci

    Керемет өте жақсы хабар, әр қазақтың ұйып тыңдайтын әңгімесі

  • @user-oz7sp3wj2c
    @user-oz7sp3wj2c Před 11 měsíci +14

    Осылай нақыл, ақыл тыңдағанға не жетсін

  • @user-uq8tw1xe7g
    @user-uq8tw1xe7g Před 5 měsíci +1

    Елдің жүгін көтерген қара нарым,
    Неткен ғажап кешегі даналарым.
    даналардың сол ізін жалғап келет,
    Кенжебайдай бір тұар балаларың.
    Кенжебай дай кеиінде ұрпақ туса,
    Мәңгі рухың өлмеиді бабаларым.
    Өткенімнен кешкгі сыр шертетін,
    Аман болсын осындай ағаларым.
    Қасиетті рамазан айында иманым күшеиіп, рухым ойанып, көкірегім ашылып бір сергіп қалдым!
    Сізге Алла разы болсын!
    Деніңіз сау от басыңыз аман ұстаған оразаңыз қабыл болсын!
    Жаратқан Алла екі дүниенің бақытын, жақсылығын нәсіп етсін!

  • @user-wz1up3cb9e
    @user-wz1up3cb9e Před 9 měsíci +2

    Кенжеке рахмет,жиі-жиі шығып тұрыңыз,керемет!

  • @daniyarkaliev5519
    @daniyarkaliev5519 Před 10 měsíci +4

    Керемет ❤❤

  • @user-dw5cj9ru9z
    @user-dw5cj9ru9z Před 9 měsíci +1

    Әп бәрекелді, керемет әңгіме

  • @user-ph9ow8ke6m
    @user-ph9ow8ke6m Před 9 měsíci +3

    Ассалаумағалайкум! Керемет, қайта көрісуге жазсын!

  • @sadaqshymkent213
    @sadaqshymkent213 Před 10 měsíci +2

    Керемет сұқбат 👍

  • @user-mq8rv8hg4n
    @user-mq8rv8hg4n Před 20 dny

    Ассалаумағалейкум қазақ елі міне осындай аталарымыздың қатары көбейе берсін Алла разы болсын

  • @user-ii3zj7gt9t
    @user-ii3zj7gt9t Před 9 měsíci +3

    Алла разы болсын өте керемет екен

  • @user-ql7ff5sf7l
    @user-ql7ff5sf7l Před 11 měsíci +12

    Бағдарлама жүргізушішісі сізге ескерту: су ішетін бокал əкеліп қоймайсыңба үйіңнен болсада.Сондай керемет өсиет айтып оьырған кісіні бакалашкінің аузынан ішкізбей.Мəдениет керек.Дұрыс түсініңіз хайп үшін жазып отырған жоқпын.

  • @user-dw9qt2vc3g
    @user-dw9qt2vc3g Před 7 měsíci +1

    Тамаша Бабаларым ай,Оқымаған биікте тұр бабамыз, оқыдық қой неге таяаз санамыз деп марқұм Шымболат айтпақшы қазір бұндай әңгіме айтатын қартар болмай тұр ау,Кенжебай көп рахмет, осындай сұхбат көп болсын!

  • @user-fe9tt5by5f
    @user-fe9tt5by5f Před 7 měsíci +1

    Өркендерің өсін бауырлар !

  • @user-xb3bu9zn9p
    @user-xb3bu9zn9p Před 17 dny

    Не деген керемет кісі.Ағып тұр.Осындай сұбхатты неге көп бермейсіңдер.Тыңдамай өскен ұрпақ азбай қайтсін.Алланың сүйген құлы.Бойына,тіліне шешендікті берген екен.Жиі-жиі беріп тұрыңдар.Өмір жасың ұзақ болып,абырой берсін.Бәле-жәледен аман бол.Құлағымыздың құрышы қанды.Рахмет.Алланын разылығына бөленіп,халыққа берерің көп болсын.Алладан аман бол,қалқам.

  • @user-el7py2cf7d
    @user-el7py2cf7d Před 9 měsíci +1

    Кенжебай ақынға рақмет бабалар сөзі ақылдың көзі дегендей көкірегі тұнып тұрған жақсы сөздер екен би шешендердің айтқанын насихаттап халыққа жеткізе беріңіз. Өскелең ұрпаққа өнегелі сөз айтып аман жүріңіз ұрпағыңызбен мың жасаңыз. Қазақы тәрбиелік мән мағынасы бар осындай бағдарламалар көбейе берсін

  • @user-id4tx7ey7q
    @user-id4tx7ey7q Před 9 měsíci +4

    Шіркеееен әр ауылда Кенжебай болса ғой шіркееен.. алла ұзаааақ баянды өмір берсін бауырыма