Рас па? // Ағайындылар тобы

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 19. 08. 2024
  • Рас па?
    Айсәуле Бейсенханның сөзіне жазылған Бауыржан Өскенбековтың әні.
    Әннің авторы ең бірінші орындап берген кезде
    Төртеуімізге де бірден ұнады. Хит болатынын түсіндік. Хит болды. Негізі әннің табиғи характері лирикалық, өте баяу темпте орындалатын ән. Бірақ біз лирикалық характерін жоғалтпай, биге де ыңғайлы болсын деп Паша ли деген өңдеушіге жасаттық.
    Бейнебаянды Алматының жоғарғы жағындағы Ақ қайыңдардың арасында түсірдік.
    Режиссер: Төребек Бейсебаев
    Орындаушылар:
    @yerkebulan_yermekuly
    @maulen_amirov
    @bauka_kantarbai
    @agaiyndylar_official
    -------------------------
    Рас па? әні
    Жолыңа қарап,
    Ай күнді санап,
    Сағынып жүрмін қайдасың?
    Жылатып сары күз,
    Жабырқап жалғыз,
    Таба алмай жүрек айласын.
    қ-сы
    Мені сүйгенің,
    От боп күйгенің,
    Сүйем дегенің рас па?
    Бақытым менің,
    Жақұтым менің,
    Бір жауап берші ай жылға!
    Жарқ етіп мүмкін,
    Келерсің бір күн,
    Аққуын күткен айдынға!
    қ-сы
    Мені сүйгенің,
    От боп күйгенің,
    Сүйем дегенің рас па?
    #рас па #ағайындылар #хит ән

Komentáře • 22