Дәулет пен Гүлхан сахнаға оралды ма?

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 8. 09. 2024
  • Дәулет пен Гүлхан сахнаға оралды ма?
    Оларды не байланыстырады: махаббат па әлде жұмыс па?
    Осыдан 5 жыл бұрын Дәулет пен Гүлхан дуэтінің «Көзіңнің мөлдірін-ай» атты халық әнге бейнеклипі жарыққа шықты. Алайда, соңғы кездері топ көрінбей кетті. Енді міне, олар қайта шығармашылықтарын қолға алып, су жаңа әнге бейнебаян түсірді.
    Дәулет пен Гүлхан, дуэт:
    «Дәулет пен Гүлхан деген дуэтпіз. Алғашқы бейнебаянымыз 2012 жылы қазақтың халық әні «Көзіңнің мөлдірін-ай» түсірілген болатын. Бүгін міне өнерімізді жалғастырып жатырмыз. Осындай әдемі бейнебаян шығады деген үмітіміз бар».
    Бейнебаянда Дәулет пен Гүлхан өмірдегі рөлдерін сомдайды.
    «Гүлхан әдемі ару. Мен Мен Гүлханға ғашық батырдың рөліндемін. Біздің көрермендердің көңілінен шығады деп ойлаймын».
    Әрине, дуэттің аты дуэт. 2007 жылдан бастап өнер жолында қол ұстасып келе жатқан топ бір-бірін іздеп тұрады. Әсіресе, Дәулет.
    «Негізі бірге жұмыс істегеннен кейін, бір-бірімізге қатты үйреніп қалғанбыз. Анда-санда жеке де шығып тұратын кездер болады сахнаға. Сол кезде білмеймін Гүлхан қалай екенін, мен өзімді бір ыңғайсыз сезінетін болдым. Жалғызсырап қаламын сахнада Гүлхан қайда, Гүлхан қайда деп».
    Айтпақшы, сахнада қол ұстасқандар, көбінесе өмірде де ғашықтар. Бірақ, Дәудет пен Гүлхан емес.
    «Ерекшелігіміз біз семья, отбасы емеспіз».
    Аталмыш туынды Gakku entertainment ұжымымен, Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында түсірілді. Әрине, киелі жер топқа ерекше ыстық.
    «Өзімнің әкем марқұм сүретші болған. Бауырым да суретші. Кішкентай кезімізден осы музейге келіп өстік. Сондықтан, әрине бұл жер мен үшін өте ұнайды, өте жылы. Өте жақсы сезініп тұрмын».
    Қазіргі таңда туынды таспалануда. Алайда, әннің атын топ құпияда қалдырғанды жөн көрді. Жарайды. Алдағы уақытта нәтижесін көре жатармыз.

Komentáře • 11

  • @user-pb3be1cg5j
    @user-pb3be1cg5j Před 5 lety +3

    керемет дуэт өзіме қатты ұнайды Дəулеттіңде, Гүлханның дауыстары керемет сахнада өздерін жақсы ұстайды əндеріде керемет қазақи нақышта орындайды супер👍👏💖

  • @user-sr3df3cy7y
    @user-sr3df3cy7y Před 4 lety +1

    Өте жақсы әншілер қатарындағы талант жұлдыз әншілер әндерін сүйіп тыңдаймыз. Өнерлерін өрге жүзсін бақытты болыңдар

  • @user-lf6od7iw3y
    @user-lf6od7iw3y Před 3 lety +1

    Өнерлерің алға бассын!

  • @arnatshow2280
    @arnatshow2280 Před 5 lety +1

    Кушти

  • @user-pw6sd5fu2f
    @user-pw6sd5fu2f Před 4 lety +1

    Косылсандар Алланын калауымен бакытты боласындар

  • @tolkynkatshibaikyzy5661
    @tolkynkatshibaikyzy5661 Před 5 lety +2

    отбасын қүрсаңдар тамаша болар еді

  • @user-ls5ef7fh4k
    @user-ls5ef7fh4k Před 9 měsíci

    Жаңа жылда жаңа клипп күтеміз

  • @user-ls5ef7fh4k
    @user-ls5ef7fh4k Před 9 měsíci

    Дәулет қойартқа тмртып жүрген Гүлхан жақсы көреді Дәулетті көзінен көрініп тұр ғой көремізГүлханнан артық қыз алғанын

  • @orazgalymnyzzanbekov685
    @orazgalymnyzzanbekov685 Před 5 lety +1

    Айналайын Гүлхан мен Даулет күшті дуэтсіңдер Гүлхан, сол бір әйелге ұқсайсың енді кешір менің қызым секілдісің мен Даулетті ойладым бақытты жан ғой деп осындай ару қызы бар деп,бірақ болмай шықты енді не де болсада екеуіңе бақыт сахнада халқыңды қуанта беріңдер ғашық жандардың рөлін сомдап Даулет өзіңнің жүрегің қалап тұрса Гүлханмен қосылыңдар екеуіңе сырларың мәлім Гүлхан кет демесе ол да қаласа бақытты болыңдар қаламаса жүре әмір жүрмейді уақыты келсе мүмкін қосыларсыңдар ол енді уақыттың еншісінде,Гүлхан сол әйелге ұқсатам не керек болмаған нәрсе құр қиял қайда жүрсеңде бақытың ашылсын еліңді тауып бақытты бол сол еліңді адаспай тап!

  • @user-tr5sm2es4u
    @user-tr5sm2es4u Před rokem

    #айнаonline

  • @tolkynkatshibaikyzy5661
    @tolkynkatshibaikyzy5661 Před 5 lety +2

    үйленсеңдерші