Қазақстан спортшыларының жазғы олимпиадалардағы жүлдесі | Jibek Joly news

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 10. 07. 2024
  • Атлантадан Парижге дейін - 60 медаль. Қазақстан тәуелсіздік алғалы 7 мәрте жазғы олимпиада ойындарына қатысып, спортшыларымыз ел қоржына - 67 жүлде салған екен. Оның жетеуі допинг дауына байланысты кері қайтқан. Алғаш рет 1996 жылы Атланта ойындарында ұлттық құрама 11 медаль еншілеген. Бокстан Василий Жиров, грек-рим күресінен Юрий Мельниченко, жеңіл атлетикадан Алексанр Парыгиндар алтын алып, қазақтың көк байрағын Америка аспанында алғаш рет көкке көтерді. Ал, 2000 жылы Сидней олимпиадасында 3 алтын мен 4 күмісті олжаладық. Бұл бәсі биік додада Бекзат Саттарханов қазақ боксшыларынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанып, жұлдызы жарқырап еді. 2004 жылы Афина ойындарындарында 119 қазақстандық 17 спорт түрінен өнер көрсетіп, Бахтияр Артаев ел мерейін өсірді. Ал, 2008 жылы Бейжіңдегі бәсекеде ел қоржынына 2 алтын, 3 күміс, 4 қола түсті. 2012 жылы Лондонда Серік Сәпиев, Олга Рыпакова, Алексанр Винакуров алтыннан алқа тағынды. Ауыр атлеттеріміздің жүлдесі кері қайтарылғаны белгілі. Риодағы байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы 17 медаль еншілеп, рекорд жасады. Карантиннен кейін бір жылға шегерілген Токио олимпиадасында Қазақстан 8 қола медальді місе тұтты. Алда Париж олимпиадасы. Күдіктен, үміт басым. Сайыпқырандарға сенім мол. Айта кетейік, Франция астанасындағы додаға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
    «Jibek Joly» телеарнасы ұсынады! Теледидардан 7-ші кнопканы қосуды ұмытпа!
    Бізді CZcams, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!
    Jibek Joly TV: Смотрите нас на ТВ, в CZcams и социальных сетях. Оставляйте комментарии под этим видео!
    Watch us on satellite TV, CZcams and social networks. Leave your comments under this video!
    #JIBEKJOLYNEWS #ҚазақстанЖаңалықтары #НовостиКазахстана

Komentáře •