Қуатты өңірлік ғылым - қуатты өңір

Sdílet
Vložit
  • čas přidán 10. 09. 2024
  • М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында «Қуатты өңірлік ғылым - қуатты өңір» бастамасын іске асыру аясында өңірлік ғылымды дамыту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы өтті.
    Отырысқа Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы, Ғылым және жоғары білім, Су ресурстары және ирригация, Экология және табиғи ресурстар Вице-министрлері, ҚР Парламенттің қос палатасының депутаттары, ҰАҒББО АҚ, «Атамекен» ҰКП, «Ғылым қоры» АҚ, ЖОО және ҒЗИ бірінші басшылары, өңірлік бизнес субъектілерінің басшылары, стейкхолдерлер, жетекші ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Komentáře •